Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар. Программа құру

Орындаған:Қайырбек А. С

Тобы: ВТ-211

Қабылдаған:Курушбаева Д. Т

СЕМЕЙ 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Программаны құру
  3. Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар
  4. Пайдаланған әдебиеттер

1. Бағдарламалауда процедуралық әдістен басқа, оның өкілдері Бейсик, Паскаль, Си сияқты жоғары дәрежелі әмбебап тілдермен қатар, тағы екі бағыт - функционалдық (қызметтік) және логикалық бағдарламалау жатады.

Функционалдық бағдарламалау қарапайым идеяға негізделген, бүкіл информацияны өңдеу және соңында алынған нәтиже кейбір қызметтерді орындайтын салымды немесе рекурсивті функцияларды шақыру түрінде көрсетілуі мүмкін, сондықтан бір функцияның мәні екіншісінің аргументі ретінде қолданылады. Функционалдық бағдарламалау тілінің өкіліне Лисп (Lisp proces - sing - тізімдерді өңдеу) тілі жатады.

Логикалық бағдарламалау жүйелер, тілдер, тәсілдер, анықтамалар шеңберінен құралған. Оның негізінде қайсыбір логикалық тілде тапсырманы тұжырымдар жиынтығымен шешу идеясы жатыр, және қайсыбір формальды дедуктивті жүйеде логикалық қорытындыны құру жолымен тапсырманың (есептің) шешімін шығару жатыр. Осы түрдегі ең әйгілі жүйелерге Пролог (Program ming in logic - логика жүйесінде бағдарламалау) тілін жүзеге асыру жатады. Пролог тілі Си, Паскаль, Фортран, Бейсик сияқты, алгоритмдерді жазу үшін арналған дәстүрлі бағдарламалау тілдерімен салыстырғанда, мына ерекшеліктерге ие:

  • Прологтағы бағдарлама алгоритм емес, формальдық логика тілінде есеп шарттарын жазу болып табылады;
  • Пролог тілі есептеу немесе графикалық есептерді шешу үшін емес, логикалық есептерді, адамның логикалық ақылын қорыту процессін моделдеу үшін арналған; есептеулер мен графикалық құрылымдар Прологта логикалық қорытындының қосалқы өнімі ретінде орындалады;
  • Пролог бағдарламашыдан ерекше ойлау қабілетін талап етеді, ал бұл процедуралық бағдарламаларға үйренгендердің оны оқуын қиындатады, сондықтан да маман бағдарламашылар бұл тілге өтуге құмарланбайды, бұл Пролог тілінің дамуына кері әсерін тигізеді; бірақ көптеген елдерде (Жапония, Англия, Франция, Германия, Израиль және т. б. ) бағдарламалауды оқытуда бірінші оқытылатын тіл ретінде білім беруде Прологты практикалық қолдану көбейуде, Паскаль типіндегі процедуралық тілдерге көшу бұл жағдайда қиындықтарды туғызбайды.

2. Айнымалылар

Прологта айнымалылар бас әріптен басталады, латын алфавитінің цифрлері мен әріптері қолданылады. Айнымалының ерекше түрі - анонимді айнымалы, айнымалының нақты мәні жоқ кезде предикаттың аргументі ретінде қолданылады. Прологта айнымалы информация қоймасы емес, ол сөйлем қаншалықты болса, соншалықты өмір сүреді. Бағдарламаның орындалуы процесінде айнымалы жаңа мәнге ие бола алады. Айнымалы мысалдары:

X

Нәтиже

Объект 2

Қатысушылар тізімі

Жаңа заттар тізімі.

_X 23

_X 23

баласы бар(X) : - ата-анасы(X, Y) .

Бұл жерде баласы бар болу (қасиеті) сипаты баланың атына байланысты емес, сондықтан анонимді айнымалы қолданған жөн:

баласы бар(X) : - ата-анасы( _, _ ) .

Атының лексикалық диапазоны - бір.

Сөйлем. Бұл деген сөз, егер, мысалы, X аты екі әртүрлі сөйлемдерден кездессе, онда ол екі әртүрлі айнымалыларды білдіреді. Бірақ бір сөйлемнің ішінде оның әрбір кездесуі бір ғана айнымалыны білдіреді. Константалар үшін жағдай басқаша: бір ғана атом кез - келген сөйлемде бір ғана объектіні білдіреді, басқаша - айтқанда - бүкіл бағдарламада.

2. 1 Құрылымдар

Құрылым - бұл конструкция, ол оның аргументтері тізімінің жақшалары ішіне жазылған және үтірлермен бөлінген құрылымы атынан құралады. Құрылымға компоненттерін біріктіру үшін функтурды таңдап алу қажет.

Мысалы:

Дата (1, мамыр, 1983)

Бұл жерде фуктур -* дата. Бұл мысалдағы барлық компоненттер - константалар (екі компонент - бүтін сандар және біреуі - атом) . Мамыр айындағы жеке бір күнді 1-суреттегі құрылыммен көрсетуге болады:

:
: http://s020.radikal.ru/i713/1312/27/6191944bb5df.jpg

2. 2. Салыстырулар

Пролог тілінде орындалатын негізгі операция - бұл салыстыру операциясы (унификация немесе келісу деп те айтылады) . Бұл операция не жемісті, не жеміссіз болуы мүмкін. Айнымалылар өз мәндерін, фактілер және ережелерде константаларды салыстыру нәтижесінде, алады. Айнымалы өз мәніне ие болғанша, ол бос деп аталады. Айнымалы өз жаңа мәнін алған соң, ол байланып қалады. Бірақ ол сұраққа жауап алу үшін қажетті уақыт аралығында ғана байланып (байланысты) тұрады. Бұдан кейін Пролог оны босатады, қайтарады және альтернативті шешімдер іздейді. Айнымалылар салыстыру процесі бөлігінің қызметін атқарады. Салыстыру операциясы былайша анықталады:

  1. Константа тек константамен ғана салыстырылады.
  2. Ұқсас құрылымдар бір - бірімен салыстырылады.
  3. Айнымалы константамен немесе басында белгілі айнымалымен салыстырылады.
  4. Екі бос айнымалылар бір - бірімен байланыса алады және бір - бірімен салыстырылады.

Салыстыру мысалдары:

5 саны 5-пен ғана салыстырылады.

«иелену» фактісі <<иелену>>-мен ғана салыстырылады .

Сергей константасы Юрий константасымен салыстырылмайды.

  1. Программаны құру

Прологта бағдарлама фактілері мен ережелері қандай да бір мәнді облыста объекттер арасындағы байланыстар мен қатынастар сипаттары болып табылады. Факті орындалуы үшін басқа ешнәрсе қажет емес, толық анықталған процедура ретінде қарастыруға болады. Ереже:

А1_В1, В2, …. . Вn .

Бұл ережені А процедурасының анықтамасы ретінде қарастыруға болады. Ол тұжырымдайды, оны анықтау үшін В1, В2, …. ., Вn. білу қажет. В1, В2, …, Вn процедуралары белгілі тәртіпте солдан оңға қарай орындалады. Егер кезекті процедура дұрыс орындалса, онда келесі процедураға көшеді, егер дұрыс емес орындалса, онда жоғарыдан - төмен анықталатын, осы процедура жазбасының келесі вариантына көшеді. Білім базасында фактілер мен ережелер бірігуі үшін іздеу жоғарыдан - төмен қарай кезекті жүргізіледі және егер де сәйкес фактілер табылмаса, онда жауабы теріс болады. Мысалы:

Жақсы көреді (Оля, оқуды) .

Жақсы көреді (Света, бадминтон) .

Жақсы көреді (Лена, жүзуді) .

Жақсы көреді (Лена, оқуды) .

? - жақсы көреді (Х, оқуды), жақсы көреді (Х, жүзуді) .

Х = Лена.

Сұрақ оқу мен жүзуді жақсы көретін адамдар бар, жоқ екенін білдіреді. Пролог басында (бірінші) сұрақтың бірінші бөлігі салыстыратын фактіні іздейді - жақсы көреді (Х, оқуды) . Х айнымалысы Оля мәнімен байланысады, сонымен қатар Пролог фактілер тізімінде іздеу процедурасы жағдайын көрсететін көрсеткішті белгілеп (есте сақтап) алады. Бұдан кейін Пролог Х=Оля кезінде сұрақтың екінші бөлігін біріктіруге тырысады. Жақсы көреді (Оля, жүзуді) фактісін іздейді. Мұндай факті жоқ және іздеу жеміссіз аяқталады. Осындай жағдайда Пролог іздеудің бірінші бөлігіне оралады - жақсы көреді (Х, оқуды), Х айнымалыны босатады және басында фактілер тізімінде табылған көрсеткіштен бастап іздеуді қайта жүргізеді. Жақсы көреді (Лена, оқуды) фактісі сәйкес келеді. Х айнымалысы Лена мәнімен салыстырылады және бұдан кейін сұрақтың екінші бөлігі жақсы көреді (Лена, жүзуді) фактісімен сәйкес келеді. Сұраққа жауап табылды.

  1. Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар

Бағдарлама құрылысы келесі түрге ие:

/ * бірнеше жолдарда коментарии */

% бір жолда комментарии

CONCTANCTS

% Бұл бөлімде константалар сипатталады.

DOMAINS

% Бұл бөлімде айнымалылар сипатталады.

PREDICATES

% Бұл бөлімде предикаттар анықталады.

CLAUSES

% Бұл бөлімде фактілер мен ережелер анықталады.

DATABASES

% Бұл бөлімде мәліметтердің динамикалық базасының предикаттары анықталады.

GOAL

% Бұл бөлімде сұрақтар, сұраныстар (ішкі) анықталады.

Домендер қарапайым, құрылымды және стандарт емес болып бөлінеді. Стандартты мәндерге жататындар: symbol, chat, integer, real, string, file.

Symbol - мәліметтердің символды типі, жазбаның екі формасын иеленеді: 1. Бөлек жолдан басталатын әріптер, цифрлар, сызу белгілерінің тізбегі. 2. Қос тырнақшаларға алынған символдар қатары.

Chat - бір символ.

integer - 32768 … 32768 диапазонындағы бүтін сандар.

real - кәдімгі және экспоненциалдық жазба формасында келетін нақты сан.

string - символдар жолы, екі рет жақшаға алынған кез-келген символдар қатары.

file - файлдық айнымалы, оның мәні MS DOS - та файлдарға ат беру ережесі бойынша анықталады. Домендерді сипаттау (жариялау) мысалдары:

DOMAINS

a = integer

b = symbol

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар. Программа құру
Қонақ үйдегі қонақтар туралы мәліметтер қорын құру
Turbo pascal ортасындағы файлдар
Паскаль тілінде графикалық режиммен жұмыс
Типтелген файл
String типті айнымалыға қолданылатын стандартты функциялар мен процедуралар
Файл құрылымы
Файлдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар turbo pascal
Турбо паскаль программалау тілі
Элемент типі - массив элементтерінің типін көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz