Гессен шыбыны биологиясы есептеу әдістемесі зиянды фазассы және таралуы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Бөж
Тақырыбы: Гессен шыбыны биологиясы есептеу әдістемесі зиянды фазассы және таралуы
Орындаған:Манап. Ф
Тексерген:Сагындыков. С. Н.
Топ:АГ-213
Семей 2015
ЖОСПАР
І Негізгі бөлім
Гессен шыбыны биологиясы, есептеу әдістемесі, зиянды фазассы және таралуы
1. 1 Шыбындарға қысқаша сипаттама
1. 2 Шыбындардың түрлері
1. 3 Шыбындармен күресу шаралары
1. 4 Зиянды фазасы және таралуы
II Қорытынды
III Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Шыбындарға қысқаша сипаттама
Қос қанаттылар (Diptera) - жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең таралған, 150-дей тұқымдасы 100 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 отряд тармағы (ұзынмұрттылар және қысқамұрттылар), 114 тұқымдасы, 5 мыңға жуық түрі бар. Қазба қалдықтары триас кезеңінен белгілі. Атауы қос қанатына орай қойылған (кейбір түрлерінің қанаты жоқ), көздері фасетке ұқсайды. Мұртшасы үш не одан да көп бунақтан тұрады. Аузы шаншып тесуге, жалауға бейімделген. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілі құртқа ұқсас, аяқтары болмайды. Қуыршағы бос жатады не ең соңғы дернәсіл қабығымен (піллә) қапталады. Кейбір қос қанаттылар түрлерінің дернәсілдері өсімдіктер мен жануарлар денесінде өсіп жетіледі, ересек жәндіктер өсімдік шірігімен, жануар қанымен қоректенеді. Қос қанаттылар арасында синантроптар да (үй жануарлары, өсімдіктер және микроорганизмдерге қатысты; мысалы, тышқан, шыбын) бар. Қан сорғыш жәндіктер (масса, шіркей, т. б. ) адам мен малға безгек, энцефаломиелит, күйдіргі сияқты жұқпалы аурулар таратады. Гессен шыбыны, швед шыбыны, ұзын сирақты бақша шыбыны, тері бөгелегі, қарын бөгелегі - аулы шаруашылығы мен мал шаруашылығының зиянкестері. Бірқатар қос қанаттылар пайдалы жәндіктер: гүл шыбыны - өсімдіктерді тозаңдандырады; жеміс шыбыны (дрозофила) генетикалық зерттеулерде пайдаланылады; кейбір қосқанаттылар дернәсілдері (тахина) зиянкес жәндіктермен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді; хирономид дернәсілдері - балық жемі; ктырьлар шегіртке, маса, шыбынды құртады. Қазақстанда 6 түрі (мыс., алып шыбын, жетілмеген эфедрома, құмыты шыбыны, т. б. ) “Қызыл кітапқа” енгізілген
Шыбындардың түрлері.
Гессен шыбыны (Мауеtіоlа dеstruсtоr), қос қанаттылар отрядының галлицатұқымдасына жатады, бидай мен арпаның қауіпті зиянкесі. Қазақстанда кең тараған. Далалық белдемде дәнді дақылдарға қатты зиян келтіреді. Денесінің ұзындығы 2, 5 - 3, 5 мм, оның үстіңгі жағы күңгірт сұр немесе сарғылт қоңыр, бауыр жағы ақшыл, 17 буынды, ал мұртшаларының түсі қоңырқай сары түсті болады. Дернәсілдері ақ, ұршық тәрізді, ұзындығы 4мм . Олар бидай, қара бидай, жатаған бидайық, арпабастың сабақтардың негізінде жалған піллә немесе пупарий шһішінде қыстайды. Жалған пілләдан шыбындардың ұшуы ұзақ мерзімде байқалады. Ересектерінде ауыз мүшесі кеміп дамыған. Аналықтары жұмыртқаларын топтап, жапырақтың үстіңгі бетіне салады. Ауаның температурасы 15 0 С төмен болғанда олар жұмыртқа салмайды. Эмбрионалдық дамуы 4-7 күн . Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер жапырақтың қынабына енеді және сабаққа сүлікше қадалады да, оның шырынын сорады. Қауіптілігі жұмсақ бидайға жоғары, ал арпаға шамалы, сұлыға қауіптілігі жоқ. Өсімдік жапырақтары кеңейеді, сабақтары жуандау болып көрінеді. Жылына бірнеше ұрпақ беріп өсіп өнеді. Жұмыртқалары цилиндр пішінді, ұзындығы 0, 5 мм-дей. Олар жұмыртқаларын (50 - 500) жапырақтың үстіңгі бетіне салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер жапырақ қойнауының ішіне еніп, сабақтың буынға таяу ең жұмсақ шырынды жерін сүлікше сорып қоректенеді. Ересек дернәсілдері жалған пілләішінде күздік бидайдың көгінде немесе аңызда қалған өсімдік сабақтарында қыстайды. Қыстап шыққан дернәсілдер көктемде қуыршақа айналады. Гессен шыбынын жаппай ұшуы, дәнді дақылдардың көктеп шығуы мерзіміне тура келеді.
Күрес шаралары : ауыспалы егіске көшу; егістік жерлерді өз мерзімінде сапалы етіп жыртып, топырақты баптау; егінді қысқа мерзім ішінде себу; Гессен шыбынның жұмыртқа салуы кезінде өсімдіктерді улы химикаттармен өңдеу.
Сәбіз шыбыны - Psila rosae L(Diptera Psiliade тұқымдасы) .
Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5 мм. Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр сары түсті. Денесінің ұзындығы -7мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда), кейде көкөніс қоймаларында, тамыр жемістерінде қыстайды. Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынмен қоректенеді . Ұрғашы шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап калады. Дернәсілдің өсіп жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер тапырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымдаңған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып калады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда, 1-2 ұрпақ береді.
Күресу шаралары .
Ауыспалы егісті пайдалану. Арам шөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әрқайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді «Тізім . . . » бойынша қолданылады.
Пияз шыбыны -Hylemyia antique Mg (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы) .
Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкті. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм, шамасында түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жінішкерген.
Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыкканнан кейін (Мамырдың екінші жартысында) Ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күнен кейін дернәсілдер шыгып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгенен кейін тапырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.
Күресу шаралары . Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет .
Пияздың ызылдақ шыбыны - Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)
Шыбын жасыл қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттары сұрғылт сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.
Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларына қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымдануының салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шірігін массаға айналады. 18-25 күннен кейін ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.
Күресу шаралары . Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет.
Шыбындармен күресу шаралары
Шыбындардың қыстайтын қорын анықтау үшін күзде және көктемде аңыз сабағын 0, 25м 2 8-16 үлгіден алып талдау жасау керек. Егер 1м 2 көлемде гессен шыбынының пупарийлер саны 10 данадан асатын болса, сүрі жер не болмаса аз зақымданатын дақылдарды сұлыны арпаны орналастыру керек . Топырақты аудара жыртқанда дернәсілдің 90% өледі, ал аудармай өңдеген кезде шамамен 20 % өледі. Жаздық бидайды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан алшақ орналастыру қажет. Себер алдында тұқымдарды жүйелі әсерлі инсектицидпен уландырғанда тұқымды токсикациялау жақсы нәтиже береді. Кеш себілген жаздық астық егістер швед шыбыны әсерінен қатты зақымданады. Олармен күресуде ең маңыздысы - астық дақылдардың оңтайлы себу мерзімін сақтау. Тіршілік кезеңінде бақылау жұмыстарды энтомологиялық аулағышпен жүргізуге болады. Әр егістіктің 10 жерден 10 рет сермеп қағады, сонымен қатар өсімдіктердің 10-16 үлгілерін алады. Талдау жасағанда әр өсімдіктің сабақтарын, қынаптарын ашып қарайды. Сабақ бүргесі- дернәсілдердің негізгі айырмашылығы- жұп аяқтары және бастары бар, шыбын дернәсілдері аяқсыз, бассыз түрде болады. Егер ересек шыбын және бүргелердің саны аулағыштығы 100 рет 30-50 дана, не болмаса өсімдіктердің 30% көлемінде гессен шыбынының жұмыртқалары байқалса, инсектицидтер «тізім бойынша» қолдану керек.
Зиянды фазасы және таралуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz