Кәсіпорындардың ұйымдарға бөлінуі, бірігуі. Түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпорындардың ұйымдарға бөлінуі, бірігуі. Түрлері.

Орындаған: Геннади Б. Н

Тобы: АУ-209

Тексерген: Нуралина Қ. Т.

Семей 2015

Кәсіпорындардың ұйымдарға бөлінуі

Корпорация дегеніміз - бүл оның құрушылары осымен бір мезгілде бірлесе және зандық тең негізде әрекет ететін қатысушылар болып табылатын өзін-өзі ұйымдастырған занды тұлға. Корпорация акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді.

Концерн (лат. concern - қатысу, мүдде) - өндірісті араластыру және әртараптандыру негізінде өнеркәсіп орындарын, көлікті, сауданы, ғылыми зерттеу мекемелерін, оқу орталықтары мен сынақ полигондарын бірлестірудің ең кең таралған қазіргі заманғы түрі; қаржы жөнінен бірыңғай бақылаудағы түрлі салалар кәсіпорындарының монополистік бірлестігі. Оны басқа монополистік пішіндерден өзгеше ететін ерекшеліктер: кәсіпорын ерікті келісім негізінде бірікпейді, акцияларды аса ірікомпаниялардың, көбінесе, Концернді басқаратын холдингілік компаниялардың сатып алуы жолымен қаржы тәуелділігін орнату нәтижесінде бірігеді. Концерннің құрамына өнеркәсіптік компаниялардан басқа көлік және сауда кәсіпорындары, банктер мен басқа да қаржы мекемелері кіреді. Концерн осылайша банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының біте қайнасуын айғақтайды. Концерндегі басым айқындамаға ие компаниялардың сипатына қарай өнеркәсіп, банк, сауда, т. б. Концерндерге ажыратылады. Алайда, бұлай бөлу тым шартты. Концерн байланыстың барлық түрлерінің мидай араласуымен ерекшеленеді: банк Концерндері, мысалы, өз бақылауымен өнеркәсіп, сауда Концерндерін қамтиды және бұған керісінше де болуы мүмкін. Сатылас бірігу принципімен құрылған Концерндер де болады. Мұның өзі тұйық технологиялық тізбек пішінінде бірлесу, яғни мұндай Концерн шикізатты өндіруден бастап дайын өнім шығаруға және оны өзінің көлік, өткізу және сауда торабы арқылытұтынушыға дейін жеткізу принципімен құрылады. Алайда, тек қана сатылас бірігу негізінде құрылған Концерннің өткізу рыногіндегі үлесі әртараптандырылған Концерндермен - түрлі салалардағы бір-бірімен технология жағынан байланыспаған кәсіпорындарды біріктіретін монополиялармен салыстырғанда біршама төмен. Қазіргі заманғы Концерндер өндірістің сатыласа бірігуін әртараптандырумен ұштастыруда, яғни олар бір мезгілде экономиканың бірнеше салалары мен аяларында шикізатты өндіруден бастап түпкі өнім өндіруге дейін толық технологияық циклді жүзеге асырады. Концерннің қазіргі құрылымы көп нұсқалы. Концернге жалпы басшылық жасау әдетте басқармаға жүктеледі, оның құрамына акциялардың аса ірі пакеттеріне ие болғандар кіреді. Күнделікті оралымды-шаруашылық басшылықты басқарма жергілікті жерлердегі тиісті бақыланбалы қоғамдардың директорлар кеңестеріне табыстауы мүмкін. Қазіргі заманғы Концерндер, көбінесе, сыртқы рыноктарға шығып, халықаралық монополиялар пішініне айналуда. Ұлтаралық корпорациялардан өзгеше түрде халықаралық Концерндердің капиталын бір ел емес, бірнеше ел бақылайды.

Консорциум (лат. consortіum - ортақ серіктестік) - бірнеше банк немесе өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы уақытша келісім, бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын қажет ететін нақты экономикалық міндеттерді‚ күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде біріккен заңды тұлғалардың (шаруашылық жағынантәуелсіз фирмалар мен басқа да кәсіпорындардың‚ банктердің) уақытша тең құқықты одағы (бірлестігі) . Консорциум заңды тұлға ретінде тіркелмейді. Алқалық тәсілмен басқарылады.

Консорциумдық келісімде: бірлескен қызмет түрі (бірлесіп бақыланатын өндіріс немесе бірлесіп бақыланатын активтер немесе бірлесіп бақыланатын заңды тұлға нысаны) ‚ келісімнің күшіне ену мерзімі‚ қатысушылардың үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері‚ басқару‚ шешімдер қабылдау тәртібі‚ қатысушылар салымының (жарнасының) сипаты‚ табысты бөлу тәртібі‚ бухгалтерлік есепті жүргізудің кімге тапсырылатыны қамтылады

Картель ( французша cartel, итальянша cartelо - құжат ) - бір тұрпатты өнім өндіруші кәсіпкерлер тобының өнім өндіру, өткізу рыноктарын монополиялау, бәсекені шектеу, шикізат көздерін, рыноктарды бөлісу, бағаға бақылау орнату мақсатымен келісуі негізінде құрылатын ерікті қауымдастығы (бірлестігі) . Картель құру туралы келісім шартпен рәсімделеді және ол құпия құрылады. Келісімге қатысушылар өндірістік және коммерциялық дербестікті, сондай-ақ, заңи тұлға мәртебесін сақтайды‚ олардың іс-қимылдар еркіндігі тек келісім ауқымымен ғана шектеледі. Жекеше, мемлекеттік, ұлттық және шетелдік, сондай-ақ, аралас кәсіпорындар мен фирмаларды да біріктіруі мүмкін. Кейде “Картель ” термині өнім шығаруды қысқарту‚ өзара бәсекені реттеу жолымен қатысушының әрқайсысы үшін жоғары пайда алу‚ тұтынушы үшін жоғары баға белгілеу кепілдігімен компаниялар арасында жасасылған заңсыз келісімді айқындау үшін қолданылады. Бұл орайда Картель нарықтық тетіктердің жұмыс істеуін қиындататындықтан оған монополияға қарсы заңнаманың күші қолданылады. Кейбір елдерде Картельге заңмен тыйым салынған, екінші бір елдерде міндетті тіркеуден өткізіледі. Кей жағдайларда мемлекет Картельді өнеркәсіп саясатының құралы ретінде жария пайдаланады (мысалы, Жапонияда) . Бірқатар дамыған елдердің үкіметтері халықаралық Картельдің қызметіне шек қоймай, қайта оны көтермелейді.

Холдинг (ағылш. holdіng - иеленуші) - тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания‚ заңды тұлға. Холдинг осы бақылау пакеттері арқылы олардың қаржы-шаруашылық қызметіне‚ кадрлар құрамына‚ қаржы тасқынын бөлуге елеулі ықпал жасайды. Концерннен өзгеше түрде Холдингте мүшелердің арасында бәсекелестік болады. Түрлері: таза Холдинг - фирманың негізгі 100%-дық қызметі қаржы қызметінің алуан түрлі салаларына қатысты (бағалы қағаздарды сатып алу-сату‚ еншілес фирмалардың ақша тасқынын үйлестіру‚ несиелермен және қарыздармен операциялар жасау) ‚ оның меншікті өндірісі болмайды; аралас Холдинг қаржы қызметінен басқа өндірістік қызметті де жүзеге асырады.

Трест ( ағылш. trust - сенім) - бір немесе бірнеше сала кәсіпорындарының өндірістік және коммерциялық дербестігін жоя отырып құрылған монополиялық бірлестігі.

Трест әдетте акционерлік қоғам түрінде құрылады. Кәсіпкерлер - кәсіпорындардың иелері трестке кіргенде оның акционерлеріне айналады, бұл орайда олардың кәсіпорындары бірыңғай басшылыққа бағынады. Тресттің басында бірлестікке кірген барлық кәсіпорындардың өнім өндіруді, өткізуді, қаржы операцияларын басқаратын басқарма тұрады. Трестке әрбір қатысушы салған капиталының үлесіне сәйкес белгілі бір акциялар пакетіне, басқаруға қатысу құқығына ие болады және пайданың белгілі бір үлесін алады.

Трестте картель мен синдикаттан гөрі капиталдың неғұрлым көп шоғырлануы оның бәсекелесу қабілетін күшейтеді, ал оның қатысушыларына неғұрлым жоғары пайда әкеледі. Қосылу деңгейіне қарай трест толық қосылған кәсіпорындардың бірлестіктеріне және қатысушылары іс жүзінде басты қаржы орталығына - холдингтік компанияғабағына отырып ресми дербестікті сақтайтын бірлестіктерге бөлінеді. Трестке кіретін кәсіпорындарды бақылауды акциялардың бақылау пакетін иелену немесе ерекше сенімгерлік сертификат қамтамасыз етеді. Сонымен қатар трест бір саланың немесе бір-бірімен байланысқан әр түрлі салалардың кәсіпорындарынан біріккен комбинаттар түрінде құрылуы мүмкін. Комбинаттардың басқа бірлестіктерден гөрі артықшылықтары бар.

  1. Түрлі салалардың кәсіпорындары біріккендіктен және материалдық, қаржылық ресурстар мен басқа да ресурстарды түрлендіру мүмкіндіктеріне байланысты комбинаттардың табысы неғұрлым тұрақты болып келеді.
  2. Дайын өнімді шығару жөніндегі технологиялық тізбектер құру және осының нәтижесінде шығынды азайту мүмкіндіктері бірлістіктің пайдасын арттырады.

Кеңестік кезеңде трест өнеркәсіптің қант, металлургия салалары мен басқа да кейбір салаларында, құрылыста таралды. халықаралық тресттер құрылды. Трест өндірістің күрт құлдыруы жағдайында бағаның деңгейін жасанды түрде көтерді, мұның өзі ұсыныс пен төлем қабілеті арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруді қиындатты. Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде трест қызметінің кейбір түрлерін шектеу үшін трестке қарсы заңдар енгізілген. Соның ықпалымен тресттің орнынамонополистік бірлестіктердің неғұрлым дамыған икемді нысандары (негізінен түрлі тұрпаттағы қаржы-өнеркәсіптік топтар: концерндер, конгломераттар) құрылды.

Қазіргі жағдайда трест өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық нысаны ретіндегі мәнін жоғалтты.

Синдикат (латынша syndіcatus - құрама, бірлестік) - тар аядағы белгілі бір мақсатқа жету үшін екі және одан көп меншік иелерінің немесе фирмалардың бірігуі. [1] Монополия нысандарының бірі, құрамына кірген кәсіпорындардың өндірістік және заңды дербестіктерін сақтай отырып, коммерциялық қызметті (баға белгілеу, өнім өткізу, т. б. ) жүзеге асыруды мойнына алатын кәсіпкерлердің бірлестігі.

Кәсіпорындардың бірігуі

Кәсіпорындардың бірігуі шаруашылық бірлестіктер мен одақтар (ассоциациялар) түрінде болады. Бірлестік келесілер үшін құрылады:

- бірлестіктер белгілі бір міндеттерді ортақ шешу үшін немесе нақты мақсаттарға жету үшін құрылады;

- жаңа білім және ноу-хау алу үшін;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Біріккен жарғылық капитал
Кәсіпорын туралы түсінік
Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
Экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Заңды тұлғаның салығы - заңды тұлғалар ғана төлейтін салық түрлері
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі қалпы мен даму ерекшеліктері
Кәсіпкерлік ұйымдарды кайта igvpy мен сауыңтыру
Біріккен кәсіпорын
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz