Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы



1.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
2.Жеке кәсіпкерлік туралы заң
3.Пайдаланылған әдебиеттер
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді.
Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;
2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;
3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;
4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;
1. Закон РК «О частном предпринимательстве» (с изменениями и дополнениями) от 11. 11. 2006г
2. Гражданский кодекс РК. – Алматы,1995 г.
3. Правовые основы предпринимательской деятельности (Учебное пособие в двух частях). Сост.В. Ермаков. - Алматы: «Центр обслуживания предпринимателей», 2001.-148с
4. Коуз Р. Фирма, рынок, право.- М 1993г.
5.И Шумпетер.Теория экономического развития. М.1999

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.жеке
кәсіпкерлік туралы заң

Орындаған: Сайын Н. С.
Топ:ИКТ
СТ-409

Тексерген:Есенбекова З.Ж.

Семей,2015
Жоспар:
1.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
2.Жеке кәсіпкерлік туралы заң
3.Пайдаланылған әдебиеттер

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi
               бағыттары
      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша
жүзеге асырылады:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың
қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын
төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық
режимiн белгiлеу;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн
инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану
жүйесiн жасау;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда,
ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса
алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
      қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие
берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
      өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып
алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар
беру;
      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар
жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін
ұйымдастыру.
      мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
тәртіппен тексеру жүргізеді.
Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы
кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық,
консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн
құрылатын заңды тұлға;
2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан
ерікті үлесі;
3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге
асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген
критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;
4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке
тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан
олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын
бастамашылық қызметi;
5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға
бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне
негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың
тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық
қызметi;
6) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында
кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды
ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау
жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенi;
8) жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға
жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы
ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық,
қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда,
жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз
ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi;
9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын
жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерi өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн білдіру және
қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым;
11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу -
кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке
кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттік
органдардың тануы;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) жылдық орташа табыс - соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың
немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе
оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке
кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;
12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және
пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл
шаруашылығы мақсатындағы емес жер;
13) кәсiпкерлiк жөніндегі уәкiлеттi орган - жеке кәсiпкерлiктi дамыту
саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі -
сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және
өкілді органдар жанынан:
жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің
жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен
және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;
жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік
кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру
туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін
құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
15) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) коммерциялық құпия - жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайтын және
қорғайтын, заңды негiзде еркiн қол жеткiзуге адамдардың шектеулi тобы ие
болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделерiне залал келтiруi
мүмкiн ақпарат;
17) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық
қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және
технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.
3. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-тармақпен толықтырылды
4. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
 
3-бап. Жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу шектерi
1. Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
2. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы
мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына
тыйым салынады.
 
4-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгi мақсаты мен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Пәндер