Емдік балшықтар және емдеу әдістері. Суық және ыстық басып емдеу әдістері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: 1) Суық және ыстық басып емдеу әдістері

2) Емдік балшықтар және емдеу әдістері

Орындаған: Онгарова Д. Б

Тобы: ВС-303

Тексерген: Ахметжанов О. Н.

Семей 2015ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1Компресс қою техникасы.

2. 2Физиотерапия

2. 3 Шипалы балшықтармен емдеу

2. 4 Парафинмен емдеу

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Компресс қою техникасы.

Жылулық процедурасын кез келген жағдайда және өте оңай іске асыратын әдіс - ол компресс қою. Организмді жылытатын компресс барлық ағзалардағы қан тамырларын біркелкі, ұзақ уақытқа кеңейтеді. Зат алмасу процесіне ферменттердің әсері жақсарады, фагоцитоз құбылысы артады, сұйықтардың жиналуы, тіндерге сіңуі бәсеңдейді. Компресстің организмді тыныштандыратын, керексіз сұйықтарды сіңдңретін, ауырсынғандықты басатын организмге тиімді әсерлері бар.

Компресстің бірнеше түрлері бар: ыстық, жылытатын, суық, спиртті, приснецепт, скипидарлы және термокомпресстер. Сондай -ақ қарапайым және қоздырғыш болып та жіктеледі.

Компресс 4 қабаттан тұрады:

  • сіңіргіш-сорғыш қабаты;
  • ылғалдылықты өткізбейтін қабат;
  • жылулықты сақтайтын қабат;
  • бекіту қабаты.

Ыстық компрессті қою үшін тығыз бұлдан алынған материалды бірнеше қабаттап, температурасы 70-80ºС сумен ылғалдап аздап сығады да, малдың терісінің сыртынан күні бұрын дайындалған жеріне орналастырады. Сыртынан саңылаулы резинкамен жабады. Оның сыртынан жылы затпен орап бекітеді. Ыстық компрессті 30 минутқа дейін ұстауға болады.

Тері қабынғанда, шихан, сыздауық, қотыр, ісік пайда болғанда қолдануға болмайды.

Жылытатын компрессте бірінші сіңіргіш қабаты жылы сумен ылғалданып, оның сыртынан су өткізбейтін қабатпен (клеенка, целлофан, хлорвинилді пленка және т. б. ) жабады да, оның сыртынан жабылған жылуды ұстап тұратын қабатты бинтпен бекітеді. Бұл компресстің түрі жітілеу және созылмалы қабыну процестерінде қолданылады. Компрессті 5-7 сағат сайын ауыстыра отырып, күніне 2-3 рет қоюға болады. Процедура біткеннен кейін оның орнын құрғақ материалмен сүртіп кептіреді.

Кейбір созылмалы ауруларда приснецепті компресс қолданылады. Оның жылулық компресстен айырмашылығы онда су өткізбейтін қабат жоқ. Сондықтан жылу денеге өте жәй тарайды.

Бұл компресстерді де тері ауруларында қолдануға болмайды.

Спиртті компресс те жылулық компрессіне ұқсас. Тек оның сіңіргіш қабаты 30-80º спиртпен немесе арақпен ылғалданып, 5-7 сағатқа қойылады.

Суық компрессті қою үшін күні бұрын дайындалған бірнеше материалдарды мұзды сумен ылғалдап, ауырған жерге әрбір 5 минут сайын ауыстыра отырып басады. Мұндай компресс жіті қабыну процестерінде, қан аққанда қолданылады.

Іріңді өлі еттенген процестерде, абсцесс, флегмоналарда қолданбайды.

Скипидарлы компресстің тітіркендіру, көңілді басқа жаққа аудару қасиеттері тыныс алу жүйесінің ауруларын емдегенде жақсы нәтиже береді. Бірақта бүйректер мен қуықтың ауруларында кері әсер етеді.

Термокомпресстер сірке қышқылды натрий тұздарының ерітіндісімен толтырылған резинка қапшықтан тұрады. Қайнап тұрған суға салғанда тұз ериді де, ал суытқанда кері жүретін реакцияның әсерінен 6-8 сағаттай жылу бөлінеді. Міне, осы қасиеті малдәрігерлік тәжірибеде ауру малдарды емдеу үшін пайдаланылады.

Физиотерапия

Физиотерапия - (гр. physis - табиғат; therapeia - емдеу) организмге сыртқы ортаның кейбір табиғи күштерінің немесе қолдан жасалған физикалық факторлардың әсерлерін ауруларды емдеу және олардан сақтандыру үшін қолдану әдістерін оқытатын ілім.

Табиғи физикалық факторларды ем ретінде қолдану өте ерте кезде қолға алына бастаған. Бірақ ол кезде емдеу әдістеріне ғылыми негіз қаланбаған. Ол факторлардың негізін түсініп, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп қолдану біздің эрамыздың XVII ғасырынан басталады. Ал физиотерапия жеке пән болып оқу орындарында XX ғасырдан бастап оқытыла бастады.

Малдәрігерлік тәжірибеде физикалық факторларды мал ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары ретінде қолдану туралы деректер XX ғасырдың 30-шы жылдарында жарыққа шықты.

Физикалық факторларды пайдаланудың негізі:

  • физикалық факторлар мал организміне терінің және кілегей қабықтардың рецепторлары арқылы әсер етеді;
  • кез келген физикалық факторларда энергияның қоры болады, ол мал организміне беріледі;
  • энергия организмге сіңірілгенде тітіркену пайда болып, рефлекс құбылысы іске қосылады.

Физикалық емдеу әдісін таңдап алу аурудың жағдайына байланысты жүргізіледі.

Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер:

  • ыстықтық-суықтықпен емдеу;
  • сумен, шипалы балшықпен, шымтезекпен, парафинмен, озокеритпен, құммен және басқа да механикалық әдістермен емдеу;
  • электр тоғымен емдеу;
  • жарық сәулесімен емдеу.

Ауруларды емдеуде ыстықтық пен суықтықты пайдалану өте көп тараған, ертеден келе жатқан әдістердің қатарына жатады. Бұл әдістің негізгі мақсаты - мал организмінде олар ауырған кезде болатын ауытқуларды қалпына келтіру.

Ыстықтық-суықтық ең бірінші кезекте терінің рецепторларына әсер етеді де, ол әсер шартты және шартсыз рефлекстер арқылы барлық организмге тарайды. Мал организмінің сыртқы ортаның ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай туғызады.

Емдік ретінде су мен жылулықтың табиғи және жасанды түрлерін пайдаланады. Суды пар, мұз, қар ретінде де қолдануға болады. Міне сондықтан да, сумен емдеу әртүрлі температурадағы суды емдік ретінде пайдалану әдісі. Кей кезде бұл әдіс механикалық және химиялық тітіркендіру әдістерімен қабаттаса жүргізілгенде жоғарғы нәтиже алуға болады.

Сумен және жылулықпен емдеудің биологиялық негізі:

  • жылулықты рефлекс арылы реттеу;
  • терінің рецепторларына және тері астына жиналатын экссудат, транссудаттардың таралуына оң әсер ету арқылы ісікті болдырмау;
  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтеріне оң әсер ету: суықтықты жүрек тұсына басқанда жүрек сирек және күштірек соғады, ал жылулық керісінше әсер етеді;
  • жүйке жұмысына оң әсер етеді: аз уақыт әсер еткенде оны қоздырады; көбірек әсер еткенде, керісінше, әлсіретеді. Судың жергілікті жансыздандыру әсері осыған байланысты;
  • бұлшық еттерге әсері: аз уақыт әсер еткенде бұлшық еттердің жирылуы күшейеді, көбірек әсер еткенде әлсірейді. Невралгиялық шаншуларда ыстықтық пен суықтықты қолданғанда судың осы әсеріне сүйенеді;
  • қанның құрамына әсері: қан элементерінің саны иен гемоглобиннің мөлшері көбейеді; жылулықтың әсерінен қарсы денелер жақсы түзіледі, ал суықтық оны әлсіретеді;
  • тыныс алу жолдарына әсері: суықтық аз уақыт әсер еткенде дем алу сирек және толық болады. Ал жылулықпен әсер еткенде дем алу жиі және үстіртін болады;
  • зат алмасу процесіне әсері: суықтықпен қалыпты жағдайда әсер еткенде организмде химиялық энергияның түзілуі жақсарады, ал жылулықта - әлсірейді;
  • тер мен зәр шығаруға әсері: тер су ваннасында 40º, су буында одан жоғарырақта, жарықта 50-60º, құрғақ ауада 60-70º болғанда жақсы шығады. Температура бұл көрсеткіштерден жоғары болғанда тердің шығуы азаяды. Ыстықтық пен суықтықтың әсерлерінен зәр шығару уақытша молаяды.

Ыстықтық пен суықтықты төмендегідей жағдайларда қолдануға болады.

Суықтық процедураларын:

  • әртүрлі қабыну процестерінде: жіті және іріңді түрлерінен басқа;
  • бұлшық еттердің жирылуын күшейту үшін;
  • зат алмасуын жақсарту үшін;
  • қан тамырларының өзегін тарылту үшін;
  • капиллярлардан аққан қанды тоқтату үшін.

Жылулық процедураларын:

  • қабыну процесінде түзілетін зиянды, токсикалық заттарды таратып, сіңіру үшін;
  • іріңді процестердің жетілуін жылдамдату үшін;
  • жарақаттанған тіндердің жазылу процесін жақсарту үшін;
  • тер шығару үшін;
  • бүйректердің жұмысын реттеу үшін;
  • жергілікті қан мен лимфаның айналысын жылдамдату үшін.
  • Жылулық және суықтық процедураларын төмендегідей жағдайларда қолдануға болмайды.
  • Суықтықты:
  • жедел іріңді процестерде;
  • өлі тіндер пайда бола бастағанда;
  • қан азайғанда.
  • Жылулықты:
  • қатерлі ісіктерде;
  • қан аққан кезде; аневризмдерде;
  • жүректің орны толтырылмайтын жеткіліксіздіктерінде.

Жергілікті ванна малдың аяқтарына, емшектеріне қолданылады.

  • Душтар денеге температуралық және механикалық әсер етеді. Олардың судың температурасына байланысты бірнеше түрлері бар: суық (16-23º), индиферентті (28-33º), жылы (33-40º), ыстық (40º-тан жоғары) . Душтағы судың қысыма байланысты: төменгі қысымды (0, 3-1 атм. ), орташа қысымды ( 1, 5-2 атм. ) және жоғарғы қысымды (3-4 атм. ) болып бөлінеді. Душтағы судың шашыратылу түрлеріне байланысты: жаңбырлатқыш, циркулды, шанышқылайтын, шаңды, жоғары бағытталған, жылулықты реттейтін душтар бар. Кейбір душтар оларды ұсынған авторлардың аттарымен аталады. Мысалы, малдәрігерлік тәжірибеде Шарко - шапшып ағатын, Шотланд - желпіп шашырататын душтар қолданылады.
  • Малдың денесін сергітіп, организмнің тонусын жоғарылату үшін шомылдыру әдістерін қолданады;
  • Жоғарыда айтылып кеткен вапоризация әдісі;
  • Құрғақ жылулық пен салқындату процедуралары қолданылады. Ол үшін әртүрлі фендер және электр қыздырғыштары пайдаланылады. Әртүрлі фендер ылғалды экземада, үсікте, жатыр ауруларында және ісіктерде пайдаланылады. Электрогрелкаларды плевраның, өкпелердің, бұлшық еттердің, буындардың қабынуларында қолдануға болады.

Жылытқыштар.

Малдәрігерлік тәжірибеде мал ауруларын жылумен емдеу үшін қолданылатын жылытқыштардың екі түрі бар:

1) электрлі жылытқыштар

2) резиналы жылытқыштар .

Электрлі жылытқыштар резинамен қабаттаса жасалған материалдан тұратын қапшық. Олардың қабырғасының арасына электр спиралі орналастырылған. Электр тоғын реттейтін аспабы бар жылытқыш малдың денесіне бинтпен бекітіледі. Процедураның ұзақтығы 5-7 сағат. Қолдануға өте қолайлы. Жүйке жүйесінің, тыныс алу ағзаларының ауруларын, қабыну процестерін емдеу үшін қолданылады.

Тік ішекті, жыныс жолдарын қыздыру үшін қолданылатын С. Г. Меликсетян ұсынған жылытқыш бар. Оның ұзындығы 30 см, диаметрі 12 см металл цилиндр. Оның ортасына диаметрі 8 мм жекеленген металл түтікше орналастырылған. Соның ішінде электр спиралі мен парафин бар. Жылытқыш малдың құйрығының түбіне бекітіледі. Тік ішекті, жыныс жолдарын 40-48º-қа дейін қыздырады.

Малдың организміне жылулықпен немесе суықтықпен әсер ету үшін жұмсақ металлдан жасалған түтікшелерді де пайдалануға болады. Ол үшін түтікшелерді спираль тәрізді етіп иіп материалдардың немесе резинканың арасына салып бекітеді де, түткше арқылы не ыстық су, не су буын, не суық су жібереді.

Мал организміне жылулықпен немесе суықтықпен әсер ету үшін кәдімгі резина қапшықтарды немесе медициналық жылытқыштарды да пайдалануға болады.

Қыздырғыштар

Малдәрігерлік тәжірибеде құрғақ және ылғалды қыздырғыштар жиі қолданылады. Бұл қыздырғыштардың жылулық компресстерден айырмашылығы олардың емдік тиімділігі малдың организміне олармен бірге қолданылатын кебектің, құмның, шөптің, ағаш үгінділерінің, дәрілік заттардың әсерлерімен кешенді түрде қабаттаса жүреді.

Құрғақ қыздырғыштарды қолданарда олардың әсер ететін жерлеріне алдымен вазелин жағып алу керек. Мысалы, құмды аса ыстық болғанда 3-4 қабатты материал арқылы, ал жылылау болғанда бірден теріге салады.

Ылғалды қыздырғыштарды пайдалану үшін кендір дәндерін, емен, қарағай үгінділерін және т. б. соларға ұқсас заттарды кенеп қапшықтарға салады да, оған қайнаған су құйып, аздап сығып алады. Оның температурасы 45-50ºС болғанда оны күні бұрын дайындаған жерге орналастырады. Жылулығын ұзағырақ сақтау үшін үстінен жылу мен ауа өткізбейтін қабатпен жауып қояды. Осындай әдіспен дайындалған қыздырғышты ол әбден суығанша ұстауға болады.

Ботқа тәрізді жабысқақ, тұтқыр қыздырғыштарды 40-45ºС температурада малдың терісінің вазелин жағылып дайындалған жеріне жабыстырып бекітеді.

Қыздырғыштар малдың сыртқы бездері қабынғанда, буындардың, сіңірлердің қуыстарының ауруларында жақсы әсер етеді.

Вапоризация.

Малдың сыртқы тіндеріндегі асқынған жараларды, қабыну процестерін емдеу үшін судың буын қолдануға болады. Сол су буын белгілі арнайы аппарат арқылы қолдану вапоризация деп аталады. Су буы әсер еткен жер қызарады, қабыну процесі кезінде жинақталған сұйықтар тез тарайды.

Аппаратты металл резервуардан оңай жасап алуға болады. Металл резервуар герметикалық түрде жабық болуы керек. Одан тек түтікше шығып, оған күні бұрын дайындалған резина түтікше кигізіледі. Шығар аузы үнемі ашық күйінде тұрады. Суды қайнатқанда жарылып кетпес үшін. Резервуардағы суды электр плиткасымен қыздырып, қайнатады. Электр плиткасы өзімен бірге жабдықталған зауодтан шыққан вапоризаторлар бар. Ол арқылы су буына дәріні қосып та шашыратуға болады.

Вапоризатор ретінде ықшамды автоклавты да пайдалануға болады.

Вапоризатордың шығар аузының диаметрі 10-15 мм болғанда 90ºС температурада су буы 1 атм. Қысыммен шығады. Ол 10 см қашықтықта 68ºС, 40 см қашықтықта 32ºС болады. Вапоризацияны 40-50 см қашықтықта, 30 минуттан, күніне 1-2 рет жүргізуге болады.

Вапоризацияны ойық жараларда, іріңді өлі еттенген процестерде, маститте, ринитте, трахеитте, брохиттерде және тері ауруларында қолдануға болады.

Шипалы балшықтармен емдеу

Шипалы балшықтармен емдеу ертеден келе жатқан су, минералды және органикалық заттардан тұратын қоспалармен емдеу әдістерінің қатарына жатады. Шипалы балшықтардың құрамында антибиотиктерге, витаминдерге, гормондарға, ферменттерге, бактериофагтарға, гистаминдерге ұқсас қосылыстар болады. Кейбір газдар мен радиоактивті заттардың болуы да мүмкін. Олардың емдік қасиеттері осы қосылыстардың организмге тигізетін оңды әсерлерімен түсіндіріледі.

Шипалы балшықтардың 4 түрі болады:

  1. Лай немесе өлі балшық - ил - ащы және тұщы көлдердің, теңіздердің түбінен алынады;
  2. Сапропель немесе өлі балшықтың шіріген түрі. Ашық су қойнауларында, көлдерде кездеседі;
  3. Шым тезек - торф - тұщы су қойнауларында, батпақты жерлерде өсімдіктердің ыдырап, шіруінен пайда болады;
  4. Вулканнан, жанар таулардың қопарылыстарынан пайда болатын шипалы балшықтар. Олар ыстық күкіртті су көзі бар жерлерде кездеседі.

Шипалы балшықтарда олардың 3 бөлігін ажыратуға болады:

  1. Кристалл қаңқасы - минералды заттардың ерімеген ұсақ бөлшектері;
  2. Коллоидты фракциясы - кристалл қаңқасының ұсақ бөлшектерін біріктіріп тұратын жартылай сұйық зат;
  3. Шипалы балшықтың ері тіндісі - рапа - минералды заттардың судағы ерітіндісі. Шипалы балшықтардың химиялық құрамы осы ерітіндінің мөлшеріне тікелей байланысты болады.

Әртүрлі шипалы балшықтарда олардың осы бөліктері өзара проценттік қатынаста болады. Ол қатынас төмендегідей.

Шипалы балшықтармен қатар малдәрігерлік тәжірибеде шым тезек те ауру малдардың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланылады.

Шым тезек батпақты жердегі өсімдіктердің тереңде, ауаның жеткіліксіздігінен шіруінен пайда болады. Осы процесті гумификация процесі деп атайды.

Ауру малдарды емдеу үшін қолданылатын сапасы жақсы шым тезекті алақанға салып қысқанда ол саусақтардың арасынан шығып тұрады. Ондай шым тезектің құрамында су болмайды. Шым тезектің емдік және биологиялық қасиеттері ондағы механикалық, жылулық және химиялық факторлардың жүйке жүйесі арқылы организмге тигізетін әсеріне байланысты. Ондағы механикалық әсер микромассаж ретінде, жылулық қасиеті - өткізгіштік түрінде, химиялық қасиеті құрамындағы химиялық заттардың әсерімен түсіндіріледі. Ол жылулықты өте нашар өткізетіндіктен өте жоғарғы температураны пайдалануға болады.

Бұл әдістерді бұлшық еттердің, буындардың, сіңірлердің созылмалыауруларында; ревматизмдерде; сүт бездерінің ауруларында; іріңдеген, өлі тіндер пайда бола бастаған процестерде; жүйке жүйесінің, сүйектердің ауруларында; аяқ жараларында қолдануға болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар:

  • жүрек пен қан атмырларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінде;
  • бүйрек ауруларында;
  • өкпе, сүйек және буын түберкүлездерінде;
  • жыныс ағзаларының ісіктерінде;
  • жүйке жүйесінің органикалық өзгерістерінде;
  • жедел қабыну процестерінде;
  • қан ағуға бейімділік байқалғанда;
  • өте арық малдарға.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Суық пен ыстық басып емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. емдік балшықтар және емдеу әдістері жайлы
Емдік балшықпен емдеу әдістері
ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
Суық және ыстық басып емдеу әдістері жайлы ақпарат
Курорттар мен санаториялардың негізгі топтары
Санаториялық-курорттық емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz