Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар



1. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар.
2. КазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар.
1. Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі кеңестік идеологияға бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, қазақ әдебиет сынының іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Ұзақ толғақпен туған қазақ сыны қазан төңкерісінен кейін қанаты бекіп, бұғанасы қатып, аз жыл ішінде тез марқайды.
Дегенмен, кеңес өкіметінің алғашқы жылдары әдебиеттану ғылымында, соның ішінде әдебиет сыны саласында тұрпайы социологиялық көзқарас мықтап орнығып, мұның өзі қайбір қаламгерге, болмаса жекелеген көркем туындыға объективті баға беруге кедергі жасады. Әдебиет пен мәдениетке тек таптық тұрғыда баға беру қажет деген қатаң қағидаға бой алдырған әдебиет сыншылары бір жақты көзқарас тұрғысында баға беруге ниетті болды. Демек, қайбір сөз зергердің туындысының тақырыбы мен идеясына баға берілмей оның шыққан тегіне қатысты баға беру әдебиеттің өсіп өнуіне кедергі болғанын әдебиеттанушы ғалымдар растап отыр.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің негізгі жанрлары поэзия, проза, драматургия өсіп, дами бастады. Жаңадан қанаттанып келе жатқан әдеби сынның буыны беки түсіп, баспасөз беттерінде әдебиеттің өткені, жаңадан шығып жатқан жеке шығармалар, ақындар мен жазушылар шығармалары туралы сын мақалалар жиірек жарық көріп отырды.
1920-жылдардың әдебиетін қарастырғанда, ондағы кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы көзқарастарындағы тапшылдық көзге анық түсетіндігі, әдебиетте тек пролетарлық ұран ғана үстемдік құрсын деген ой-түйіндер негіз болуында еді. Алайда, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ыдырыс Мұстамбаев секілді және т.б. әдебиетке саясаттың араласуына қарсылық танытқан салиқалы, салмақты ой-пікірлерін білдірген қайраткерлер де болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып дамуында жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың алатын орны ерекше. Себебі, сыншылар сол кезде шығып жатқан жаңа шығармаларға әдеби тұрғыдан баға беріп қана қоймай, оны дамытудың мәселелерін сол кездің жағдайы тұрғысынан талқылап, бағыт сілтеуге талпыныс жасады. Жиырмасыншы жылдардағы әдебиетті қарастырғанда, кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болып отырғандығы анық байқалады.
1.Кәкішев Т «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» 1995 ж
2.Кәкішев Т «Кер заманның кереғар ойлары» Алматы, 1995 ж
3. Дандай Ысқақұлы «Әдеби сын тарихы» Алматы, 2012
4. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Алматы, 1972-1980.
5. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар.

Тексерген: ҚұрмамбаеваҚ.С.
Орындаған:Тоқсанова А.Қ.
Топ: КЯ-409 (с)

Семей, 2015
Жоспар:
1. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар.
2. КазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар.

1. Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі кеңестік идеологияға бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, қазақ әдебиет сынының іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Ұзақ толғақпен туған қазақ сыны қазан төңкерісінен кейін қанаты бекіп, бұғанасы қатып, аз жыл ішінде тез марқайды.
Дегенмен, кеңес өкіметінің алғашқы жылдары әдебиеттану ғылымында, соның ішінде әдебиет сыны саласында тұрпайы социологиялық көзқарас мықтап орнығып, мұның өзі қайбір қаламгерге, болмаса жекелеген көркем туындыға объективті баға беруге кедергі жасады. Әдебиет пен мәдениетке тек таптық тұрғыда баға беру қажет деген қатаң қағидаға бой алдырған әдебиет сыншылары бір жақты көзқарас тұрғысында баға беруге ниетті болды. Демек, қайбір сөз зергердің туындысының тақырыбы мен идеясына баға берілмей оның шыққан тегіне қатысты баға беру әдебиеттің өсіп өнуіне кедергі болғанын әдебиеттанушы ғалымдар растап отыр.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің негізгі жанрлары поэзия, проза, драматургия өсіп, дами бастады. Жаңадан қанаттанып келе жатқан әдеби сынның буыны беки түсіп, баспасөз беттерінде әдебиеттің өткені, жаңадан шығып жатқан жеке шығармалар, ақындар мен жазушылар шығармалары туралы сын мақалалар жиірек жарық көріп отырды.
1920-жылдардың әдебиетін қарастырғанда, ондағы кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы көзқарастарындағы тапшылдық көзге анық түсетіндігі, әдебиетте тек пролетарлық ұран ғана үстемдік құрсын деген ой-түйіндер негіз болуында еді. Алайда, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ыдырыс Мұстамбаев секілді және т.б. әдебиетке саясаттың араласуына қарсылық танытқан салиқалы, салмақты ой-пікірлерін білдірген қайраткерлер де болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып дамуында жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың алатын орны ерекше. Себебі, сыншылар сол кезде шығып жатқан жаңа шығармаларға әдеби тұрғыдан баға беріп қана қоймай, оны дамытудың мәселелерін сол кездің жағдайы тұрғысынан талқылап, бағыт сілтеуге талпыныс жасады. Жиырмасыншы жылдардағы әдебиетті қарастырғанда, кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болып отырғандығы анық байқалады. Әдебиетте тек пролетарлық таным ғана үстем болсын деген пікірді ұстанған сыншы-әдебиетшілер кеңес үкіметіне арқа сүйеді. Ал А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ы.Мұстамбаев, Д.Ысқақов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, Қ.Кемеңгеров және т.б. қаламгерлер әдебиет саласына саясаттың араласуына түпкілікті қарсы болып, өз мақалаларында әдебиет жайлы салмақты ой-пікірлер айта білді. Осыған қарамастан, бұл кезеңдегі әдеби айтыстарда әдебиеттің таптығы туралы пікірталас толастамады. Осының салдарынан қазақ поэзиясы мен прозасының дамуына ерекше үлес қосып отырған айтулы қаламгерлеріміздің көркем туындылары бір жақты сарапталып, оның қоғамдық-әлеуметтік мәніне назар аударылмады. Ж.Аймауытовтың Мағжанның ақындығы, М.Әуезовтің Қазақтың бас ақыны т.б. сынды ғылыми мәні бар мақалалары сол тұстағы шынайы зерттеу-сараптау жұмыстарынан туындаған ілкімді еңбектер болды. Бір ғажабы сол тұстағы қазақ қаламгерлері қазақ әдебиетін тақырыптық, жанрлық тұрғыда байыта отырып, замандастары мен үзеңгілес серіктерінің әдебиет майданындағы қол жеткізген жетістіктерін марапаттауды назарда ұстады.
Өткен ғасырдың орта тұсына таман ұлттық әдебиетіміздің тағдыры шешіліп, кеңестік идеологияға жат элементтердің келешегі мүлдем анықталған кез болатын. Қазақ әдебиеті тек ХҮІІІ ғасырдан бастау алып, ал оған дейінгі әдеби мұраларымыз ескіліктің құрсауында туындаған, тек сол кездің ғана мақсат-мүддесіне жауап беретін ескішіл пиғылдағы туындылар ретінде танылды. Алайда ұлттық рухы мығым әдебиеттанушы ғалымдар саясаттың қыспағынан қаймықпастан әдебиетіміздің қалыптасқан кезеңін кеңейту мақсатында терең, әрі жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуден бір сәт те толастатпады.
Қазақ әдеби сынының өзекті мәселелері, әдіснамалық қырлары, даму бағыт-бағдары жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған жаңа зерттеулерде әр қырынан қарастырылды. Т.Кәкішевтің Қазақ әдебиеті сынының тарихы, С.Қирабаевтың Шындық және шығарма , Әдебиеттің ақтаңдақ беттері, М.Базарбаевтың Замана тудырған әдебиет, Р.Бердібайдың Мұхтар шыңы, Д.Ысқақұлының Сынталқы, Ж.Смағұловтың Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, С.Жұмағұловтың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы атты ғылыми еңбектерде жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдеби сынының жай-күйі азды-көпті сөз болады.
Қазақ әдебиет сынының алғашқы мәнді толқыны 1921-1925 жылдар аралығында өтті. Қазақ кеңес әдебиетінің туын алғаш С.Сейфуллин көтеріп шықты. Осы кезеңде С.Сейфуллиннің Асау тұлпар, Қызыл сұңқарлар, Бақыт жолында атты үш кітабы жарияланған болатын. Заманның аңдысын аңдып, оған тез бейімделген Сәкендер төңкеріс әкелген өзгерістерді шындығында да халықты бақытқа жеткізер дұрыс жол деп түсінді. Сөйтті де, бірден революцияны жырлауға кірісіп кетті. Сәкен осы кездерде өнімді еңбек етіп, кітап үстіне кітап шығарды. Оның әлеуметтік және мемлекеттік ісі мен беделі, 1922 жылы табаны күректей үш кітапты бірден шығаруы әрқилы ой-пікірге қозғау болады. Бұл кітаптар жайында жазылған 20 шақты мақала, қағытпа, құптаулардың бәріне белгілі идеялық, көркемдік нысана негіз болады,- деп жазды бұл жайында сәкентанушы Т.Кәкішев.
Сәкен Сейфуллинді совет әдебиетінің негізін қалаушы деген түсінік қалыптасқанын осыдан ақ аңғаруға болады. Өзіне дейінгі еркін ойдың жетегінде жүрген қазақ қаламгерлерінің қандай күйге душар болғандығын көзімен көрген Сәкен сияқты әдебиет алыптарының қандай күй кешкенін бүгінгі ХХІ ғасыр көгінде тұрып түсіну, әрине қиынға соғары хақ. Осыған қарамастан Көкшетау, Аққудың айырылуы сынды ұлттық идеяны насихаттайтын көркем туындыны өмірге әкелген Сәкен сынды ақынның ісін ерлікке баламасқа шара жоқ.
Революция дауылпазына айналған Сәкеннің Қызыл сұңқарлар пьесасы сын садағына көбірек ілінді. Қоңыр деген бүркеншік атпен пьесаға пікір жазған М.Әуезов драманың сюжеттік құрылымын, тіл кестесін сынай келіп: Қазақ пьесасы болып саналуы мүмкін емес. Жоғарыда айтқан әлгі геройлары түгелімен бір-ақ кісі болудың үстіне оларда қазақтан белгі де жоқ. Бұл кітаптың болашағына келгенде айтатыным сол, қазақ әдебиетінің жұрнағы болып, оның ішінен орын алуы неғайбыл - деген қатқыл пікір білдірсе, төңкерілісшілер, ресми идеология жағындағылар пьесаны өмірге жаңалық әкелген жыл құсына теңеді: Қызыл сұңқарлардың әдебиет майданында жаңа жол көрсетіп шығуы Қазан төңкерісімен байлаулы нәрсе, оны ұмытпасқа керек. Қоңыр мырза бұл пьесаны қазақ әдебиеті тарихының бетінен орын алуына шектенсе де, біз шектенбейміз. Қазақ әдебиетінің бет алысын жаңа ағымға бұрып, жол салған - Қызыл сұңқарлар. Сондықтан, ол - жыл құсы - деп, аспанға көтерді.
Бір жылда үш бірдей кітабының шығуы, үшеуінің де революция тақырыбына арналуы С.Сейфуллинді сол кездегі әдеби сынның басты қаһарманына айналдырды. Сәкенді төңкерісшілер жағы жаңа кеңестік әдебиеттің басы деп, ресми басылымдарда насихаттап, марапатты күшейтіп жатса, ұлтшылдар жағы сынды барынша күшейте түсті. Осындай мақаланың бірі Н.Төреқұловтың Мәскеуде шығып тұрған Темірқазық журналында жарияланған Сәкеннің Асау тұлпар атты өлеңдер жинағына жазған пікірі болды.
Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде бір жағынан өзі сын жазып, екінші жағынан көркем шығармалары жұртшылық назарын өзіне аударып, сыни пікірлердің негізгі бір нысанына айнала бастаған дарын иесі - М. Әуезов. Оның қаламынан шыққан публицистикалық, сыни мақалалар сол кездегі ұлттық бағытты ұстанған басылымдар бетінде жиі жарияланып тұрды. Оның Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі атты мақаласы сол кездегі күллі қазақ әдебиетінің өткені мен бүгінін дұрыс салалап берген кезеңдік мақала болғанын айта кеткеннің артықтығы жоқ.
М.Әуезов шығармалары хақында Еңлік-Кебек сахнаға қойылған 1917 жылдан бастап пікірлер айтыла бастады. Солардың ішінде Қорғансыздың күніне (Қазақ тілі, 1922, №20) Ж-ның (Ж. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
ХХ ғасырдың ұлы жырауы
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
Әдебиет жанрлары
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Қазақ елінің даму тарихы
Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы
Пәндер