Микроклимат түсінігі, жіктелуі



1. Микроклимат туралы жалпы түсінік
2. Микроклиматтың жіктелуі
3. Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері
4. Микроклиматты нормалау
Микроклимат (грек. mіkros – кіші және климат) – жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Қолайлы (комфортный)
2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Микроклимат түсінігі, жіктелуі

Орындаған: Құрманғажы Е.М.
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Жұмабеков С.Ж.

Семей-2015

Жоспары:

1. Микроклимат туралы жалпы түсінік
2. Микроклиматтың жіктелуі
3. Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері
4. Микроклиматты нормалау

Микроклимат (грек. mіkros - кіші және климат) - жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Қолайлы (комфортный)
2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын - қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан - адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде - артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су - тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары - неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
oo жылы арнайы киімдерді пайдалану;
oo жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
oo орталықтандырылған
oo немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату - желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
oo жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
oo жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) - ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) - сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) - немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
oo желдің қысымы арқылы;
oo сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
oo желдеткіш қондырғыларды пайдалану;
Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері
Ыстық микроклиматты цехтарда - адамдарға жағдай жасау әдістері.
1. Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;
а) Технологиялық процесті өзгерту
б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру
в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).
г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)
д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.
е) Сусын беруді ұйымдастыру
ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал - жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.
Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.

Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері
Қауіпсіз, жоғары өнімді және сау еңбектің бірден бір қажетті шарты болып өндірістік ғимараттардағы жұмыс зонасының қалыпты микроклиматын қамтамассыз ету табылады.
Жұмыс зонасы - жұмыскерлердің тұрақты немесе уақытша жұмыс орындары орналасқан, деңгейі еденнен 2 метрге биік кеңістік немесе алаң (МемСТ 12.1.005- 88).
Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12.1.005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен қоршаушы беттердің температурасы (жылулық сәулеленулер).
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - абсолютті ылғалдылықтың максималдыға қатынасы.
Адамның тіршілік етуіне жұмыс зонасындағы ауаның барометрлік қысымы да әсер етеді. Бірақ оның айтарлықтай әсері тек кейбір еңбек түрлері кезінде, қысымның тез өзгеруі байқалғанда білінеді.
Микроклиматтың аталмыш параметрлері жекелей немесе кешенді түрде бірінші кезекте адам мен өндірістік ғимараттың қоршаған ортасы арасындағы жылу алмасу шарттарын анықтайды.
Кез келген жағдайларда (өндірістік немесе тұрмыстық) адамның жылу реттегіш жүйесі адам денесінің температурасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға тырысады. Бұл температура екі үдерістің нәтижесі болып табылады: денедегі жылудың ішкі өндірісі және сыртқы жылуалмасу.
Организмнің жылу реттегіші - орындап жатқан жұмыстың сыртқы ауырлық шарттарынан тәуелсіз дене температурасының тұрақтылығын қамтамассыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы.
Адам организмі мен оны қоршаған ортаның арасындағы жылулық баланс болғанда аталмыш микроклимат адаммен жағымды (кофортты) сезім ретінде қабылданады. Жылуалмасудың бұзылуы организмнің қызуы немесе сууына әкеп соқтырады, ол өз кезегінде адамның денсаулық жағдайы мен еңбек өндрісіне кері әсер етеді, организмдегі бірқатар физиологиялық өзгерістердің себепкері болады, кәсіби ауруларға да әкеп соқтырады.
Қоршаған ортаға организмнен жылу берілу әдетте әртүрлі жылуалмасу жолдары арқылы жүзеге асырылады: қоршаған ауаға конвективті жылу берілу; қоршаған беттермен сәулелік жылуалмасу; адам тікелей жанасатын беттер арқылы контактілі жылу берілу (орындық, еден, аспап және т.б.); тері бетінен ылғалдың (терінің) булануы; тыныс алатын ауаның жылынуы. Өндірістік шарттардағы жылуалмасу негізінен конвекция, сәулелену және булану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроклимат түсінігі, жіктелуі туралы
«Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібіндегі зауытының санитарлық нормасы ».
Еңбек гигиенасы
Түтін ұстағыштар. Қолайсыз микроклимат және еңбек өнімділігі. Ғимараттағы қолайсыз микроклимат: ұжымдық қорғаныс немесе ауаны тазарту құралдары. Зиянды заттардың класстары және олардың таңбалануы.
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Ауа баптау
Желдету және ауа баптау жүйелері
Бөлмеде құстардың секциясынан
Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы
Желдеткіш қондырғыларының жіктелуі
Пәндер