Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама



"Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу: 2010 жыл" бұл - АТМЭӘК жыл сайынғы жариялымы, әлемдегі тұрғындардың 62%-ы үлесіне келетін Азия-Тынық мұхит аймағы мемлекеттерінің үкіметтеріне арналған тұрақты ашық дамуды алға тартудың ерекше "жол картасы".
"Шолуда" дағдарыстың нағыз қызған кезеңінде Азия-Тынық мұхит аймағы әлемдегі экономикалық өсімнің ең жоғарғы қарқынымен ерекшеленгені атап өтілген. Бұл өсім аймақтағы экономикасы барынша дамыған мемлекеттерде қабылданған бюджеттік-салықтық шаралар арқылы сақталған болатын. "Шолудың" қорытындысына сәйкес 2010 жылға арналған перспектива едәуір жақсарып, аймақтағы дамушы мемлекеттердің экономикалық өсімі Қытай (9,5%) мен Үндістанның (8,3%) көшбасшылығымен 7% деңгейінде болжанып отыр. "Бүгінгі күні аймақта 1 миллиардқа жуық адам кедейлік жағдайында өмір сүруде. Бүгін біз қаншалықты көп адамды кедейліктен шығаратын болсақ, болашақта тұтынушы тобы мен нарық соншалықты арта түспек"Тұрғындардың басым кедей тобы ауыл аймақтарда өмір сүретіндіктен, ауылшаруашылық еңбегі арқылы өмір сүретіндіктен, сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына барынша мүдделі болғандықтан, "Шолу" ауылшаруашылығын экологиялық деңгейде тұрақтандыруға қабілетті жаңа ғылыми "Жасыл төңкеріске" шақыра отырып, дәнді дақылдар өндірісін мемлекеттік қолдауды және жалпы ауыл аймақтарын дамытуды жалғастыру ұсынып отыр. Аймақтағы мемлекеттер ауылшаруашылық секторының барынша әлеуметтік ашықтығы арқасында экономикалық даму барысында ауылшаруашылықтың үлестік салмағын арттыруы қажет. Бұл міндет фермерлердің, бірінші кезекте, әйелдердің ауылшаруашылық пайдалы жер мен қорларға қатысты құқықтарын қалыпқа келтіру және халықтың кедей тобының экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету жолымен жүзеге асырылмақ.
"Шолу" Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдерге ұлттық экономика мен тұтынушы тобы мүддесіне жауап беретін біріккен және тұрақты аймақтық нарықты құру бойынша күш-жігерді белсендендіруді ұсынады. Осы уақытқа дейін аймақтағы мемлекеттер Еуропа мен Солтүстік Америка елдерімен және өздерінің арасында дамыған тұрақты сауда байланыстарға ие болатын. "Шолуда" көрсетілген басымдықтар: аймақтық экономикалық ықпалдасуды тереңдету және бірыңғай көліктік және сауда саясатын дамыту, аймақтық қаржы сәулетін дамыту. Аталғанның барлығы аймақтағы дамудың ашық, біріккен және тұрақты үлгісінің іргетасын қалауға қабілетті. Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз Әлемдік қауымдастық бүгінде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерін бейнелі түрде «Азия жолбарыстары» деп атайды. Өйткені,соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында да жолбарыстың әрекеті мен секірісі секілді.
1. Под.ред. А.М.Родригеса. Новейшая история стран Азии и Африки ХХ век. (1945-2000)М.,2004
2. Юрьев М.В. История стран Азии и северной Африки после ІІ мировой войны (1945-2000) М.,1994.
3. Говоров Ю.Л. История стран Азии и Африки в новейшее время: Пособие для студентов исторических факультетов. Кемерево, 1997
4. Уляновский Р.А. Современные проблемы Азии и Африки (политика, экономика). М., 1978
5. Васильев Л.С.История Востока в 2-х томах. М., 1998
6. Бедня И.А. Очеркм новой истории Японии1840-1917гг. М., 1958
7. Под.ред. Мелисова А.В. История Китая.М., 1998
8. Кузнецов Ю.Д. История Японии. М., 1988
9. Васильев А. История САудовской Аравий. М., 1999Мұқаметханұлы
10. Н.Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы(1860-1920). А., 2000
11. Риза Шабани. Иран тарихы. 2002
12. Болат Сайлан. Ауған соғысының ақиқаты. А., 2003

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама

"Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу: 2010 жыл" бұл - АТМЭӘК жыл сайынғы жариялымы, әлемдегі тұрғындардың 62%-ы үлесіне келетін Азия-Тынық мұхит аймағы мемлекеттерінің үкіметтеріне арналған тұрақты ашық дамуды алға тартудың ерекше "жол картасы".
"Шолуда" дағдарыстың нағыз қызған кезеңінде Азия-Тынық мұхит аймағы әлемдегі экономикалық өсімнің ең жоғарғы қарқынымен ерекшеленгені атап өтілген. Бұл өсім аймақтағы экономикасы барынша дамыған мемлекеттерде қабылданған бюджеттік-салықтық шаралар арқылы сақталған болатын. "Шолудың" қорытындысына сәйкес 2010 жылға арналған перспектива едәуір жақсарып, аймақтағы дамушы мемлекеттердің экономикалық өсімі Қытай (9,5%) мен Үндістанның (8,3%) көшбасшылығымен 7% деңгейінде болжанып отыр. "Бүгінгі күні аймақта 1 миллиардқа жуық адам кедейлік жағдайында өмір сүруде. Бүгін біз қаншалықты көп адамды кедейліктен шығаратын болсақ, болашақта тұтынушы тобы мен нарық соншалықты арта түспек"Тұрғындардың басым кедей тобы ауыл аймақтарда өмір сүретіндіктен, ауылшаруашылық еңбегі арқылы өмір сүретіндіктен, сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына барынша мүдделі болғандықтан, "Шолу" ауылшаруашылығын экологиялық деңгейде тұрақтандыруға қабілетті жаңа ғылыми "Жасыл төңкеріске" шақыра отырып, дәнді дақылдар өндірісін мемлекеттік қолдауды және жалпы ауыл аймақтарын дамытуды жалғастыру ұсынып отыр. Аймақтағы мемлекеттер ауылшаруашылық секторының барынша әлеуметтік ашықтығы арқасында экономикалық даму барысында ауылшаруашылықтың үлестік салмағын арттыруы қажет. Бұл міндет фермерлердің, бірінші кезекте, әйелдердің ауылшаруашылық пайдалы жер мен қорларға қатысты құқықтарын қалыпқа келтіру және халықтың кедей тобының экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету жолымен жүзеге асырылмақ.
"Шолу" Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдерге ұлттық экономика мен тұтынушы тобы мүддесіне жауап беретін біріккен және тұрақты аймақтық нарықты құру бойынша күш-жігерді белсендендіруді ұсынады. Осы уақытқа дейін аймақтағы мемлекеттер Еуропа мен Солтүстік Америка елдерімен және өздерінің арасында дамыған тұрақты сауда байланыстарға ие болатын. "Шолуда" көрсетілген басымдықтар: аймақтық экономикалық ықпалдасуды тереңдету және бірыңғай көліктік және сауда саясатын дамыту, аймақтық қаржы сәулетін дамыту. Аталғанның барлығы аймақтағы дамудың ашық, біріккен және тұрақты үлгісінің іргетасын қалауға қабілетті. Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз Әлемдік қауымдастық бүгінде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерін бейнелі түрде Азия жолбарыстары деп атайды. Өйткені,соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында да жолбарыстың әрекеті мен секірісі секілді. Оның үстіне олар осынау керемет өсу көрсеткіштерімен дамудың кілті батыста - Еуропада деген түсінікті теріске шығарып, әлемді мойындатты. Жалпы елдерді бұлай бейнелеу дәстүрде бар нәрсе. Мысал үшін Ирландия елін кельт жолбарысы, сол секілді Латвия, Литва және Эстонияны балтық жолбарыстары деседі. Айтылып, мойындалып жүргеніндей азия жолбарыстарының алғашқы толқынына: Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань жатады. Бұлар тарихи өлшеммен алып қарғанда өте аз мерзім ішінде артта қалған мешеу елден осы заманғы озық техника мен технологияны, тіпті электрониканы жетік меңгерген алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекеттерге айналды. Мәселен, Оңтүстік Корея Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың қолдап-қуаттауымен Солтүстік Кореядан бөлінген, елуінші жылдардардың орта тұсында берекесі кетіп, ішер ас, киер киімнің өзін әзер тауып отырған кедей мемлекет болатын. Дүние жүзілік банктің есебі бойынша сол тұстағы елдің ЖІӨ - нің жан басына шаққандағы мөлшері 100 доллардың шамасында ғана болған көрінеді. Ал, 1994 жылдан бастап (арада 40 жылдай өткен соң!) Оңтүстік Корея Республикасы жоғары қарқынмен дамыған бай мемлекеттердің қатарына еніп, ЖІӨ-нің әр адамға шаққандағы шамасы 38,5 мың долларды құрады, яғни Швейцария мен Финляндияның деңгейіне жетті. Бүгінде Оңтүстік Корея ЖІӨ деңгейі (710 млрд.$) бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құрады. Экономикалық дамудың бірден-бір көзі оған нәр беретін электр энергиясында дейтін болсақ, мұнда жалпы қуаты 17,7 гигаваттық 20 АЭС (Атом электр станциялары) жұмыс істейді.Ел территориясында су ресурстарының да мол көзі мен мүмкіндігі болғанына қарамастан ол аз пайдаланылады. Әйтсе де Оңтүстік Корея машина жасау, оның ішінде автокөліктер шығару өндірісі жақсы жолға қойылған, жетекші елдер қатарына жатады. Мұнда жылына 2,5 млн-нан астам автокөлік жасап шығарылады. Басқаларды айтпағанда, біздің Қазақстанда да Оңтүстік Кореяның Даewoo, Hyndai фирмалары шығарған жеңіл автокөліктер мен басқа да техникалардың кеңінен тұтынылып, пайдаланылатыны да осының бірден бір дәлелі. Олар шығарған техникалардың бағасы салыстырмалы түрде арзандау болғандықтан үлкен сұранысқа ие болып отырады. Бұл бір жағынан тұтыну рыногында олардың маркетинг қызметінің жақсы жұмыс істейтіндігінің белгісі болса керек.
Осы сияқты Корея кеме жасау ісінен де Жапониядан қалыспайды. Сингапур да 90-шы жылдардың орта тұсында Оңтүстік Шығыс Азиядағы өндірісі жедел қарқынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бүгінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвесторлар саналады. Сингапур мұнай өңдеу жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылымның жетістігі табысты қолданылады. Сондықтан да Сингапур компьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екінші орында. Жыл сайын Сингапурға 5 млн. турист келіп қайтады. Олар Сингапурды сүйкімді Азия немесе экватордағы Еуропа деп атайды. Англияның бұрыңғы премьер-министрі, темірдей тарамыс ханым атанған, әйгілі саясаткер Маргарет Тэтчердің: Бір кезде Сингапур бізден үйреніп еді, біз енді Сингапурдан үйренетін болдық деп мойындауы біршама ойды аңғартқандай. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қарай Сингапурдан компьютер мен басқа да электроникалық тауарлар тасымалдайтын Алси компаниясы жемісті жұмыс істеп келеді. Гонконг (Сянган) бірнеше аралдардан тұратын, ұзақ уақыт Англияның отары болып келген, тек 1997 жылдан ресми түрде ҚытайХалық Республикасының құрамына енген кең автономиялық құқықтағы бар арнайы әкімшілік аудан.Аспан асты елінің басқа аудандарынан басты айырмашылығы таза капиталистік даму жолындағы аумақ. Әрі ЖІӨ мөлшері жөнінен Қытайдың ең бай ауданы саналады, оның жан басына шаққандағы көрсеткіші (38 мың доллардан астам) және тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі, халықтың әл-ауқаты деңгейі бойынша батыстың Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия секілді дамыған елдерін, тіпті Жапонияны да басып озды. Елдің экономикасы еркін нарықтық қатынасқа негізделген, салық мөлшері төмен, мемлекет экономикаға араласпайды. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жер де аз, табиғи ресурстарға аса бай емес. Сондықтан да азық-түлік пен шикізаттың көп бөлігі, тіпті ауызсуға дейін шеттен тасымалданады.ЖІӨ 90 пайызы қызмет көрсету салаларының үлесіне тиеді. Демек, бұл елдердің азия жолбарыстары атанып, экономикалық дамуда алдыңғы шепке шыққаны талассыз шындық.Ендеше, олар мұндай жетістік пен табысқа қалай қол жеткізді? Бүгінде өзімшіл батыстың қызғанышын тудырып, экономиканы зерттеуші сарапшыларының басын қатырып отырған басты сұрақ осы! Өйткені, кәзіргідей өркениет заманында даму мен өркендеудің бірден бір қозғаушы күші бәсекелестік болып отырғаны даусыз.
АТА-да АҚШ, Ресей, Қытай және Жапония сияқты державалардық мүдделері қиылысады. АТА-ның негізгі мемлекеттеріне шолу жасасақ. Бұл аймақтық ұйымның державасының бірі Қытай болып табылады. Қытай бұл аймақтың процесстерін басқарады. Қытай ды басқа аймақтық әріптестері ықпал зонасы ретінде қарастырмайды, олар Пекиннің аймақтық саясатына үлкен сыйластықпен қарайды. Бұл жағдай Қытайды басқа өркениеттермен бұлтаруға мүмкіншілік береді. Бұл мемлекеттің экономикалық өсу темпі көптеген аналитиктердің Қытайды ұлы державаға айналуды күманданған. Қытайдың геосаяси жоспарлары мықты болса да, оның интеграционалдық процесстері айтарлықтай төмен ЕО салыстырғында. Мысалы, аймақта ақ ғана аймақтық ұйымдар жұмысын атқаруда: АПЕК, АСЕАН және Шанхай конференциясы. Жапония Қытаймен бақталастықта және ЖАпония үшін АТА үлкен қызығушылықты білдіреді. Объективті - ол бүкіл мемлекеттердің осы жерде мүдделерінің қиылысуы, сонымен қатар бұл аймақтың әлемдік саясатта рөлінің өсуі. Және субъективті ретінде - нақтырақ айтқанда, бұл аймақ экономикалық, саяси және стратегиялық маңыздылығы өте жоғары. Жапонияның жартысынан көп сыртқы саяси қызығушылығы дәл осы жерде. Жапония АТА мемлекеттерімен экономикалық және сыртқы саяси қарым-қатынаста. Жапония Шығыс Азиядағы Ортақ тауарлық блок құруын көздеуде. Ал жұмыс жасудағы ұйымдарда АТЭС сияқты, Жапония басшы рөлді алуға ұмтылуда. Токио АТЭСті ВТО шектеуіндегі әржақты саудаластықты дамытатын негізгі қару болып табылатына сенімді. АҚШ-қа келетін болсақ, АТА-ға екі позицияда болуда. Бір жағынан АҚШ әрдайым басқа да ұйымдарға сияқты өз ықпалын кеңейту саясатын жүргізен, соның ішіне АТА-да кіреді. Ал екінші жағынан АҚШ-тың өз жігерлірін басқаладың мойына асырып тастауы. Мысалға келесіні келтіруге болады. Югославиядағы оқиғаларда америкалықтар максималды түрде өз күштерін емес европалық күштерді пайдалануға тырысты. АҚШ өзін ұлы держава деп санауыменнен, экономикасы жағынан АҚШпен бірдей-ақ Қытай мен Жапонияға өз ықпалын тигізшісі келді. АҚШ осы АТР ұйымдардың ішінде дерлік барлық ұйымдармен қатынас орнатқан. Мысалы, НАФТА, бұл сауда-экономикалық ұйым. Ұйымның негізін салушы осы АҚШ деп айтса да болады. Кейін 1989 ж пайда болған АТЭС. АТЭС фотумы АҚШ-тың АТР-ге қатысудың негізгі каналы болып табылады. Ресей АТЭСке кіреді. Ресей экономикалық және саяси жағынан АТР аймақтарын көздеуде. Мысалы АТР-ға кіретін Қиыр шығыстың сауда айналымы осы аймақтың барлығынан 85,7% АТЭСке кетеді
Мұнда, АТЭС ұйымы АТА елдерінің экономикалық қатынастарының дамуын жетелейтін басты алаң болмақ. Сондықтан АТЭС ұйымын кеңінен қарастырайық. Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) - халықаралық экономикалық ұйым. 1989 жылы Канберрада Австралия және Жаңа Зеландия премьер-министрлерінің инициативасымен құрылған. Ұйымның негізгі мақсаттары - еркін, ашық сауда режимін қамтамасыз ету; аймақтық ынтымақтастықты нығайту. Алғашында министрлер деңгейіндегі жиналыс АТЭС-тің жоғарғы органы болып келді, бірақ 1993 жылдан бастап мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиттер өткізіле бастады. АТЭС органдары: жоғарғы деңгейдегі конференциялар, сыртқы істер және экономика министрлерінің сессиясы, тұрақты секретариат, Азия-Тынық мұхиттық парламенттік форумы және т.б. 1994 жылы ұйымның стратегиялық мақсаты жарияланды, ол бойынша мүше мемлекеттер 2020 жылға қарай АТА-да еркін, ашық сауда және либералды инвестициялық режим құру. АТЭС-ке Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 19 ел және екі территория Гонконг және Тайвань кіреді. Соңғы екеуі АТЭС-тің ресми мүшесі емес, АТЭС-тің экономиктері деп аталады. Қызмет бағыттары: Жаһандану және жаңа экономикадан ұтымды жетістікке жету. Индивидуалды жоспарлар қабылдау арқылы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, цифрлық технологияның қолдану аясын кеңейту және оған барлық мемлекеттердің қол жетімділігін қамтамасыз ету, адамдық потенциалды дамытып, корпоративті басқарудың жаңа әдістерін енгізу мәселелері зерттелуде. Сауда мен инвестицияның либерализациясын дамыту. Сауда эффективтілігін арттыру, аймақтағы инвестициялық климатты жақсарту, көп жақты сауда жүйесін қолдау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қалыпты экономикалық өсімді қолдау. Өндірістік салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформалар жүргізу, қаржылық сала бойынша ынтымақтастықты арттыру. АТЭС шеңберіндегі алғашқы саммиттер келейсідей. Ең алғашқы саммит АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен болатын. Онда қатысушылар еркін сауда, инвестиция, қызмет көрсетуге ықпал жасау; қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз ету; білім стандарттары мен өмір сүру деңгейінің жоғары деңгейіне қол жеткізу арқылы ашықтық пен әріптестік принциптеріне негізделген Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құру перспективалары талқыға түсті. Аталған идеялар АТЭС бақылау деген атауға ие болды. 1999 жылғы Индонезияның Богория қаласында өткен саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағында 2010-2020жж еркін және ашық сауда мен инвестиция жүйесін құру туралы ұзақ мерзімді мақсат көрініс тапқан АТЭС лидерлерінің ортақ экономикалық шешімдері туралы Декларация қабылданды. Және мұндай саммиттер жалғасып келеді. Неге? Себебі, теңізге шығатын елде міндетті түрде интеграциялық даму үдерісі жүреді, АТА елдері арасындағы экономикалық қатынастар тек өрлемек.
Қазіргі әлемде АТА алдыңғы орынды алады. Планетаның бұл үлкен бөлігінде жер шары халқының 13 бөлігі тұрады , шамамен 50 мемлекет орналасқан. Солардың ішінде бәсекелестік рейтингі жоғары Жапония, АҚШ, Канада, Гонконг, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея сияқты елдер орналасқан. Қытай қалыпты финанстық - экномикалық орынды иеленеді. Индия, Индонезия, Тайвань, Малайзия, Шри-Ланка және т.б елдер халықаралық авторитетімен, үлкен экономикалық потенциалымен, үлкен адам ресурстарымен, көне және ерекше мәдениетімен ерекшеленеді. АТА-дағы мемлекеттердің дамуының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін айтатын болсақ, бұл мемлекеттерге бүкіл дүниежүзінің ІЖӨ-нің және сауда айналымының 60 % келеді. Тек АҚШ өзінің экспортының 40 %, Жапония мен Корея 40 % осы ауданға шығарады. Бұл аймақта автомашиналардың, теңіз кемелерінің, телевизор және синтетикалық талшықтардың 70 %, алюминийдің 50 %, пластмассаның 60 % шығарылады.2 АТА-н келесі субрегиондарға бөледі : Солтүстік - Шығыс Азия, Оңтүстік - Шығыс Азия, Орта Азия, Оңтүстік Азия, Тынық мұхиттың Оңтүстік бөлігі. Бұлардың барлығы өзінің ұлттық мәдени ерекшеліктеріне, халықаралық аренадағы саяси салмағына, саяси және экономикалық интеграцияланғандығы мен интеграциялық процестердің даму мүмкіншіліктеріне, қауіпсіздік деңгейіне байланысты әртүрлі болып келеді. Солтүстік-Шығыс Азияны АТА-дағы ерекше субаймақ деп атауға болады, ол тек құрамына ең ірі әскери державалардың кіруіне ғана байланысты емес, сондай-ақ болашақтағы аймақтық интеграцияның шарттары тұрғысынан алып қарағанда да Азияның басқа субаймақтарынан ерекшеленеді. Солтүстік-Шығыс Азиядағы қарым-қатынасты тереңдету мен болашақта интеграцияны жүзеге асыру үшін аймақта саяси тұрақтылықты орнату қажет. Солтүстік-Шығыс Азияны кейде Оңтүстік-Шығыс Азиямен шатастырады, оның Вьетнамдағы соғыстан кейін және аймақтық ұйымдардың (АСЕАН) белсенді әрекеттеріне байланысты әлемге аты шыққан еді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аймақтық және көпжақты қатынастардың дамуының сәтті нәтижелеріне қарап, оның моделі Солтүстік-Шығыс Азияға қолдануға келе ме деген сұрақ туындайды.
Оңтүстік-Шығыс Азияның модельдеріне келетін болсақ, Солтүстік-Шығыс Азия елдері өздерінің табиғатына қарай неғұрлым реалистер болып келеді, ал Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін бірлесіп істеуге неғұрлым икемді деп сипаттауға болады. Ең негізгі бөгет аймақтағы саяси және әскери қайшылықтар болып табылады. Қытайдың ойы бойынша, Кеңес Одағының құлауы мен АТА-дан стратегиялық тұрғыдан кетуіне байланысты АҚШ аймақтағы жалғыз сверхдержава болып қалды. Қытай АҚШ-ты аймақтағы басымдық танытып отырған жалғыз держава деп, оның аймақ елдеріне өзінің демократиялық құндылықтары мен экономикалық тәртібін орнату талпыныстарына қарсы келетін басқа мемлекеттің жоғына алаңдайды. Қытайдан басқалары АҚШ-тың аймақта қалуын қалайды. Жапония белсенді түрде күшін ұлғайтып жатқан Қытайдың пайда болған аталмыш күштер вакуумын толтыруға тырысып, тағы бір аймақтық гегемонға айналатынынан қауіптенеді. Пекин өз алдына Жапонияның милитаризациялануынан, АҚШ көмегінсіз ядролық державаға айналуынан қауіптенеді. Суық соғыс периодына қарағанда АТА-дағы қазіргі кездегі жағдай анықсыз, әрі болжауға келмейтін болып отыр. Солтүстік-Шығыс Азиядағы Суық соғыс әлі аяқталған жоқ және корей, жапон-ресей, қытай-тайвань мәселелері шешілмей аяқталмайды деуге болады.
Солтүстік Шығыс Азия аймағына Солт Шығыс жағындағы ҚХР,Аомынь,Сянган,Корея , Монголия Ресейдің қиыр шығысы Жапония кіреді. Монғолиядан басқа Солт Шығыс елдерге кіретін мемлекеттер территориалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама беру
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
ХХғ.соңындағы Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
Пәндер