Қазақ өлеңінің құрылысы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақ өлеңінің құрылысы

Орындаған: Молдахметова Б. Д.

Қ - 213 топ студенті

Тексерген: Ақтанова А. С

Семей 2015

Өлең құрылысы - өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алғанямб, хорей, т. б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A. Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы.

Қазақ өлеңдерінің құрылысы - қазақ әдебиеті теориясының категориясы, қазақ өлең сөзінің жасалу жүйесінің негізгі шарттары мен заңдылықтары. Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген - А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Буын ырғағы мен өлең ырғағын ажырату үшін, буын ырғағын жорғақ деп атауды ұсына отырып, оның тіл табиғатына қарай үш түрлі жолмен жасалатындығын айтады. Олар:

  • дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер;
  • екпін буыны бірыңғай келетін тілдер;
  • екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.

Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:

  • өлең кестесі - айшық, оның төрт түрін анықтайды;
  • өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы - бунақ;
  • бунақ ішінде - буын;
  • бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері - кезең;
  • өлең кестесінің реті - тармақ және шумақ.

Ғалым әлем әдебиетінде қалыптасқан өлең жүйелерінің ішінде (метрик., силлабо-тоник., тоник. ) қазақ өлеңіне силлабикалық өлең жүйесі тән екендігін, сондай-ақ, қазақ поэзиясының ырғақтық-екпіндік байлығын молынан пайдалана біліп, өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосқан Абай екендігін алғаш рет дәлелдеді. Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан шеберлік көрсетіп, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем - өрнектерді, айшықтарды керек жерінде жаңаша түрлендірді. Абайдан кейін бұл дәстүрді дамытқан Сәкен Сейфуллин, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, І. Жансүгіров. Кеңестік кезеңде Қазақ өлеңдерінің құрылысын теориялық тұрғыдан зерттеулерде идеологиялық себептерге байланысты Байтұрсыновтың есімі аталмағанымен, ол жасаған атаулар пайдаланылып, әрі қарай дамытылды.

Академик З. Ахметовтің пікірінше қазақ өлең, жырларында жеті буынды тармақ (4 буын - 3 буын) пен сегіз буынды тармақ (3 буын - 2 буын - 3 буын) ежелден еркін араласып келе береді. Халықтық поэзиядағы ең көне өрнектердің бірі - жыр өлшемінде осындай жеті сегіз буынды тармақтар қолданылады. Әдетте эпостық дастандар (жырлар) мен толғау, терме секілді ықшам, желдірмелі әуенмен айтылатын, тармақтары жеті-сегіз буынды болып, түйдектеліп келетін шығармалар жыр деп аталып жүрді. Сондай-ақ, жыр дегенді эпостық поэзияға тән өлең түрі деген мағынада да айта береді. Жырмен қатар халық поэзиясында аса кең тараған өлшем - он бір буынды өлең (4 буын - 3 буын - 4 буын, немесе 3 буын - 4 буын - 4 буын) . Бұл өлшем халықтық ән-өлеңдерде, айтыстарда, дастандарда, лирик. өлеңдердің көпшілігінде қолданылған. Қазақ поэзиясында ең көп пайдаланылатын өлең өлшемдері - жеті буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды болады. Алты буынды өлең, онан да қысқарақ төрт буынды өлең сиректеу кездеседі. Он бірден буын саны көбірек, мысалы, он төрт, он бес буынды өлеңдердің тармағы құрама болып келеді, яғни жеті буынды екі тармақтан, сегіз буынды екі тармақтан құралады. Түркі тілдес халықтардың өлең өлшемдерінің ішінде ежелгі заманнан қолданылып келе жатқаны - жеті буынды өлең.

Қазақтың өлең құрылысы силлабикалық өлең құрылысының жүйесіне жататындықтан, негізгі өлшеуіші - буын. Буыны жағынан ауыз әдебиетінің де, Абайға дейінгі тарихи әдебиеттің де жеткен жері осы еді. Бұл түрлер қазақ өлеңдерінде әбден тұрақталып, бекіп алған болатын. Абай ең алдымен қазақ өлеңдерінің осы жағына көңіл бөлді.

Дәуірдің өзгеруі, ой-сананың ілгерілеуі, әлеумет өмірінің жалпы дамуы жаңа мазмұнды туғызса, жаңа мазмұн жаңа түрді керек етті. Абай қазақ өлең құрылысына ең алдымен 6 буынды және 8 буынды өлеңнің екі түрін енгізді. Мұның екеуі де жаңа. Кейбір жолдастар 6 буынды, 8 буынды өлең өлшемі бұрыннан да бар, қазақтың мақал-мәтелдерінде кездеседі дегенді айтады. Қазақтың Абайға дейінгі ырғаққа құрылған қара сөздерінде ондай буын сандарының ұшырайтындығы рас. Бірақ олар - белгілі бір жүйеге түскен өлшем емес, кездейсоқ түрлер. Академик Радлов қазақтар сөзі мен сөйлемдерін көбіне ырғаққа құрады дейді. Бұл айтқаннан қазақтар тек өлеңмен ғана сөйлейді екен деген ұғым тумасқа керек. Мұндағы шындық - басқа елдердің сөз құрастыруы, сөйлеулеріне қарағанда, қазақта сөйлеу ырғағының анағұрлым айқын сезілетіндігін аңғарту ғана. Сол тәрізді 6-8 буынды өлеңдердің мақал-мәтелде кездесулерін белгілі бір жүйеге түскен, поэзиялық дәрежеге көтерілген, нақты өлең өлшеуі деп қарау, әрине, ешкімді сендіре алмайды. Сөйлемде ырғақ, ұйқастардың кездесуін өлең деп бас салу - орынсыз. Ырғаққа құрылған қара сөз де, не кейбір тақпақпен келетін сөйлеулер де ұйқасып айтыла береді.

Қазақ өлең құрылысы бойынша іргелі еңбек - З. Ахметовтің «Өлең сөздің теориясы» мен «Казахское стихосложение» атты зерттеулері екендігінде дау жоқ. Бұл еңбектер ұлт өлеңінің құрылымдық жүйесі жан-жақты зерттелген теориялық тұжырымы нық, айқын монографиялар. Қазақ өлең құрылысы ғылымының негізін салушы академик З. Ахметов өзіне дейінгі қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі бойынша жазылған азды-көпті ғылыми жұмыстарды зерделеп, солардың негізінде қазақ өлеңінің тарихы мен қазіргі үдерісін тереңінен, жан-жақты тексерген ғалымның концептуалды еңбектері әдебиеттанудың маңызды, іргелі бағдары ретінде ғасырдан-ғасырға көше берері хақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлеңнің өзіне ғана тән өлшемді ырғақ
Қазақ өлең құрылысы
Қазақ өлеңдерінің құрылымы
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz