Қарт және егде жастағы адамдар үшін азық-түлік өндірісінің технологиясының ерекшеліктері
1. Кіріспе.
2. Проблеманың өзектілігі, оның тарихи аспектілері.
3. Егде және кәрі жастағы адамдардың ұтымды тамақтану проблемасының маңызы.
4. Қартаю процестерінің анатомиялық.физиологиялық ерекшеліктері және маңызы.
5. Егде және кәрі жастағы адамдар тамақтануының ерекшеліктері.
6. Қолданылған әдебиеттер

Егде және кәрі жастағы адамдардың ұтымды тамақтануын ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады, себебі тамақтану организмнің мүшелері мен жүйелерінің өзгерістерінің дамуын алдын алатын, қартаю процесіне әсер ететін күшті әдістер болып табылады. Қаншалықты тамақтану дұрыс құрылса, соншалықты адам өмірінің ұзақтығы, олардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігі тәуелді болады.
Бұл мәселенің маңыздылығы кейінгі он жылдағы экономикалық дамыған елдерде тұрғындардың топтарының жастық топтарының құрылымдарының өзгерістерінің тенденциясынан, яғни кәрі адамдардың санының ұлғаюынан тұрады.
Егде және кәрі жастағы адамдардың сандарының жоғарлауымен байланысты тұрғындардың осы топтарына тамақтанудың принциптерін ғылыми өңдеу, сонымен бірге ұйымдастырылған ұжымдарда егде және кәрі адамдарға арналған мекемелерде тамақтануды дұрыс ұйымдастыру қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр.
Қартаю – негізінде атрофиялы және дегенеративті процестер жатқан онтогенетикалық дамудағы заңды жаплылама процесс. Қартаю кәріліктен бұрын басталады. Қартаюды негіздейтін маңызды фактор протоплазманың өзіндік жаңару қарқындылығының төмендеуі болып табылады. қартаю процесі кезінде репродукцияға, синтезге және қайта қалпына келуге қабілетті генеративті белоктардың (нулеопротеидтер) көп дәрежесі репродуктивті қабілеті жоқ функционалды белсенділігімен алмастырылады. Жас келе органзмнің синтетикалық мүмкіншіліктері әлсірейді және бұл синтездің реттелуі нашарлайды. Қартаю процесі кезінде протоплазмалар нуклеопротеидтерді, нуклеин қышқылдарын және белок синтезінің және жоғары өзіндік жаңару қабілетімен сипатталатын басқа компоненттерді жоғалтады.
Қартаю атрофиялық және дегенеративті өзгерістермен (тірек-қимыл аппаратында, бұлшық еттерде, эндокринді жүйелерде ж.т.б.), сонымен қатар организмнің барлық жүйелерінің функционалдық қабілеттілігінің әлсіреуімен жүреді. Қартаюдың сипаты мен дәрежесі организмнің әр түрлі жүйелерінде әркелкі білінеді.

1.Закон РК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения». 2002г.
2.Закон «Об охране здоровья народа РК». Алматы, 1992г.
3.Национальная программа в области питания Казахстана. Алматы, 1995г.
4.Григоров Ю.Г. – Актуальные аспекты проблемы гигиены питания пожилых и старых людей в кн.: Теоретические и практические аспекты изучения питания человека. М., 1990г., т.1. стр. 277
5.Машек И., Генде Г. – Старение и питание. //Вопросы питания. - 1994. - №1. С. 3-8
6.Нормы физиологических потребностей в пищевых веществах и энергии //Вопросы питания – 1992 - №2 С. 6-8
7.Потребность в энергии и белке. Доклад объединенного консультативного совещания экспертов ФАО/ВОЗ/ООН серия техн. докладов 724, Женева – 1987г.
8.Скурихин И.М., Шатерников В.А. Как правильно питаться. М., 1996г. – 256с.
9.Уильямс К., Сэндерс Т. – Связь между здоровьем и потреблением белка, углеводов и жира //Вопросы питания. – 2000 - №3 – С. 54-57
10.Самсонов М.А. Концепция сбалансированного питания и ее значение в изучении механизмов действия пищи //Вопросы питания. – 2001 - №5 – С. 3-9
Князиев В.А. Актуальные проблемы улучшения питания и здоровья населения //Вопросы питания. – 1998 - №1 – С. 3-7.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
Инженерлік технологиялық факультет
Қарт және егде жастагы адамдар үшін азық-түлік өндірісінің технологиясының
ерекшеліктері
Орындаған: Газизова Г.Н.
Топ:ТПс-325
Тексерген: Нургазезова А.Н.
Семей 2015ж
ЖОСПАР
1. Кіріспе.
2. Проблеманың өзектілігі, оның тарихи аспектілері.
3. Егде және кәрі жастағы адамдардың ұтымды тамақтану проблемасының маңызы.
4. Қартаю процестерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және
маңызы.
5. Егде және кәрі жастағы адамдар тамақтануының ерекшеліктері.
6. Қолданылған әдебиеттер
Қарт және егде жастағы адамдардың
дұрыс тамақтану ерекшелігі
Егде және кәрі жастағы адамдардың ұтымды тамақтануын ұйымдастыру
өзекті мәселе болып табылады, себебі тамақтану организмнің мүшелері мен
жүйелерінің өзгерістерінің дамуын алдын алатын, қартаю процесіне әсер
ететін күшті әдістер болып табылады. Қаншалықты тамақтану дұрыс құрылса,
соншалықты адам өмірінің ұзақтығы, олардың денсаулығы мен еңбекке
қабілеттілігі тәуелді болады.
Бұл мәселенің маңыздылығы кейінгі он жылдағы экономикалық дамыған
елдерде тұрғындардың топтарының жастық топтарының құрылымдарының
өзгерістерінің тенденциясынан, яғни кәрі адамдардың санының ұлғаюынан
тұрады.
Егде және кәрі жастағы адамдардың сандарының жоғарлауымен байланысты
тұрғындардың осы топтарына тамақтанудың принциптерін ғылыми өңдеу, сонымен
бірге ұйымдастырылған ұжымдарда егде және кәрі адамдарға арналған
мекемелерде тамақтануды дұрыс ұйымдастыру қазіргі кезде өзекті мәселе болып
отыр.
Қартаю – негізінде атрофиялы және дегенеративті процестер жатқан
онтогенетикалық дамудағы заңды жаплылама процесс. Қартаю кәріліктен бұрын
басталады. Қартаюды негіздейтін маңызды фактор протоплазманың өзіндік
жаңару қарқындылығының төмендеуі болып табылады. қартаю процесі кезінде
репродукцияға, синтезге және қайта қалпына келуге қабілетті генеративті
белоктардың (нулеопротеидтер) көп дәрежесі репродуктивті қабілеті жоқ
функционалды белсенділігімен алмастырылады. Жас келе органзмнің
синтетикалық мүмкіншіліктері әлсірейді және бұл синтездің реттелуі
нашарлайды. Қартаю процесі кезінде протоплазмалар нуклеопротеидтерді,
нуклеин қышқылдарын және белок синтезінің және жоғары өзіндік жаңару
қабілетімен сипатталатын басқа компоненттерді жоғалтады.
Қартаю атрофиялық және дегенеративті өзгерістермен (тірек-қимыл
аппаратында, бұлшық еттерде, эндокринді жүйелерде ж.т.б.), сонымен қатар
организмнің барлық жүйелерінің функционалдық қабілеттілігінің әлсіреуімен
жүреді. Қартаюдың сипаты мен дәрежесі организмнің әр түрлі жүйелерінде
әркелкі білінеді.
Функционалдық және биологиялық тұтастығын жеткілікті ұзақ сақтайтын
жүйке ұлпасы қартаю процесіне аз дәрежеде ұшырайды.
Қартаю процесі кезінде маңызды өзгерістер асқорыту жүйесінде
байқалады. Иіс сезу луковицалары, дәм сорғыштар және сілекей бездерінің
белгілі бір бөлігі атрофияланады, яғни ұлпалардың біраз бөлігі дәнекер және
май ұлпаларымен алмастырылады. Атрофиялық процестердің нәтижесінде
асқазанның шырышты қабаты жұқарады, ал оның клеткасы төмен ажыратпалы және
өте қарапайым болғандықтан, асқазанның секреторлық және моторлық
функциясының төмендеуіне алып келеді. Асқазанның шырышты қабатының осындай
өзгерістері 60 жастан жоғары адамдардың 80%-де байқалады. Қартаю кезінді
асқорыту функциясының маңызды бұзылыстары болып асқазан сөлінің
қышқылдылығының төмендеуі, ферменттердің концентрациясының төмендеуі және
олардың белсенділігінің түсуі саналады.
Асқазан сөлінің секрециясының төмендеуі, тұз қышқылының бөлінуі
тоқтағанға дейін әлсіреуі және пепсиннің ферментативті белсенділігі
асқазанның қортуының функционалдық қабілетіне, сонымен бірге шіріген
микроорганизмдері жылдам жоғарылайтын ішек микрофлорасының сипаты мен
жағдайына әсер етеді. Бұл өзгерістер ішекте шіріген өнімдердің жоғары түрде
түзілуі мен сіңірілуіне алып келеді. Бұдан басқа, асқазан сөлінің
қышқылдылығының төмендеуі ішек микрофлорасының қалыпты орналасуы емн
функциясының бұзылуын шақырады.
Сонымен, асқазанда тұз қышқылының болмауы және асқорыту сөлдерінің
ферментативті белсенділігінің төмен деңгейінің нәтижесінде асқазан-ішек
жолдарының жоғарғы бөлімінде асқорытуға қатысуға қабілетсіз және олардың
жеке процестеріне теріс әсер ететін, оларға тән емес микроорганизмдер түрі
пайда бола бастайды.
Қартаю кезінде ұйқы безінде де өзгерістер пайда болады, нәтижесінде
онымен өндірілетін ферменттердің саны мен белсенділігі төмендейді. әсіресе
ұйқы безінің протеолитикалық (белоктарды қорытатын) және төмен дәрежеде
амилолитикалық (көмірсуларды қорытатын), липолитикалық (майларды қорытатын)
сөлдердің белсенділігі төмендейді.
Бауырда бауыр балкалары жұқарады, гепатоциттер созылған, яғни
атрофиялық өзгерістер және дегенерация байқалады. Компенсаторлы реакциялы
сипаттағы 2 ядролы клетка орын алады ж.т.б. Бауырдың гликоген түзу
фукционалдық қабілетінің төмендеуі, сонымен қатар олардың белокты-
синтетикалық және антитоксикалық функциясының төмендеуі байқалады.
Қартаю кезінде аш және тоқ ішектің шырышты қабаттарында салыстырмалы
түрде біраз өзгерістер байқалатынын айта кету керек. Қартаю процесі кезінді
асқорыту жүйесі асқорыту мүшелерінің функционалдық қабілеттілігіне, сонымен
қатар егде және кәрі адамдардың тамақтануын ұйымдастырған кезде ескерілетін
тамақтық заттардың сіңірілуіне теріс әсер ететін өзгерістерге ұшырайды.
Қартаюмен байланысты өзгерістер организмнің барлық жүйелерінде (тірек-
қимыл аппаратында, бұлшық еттерде, тамырларда, бездерде ж.т.б.) байқалады.
Қартаю алмасу процестерінің жүйкелік-гуморалды реттелудің
өзгерістерімен жүреді. Организмнің қартаюы организмнің тіршілік
қозғалысының негізінде жатқан алмасу процестерінің қарқындылығының
біртіндеп төмендеуімен сипатталады. Бұл негізгі амласу көрсеткішетрінің
төмендеуімен, оттегіні пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуымен,
белок алмасуының қарқындылығының төмендеуімен, ұлпаларда липидті
компоненттердің жиналуымен, бауыр, бүйрек, жүрек ж.т.б. маңызды мүшелердің
ұлпаларында ферментті биологиялық тотығудың белсенділігінің түсуі және
глюкоза өтелденуінің жылдамдылығының төмендеуімен айқындалады.
Демек, қартаю процесі кезінде организмнің мүшелері мен жүйелерінде
олардың функционалдық қабілеттілігінің төмендеуіне алып келетін атрофиялық
және дегенеративті сипаттағы морфологиялық өзгерістер пайда болады.
Қартаюды жеделдететіндермен бірге дұрыс емес тамақтану (жүйке жүйесіне күш
түсу, гипокинезия, артық салмақ ж.т.б.) қартаюға ықпал жасайтын маңызды
факторларға жатады.
Қартаю процесі кезінде организмде белокты ассимиляциялау
қабілеттілігі төмендейді, нәтижесінде белокты, тамақтың минералды
компоненттері мен витаминдерді эндогенді жоғалту жоғарлайды. Витаминдік
жетіспеушіліктің пайда болуы ферменттік жүйелердің дезадаптациясы және
тотығу процестерінің бұзылыстарымен байланысты созылмалы гиповитаминоз
жағдайын шақыруы мүмкін. Айтылған бұзылыстар организмнің уақытынан бұрын
қартаю белгілерінің білінуіне ықпал жасайды.
Соымен, басқа факторлармен бірге алиментарлық фактор кәрі жастағы
адамдардың зат амласуларының профилактикасы үшін үлкен маңыздылыққа ие.
Егде және кәрі жастағы сау адамдардың тамақтануын құрастыру негізінде
А.А.Покровскимен құрастырылған келесі негізгі принциптер рұқсатталған:
1. Ұтымды энергия шығыны бойынша тамақтану рационының энергетикалық
баланстылығы;
2. Тамақтық рациондардың антиатеросклеротикалық бағаты;
3. Тамақтанудың максималды әртүрлілігі және оның барлық ауыстырылмайтын
тамақтану факторларымен баланстылығы;
4. Организмде ферменттік жүйелердің белсенділігін ынталандыратын
заттармен тамақтық рационды оптималды түрде қамтамасыздандыру;
5. Тамақтануда жеңіл және тамақтық талшықтарға бай тағамдарды қолдану;
Тамақтанудың сандық мөлшері (энергия қажеттілігі). Қазіргі
көзқарастарға сәйкес егде және кәрі адамдардың тамақтануы шамалы шектелуі
тиіс. Шамалы шектеулі тамақтану дегеніміз – тамақтанудың сандық жағынан
толық біршама шектелген, бірақ белгілі бір элементтердің жеткіліксіздігігін
тудыратын тамақтық және биологиялық бүтінділікке қатерлі емес. Шамалы
шектелген тамақтану ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде шектеуді талап етеді.
Шамалы шектеулі тамақтану тамақтық азық-түліктердің максималды
ассортиментін қолданумен кең әртүрлілігі негізінде құралады. Тағамдардың
ассортименті қаншалықты кең болса, сонша тамақтану биологиялық жағынан
болық және шамалы шектеу жеңілге түседі. Салыстырмалы аз құндылықпен
қамтамасыздандырылған, тіршілікке қажетті заттар бар тамақтық рацион егде
жастағы адамдар үшін өте қолайлы.
Шамалы шектелген тамақтануды қолданатын егде жастағы адамдардың
тамақтық рационының құндылығы тәулігіне орташа 2100-2300 ккал анықталады.
Кәрі жастағы адамдар үшін аз мөлшерде – тәулігіне 1900-2000 ккал.
Егде жастағы адамдардың тамақтануында тамақтық рационның құндылығы
жоғары калориялы тағамдарды қабылдауды төмендету есебінде шектелуі керек
(қант және басқа тәтті тағамдар, сонымен бірге май және май тағамдары). Бұл
топ адамдары үшін тамақтың мөлшерінің нормасын анықтау кезінде еңбек
қызметінің сипаты мен қарқындылығын анықтайтын энергия шығынына алмасудың
жастық және жеке ерекшеліктеріне, сонымен қатар белгілі бір тамақтану
режиміне қалыптасқан көпжылдық әдеттеріне көңіл аудару қажет.
Егде жастағы адамдардың физикалық жұмыстарының қарқындылығынан жалпы
еңбек қабілеттілігінің төмендеуі және сирек емес жұмыстардан кетуі
тамақтанудағы белок нормасының төмендігі үшін негіз болып табылады.
Бірақ егде жастағы адамдарда тірі клеткалардың регенерацияға (қалпына
келуге) қабілеттілігі қалады. Бұл мақсат үшін белок қажет болады.
Адамдардың физикалық қозғалысы белсенділігі артқан сайын, бұлшық етке күш
және ұзақтылығы ауырлаған сайын, регенерация көлемі ұлғаяды және бұл үшін
белоктар көбірек қажет болады. Сондықтан белсенді физикалық еңбекпен
айналысатын егде адамдардың белокқа қажеттілігі жоғары болуы мүмкін, бірақ
жас және орта жастағы адамдардан бірнеше рет аз болады. Егде жастағы
адамдардың белокты салытырмалы түрде жоғары қажет етуінің негізі организмде
тіршілік процесі кезінде белоктың ыдырауы жоғары мөлшерде жүреді және сол
мерзімде қалпына келу сияқты белок синтезі шектелген.
Белсенді қозғалыстың деңгейіне және жасқа байланысты белоктың нормасы
1,2-1,8 гкг аралығында қолданылуы мүмкін.
Ұзақ өмір сүретін адамдардың тамақтану ерекшеліктері туралы айтқанда,
олардың тамақтануының негізгі принципі шамалылық, табиғи және жаңа піскен
тағамдарды қабылдау болып табылады.
Демек, егде және кәрі жастағы адамдардың организмінің анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп құрылған ғылыми негізделген ұтымды
тамақтану денсаулықты нығайтуға, өмір жасының ұзақтығына және оның
белсенділігінің жоғарлауына ықпал жасайды.
Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі
болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып,
жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері,
әлемге көзқарасының нұсқалары таратылады.
Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі –
заң қабылдаушы үкімет бекіткен әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік
қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе
табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен
жәрдемақыға периодты және бір мезгілде қосымша төлем осы категорияларға
дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы қызмет
табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық шарттарға әкелетін
критикалық өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді.
Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай
төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік,
қызмет көрсетудің стационарлы және стационарлы емес түрі — әлеуметтік
көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж
азаматтарына беріледі [50].
Қарт адамдарға әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы
мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган
мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы;
ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету.
Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, жеке
адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек
салымы немесе стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай
тәжірибе батыс елдерінде кең таралған.
Егде адамдардың басым көпшілігі қалыпты үй жағдайында қалғысы келеді,
ал мамандандырылған мекемелерде көмек алу көп шығынды талап етеді. Бұл егде
адамдарға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз үйлерінде қалуға мүмкіндік
бере отырып, олардың арасында аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға ықпал
ететін әлеуметтік және экономикалық жағдай жасау қажеттігіне итермелейді.
Егде адамдарға үйде күту сияқты шаралар осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал
етеді.
Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлердің келіп-тұруы қарттар үйіне
келіп түсетін адамдардың санының азаюына мен өлім көрсеткішінің төмендеуіне
әкелуі мүмкін.
Қолданыстағы 1998-2005 Мемлекеттік стандартқа сәйкес үйде әлеуметтік
қызметтің мынадай түрлері белгіленген:
• әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетулер;
• әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетулер;
• әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер;
• әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулер.
Заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын
кәмелетке толған еңбекке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ
объективті себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын
(жасы келуіне, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық,
психиалық ауру болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден
тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына
байланысты) жақын туған-туықандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге
қабылданады [44].
Мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңістірілген
адамдар бірінші кезекті тәртіппен үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан
Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң
қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы бекіткен әлеуметтік-
экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның
әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық
ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына
әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің
қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді
туындатады.
Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір
мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне
қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-
қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының, сондай-ақ еңбек қызметімен
айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.
Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен
мүгедектерге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары
деңгейге жетіп отыр.
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі тиімді жұмыстардың бірі
геронтологиялық реабилитация жұмыстарын жүргізу болып табылыды.
Геронтологиялық реабилитация — бұл ұзақ жүретін процесс және ол әлеуметтік
қорғау мен денсаулық сақтау мекемелерінің кең және тығыз бірлестіктері
арқылы ғана мүмкін. Әрбір қарт адам қандайда бір өмірлік мақсаттармен өмір
сүруі ниеті болғаны маңызды. Реабилитациялық шаралардың тиімділігі қарт
адамның ниетімен оның өмір жағдайыны тәуелді. Күнделіктегі жеке бастық іс-
әрекет кәріліктегі өмірдің әлеуметтік мәнге толы болуына үлкен мәнге ие.
Жағымды ағымдағы психологиялық және физиологиялық кәрілікте әлеуметтік
көмектің формасын және түрін егде жастағы адамның өзі таңдайды. Әлеуметтік
жұмыстың мәні ол әлеуметтік реабилитация. Дәл осы тұрғыдағы мұндай
реабилитацияның ең маңыздысы қарт адамның әлеуметтік жұмыс объектісінен
оның субъектіге ауысуы болып табылады. Қоғамға қажеттілігін әр адам өзінің
өмірлік тәжірибесінің негізінде құрастырады. Бірақ қандай жағдай болмасын
әр адам өзінің ішкі рухани құндылығын, тұрақтылығын, беделдігін,
белсенділігін сақтап қалуды үйренуі керек. Қазіргі кезде қарт адамдар
отбасынан бөлек тұрады, және осыған байланысты жалғыздықта және кез-келген
қиындықтарда төтеп бере алмай жатады. Егер бұрын қарт адамдарға жауапты
отбасы болатын болса, ал қазір бұл жауапкешілік мемлекеттің және жергілікті
органдардың және халықты әлеуметті қорғау ұйымдарының құзіреттілігінде.
Қарт адамдардың проблемалары ең алдымен әлеуметтік және медециналық болып
бөлінеді. Бұл бөлу формасына байланысты. Бұл екі прблемада өркениетпен,
мәдеиетпен бірге пайда болады. Көптеген зеріттеу нәтижелері көрсетіп
отырғанындай қарт адамдарда медециналық проблемалардың ішінде мына проблема
түрлеріне көптеп шалдығып отырады: жүру, көздің нашарлауы, өзін-өзі күту,
ойлау және интелектуалды қабілеттіліктері. Қоршаған ортада болып жатқан
өзгерістерді басқа жастағыларға қарағанда баяу қабылдайды.
Медециналық деректерге сәйкес қарт адамдар дәрігерлерге 1,5 есе көп
шағым түсіреді. Басқа жас өкілдеріне қарағанда екі есе көп стационарлық
ем қабылдайды. Алпыс жастан асқан қарт адамдар жедел жәрдем шақыру үлесі
40%-60% құрап отыр. Жастары ұлғайған сайын адамның ағзасы ауруға бейім
келіп, елу жастан жоғары жастағы адамдарға басқа топ өкілдеріне қарағанда
диагностикалық үш жарым есе көп шалдығады. Ал жетпіс жастан асқан қарттар
бес, жеті есе көп шалдығып отырады. Ол аурулар қатарына: рак, қант диабеті,
жүрген аурулары және тағы басқалары. Адамдардың жасы ұлғайған сайын акдам
ағзасының ауруларға қарсы тұр қасиеті төмендейді, бір аурудың үстіне
екіншісі қосыла береді. Сәйкесінше бұндай жағдайлар адамның физиологиялық
күйіне өз әсерін тигізеді.
Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық,
юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды
қамтамасыз етуге және осы топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне
бағытталады. Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды
элементі заң қабылдаушы үкімет бекіткен әлеуметтік кепілдеме есебімен,
әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай
немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен

Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем
(зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет
көрсетудің стационарлы және стационарлы емес түрі — әлеуметтік көмектің
шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына
беріледі. Қарт адамдар зейнеткерлікке шығу психологиялық жағынан даяр
бомайды. Бос уақыттарын дұрыс пайдаланбайды. Тұрмыс жағдайы төмен болған
соң қарттар көп уақытын үй шаруасына арнайды. Рухани мүдделерге онша мән
бере бермейді. Қарт адамдармен мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге талдау
жасау, оның толық жоспарланбағандығын, қарттардың мүддесін ескерумен,
олардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарау сипаттарын көрсетеді.
Қарт адамдардың демалысын ұйымдаструдың нәтижелі формаларын
теориялық әдістемелік жақтан әзірлеу олардың әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктерін түсінуді және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеруді қажет
етеді.
Біздің бақылуымыз бойынша, демалыс белсенділігі сипаты мен деңгейі
мына факорлаға байланысты болып келеді: 1)Денсаулығы мен психологиялық
белсенділігі жағдайы; 2) әлеуметтік жағдайы (жалғызіліктілігі, балаларымен
бірге тұруы); 3) бұрынғы жұмыс тәжірибесімен қоғмадық белснеділігі адамдар
мен және ұйыммен бұрынғы қоғамдық байланысын сақтауы; 4) материалды
қамтылуы мен табыс мөлшері; 5) мәдениеті мен білім деңгейі; 6) мінез-құлық
ерекшеліктері.

протездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету. Әлеуметтік
қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек
етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе
стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс
елдерінде кең таралған.
2003 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде қарт адамдар
мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік
қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар,
басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-
педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.
Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты
жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге,
мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.
Біздің еліміздегі әлеуметтік зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды
қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік
қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді
дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының
жақсаруы.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қарттармен мүгедектерге
тұрақты немесе уақытша үйде әлеуметтік –тұрмыстық қызмет көрсету
ұйымдастырылады.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы жедел әлеуметтік көмек
көрсету бөлімшесі келесі қызметтерден тұрады:
1. Жедел түрде ыстық тамаққа немесе азық-түлікке мұқтаж адамдарға бір
реттік көмек;
2. Киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ету;
3. Бір реттік материалдық көмек көрсету;
4. Уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету;
5. Жедел психологиялық көмек көрстеу, соның ішінде сенім телефоны
арқылы да;
6. Заңнамалық көмек көрстеу;
7. Аймақтық ережеге байланысты көмектің басқа да түрін көрсету.
Атаулы әлеуметтік көмек бөлімшесі де маңызды орында тұр.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz