Корпорацияның қаржылық стратегиясының мәні мен мазмұны


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
«Қаржы» кафедрасы
ОӨЖ
Тақырыбы: Корпорацияның қаржылық стратегиясының мәні мен мазмұны
Тексерген: Омарова А. К
Тобы: ФН-207
Орындаған: Абдукаримов А. К
Семей 2015
Нарықтық экономикаға өтудің нәтижесінде кәсіпорынның мемлекеттің ықпалынан босады да ендігі кезекте кәсіпорынның қызметінің экономикалық және қаржылық нәтижелерін басқаруға байланысты жауапкершілігі артты. Соған байланысты әр бір кәсіпорын нақты жалпы стратегиясын ғана анықтап коймай, сонымен қатар қаржылық стратегиясында таңдауы қажет.
А. А. Томпсон, А. Дж. Стриклендтің көзқарасы бойынша, стратегия - ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін басқраушылық іс-шаралардың барлық жинтығын көрсетеді . Кәсіпорынның стратегиясы жоспарланған және жағдайларға байлансты біршама өзгеріп отырады.
С. Д. Ильенкова стратегияны - шешім қабылдау процессі ретінде анықталады деп қарастырады, яғни кәсіпорынның өмірлік цикілін нығайту мен бәсекеге қабілеттілгін арттыру мақсаттында іс-шаралардың кешенді байланыстағы қызметі мен қойылған мақсаттарға жетудің кешенді жан-жақты жоспарлау. О. С. Виханский мен А. И. Ноумов стратегия - бұл кәсіпорынның даму бағытын, қызмет ету саласы мен формасын, ұйымның ішкі байланыстар жүйесін, сонымен қатар қоршаған ортадағы кәсіпорынның орнын сапалы анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарлау. Біз О. С. Виханский мен А. И. Ноумовтың берген анықтамасымен келісеміз, себебі стратегия ұғымына берген анықтамасы дәл және оның мәнін толық ашады деп санаймыз.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қазіргі таңда қалыптастыру басқарудың жаңа концепциясының методологиялық принциптерінің бірі - «стратегиялық басқару» - АҚШ пен Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде бұл ұғым 70-ші жылдардың басында белсенді түрді енгізіле бастады. Стратегиялық басқару стратегиялық жоспарлаудың методологиясының дамуы негізінде қалыптасты және ол стратегиялық басқарудың негізін құрайды. Бірақ И. А. Бланктың айтуы бойынша, стратегиялық жоспарлаудың басқада ұзақ мерзімді жоспарлаудан ерекшелігі ол дамудың қалыптасқан тенденциясын ғана ескермейді, сонымен қатар мүмкіндіктер жүйесі мен кәсіпорын дамуының қауіптілігін, күтпеген жағдайлардың туындауын, алдағы кезеңде қалыптасқан тенденцияны өзгерте алу болып табылады.
Стратегиялық басқарудың мақсаттары үшін кәсіпорның стратегиялық дамуының деңгейлері бойынша дифференциаланған түрлері маңызды болып табылады. Осы басқару жүйеде И. А. Бланк стратегияның негізгі үш түрін көрсетеді: корпоративтік стратегия, функционалды стратегия (маркетингтік, өндірістік, қаржылық, инновациялық) және жеке шаруашылық бірлік стратегиясы (бизнес-бірлік) . И. А. Бланкқа қарағанда А. А. Томпсон, А. Дж. Стрикленд корпоративтік, іскерлік, функционалдық және оперативтік стратегиялар деп көрсетеді.
Жоғарыда аталғандарға қарасақ, қаржылық стратегия функционалдық стратегияның бір түрі болып табылады және ол кәсіпорынның қаржылық қатынастары мен қаржылық қызметтерінің дамуының негізгі бағыттарын қамтиды. Біздің ойымызша, кәсіпорынның функционалды стратегия жүйесінде қаржылық стратегия маңызды орынды алады. Бұл функционалдық стратегияның маңыздылығы кәсіпорының барлық қызметінің экономикалық көрсеткіштер жүйесі қаржы арқылы көрсетіледі, функционалдық мәселелердің балансталуы мен кәсіпорынның негізгі мақсаттарына жетуге бағынышты болуында. Бір жағынан, қаржы - бұл басқада функционалды стратегияны қалыптастырудың қайнар көзі, яғни қаржылық ресурстар кәсіпорын қызмет бағыты мен шектеуші көлемі болып табылады. И. А. Балнктың (24, б. 26, 27) ойынша қаржылық стратегия - функционалдық стратегияның негізгі түрлерінің бірі, қаржылық қызметінің негізгі дамуының барлық бағытын және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарды қалыптастыру мен оларға жетудің тиімді жолын анықтау арқылы қаржылық қарым -қатынастарды, сонымен қатар сыртқы орта жағдайларының өзгеруінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру бағыттарын өзгеру мен қолдануды қамтамасыз етеді. В. А. Слепов пен
Е. И. Громова (55, б. 50) қаржылық стратегия - әдістер жиыны болып табылады, сол арқылы кәсіпорынның қаржылық саясатты жүргізіледі және қолданылады, саясат стратегияға қарағанда бірінші деп қарастырады.
А. Н. Жилкина (64, б. 325) қаржылық стратегия - кәсіпорынды ақша қаражаттармен қамтамасыз ететін басты жоспар деп қарастырады. Бірақ біздің ойымызша, бұл анықтама ұғымның толық мәнін ашпайды, себебі кәсіпорынның тиімді дамуы үшін тек қана қаражылық ресурстар жеткіліксіз және И. А. Бланк берген анықтамаға келісеміз. О. С. Виханский (27, б39) мен А. И. Наумов (28, б. 140-141), Н. Н. Турусова (60, б. 15), В. С. Кузнецов (47, б 34) стратегияны - стратегиялық жоспарлаудың бес басқару процессінің бірі деп қарастырады. Бұл процесстер бір бірімен байланысты. Бірақ та бұл процестің кері байланысы да бар және бұл әр бір процесстің кері әсері барлық процестің жиынтығына әсер етеді (сурет 1) .
Сурет 1. Стратегиялық басқарудың құрылымы
Ортаны талдау стратегиялық мененджмент соңғы процесі болып табылады, себебі ол кәсіпорынның миссия мен мақсатын анықтау үшін да, стратегияны таңдауға да базаны қамтамасыз етеді.
И. А. Бланк (24, б. 72-78, 103-106), О. С. Виханский (27, б. 40-61) мен
А. И. Наумов (28, б. 141-149), Н. Н. Турусова (60, б. 16), И. П. Кислицына (20, б. 182-186), Е. А. Иванова (57, б. 126-138), С. Д. Ильенкова (37, б. 77, 78) ұйымның өмір сүру ортаса екіге бөлінеді: сыртқы (макроортамен негізгі қызмет ету ортасы) мен ішкі орта. Макроорта экономикаға әсерін зерттейді, құқықтық тексеру мен басқару, саяси процестер, табиғи орта мен ресурстар, әлеуметтік және қоғамның мәдени құраушысы, ғылыми-техникалық және қоғамның техникалық дамуы және т. б. Негізгі қызмет ету ортасын талдау келесі негізгі компоненттардан тұрады: сатып алушылар, жеткізушілер, бәсекелестер, еңбек нарығының күші. Ішкі ортаны талдау фирманың кадрларына, олардың квалификациясы, басқаруды ұйымдастыру, өндірістік, қаржы, маркетинг, ұйымастырушылық мәдениетіне көңіл бөлінеді.
Стратегиялық қаржылық талдаудың мақсаты - қаржылық стратегияны қалыптастыру негізі. И. А. Бланк (24, б. 47-63) келесі әдістерді анықтайды: SWOT-талдау, PEST-талдау, SNW-талдау, қоржындық талдау, салыстырмалы қаржылық талдау, қаржылық коэффициенттерін талдау, Дюпон моделінің интегралды талдау, эксперттік талдау.
Қоржындық талдау мақсатында А. Н. Петров (56, б. 96-103), А. А. Томпсон мен А. Дж. Стрикленд (59, б. 380-392), С. Д. Ильенкова (37, б. 90-91) Ботонск консультатциялық топ матрицасын қолдануды ұсынады. Альтернативалық матрица негізінде А. Н. Петров (56, б. 392-397) - «саланың қызығушылығы/бәсекелестердің позициясын» матрицасы, өмірлік цикл матрицасы, С. Д. Ильенков (37, б. 91) - «өнім/нарық» матрицасы.
Ішкі ортаны бағалау үшін, яғни оның қаржылық жағдайын факторлық әдіс арқылы З. А. Круш пен Л. В. Лущикова (46, б. 158-179) Д. Уилкокстың формуласын, Альтманның екі факторлы немесе бес факторлы моделін, коэффициенттік әдіс - У. Бивер формуласы, баланс құрылымын коэффициенттік талдау, кәсіпорынның қаржылық саясатын шығару бойынша методологиялық ұсыныстармен сәйкес интегралдық баға арқылы қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, З. А. Круш пен Л. В. Лущикова матрицалық әдісті көрсетеді және Ж. Форшон мен И. Романемен шығарылған қаржылық стратегия матрицасына көп көңіл бөлінген. Бұл матрица Е. С. Стояновамен толықтай сипатталған.
Біздің ойымызша, ешбір кәсіпорын бәсекелестік ортада тиімді жұмыс істей алмайды, егер оның нақты ориентациясы, бағыты болмаса.
Соған байланысты, басқарудың ортаны талдаудың басқа да маңызды мәселелерінің бірі ұйымның миссиясы мен мақсатын анықтау болып табылады.
С. Кузнецов (47, б. 35) бойынша миссияны анықтау кәсіпорынның қызметінің функционалдығының негізгі идеясын анықтайды, сонымен қатар кәсіпорынның бөлімшелерінің алдына нақты мақсаттарды қою.
И. П. Кислицын (20, б. 190) бойынша миссия дегеніміз - бұл кәсіпорынның болашақта қандай болу керек екенін көру дегенді білдіреді.
О. С. Виханский мен А. И. Наумов миссия дегеніміз - кең мағынада ұйымның өмір сүруі, тар мағынада ұйымның не үшін және қандай мақсатта құрылғанын, яғни миссия бұл ұйымның өмір сүру қажеттілігін көрсетеді және оның өзге ұйымдардан айырмашылығын көрсетеді деп санайды. Біз О. С. Виханский мен А. И. Наумовтың ойымен келісеміз, бұл ұғымның нақты және түсінікті мағынасын көрсетеді.
Егер миссия жалпы ориентацияны көрсетсе, ұйымның функциялық бағытын, оның өмір сүруін мәнін көрсетсе, ал нақты дәл осы мерзімде және оның соңғы көрінісі мақсат ретінде болады, ол И. П. Кислицинамен (20, б. 190) белгілі бір нәтижеге алуды анықтайды деп санайды. Біз О. С. Виханский мен А. И. Наумовтың ойымен келісеміз, ұйымның жеке сипаттамасындағы жағдайларының нақты мақсаты, оларға жету үшін қызметін бағыттайды.
О. С. Виханский мен А. И. Наумов бойынша негізгі мақсаты ұйымның даму мақсаттары болып табылады, яғни сату көлемінің темптерінің өзгеру мен толықтай саланың және ұйымның табысының арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Осы қатынасқа байланысты ұйымның даму темпі жылдам, тұрақты немесе қысқарғаны болуы мүмкін. Осы типтарға сәйкес даму темпі үшін жылдам даму мақсаты, тұрақты даму мақсаты мен қысқарту мақсатын қалыптастыруған болады. Е. А. Иванов келесідей типтерді көрсетеді: табысты мотивациялау, рационалды қызмет, максималды табыс, нарықтың белгілі үлесін алу мақсаты, ұзақ мерзімді мақсаттар, персоналды мақсаттар, әлеуметтік жауапкершілікті, даму мен диверсификация мақсаты.
И. А. Бланк келесідей мақсаттарды көрсетеді: табысты максималдау моделі, трансакциондық шығындарды минималдау, сату көлемін максималдау, кәсіпорынның нарықтық бағасын максимизациялау моделі (24, б. 122-139) .
Көп жағдайда мақсатқа жетудің жолын таңдауда оның сол мақсаттың қалайтын нәтижесіне жете алуына тәуелді болады. Мақсаттар бойынша дұрыс шешемідермен қатар мақсатқа жетуде стратегиялық дұрыс шешімдерде маңызды. Соған байланысты миссия мен мақсаттарды анықтаудан соң стратегияны таңдау мен талдау кезеңі басталады.
О. С. Виханский мен А. И. Наумов келесідей базистік немесе эталондық стратегияны көрсетеді:
1 бағытты даму стратегиясы: нарықта позицияның күшейуі, нарықта даму стратегиясы, өнімді дамыту стратегиясы;
2 интегрирленген даму стратегиясы: кері вертикалды интеграциялық стратегия, алға жылжу вертикалды интеграция стратегиясы;
- диверсификацияланған даму стратегиясы: орталықтандырылған диверсификация стратегиясы, көлденең диверсификацияланған стратегия, конгломентирленген диверсификация стратегиясы;
- қысқарту стратегясы: «өнімді жинау» стратегиясы, ликвидация стратегисы, қысқарту стратегиясы, шығындарды қысқарту стратегиясы;
- комбинирленген стратегия.
И. А. Бланк екінші және үшінші топтағы стратегияны қосып оны жылдамдатылған стратегия деп атайды. Сонымен қатар, И. А. Бланктың зерттеу нәтижесі бойынша келесідей қаржылық қызметтің доминантты сфераны (бағыттарды) көрсетті: кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру стратегиясы, кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы, кәсіпорынды қаржылық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету стратегиясы, кәсіпорынның қаржылық қызметін басқару стратегиясы. В. А Горемыкин келесідей стратегияларды көрсетеді: даму стратегиясы, шектелген даму стратегиясы, қысқарту стратегиясы, комбинирленген стратегия, қоржындық стратегия, диверсификация стратегиясы мен өнімнің диверсификация стратегиясы.
Барлық қаржылық стратегияны жүзеге асыру құралы дұрыс қалыптастырылған қажылық саясат болып табылады. В. А. Слепов пен
Е. И. Громов (55, б. 50) қаржылық саясат дегеніміз - бұл жалпы қаржылық идеология, яғни кәсіпорынның жалпы экономикалық мақсатқа жету үшін кәсіпорынның ұстанатын таңдалған шаралар. В. А. Слепов (54, б. 56) қаржылық саясат ұғымына бірнеше модифицирленген және нақтыланған анықтама береді, қаржылық саясат дегеніміз - мақсатты қойылымдар мен мақсатқа жету үшін кәсіпорынның қаржылық дамуының мүмкіндіктері болып табылады.
И. А. Бланк (24, б. 151) бойынша қаржылық саясат қаржылық филисофияның жүзеге асу формасы мен қаржылық қызметтің маңызды аспектілерінде кәсіпорынның басты қаржылық стратегиясын көрсетеді. Біз З. А. Круш пен
Л. В. Лущикова берген анықтамасымен келісеміз, қаржылық саясат дегеніміз- кәсіпорынмен таңдалған стратегиялар мен тактикалық мақсаттар мен мәселелер, сонымен қатар әдістер мен оларға жетудің тәсілдерімен байланысты жиынтық.
Қаржылық менеджменттің жоғарғы деңгейі сапалы бағалық және дивиденттік саясаттың, табысқа қатысты саясат, айналым қаражаттарын басқару саясаты мен оларды қаржыландру көздері, инвестиция мен оларды қаржыландыру көздері, амортизация, несие мен инновациялық саясат, сонымен қатар капитал мен ақша ағымын басқару саясатын қалыптастыру жағдайымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Біздің ойымызша, әр бір кәсіпорын қаржылық саясаттың бір бөлігі ретінде бағалық саясатты қалыптастыру маңызды орын алады, себебі бағаны қалыптастыру стратегиясын дұрыс таңдалуы кәсіпорынның коммерциялық қызметінің перспективасының тиімділігі көрсетеді. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынасы өнімді нарықтық бағамен сату кезінде ғана пайда болады. Нарықтың максималды үлесін алу, жоспарланған табыс көлемін алу мен стратегиялық және тактикалық мәселелерді ұтымды шешу үшін өнімге сәйкесінше баға қою және нарықтық жағдайларға байланысты бағалармен сәйкес ету керек.
Өнімді сатқан соң табысты анықтауға болады, соған байланысты
З. А. Круш пен Л. С. Шохина келесідей стратегиялық мақсаттарды көрсетеді: табысты максимизациялау, қажетті табысты алу және табыс басты мақсат болып табылмайтын кәсіпорындар үшін де. Бұл стратегияның түрлері қызметтің түрі мен сипаттамасын таңдауда, өнімді өткізу жолдары, сатып алушылар мен жеткізушілер, жұмысшылар мен қызметкерлер, күтпеген жағдайлардан сақтау көлемі мен әдісі, өнімнің өзіндік құнды қалыптастыру, бағаны болжау және т. б. факторлардың анықтаушысы болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz