Қазақстан туралы жалпы мәлімет



Негізгі бөлім
1. Қазақстан туралы жалпы мәлімет.
2. Қазақстан Республикасының табиғаты.
3. Қоршаған табиғи ортаның ғалымдық, аймақтың және локальді мәселелері.
Қырытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық азияда орналасқан мемлекет болып табылады. Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері). Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде —Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлімен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналыарқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. 2015 жылдың 1 қаңтарында елдегі тұрғындар саны - 17 417 447 адам бұл әлем бойынша 63-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі. Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 63.1%, орыстар - 23.6%, украиндар - 2.9%,өзбектер - 2.8%,немістер - 1.5% ұйғырлар - 1.4%, татарлар - 1.3%, басқа халықтар - 4.3%. Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері. Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі.
1. ҚР президентінің ресми сайтындағы Қазақстан туралы ақпарат
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
3. Kazakhstan. International Monetary Fund. Тексерілді, 17 сәуір 2013.
4. Report for Selected Countries and Subjects October 9,2013
5. Human Development Report 2013 (ағыл.). United Nations Development Programme (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 тамыз 2013.
6. Казахстан в цифрах-2011

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CРО

Тақырыбы: 1 Қазақстан туралы жалпы мәлімет. 2 Қазақстан Республикасының табиғаты. ОҚО, ШҚО,БҚО, СҚ облыстарының жалпы экологиялық жағдайы. 3 Қоршаған табиғи ортаның ғалымдық, аймақтың және локальді мәселелері.

.
Дайындаған: Е-219 топ студенті
Бақытжан Кәрімов
Мамандық: 5В011600-География

Семей 2015 жыл
Жоспар
Негізгі бөлім
1. Қазақстан туралы жалпы мәлімет.
2. Қазақстан Республикасының табиғаты.
3. Қоршаған табиғи ортаның ғалымдық, аймақтың және локальді мәселелері.
Қырытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық азияда орналасқан мемлекет болып табылады. Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері). Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен -- 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде -- Түрікменстан -- 380 км, Өзбекстан -- 2 300 км және Қырғызстан -- 980 км, ал шығысында -- Қытаймен -- 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы -- 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлімен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналыарқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. 2015 жылдың 1 қаңтарында елдегі тұрғындар саны - 17 417 447 адам бұл әлем бойынша 63-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі. Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 63.1%, орыстар - 23.6%, украиндар - 2.9%,өзбектер - 2.8%,немістер - 1.5% ұйғырлар - 1.4%, татарлар - 1.3%, басқа халықтар - 4.3%. Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері. Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі.
2. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр. Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шыңыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстүгіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қлыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш.б.)Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері - Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температураларының үлкен айырмашылық жасауы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, кыстың солтүстікте ұзак әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады. Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр кашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз. Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің катты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады. Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі - мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДжм2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 - 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 - 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДжм2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 - 4,5 ай (қараша - наурыз), оңтүстікте - 1 ай. Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азиямемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады. Топырақ -- табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады. Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, егер 2003 жылы автокөлік құралдарының саны 84488 бірлікті құраса, 01.12.2009 ж. ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша заңды және жеке тұлғалардың 358 394 бірлік көлік құралдары тіркелген.2003-2008 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн).
Солтүстік Қазақстан облысы -- республиканың солтүстік қақпасы.
Облыс 1936 жылдың 29 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрағат құжаттарының құндылығын сараптау
Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
Жылжымайтын мүлікті бағалауда туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау
Аудиттің әдістері
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Түркітаным тарихы туралы қысқаша мәлімет
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің дәрістері
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Пәндер