Былғары мен үлбірдің құрамы мен қасиеттері
1. Былғары анықтама
2. Былғары өңдеудің химиялық.технологиялық үдерістері
3. Былғары өндіруге жұмсалатын судың көлемі
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Былғары— мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 — 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады. Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 — 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 — 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңд. 0,5 — 1,2 мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан мен кесірткенің терілері де пайдаланылады. Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
2. 2.Ө.Қ.Мадиев, Қ.Т.Айтөленова «Былғары және мех химиясы мен технологиясы», Алматы:Білім, 1996,104 бет.
3. А.Рахметбай, Д.Ділдәбек,К.Рахметбайұлы «Былғары және үлбір технологиясы» Оку құралы. Тараз,2003,
4. Д.С.Ділдәбек «Тері шикізатын алгашқы өңдеу технологиясы». Тараз,2000,76 бет.

ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеҒы лымМинистрлігі
Семей Қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырып: Былғары мен үлбірдің құрамы мен қасиеттері
Орындаған: Қабдоллаев Е.C
TK-321
Тексерген: Бауыржанова А.З
Семей 2015
Жоспар
1. Былғары анықтама
2. Былғары өңдеудің химиялық-технологиялық үдерістері
3. Былғары өндіруге жұмсалатын судың көлемі
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Былғары -- мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан -- шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 -- 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады. Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 -- 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 -- 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңд. 0,5 -- 1,2 мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан мен кесірткенің терілері де пайдаланылады. Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады
Былғары өңдеудің химиялық-технологиялық үдерістері ұдайы жаңартылып тұрады, осыған байланысты түзілетін ақаба сулардың улылығы өзгереді және ондағы еріген және қалқымалы заттардың мөлшерлері де тұрақты болмайды. Осындай жағдайда ақаба суларын тазалаудың стандартты әдістері қажетті тиімділікке қол жеткізбейді. Тері зауыттарының ақаба суларын тазалау үшін тазалаудың физикалық-химиялық әдістерін, әлдеқайда әмбебап және экономикалық тұрғыда тиімді болып келетін биологиялық әдістермен ұштастыра қолдану қажет.Ақаба суларды органикалық және бейорганикалық улы қоспалардан арылтатын ғылыми негізделген сенімді тазалау әдістерінің болмауы, көптеген зауыттарда үлкен қаражат жұмсап жаңа жобамен салынған тазалау құрылымдарының тиімділігінің төмен болуына әкеп соғады. Осындай тазалау құрылымдарының тиімділігінің төмен болуы ең алдымен ақаба сулардың ағындысын алдын-ала тазартатын құрылымдардың қанағаттанарлықсыз жұмыс істеуімен түсіндіріледі. Тазалау құрылымдарын жобалау кезінде, көбінесе кәсіпорынның келешектегі өнімділігінің артуы есепке алынбайды, бүгінгі күннің көрсеткіштері арқылы жобаланған тазалау құрылымдары уақыт өте келе өндірістің қуатының артуына байланысты, түзілген қосымша ақаба суларды жеткілікті дәрежеде тазартуға мүмкіндігі болмай қалады. Тіпті құрылыс аяқталып тазалау құрылымын іске қосқан уақытта ол жобалық мөлшердегіден артық су мөлшерін тазалауға тиіс болады. Ақаба сулардың мөлшері және сапалық құрамы өндірісте пайдаланылатын судың мөлшеріне және сапасына, қолданылатын шикізатқа және химиялық заттарға, сонымен қатар технологиялық үдерістерге тікелей тәуелді.
Былғары өндіруге жұмсалатын судың көлемі тері шикізатының түріне және дайын былғары түріне байланысты айтарлықтай шектерде ауытқиды. Технологиялық қажеттілікке байланысты шығарылатын өнімнің бірлігіне жұмсалатын судың нақты мөлшері кестеде (кесте 1) келтірілген . Былғары өнімдерін өндіруге байланысты стандартпен бекітілген су пайдаланудың нормалары кестеде (кесте 2) келтірілген.Тері өндірісінде пайдаланылатын судың сапасына қойылатын талаптар су қолданылатын үдерістерге байланысты болады. ЦНИИКПа - ның мәліметтері бойынша [2] белгілі бір технологиялық үдерістер үшін қолданылатын судың сапалық көрсеткіштері төмендегідей болуы қажет.Судың жалпы кермектілігі, мольл: - теріні ылғалдап- жіпсіту, күлсіздендіру, жұмсарту, күлдеу және күлсіздендіруден кейін шаю, хромды және танидті-синтандық илеуден кейін 7-ден үлкен емес; - күлдеу және пикельдеуге арналған судың кермектілігі нормаланбайды; - бояу, майсыздандыру, бейтараптандырудан кейінгі жуып-шаюды өткізгеннен кейін 3,6- нан кіші; - танидті-ситандық илеу үдерістеріне арналған темір тұздарының мөлшері, барабанда бояу алдындағы жуып-шаю, бояу және майлау 0,3 мгл артық емес; - шіріген, көгерген, күкіртті сутегінің иістері 3 баллдан төмен; - қалқымалы заттардың мөлшері 500 мгл артық емес.Бұл нормативтерден басқа СН 122-73 былғарыны бояуға қолданылатын судың сапасын төмендегі көрсеткіштер арқылы айқындайды: түсі 25 гадустан артық емес, шрифт бойынша мөлдірлігі 25 см кем емес, жалпы кермектілігі 3,6 мольл-ден жоғары емес, және темір оксидтерінің мөлшері 0,3 мгл жоғары емес. Қолданылатын басқа үдерістердің барлығында судың жалпы кермектілігі 6 мольл жоғары болмауы тиіс. Күлдеу және пикелдеуге пайдаланылатын судың кермектілігі нормаланбайды. Шаюдан басқа технологиялық үдерістерге жұмсалатын суды негізінен сулы ортада ерітінді, суспензиялар және эмульсиялар түрінде болатын химиялық материалдарды еріту және сұйылту үшін қолданады. Былғарыны өндіру үшін 150-ден аса химиялық материалдар қолданылады.Теріні бояу және майлау үшін анилді бояуларды, табиғи және синтетикалық майларды, ПАВ-ты, әртүрлі толықтырғыштарды қолданады.Қуаттылығы орташа зауыт тәулік ішінде 5 тонна әк, 1,2 тонна күкіртті натрий, 3,5 тонна табиғи және синтетикалық илегіштер, 2 тоннаға жуық хром тұздары, 1,5 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz