Ғылыми іс - әрекет (ғылыми процесс ретінде)



Кіріспе
1. Ғылым . таным процесінің ерекше формасы
2. Ғылыми шығармашылық
3. Ғылыми іс . әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.
1.Бабаев Б. Жалпы педагогика. – Алматы, 2006.
2. Педагогика және психология сөздігі. – Алматы, 1995
3. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
4. Герасимов И.Г.Структура научного исследования. – М.,1985.
5. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред.С.А.Смирнова. 3-еизд. – М.: «Академия», 1999.
6. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ғылыми іс - әрекет (ғылыми процесс ретінде)

Орындаған : Аяғанова Ә.Б.
Топ: ТП-211
Тексерген : Нургазезова А.Н.

Семей 2015
Мазмұны:

Кіріспе
1. Ғылым - таным процесінің ерекше формасы
2. Ғылыми шығармашылық
3. Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ғылым - адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым - жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми - зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.

1. Ғылым - таным процесінің ерекше формасы.

Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық - гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ғылымды логикалық - гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи - ғылыми зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер. Бесіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу зерттеулері.
Сонымен, ғылым - күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан зерттейді.
Қорыта айтқанда, ғылым қоғамдық өмірге, әсіресе техникалық - экономикалық дамуға, әлеуметтік басқаруға, білім жүйесін және адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыруға белсене қатысатын әлеуметтік институттардың біріне айналды.

2. Ғылыми шығармашылық

Шығармашылық сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес оқушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе құрастыру (оқушының жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни оқушының танымдық іс - әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау.
Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың деңгейі анықтайды: төмен, орташа, жоғары.
Шығармашылық іс - әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажетіні ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес.
Кез - келген шығармашылық іс - әрекеттің негізінде болжам, мүмкін нәтижені алдын - ала көру жатыр.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамыту үшін негізгі іс - әрекеттерінің (оқу - танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек, эстетикалық және спорттық) тиімді арақатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік сұраныстарына, мектеп бітірушілердің жан - жақты даярлығының деңгейіне қойылатын жоғарғы талаптармен айқындалады.
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Келесі саналы іс - әрекеттің бір түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Шығармашылықтың көлемі әр оқушыда әр түрлі, сондықтан шығармашылық дәрежесін тұрақтандыру мұғалімнің алдында тұрған міндет. Себебі, ол оқушының бастапқы деңгейін, түсініктерін, соңғы нәтижелерімен салыстырады, ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік туғызады.

3. Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.

Ғылыми жұмыстың мақсаты - іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында бұл кімге қажет ? деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте - бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Педагогиканың негiзгi мiндеттерi
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогика пәні
Тұтас педагогика ұғымы
Тұтас педагогикалық процесс
Дүниетаным-қалыптасушы тұлғаның өзегі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны
Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдар мен байланысы
Іс -әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз
Пәндер