Халықтық еңбек бөлінісі



1.Халықаралық еңбек бөлінісі;
2.Халықаралық интеграция ;
3. Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар және халықаралық жұмысшы күші миграциясы;
4. Пайдаланған әдебиеттер.
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Барнский оны – экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады.
Халықаралық еңбек бөлінісі – адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік – экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді. Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты.Ол ежелгі кезде туған, бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге белгілі бір қызмет көрсетуге оларды айырбастауға мамандануынан көрінеді. Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді. Жеке елдердің, өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық еңбек бөлінісінде елдің “келбетін” бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.
1. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы, 30.01.10
2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998 132б
3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002 45-46 б
4.Шакен А.Ш., Ақтымбаева Ә.С. Туризмдегі кәсіпкерлік іс-әрекет негіздері. Алматы: Қазақ университеті, 2010. –90 б.
5.«Кәсіпкерлік - ерекше экономикалық құбылыс» Е.Б.Жатқанбаева, Алматы 1994

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған: Касембаева Райгүл Ғизатқызы ПД-405
Тексерген: Габдуллина Ләззат Бағлановна

Семей 2015

* Жоспар:
1.Халықаралық еңбек бөлінісі;
2.Халықаралық интеграция ;
3. Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар және халықаралық жұмысшы күші миграциясы;
4. Пайдаланған әдебиеттер.

* Халықаралық еңбек бөлінісі.
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н.Барнский оны - экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады.
Халықаралық еңбек бөлінісі - адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік - экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді. Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты.Ол ежелгі кезде туған, бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге белгілі бір қызмет көрсетуге оларды айырбастауға мамандануынан көрінеді. Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді. Жеке елдердің, өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық еңбек бөлінісінде елдің "келбетін" бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.
Мысалы: Жапония электроника жасау жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын электрониканың шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Электроника өнеркәсібі оның халықаралық мамандану саласы. Канада дәнді - дақылдарды жинау жөнінен дүние жүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы оның халықаралық мамандану саласы. Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатының артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасында қашанда үлкен немесе кіші аумақтық алшақтық түзіледі. Дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісі дүние жүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы онжылдықтарда тереңге қарай өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекшеленуіне себепші болады.
Сөйтіп, халықаралық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғарғы сатысы - халықаралық экономикалық интеграция пайда болды. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекет аралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады. Ал,1973-ші жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылғы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып - "Еуропа он екілігі" дүниеге келді. Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына қауымдастықтың бюджет-қаржы істерін бақылау жатады. Министрлер Кеңесі ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесінің шешімі серіктес- мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Кеңес жұмысының аясына қауымдастық қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Кеңес мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады.

* Халықаралық интеграция
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен integer -- толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік - технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара кедергілерді жою бағыттарында айқын көрінеді. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі. Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі. Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА)құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады. Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ(КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді. Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі. Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО - ғы (Еуропа одағы) шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы. Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді. Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ. ЕО, НАФТА - ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады. Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет. Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта
құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

* Халықаралық сауда.
Халықаралық сауда - халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді.
Халықаралық сауда құқығы деп - кәсіпкерлік қызмет саласында шетел элементімен күрделендірілген жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз. Халықаралық сауда құқығын жеке құқық саласы деп айту өте қиын. Өйткені, шетел элементімен күрделендірілген қатынастарды реттейтін материалдық құқықпен басқа жеке құқық нормаларының арасындағы элементті байқау қиын болып келеді. Екі жағдайда да шетел элементімен күрделеген қатынас реттеледі. Халықаралық сауда құқығын халықаралық экономикалық құқықтан айыра білуіміз керек. Яғни, ХЭ Құқық бұл халықарлық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Ал, сауда құқығы азаматтық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттейді.
Коллизиялық әдіс шетел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың ұйымдастыру формасы
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы билік бөлінісі
Монғолияның конституциялық құқығы
Қазақстандағы әлеуметтік топтар мен құрылымдар және таптар
Қоғамның әлеуметтік құрылымдары
Көлік кешені жайында
Әлеуметтік құрылым. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалау
Халықаралық дербес құқығындағы еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі
Огюст Конттың позитивизмі
Станция жұмысының сапалы және аумақты көрсеткішінің есебі
Пәндер