Медициналық психологияны қалыптасу тарихы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы : «Медициналық психологияның қалыптасу тарихы»

Тексерген: Абдуллина. Г. К

Орындаған: Асқар Ақбаота Пх-315

Семей 2015

Жоспар:

  1. Медециналық психология
  2. Медициналық психологияның салалары:

а) Патопсихология

б) Нейропсихология

в) Психосоматика

г) Психотерапия

3. Медициналық психологияның мақсаты мен міндеттер.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Медициналық психология - медицина және психология арасындағы байланысты зеттейді. Ол сондай-ақ психологияның аспектілері мен әдістерін және медицинаның проблемаларын зерттейді. Көптеген елдерде, медициналық психология термины емес, клиникалық психология термины қолданылады.

АҚШ-тағы клиникалық психологияның бөлімдеріне психотерапия, психологиялық тестілеу, психикалық гигиена, сонымен қатар дефектология және психосоматика бөлімдері кіреді. Польшада, медициналық психология кең мағынада қолданылады, яғни диагностика және қалпына келтіру іс-шаралары, мүгедектерді оңалту, психотерапия, психокоррекция, және психотерапия тиімділігінің мониторингі жатады. Біздің елімізде, К. К. Платонов клиникалық психологияны, медициналық психологияның бөлігі ретінде қарады . Ол клиникалық психологияны психикалық, неврологиялық, соматикалық деп үш бөлімге бөлді. Платонов медициналық психологияға клиникалық психологиямен қатар психогигиенаныда кіргізген. Психологиялық зерттеулер бағытын жалпы және мамандандырылған медициналық психология деп екіге бөлінген.

Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері:

Медициналық психологияның бөлімдері: патопсихология, нейропсихология, психосоматика, психотерапия және психокоррекция.

Патопсихология - психологии, психопатологии және психиатрия арасында пайда болған бағыт. оның негізін салған Б. В. Зейгарник.

Нейропсихология психологии, неврологии және нейрохирургия арасында пайда болған бағыт, негізін салған - атақты невролог және психолог А. Р. Лурия.

Психосоматика - соматикалық аурулардың пайда болуы мен динамикасына психологиялық факторлардың әсерін зерттейтін медициналық психологияның бағыты.

Психотерапия адамның психикасына емдеу мен денсаулығын сақтау мақсатымен тиімді әсер етуді қарастыратын бағыт.

ХХ ғ. басында Америка Құрама Штатында бихевиористік бағыт кеңінен құлаш ұрып тарады, ол бағыт белгілі стимулға жүріс-тұрыстық реакция психиканың көрінуі ретінде қарастырады. Психологияда бұл бағыттың негізін салушы Джон Уотсон болып табылады. Оның теориясы бойынша зерттеудің негізі шартты рефлекстердің физиологиялық механимдерінің қалыптасуы болуы керек. Бұл И. П. Павловтың концепциясымен В. М. Бехтеревтың объективті психология пастулатымен жалпы бір бағытта. Бихивиоризм теориясынан шығатыны, психика организмнің сыртқы және ішкі стимулдарға белгілі жүйелі реакция ретінде қабылданады. Бихевиоризм бірінші деңгейлі ролі оның жүріс-тұрысын көрсететін адам іс қимылы болып табылады.

ХХ ғ. басында Германияда қалыптасқан Гештальт психологияның жетекші бағдары болып қабылданған бейнелердің тұтастығын қалыптастыру, яғни, аяқталу процесін түйсіну жолдарын іздеуді тудырады.

Гештальт методологиясының негізіне тұтастық концепциясы жатады. Гештальт психологиясының тұтастық және жаңа әдістемелік бағыты ретінде негізін салушылар М. Вертгеймер, К. Келлер, К. Коффка, К. Левин.

К. Левин көзқарасы бойынша невроздарды емдеу сондай-ақ таным процесстерін түзетуде биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің өзара әрекеті жетекші орынға ие немесе олардың арасында белгілі өзара байланыс және иерархия бар. Адамды қоршаған кез келген объектінің белгілі энергиясы мен заряды бар. нәтижесінде қоршаған әлем объектілері психологиялық кеңістікте қысымның туындауына ықпал етеді. Осыған байланысты жағымсыз эмоциялар қысымды және агрессияны күшейткенімен, жағымды эмоцияларды әлсіретеді.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы психология ғылымында өткір де, таусылмайтын күрес әртүрлі мектеп өкілдері арасында ғасырлар бойы жүріп жатыр. Енді көбірек таралған тұлға туралы зерттеулерді медициналық психология жағынан қарастырайық. Ерте заманда Гиппократ сырқат адамдарды оның жеке ерекшеліктері мен адамның қоршаған ортаға тәуелділігін есепке ала отырып, емдеуді ұсынған. Кейін феодализм кезінде де, буржуазиялық қарым-қатынас заманында да, тұлға туралы әртүрлі теориялар пайда бола бастады, олар адамның жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктердің туа пайда болу және өзгермейтіндігін дәлелдеуге тырысты.

Биологиялық фатализм әртүрлі ғылымдарда тұлғаның сапасы туралы, яғни «Физиогномикадан» басталып, И. К. Лафотера (1741-1801), Ф. И. Галлдің (1758-1828) френологиясы және біздің заманымыздағы психоморфологиялық лаколизационизмге көше келе (К. Клайст, Э. Кречмер және т. б. ), қазіргі таңдағы кең таралған жеке тұлғатеориясы болып саналады. Сонымен, Э. Кречмер тұлғаның өзіндік ерекшеліктері оның денесінің конституционалдық ерекшеліктерімен байланысты деп көрсетеді. Ол өзінің психиатрлық клиникасында жүргізілген бақылау нәтижесінде, алғашқыда мінездің 2 түрін бөліп шығарды - шизотимикалық(ұстамды, салмақты, қарым - қатынасқа қиын түседі, топас, ашуланғыш) және циклотимикалық (нақты, қарым - қатынасқа оңай түсетін, адам сүйгіш көпбілгіш) . Кречмердің пікірі бойынша пикниктік дене құрылымды адамдарға циклотимикалық мінез сәйкес келеді, атлетикалық, астеникалық және диспластикалық дене құрылымға - шизотимикалық. Кейінірек бұл классификация Ф. Минковский (1923) эпилептикалық мінез толықтырады(кекшіл, ашушаң, майда - шүйдеге көңіл бөлетін және т. б. ) .

Айтарлықтай, өте кең тараған келесі бағыт - психоаналитикалық. Оның негізін салушы З. Фрейд пікірі бойынша, тұлға - бейсаналық (инстинктивті, басты сексуалды талпыныстары мен өлімге деген талпыныс) пен сананың күресі нәтижесінде көрінеді деп түсіндіреді.

З. Фрейд ілімінің идеялық бұлағы Э. Гертманның (1842-1906) «Бейсаналылық философиясы», яғни интуициялық қабілеттілік, басқа авторлармен негіздеген, мысалы А. Бергсон. Фрейдтің алғашқы шәкірттерінің бірі А. Адлер пікірі бойынша тұлғаның қалыптасуындағы негізгі саналар пайда болған толымсыздық сезімі мен әр адамның өзін - өзі жетілдіруге деген талпынысынан бастау алады, сонымен қатар жоғарғы тұлға (сверхличность) идеясын басшылыққа ала отырады. Бірнеше деңгейлерге дейін модификацияланған психоанализ ілімі қазіргі таңда медициналық және психологиялық негізінде психосоматикалық медицинаның негізі болып табылады, психоанализ батыста кеңінен емдеу әдісі ретінде жарнамаланды, панацея секілді тәжірибеде кездесетін барлық ауруларды да.

Соңғы кезде психосоматикалық бағыт медицинада кеңінен таралған. Ол патологиялық процесстің (вирховская, целлюмерная патология) нақты бір органның немесе жүйесінің төңірегімен шектеліп қалатын өткеннің механикалық көзқарастарына қарсы шыққан. Бірақ осы кезге дейін клиникалық жағдайдағы патология психосоматикалық қарым - қатынас туралы нақты бір көзқарас қалыптаспаған, әртүрлі бағыт өкілдері психосоматика туралы өз ұстанымдарында қалып отыр.

Психосоматикалық қарым- қатынасқа арналған зерттеу жұмыстары көп жүргізілген. Олардың ішінде объективті методтарды зерттеулерде қолдану, клиникалық патология көзқараста, айтарлықтай деңгейде құнды болып саналады. Бірақ айтылған алынған нәтижелер әрқашан ғылыми көзқарастарға сүйене бермейді, сәйкес келген жағдайлар көменгімен ақыл ойға сүйене отырып жазады.

Соңғы 10 жыл ішінде психология мен психиатрияға біраз елдерде экзистенционализмнің әсері біршама сезіледі, оның негізін салушы неміс оқымыстысы - философы М. Хайдегер (1927) деп айтуға болады. Сәйкесінше оның көзқарастарын толықтырып дамытқан А. Маньковский, Э. Гитраус, Л. Бинсвангер, адам өзінің психикасымен жасалған белгілі «эскизді» әлемде өмір сүреді, оның өзінің «концепциясы» болады, адам өзі үшін дәл сол шетті, сол «терезені» ашады, ол оның тұлғалық табиғатына сәйкестендірілген болу керек. Жеке адамдар әлемге санадағы тесік арқылы қарайтындай, әркім өзінің санасы арқылы. Сондықтан да кез келген индивидуум өзінің қоршаған ортасын өзінше қабылдайды. Әсіресе әйгілі сусуретшілер мен музыканттар, ақындар мен өнертапқыштардың «санасыздағыны тесіп», терезелері ерекше болып келеді. Өзіндік тұлғаның «эскизі» шеті оның өзіндік санасын анықтайды. Экзистенциалистердің көзқарасына сәйкес өзіндік сана үздіксіз даму - көріну және пайда болу үстінде болады. Тұлғаның ішкі әлемін түсіну, ал керек жағдайда қайта қалыптастыру және реконструкция оның экзистенциалистік анализдің негізгі міндеті болып табылады. Сонымен қатар бұл бағыттың өкілдері реалды шындықтың психикадағы объективті бейнесін талдамайды, олар тұлғаның кенеттен пайда болып индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін таңдайды.

Рух және тұлға бірлігі концепциясы, оның тамыры Платоннан алынған, персонализмнің философиясы мен психологиясы негізінде жатады. Персоналистер, оның негізін салушы - американдық философ Б. Бауэнадан (1847-1910) бастап, тұлғаны «надындивидуалды» субстанция деп есептейді, адамның тек қана физикалық дүниесіне емес, психикалық дүниесіне де нейтралды қарым - қатынаста. Танымайтын «тұлға ядросы» (бұл психиатрлардың қолданылатын термин персоналстерде де қабылданған) темперамент, мінез, қабілет «сфераларымен» қоршаған. Аурудың тұлғалық ерекшеліктерін күйзелісінің методологиялық негізгі іздеу барысында көптеген батыс еуропалық және америкалық дәрігерлер қазіргі таңда психоанализге, экзистенциализмге, персонализмге жүгінеді.

Психодинамикалық бағыттың өкілдері тұлғаны нақты өмір мен бейсананың күресі нәтижесінде анықтайды(З. Фрейд, А. Адлер, К. Г. Юнг) ; гуманистік бағыт әр адам өз мүмкіндіктерін, өзін - өзі жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған деп сендіреді(К. Роджерс, А. Маслоу) . психосоциалды даму теориясы(Э. Эриксон) тұлғаның ерекшеліктерін оның жас кризистерінен (жағымды немесе жағымсыз) басынан өткізуіне байланысты деп түсіндіріледі; сонымен адамның биологиялық және әлеуметтік дамуы түсіндіріледі.

Қазіргі медициналық психология өзінің қызу дамуында. Қызығушылық тек науқас адамның жүріс тұрысы мен дәрәгермен қармы қатынасын байланысты емес, әр түрлі ауруларды алдын алу, психологиялық профилактикасы, психигигиенаға байланысты сұрақтар қатысты.

Медициналық психологияның дамуына келесі пәндер үлкен әсер еткен - это психиатрия, неврология, нейрохирургия, психотерапия, эксперименталдық психология, тифлопсихология, сурдопсихология және т. б.

Медициналық психологияның мақсаты мен міндеттер психиатриялық, неврологиялық, соматикалық клиниканың қажеттіліктерімен анықталады.

Медициналық психологияның ортасында (пәні) - денсаулығына байланысты бейімделуі мен өзіндік жүзеге асыруында қиындықтарды бастан кешіретін адам. Бұл байланыстар екі жақты сипатта болады:

1) психиканың еркшеліктері адамның бейімделуіне әсер етіп, ауырсыну қалыптардың пайда болуына әкелетін қиыншылықтарды негіздейді (психосоматика, психикалық бұзылыста) ;

2) аурулар мен олардың салдары адамның психикалық бітіміне әсер етіп, дезадаптацияға әкеледі.

Клиникалық психологияда психодиагностика мен психологиялық көмек көрсету тек дифицитарлық емес, адамның сақтаулы аспектілеріне бағытталып, рухани дамуға деген қабілеттің, ауырсыну қалыптары мен дағдарыстық өмірлік жағдайларды женуге мүмкіндік беретін жаңа шығармашылық тәсілдерді тұдыруға жағдай жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Психологиялық ойдың тарихи даму жолының негізі неде
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат
Психология ғылымының пəнi жəне мiндеттерi
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы туралы ақпарат
Қазақстанда психологияны оқыту тарихы
Психология жүйесі
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz