Тақтажелбезектілер отряды


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тақтажелбезектілер отряды

Орындаған: Тоқтарова. С. Б

ОЗ-407 топ

Тексерген: Айткалиев Б. М

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

1. Тақтажелбезектілер отряды

2. Асқорыту органдары

2. 1. Тыныс алу мүшелері

2. 2. Скаттар жалпы сипаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Ихтиология» ; Сейтбаев. Қ. Ж. Бектурғанов. Б. Б

Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар.

Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында - рос-, трум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау . түрінде орналасқан.

Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басы-ның екі бүйір жағында 5-7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы - одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.

Бас сүйегі - ми сауытынан, сезім органдарының капсуласы-нан және рострумнан құралған Ми сауытының төбесі шеміршекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртканың бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады. Бас сүйегінін, алдыңры бөліміяен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады. Желбезек, тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады (6-сурет) .

http://ansya.ru/health/pnni-ou-distemelik-kesheni-omirtalilar-zoologiyasi/6.gif

6 - с у р е т. Акуланың бас сүйегі

1 - мұрын капсуласы, 2 - тұмсық өсіндісі (рострум), 3 - көз ұясы, 4 -шүйде капсуласы, 5 -таңдай шаршы шеміршегі, 6- меккелев шеміршегі (төменгі жақ), 7 - ерін шеміршектері, 8 - гиомандибуляре, 8 - гионж, 19 -желбезек доғалары
Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші - аяқтарға ті-реу болатын белдеу, екінші - бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанатгарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөлімше бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасынын, дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң, сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді.

Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шеміршектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады. Дара қанаттардың скелеті радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.

А с қ о р ы ту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңы-лауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалқасады. Жұтқыншақ-қа желбезектер саңылауларының жұрнақтары брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Шажырқайда ұйқы безі жатады. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиралды қақ-пақшалары болады. Қақпақшалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Өт жолы осы ішектің алдыңғы бөліміне ашылады (7-сурет) . Көк бауыр қарынның иілген жағында жатады.

Т ы н ы с о р г а н д а р ы. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншақка, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әркайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады.

Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны құйылатын веноздық қуыс (синус) жалғасады. Қарыншаға - артериалдық конус жалғасады. Артериялық конус жүрек қарыншасының бір бөлімі болып саналады. Артериялық конус сырт жағынан карағанда құрсақ қолқасының түбіріне ұқсайды.

2-отряд. СКАТТАР (ВАТОІDЕІ) .

Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып барып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар - жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзындығы 4-5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мұхиттарында кездеседі. Көбінесе су түбіндегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.

Электрлі скаттар (Тогреdіnіdае) тұқымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды (11-сурет) . Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады.

http://ansya.ru/health/pnni-ou-distemelik-kesheni-omirtalilar-zoologiyasi/11.gif
11 - с у р е т. Скаттардық түрлері. 1 - түкті скат; 2 - мүйізді скат, 3 - электрлі скат; 4 - жарып көрсетілген электрлі скат.

Бүтінбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды. Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген. Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады. Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға болады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың

солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған. Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді. Қәсіптік маңызы жоқ.

Скат - балықтар класы тақтажелбезектілер отрядының жоғарғы тобына жататын шеміршекті балық. Қоңыржай климатты мұхит және теңіз суларының жағалауға жақын, аса терең емес жерлерін мекендейді. Көбінесе акулалар мен өзінен ірі скаттардан қорғанып, су түбіндегі құмға тығылып жатады. Скаттардың түр -түсі теңіз табанындағы қоршаған ортамен түстес болады.

Дене пішіні - жалпақ, еті - тығыз, терісі - тықыр, тегіс болып келеді. Кейде оларды «жалпиған акула» деп те атайды. Ежелгі гректер скаттың жотасынан алынған уды анастезиологиялық дәрі ретінде қолданған.

Жалпақ басы тұмсығымен және кеуде жүзбе қанаттарымен бірігіп кеткен. Желбезек саңылаулары бауырында орналасқан. Оған құм толып қалмас үшін, басындағы танау тесігімен тыныс алады. Скаттың көзі жоғарғы жағында орналасқан. Ауызының айналасында жемтігінің электр зарядын сезетін жүйке талшықтары болады. Скат денесінің бүйір жағында электр қуаты бар органдары мен улы бездері орналасқан. Оданэлектр заряды тарайды. Оның бүйірінің астыңғы жағынан улы зат бөлінеді. Скаттың өзі өліп қалса да, уының күші адам өміріне қауіпті. Скаттың құйрығы - оның қорғаныс қаруы және ол қозғалыс кезінде әрі -бері бұрылыстар жасауға септігін тигізеді. Олар 15 - 20 жыл өмір сүреді. Скаттың еті жеуге жарамды. Ол Қытай және жапон халықтарының дәстүрлі тағамы.

Скат кеуде қанаттарын кеңінен жазып жіберіп, толқын тәрізді қимылмен жүзеді. Ең ірі скаттар «манты» немесе «теңіз сайтаны» деп аталады. Манты ашық мұхиттағы су бетінде жүреді. Моллюскілермен, шаяндармен, тікентерілілермен, планктондармен және ұсақ балықтармен қоректенеді.

Бұлардың денесі арқа 6сынан құрсағына қарай қысылып барып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан.

Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар - жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзындығы 4-5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мұхиттарында кездеседі. Көбінесе су түбіндегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.
Кәдімгі скаттардың (гаjіdае) жалпақ денесі сүйірленіп ба-рып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және құйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде Қара теңізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардын, өкілдері, мысалы түкті скат (гаjа сlаvаtа) пен сәулелі скаттар (г. гаdіаtа) болып есептеледі.
Шанышқы құйрықты скатар (Тгigoпіdае) тұқымдасының қанаттары дөңгелектеу болып, тұмсығымен жалғасып кеткен. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты органы болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтана-ды. Бізде Азов және Қара теңіздерде кездеседі.
Электрлі скаттар (Тогреdіnіdае) тұқымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды (11-сурет) . Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады. Бұлар электр қуатының күшімен өздерінен үлкен жануарларды жарақаттандыра алады. Олар негізінде оңтүстік теңіздерінде, солтүстікте Жерорта теңізіне дейін мекендейді.
Скаттар су түбіндегі омыртқасыздармен және ұсақ балық-тармен қоректенеді. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы, ал біраз түрі тірі туу арқылы көбейеді. Скаттардың етін тамаққа пайдаланады. Оларды арнайы ауламайды, бірақ су түбінде тіршілік ететін балықтарды аулағанда ауға олармен бірге ілінеді. Бауырында “Д” витаминіне бай май болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аратұмсық акуланың дене құрылысы
Минога мен миксинаның, шеміршекті және сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы мен маңызы
“Зоология” курсының кіріспесі
Балықтың ауыл шаруашылығындағы орны
Балықтардың қаңқасы
Шеміршекті балықтар
Зоология пәні бойынша дәріс кешені
Шеміршекті балықтардың шығу тегі мен эволюциясы
Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы
Омыртқалы жануарлар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz