Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ.

«Ветеринариялық санитария » кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Жылқылар мен түйелердің гигиенасы. Қойлар мен ешкілердің гигиенасы.

Орындаған: Раймишова Г. Б

Топ: ВС-303

Тексерген: Садуакасов М. С

Семей 2015

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жылқылар мен түйелердің гигиенасы.

2. Қойлар мен ешкілердің гигиенасы.

ІІІ. Қорытынды

Жылқылар мен түйелердің гигиенасы.

Жылқы шаруашылығынын негізгі түрлері. Жұмыс бағытына арналған жылқылар - шаруашылық ішіндегі жүк тасымалдау бір жерден бір жерге қатынасу, малдарды айдау, жайып-бағу, шағын жерлерді жыртып өндеу т. б үшін пайдаланады. Өнімдік бағыттағы жылқылар - ет, қымыз өндірістерде табында ұстау кезінде жыл бойына арзан құнарлы өнімдермен әсіресе жоғары сортты жылқы калбаса - шұжықтармен ұлттық дәмді қымыз, қарта, жал, жая тағамдарымен, емдеу мекемелеріне арналған емдік биологиялык активті препараттар жасап шығару т. б. алуға. Спорт бағытындағы жылқылар - әртүрлі мәденй спорттығқ ойындарға туристік саяхаттарға арнайы жарыстарға арналған. Жаңа тұқымды жылқыларды өсіріп және ескіні жанарту бағытындағы селекциялық жұмыстарды жүргізу.

Жылқы қораларына жылқыларды орналастырудың негізгі және қосымша түрлері: Жылқы қораларын жобалап және салу ол аймақтың ауа райының жылдар бойғы көрсеткіштеріне, шаруашлықтың бағытына, ұстау жүйелеріне және малдардфі жасы, жыныстық құрамдарына негізделіп жүргізіледі. Жылқы қоралары малдарды орналастыруға және технологиялық процесстерді жүргізуге қолайлы болуы керек. Жылқы қораларында қосымша жылытулар қаралмай, малдарды ңөздерінің бөліп шығаратын жылуымен ғана қалыпты термпературалық режим ұстап тұратындығын ескеру қажет. Сондықтан қораның сиымдылығын зоогишеналық нормативтерге негіздеп, оған орналасатын мал басын қалыптап және қора бөлшектеріне пайдаланатын құрылыс материалдарының ең төменгі жылу өткізгіштік коэффициенттері болуын қадағалау керек. Гигеналық сапасы жа, ынан, жылқы қораларында сабаенды кірпішті қабырғалар, силикат кірпіштермен салынғанымен салыстырғанда, жылулық қасиеттері және құрғақтығы жағынан кем түспейді, тіпті ауа өткізгіштігі бойынша артық болады. Жылқы қораларының төбесінен су өтпейтін және жылу ұстағыш болуы керек. Қоралардаға жылудың тез тарап, температурасы төмендеп кетпеуі үшін, оларды желдің басыңқы өтіне бір басын немесе бұрышын қаратып, өте суық аймақтарда солтүстіктен оңтүстікке, ал жылы жақта шығыстан батысқа қарай орналастырылады. Жылқы қораларының ең басты бөлшектерінің бірі еден болып саналады. Ол құрғақ, берік және төменгі жылу тартқыш қасиеті бар, су өткізбейтін және тегіс, тайғақ болмауы керек. Жылқылардың физиологиялық ерекшеліктеріне көбнесе сәйкес келетін еден нығарланған, саздан жасалатындар болп саналады. Бірақ ондай едендер тез суланып кететіндіктен жиі төсеніштерді ауыстырып, нәжістерді дер кезінде қырып, тазалап отыру үшін көп уақыт пен еңбекті керек етеді. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда жылөы қораларының едендерін ағаштан жасалғаны дұрыс болады. Бірақ ағаш едендер де сыртқы факторлардың әсерлеріне шыдамай, тез істен шығады және дымқылданған кезде тайғақ болып жылқының иертігуіне әкеледі. Қазіргі кезде жылқы қораларын берік, тиімді және жылы керамзитті бетоннан жасалған едендер кең орын алады. Жылқы қораларындағы жылудың тарап кетпеуі үшін оларға тамбурлы (екі есік) қақпалар қарастырылады. Қораның көлденең орта тұсында аттарды шығарып жегетін бөлме қалдырып, оның екінші басына жалғастырып қосымша бөлмелер салынған. Зоогигиенаалық норматив бойынша денниктердің размері айғырлар үшін-16м кв. құлынды билерге-14, үйретілген құнандарға-12м кв. бөлінген. Деннениктерді бөлетін қабырғаларды үстіртіктелген тақтайлардан не керамзит бетонды плиткалардан 1, 4м биіктікке деиін тұтас, ал 2-2, 4м метал сырықтардан аралығын 5-6см жасайды.

Жылқылардың негізгі технологиялық топтары және оларды ұстайтын қораларға қойылатын талаптар. Жылқы фермаларының негізгі құрамдары. Жылқы фермалары, құрғақ, жер астының сулары жоғары емес жерлерге орналастырылады. Ферманың территориясы рельефі бойынша табиғый жауын, қар сулары ағатындай, жан-жағына еңіс болуы керек. Батпақты жерлер, әртүрлі ағынсыз сулардың жағасына таяу орналастырылмайды. Ондай жерлерге салынған жылқы қораларының. іші сыз болып, эртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады. Жылқы фермаларын мал өнімін өңдейтін, өндіретін өндірістерден (тері зауыдтары, ет комбинатгары т. б. ) 3 км жақын, малдар өлекселерінің қоймаларынан, ірі жол қатынастарынан 2 км таяу орналаспауы керек. Жылқы фермаларына орын тандағанда ол жерлердегі ветеринариялық-санитарлық жэне зоогигиеналық талаптардың дұрыс сақталып, ондағы эпизоотологиялық жағдайдың амандығы ескеріледі. Жылқы қорларына және оның ішкі орналасуынақойылатын зоогигиеналық талаптарЖылқы қораларын жобалап және салу ол аймақгың ауа райының жылдар бойғы көрсеткіштеріне, шаруашылықтың бағытына, ұстау жүйелеріне жэне малдардың жасы, жыныстық құрамдарына негізделіп жүргізіледі. Жылкы қоралары малдарды орналастыруға жэне технологиялық процесстерді жүргізуге қолайлы болуы керек. Жылқы қораларында қосымша жылыту көздері қаралмай, малдардың өздерінің бөліп шьиаратын жылуымен ғана қалыпты температуралық режим ұстап тұратындығын ескеру қажет. Сондықтан қораның сиымдылығын зоогигиеналық нормативтерге негіздеп, оған орналасатын мал басын қалыптап және қора бөлшектеріне пайдаланатын құрылыс материалдарының ең төменгі жылу өткһгіштік коэффициентері болуын қадагалау керек. Гигиеналық сапасы жағынан, жылқы қораларына саманды кірпішті қабыргалар, силикат кірпіштерінен салынғанмен салыстырганда, жылулық қасиетгері және құрғақтығы жагынан кем түспейді, тіпті ауа өткіэгіштігі бойынша артық болады. Жылқы қораларының төбесінен су өтпейтін және жылу ұстагыш болуы керек. Қоралардағы жылудың тез тарап, температурасы төмендеп кетпеу үшін, оларды желдің басыңқы өтіне бір басьш (немесе бұрышын) қаратып, өте суық аймақтарда солтүстіктен оңтүстікке, ал жылы жақта шьныстан батысқа қарай орналастырады. Жылқы қораларының ең басты бөлшектерінің бірі еден болып саналады. Ол құрғақ, берік жэне төменгі жылу таратқыш қасиеті бар, су өткізбейтін және тегіс, тайғақ болмауы керек. Жылқылардың физиологиялық ерекшеліктеріне көбінесе сәйкес келетін еден-нығарланған саздан жасалатындар болып саналады. Бірак ондай едендер тез суланып кететіндіктен жиі төсеніштерді (саломаны) ауыстырып, нәжістерді дер кезінде қырып, тазалап отыру үшін көп уақытпен еңбекті керек етеді. Гигиеналық тұргыдан қарағанда жылқы қораларының едендерінің ағаштан жасалғаны дұрыс болады. Бірақ ағаш едендері де сыртқы факторлардың әсеріне шыдамай, тез істен шығады жэне дымқылданған кезде тайғақ болып, жылқының мертігу қаупін туғызады. Кәзіргі кездерде жылқы қораларына берік, тиімді жэне жылы керамзитті бетоннан жасалған едендер кең орын алады. Жылқы кораларындагы жылудың тарап кетпеуі үшін, оларға тамбурлы (екі есікті) қақпалар қаралады.

Қойлар мен ешкілердің гигиенасы.

Ұсақ малдардың фермалары - қой және ешкі малдарын бағып өсіруге арналған өндірістік және шаруашылық құрлыстарының жинағы. Қой шаруашылығының өнімі оның бағытына тікелей байланысты: биязы, жартылай биязы, кылшық, жартылай қылшық жүнді және каракул. Осыған қарап қой шаруашылығы асыл тұқымды және өндірістік, яғни әртүрлі өнімдер алуға (жүн, ет, тері, елтірі, сүт) бағытталған. Фермадағы малдарды жігіне, жасына байланысты жэне ауа райы мен жер орайын ескере отырып көлемі әртүрлі отарларға бөледі. Көбінесе аналық, тоқты (енесінен айырған қозылар) шошқарлар және ет малдары отарларына бөлінеді. Олар жер орайына, ауа райына қарап мынандай жүйелерде күтіліп-бағылады: 1. Тұрғызып қолда ұстап күтіп-бағу жүйесі - көбінесе қары қалың, жайылымы жоқ аймақтарда малдар қысы-жазы қолда тұрып, дайындаған азықтармен күтіліп бағылады. 2. Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту - жылдың жартысынан артық мерзімін қолда дайындалған азықпен ұстап күтеді. Көбінесе қардың қалыңдығы 0, 4 - 0, 5 м. және қыста мұз қататын аймақтарда кездеседі. 3. Бағып жартылай тұрғызып қолда ұстап күту, жылдың 7-8 айы малды бағып, аз ғана уақыт қорада қолда тұрғызып күтеді. Мұндай жүйе таулы, жайылымы мол, қары жүқа, жел қаққыш жерлерде қолданылады. 4. Жайып ұстау жүйесі табиғи жайылымы мол қары жоқ, ауа райы жұмсақ аймақтарда кездеседі. Осы жүйелердің ерекшеліктерімен байланыстыра оты­рып қой-ешкілерге арнап қоралар мен баздар салынады. Оларды "Технологиялық жобалау норма" мен "Құрылыс нормасы және ережелеріне" (СНиП) сәйкестіріп салады. Қой шаруашылығының объектілерін жобалау кезінде олардағы технологиялық процесстерге бөгет болмайтын санитарлық малдәрігерлік және өрттен сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтіндей етіп бірі мен бірін біріктіруге рұқсат етіледі. Ондай қоралардың размерлері ферма бағыты, ұстау тәсіліне байланысты төмендегі кестеде келтірілген. Қой қораларын көбінесе төртбұрышты Г - немесе П - әріптеріне ұқсас қылып салады. Қой қораларды өндірістік зонада қысқа басының (торец) бір бұрышын өтпелі желдің бағытына қаратып орналастырады. Олардың бір жақ басына азық және құрал-жабдықтарын қоятын бөлме қалдырады. Қора екі отар қойға арналған болса, оның екі басына да ондай бөлмелер қаралады. Қыста қоздайтын аналық қойларға жобаланған қоралардың бір басынан тұтас, төбеге жететін қабырғамен бөліп, қой қоздайтын және қозы алатын бөлме (төлүйшік) қаралып, қой қоздайтын бөлігінде биіктігі 50-60 см, ауданы 2, 0 - 2, 5 м. кв. шарбақтан аналық пен қозылар үшін секциялар, ал басқа бөлігінде қозылы қойды жекелеп ұстауға арналған клеткалар жасалады. Қой қоздайтын секцияны жылытатын, ал басқа бөлмелер жылытуға жоспарланбайды. Егер қой қора әртүрлі жасты - жынысты қойларға арналған болса оның іші сол мал тобының санына қарай секцияларға бөлініп, ортасына төл үйшікпен ұрықтандыру пунктін орналастырады. Ал қошқар қоралардың планы үш бөліктен түрады. Бірінші бөлігінде негізгі қошқарлар тұратын жекелеме немесе топтық клеткалар орналастырылып және олардан ұрық алып, оның сапасын тексеретін манеж қаралса, екінші және үшінші бөлімдеріне байқау-қошқарлары мен ремонт (өсім) жас малдарга арналған секциялар қойылады. Сыртқы орташа температурасы минус 20 градустан төмен болмайтын аймақтарда және ет-май бағытындағы, каракулді қойларға қораларды екі немесе үш жағынан жабылған күрке типтес, жергілікті арзан материалдардан, талдан тоқылған "катондар" салынады. Олардың бір басқа шаққандағы орташа ауданының мөлшері 0, 5 м. кв., ал бір жасқа дейінгі тоқтыларға 0, 3-0, 4 м. кв. келеді. Қой қоралардың ық жағынан малдарға азық, су беріп, күн ашық күндері серуендету үшін қоранікіне қарағанда екі есе үлкен ауданы бар ашық алаңдар қаралады. Қой қоралардың еден бетінен (0, 00) төбенің салбыраңқы жеріне дейін биіктігі 1, 8 - 2, 4 м болуы керек, кейбір қоралардың төбесі шатырсыз көлбеу жабылған кезде сыртқы қабырғаларының биіктігін төмендетуге рұқсат етіледі. бірақ қабырғаның биіктігі 1, 2 метрден темен болмауы керек. Қой қоралардың бөлшектері басқа малдардың қораларымен салыстырғанда арзан, жергілікті материалдардан болуы қаралады. Ішкі бөлшектердің беттері (жүн шығыны болмау үшін) ілгіш, кедір-бұдыр болмағаны (1, 0-1, 2м. ) ескеріледі.

Қой қораларының орналастырылуы. Қой шаруашылығының өнімі оның бағытына тікелей байланысты: биязы, жартылай биязы, кылшық, жартылай қылшық жүнді және каракул. Осыған қарап қой шаруашылығы асыл тұқымды және өндірістік, яғни әртүрлі өнімдер алуға (жүн, ет, тері, елтірі, сүт) бағытталған. Фермадағы малдарды жігіне, жасына байланысты жэне ауа райы мен жер орайын ескере отырып көлемі әртүрлі отарларға бөледі. Көбінесе аналық, тоқты (енесінен айырған қозылар) шошқарлар және ет малдары отарларына бөлінеді. Олар жер орайына, ауа райына қарап мынандай жүйелерде күтіліп-бағылады: 1. Тұрғызып қолда ұстап күтіп-бағу жүйесі - көбінесе қары қалың, жайылымы жоқ аймақтарда малдар қысы-жазы қолда тұрып, дайындаған азықтармен күтіліп бағылады. 2. Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту - жылдың жартысынан артық мерзімін қолда дайындалған азықпен ұстап күтеді. Көбінесе қардың қалыңдығы 0, 4 - 0, 5 м. және қыста мұз қататын аймақтарда кездеседі. 3. Бағып жартылай тұрғызып қолда ұстап күту, жылдың 7-8 айы малды бағып, аз ғана уақыт қорада қолда тұрғызып күтеді. Мұндай жүйе таулы, жайылымы мол, қары жүқа, жел қаққыш жерлерде қолданылады. 4. Жайып ұстау жүйесі табиғи жайылымы мол қары жоқ, ауа райы жұмсақ аймақтарда кездеседі. Қой қораларын көбінесе төртбұрышты Г - немесе П - әріптеріне ұқсас қылып салады. Қой қораларды өндірістік зонада қысқа басының (торец) бір бұрышын өтпелі желдің бағытына қаратып орналастырады. Олардың бір жақ басына азық және құрал-жабдықтарын қоятын бөлме қалдырады. Қора екі отар қойға арналған болса, оның екі басына да ондай бөлмелер қаралады.

Қой малын ұстау әдістері мен жүйесі. Қойларды 4 түрлі жүйелерде ұстайды: Тұрғызып - жайып, жайып - тұрғызып, жайып және жыл бойына тұрғызып қолда ұстайды. 1. Тұрғызып жайып ұстау - мұндай жүйелерді қойларды жылдың ұзақ уақытын қолда тұрғызып, ал шамалы мезгілін жайып күтіп бағады. Қолда тұрғызып көбінесе қойларды қыс айларында, азықтандырып, серуендететін алаңы қаралған қораларда ұстайды. Ашық алаңдардың ішінде азық науаларын орнатып, су ішетін астаулармен тұз салатын орындар белгіленеді. Ауа райының қолайлы кездерінде базаға шығарып азықтандырып, түнгі жатар кезде қораға қамайды. Ал күннің жылынған мезгілдерінде жайып-бағады. 2. Жайып-тұрғызып ұстау тәсілін - табиғи жайылымдары бар аймақтарда қолданады. Біздің еліміздің көптеген жерлерінде мал жаятын, әсіресе ұсақ малдар жайылатын жайылымдар жеткілікті кездеседі де оларды қыс кездерінде қар көп баспайды. Мұндай аймақтарда ауа райының қолайсыз кездерінде пайдалану үшін жеңіл, үш қабырғалы, төбесі жабылған қоралар немесе буылған қамыс, талдардан жасалған, төбесі қазақ үйше тоқылған-катондар тұрғызылады. Үш қабырғалы қораларда да, сол сияқты катондарда да қалың, құрғақ төсеніштермен қамтамасыз етілуі керек. Қысқы айларда нашар, әлсіз, ауру малдарды көректендіру үшін азық қорын дайындайды. Қысқы немесе ерте көктемгі мал төлдету кезінде саулықтарды қозылары мен алғашқы айда ұстау үшін, табындағы малдың 30-35 % шамалап жылыланған қора соғылады. 3. Жайып ұстау тәсілі - жайылым жерлерге бай аймақтарда қолданып, малды жыл бойына жайып тек қыстың суығында, ерте көктемде қоздаған малдарға қатаң және құрама азықтар дайындайды. Мұндай жыл бойы қойларды жаю мен күтіп-бағуға оңтүстік жылы аймақтар қолайлы болады. 4. Тұрғызып қолда ұстау тәсілі - егін шаруашылығымен шұғылданып, мал жаятын жерлері жоқ аймақтарда қолданылады. Мұндай жағдайда қойларды қораларда ұстап, ал оларға азықты жасанды, екпелі шөптерден дайындайды. Жайылымға малдары тек серуендеу үшін ғана бостады. Жазда оларды қоршалған алаңдарда азықтандырып, ал қыста қораларда көректендіреді. Қораларды қыстың жайсыз, суық мезгілдерінде және төл алатын кездерде пайдаланады. Қойларды жылы, ылғалды және тығыз қораларда ұстауға болмайды, өйткені ондай жағдайда малдар әлсізденіп, жүнінің өсуі бөгеліп, тұяқ аурулары пайда болып, резистентілігі төмендеп ауруға жиі шалдыққыш келеді. Бағыты бойынша қой шаруашылықтары екіге бөлінеді: бірінші - тұқымдық, яғни малдардың бұрынғы тұқымын жақсартумен қоса жас тұқымды тоқтыларды өсіріп, жаңа тұқымды малдарды еңгізу, екінші - өнім алуға (жүн, ет, елтірі т. б. ) негізделген. Алынатын негізгі өнімдеріне байланысты қойларды биязы, жартылай биязы, қылшық жүнді ет-жүн-сүт бағытындағы, каракул (елтірі) және тондық (сең-сең) терілер алуға арналғандар болып бөлінеді.

Қой өнеркәсібіне сипаттама. Қой (лат. Ovis aries) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан. Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 - 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 - 100 сантиметр. 12 - 15 жыл тіршілік етеді. 5 - 7 айлығында жетіледі, 15 - 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 - 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады. Отар - бірге бағып- күтуге арналған қой тобы. Бір отардағы қой саны жасына, жынысына, басқа да ерекшіліктеріне байланысты алты жүз бен мыңның арасында болады. Үлкен фермаларда, шаруашылықтарда қойларды саулық, тұсақ, тоқты, ісек, қошқарлар отарына бөледі. Биязы жүнді және асыл тұқымды қозыларды үш жарым төр айларында, қылшық жүнді үш төрт айлығында бөліп, отар құрады. Еркек және ұрғашы тоқтылардан бөлек отар жасалынады. Жас төлдерден құралған отарларды бөлек жақсы жайылымдарға жаяды, жеммен үстеп қорректендіреді. Отарлар бір- бірімен араластырылмайды, үш төрт адамнан құралған малшылар (шопандар) бағып күтеді. Қозылар 1, 5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 - 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар - саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар - қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін - ту қой деп атайды. Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 - 140 килограмм; 50 - 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 - 15; 4 - 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 - 10; 3 - 6 килограмм (биязылау жүнділерінен) ; 4 - 6; 2 - 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады. Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары - қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы туралы ақпарат
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы жайлы
Мал гигиенасы
Азықтың химиялық құрамын зерттеу
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz