Токарлы станоктардың құрылымының ерекшелігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Токарлы станоктардың құрылымының ерекшелігі
Орындаған: Қанатов. А. Қ (П-411)
Тексерген:Тілеуғали. Е. Т
Семей 2015
Жоспар:
1. Техникалық сипаттамасы.
2. Станоктың негізгі түйіндері мен құрал-жабдықтары
3. Станоктағы қозғалыс
Токарь
- ЖҰМЫС СИПАТТАМАСЫ.
Токарь кәсібі - металды өңдеумен байланысты кәсіптің арасындағы кең таралғандардың бірі.
Токарь дайындаманың үстін кесумен өңдейді, яғни артық материалды кеседі. Кесумен өңдеудің бірнеше тәсілдері бар, және тәсілдердің әрқайсысына нақты станоктар сәйкес келеді. Токарлы станоктар жеке токарлы операцияларды орындайтын арнайы және барлық токарлы жұмысты орындауға болатын әмбебап станоктары болады. Орындалатын жұмысына қарай және қандай да бір станок түрін пайдалануына байланысты токарлық мамандықтардың бірнеше топтарын айыруға болады: токарь-әмбебап, токарь-карусельщик, токарь-револьверщик, токарь-жонушы және т. б.
Ең қиын және көп таралған мамандық токарь әмбебап болып табылады. Токарлы-бұрандакескіш станоктарда токарь-әмбебап әртүрлі металдарды, қоспаларды, пластмассаларды және басқа да металл материалдарын өңдеп, барлық токарлық жұмыстарды орындайды. Ол дайындамаларды цилиндрлік, конустық немесе күрделі фасондық пішінге келтіре отырып сыртқы қыруын өткізеді, тесіктерді бұрғылайды, бұйымның ішкі жонып өңдеушілікті істейді, сыртқы және ішкі жыраларды кеседі, сыртқы немесе ішкі ойма, бұйымдарды қырнайды және т. б. Сонымен қатар токарь бөлшектерді толығымен дайындайды немесе жартылай өңдеуді жүзеге асырады. Өңделетін бөлшектердің өлшемі әртүрлі болуы мүмкін - миллиметрдің он бөлшегінен бірнеше метрге дейін.
Токардың жұмысы сызуды немесе технологиялық картаны оқудан басталады. Сызу фртүрлі проекцияда көрсетілген бөлшектердің бейнесін береді: онда өлшемдер, нақтылық және өңдеу тазалығының талаптары, металл маркасы көрсетіледі. Токарь өндірістік процессті және өнімнің сапасын арнайы өлшеуіш құрылғылармен бақылайды. Бақылау-өлшеуіш операциялары жұмыс уақытының көп бөлігін алады. Нақтылыққа жоғары талаптар ұқыпты өлшеуді де қажет етеді.
Соңғы жылдары токардан информатика негіздерін білуді талап ететін санды бағдарламалы басқару станоктары кең таралған.
- ЖҰМЫС ШАРТЫ
Токарлар ғимаратта, тұрақты жұмыс орнында, жақсы жарықтандыруда жұмыс істейді. Олардың жұмыс күні регламентті.
- БІЛІМ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК
Токарь кәсібін жақсы меңгеру үшін орта мектеп бағдарламаның көлеміндегі физика, химия, математика, сызу саласындағы білімді игеру керек.
Токарь мамандығын арнайы кәсіби-техникалық мектептерде немесе кәсіпорынның оқу-өндірістік комбинатында алуға болады.
- ТАЛАПТАР
Токарь жұмысында шу сипаты бойынша станоктың түзетуін анықтауға мүмкіндік беретін жақсы көздің көруі және есту қабілеті маңызды рөлді атқарады. Оның жақсы реакциясы және қозғалыс координациясы болу керек, жұмысты орындау кезінде ұқыпты және жинақталған болу керек. Токарь кеңістікті ойлауға ие болу керек.
- ҚЫЗМЕТТІҢ ҰҚСАС ТҮРЛЕРІ
Тегістеуші, фрезеровшы, токарь-жөндеуші және т. б.
- Центрінің биіктігі, мм -315
- Центрлерінің арасындағы қашықтық, мм -1400, 2000
- Өңделетін дайындаманың ең ұлкен диаметрі, мм -630
- Суппорт үстінде өңделетін дайындаманың ең үлкен диаметрі, мм-340
- Шпинделдегі тесіктің диаметрі -70
- Шпиндел айналасының жылдамдықтар саны -24
- Шпиндел айналас сандарының шектері айн. мин - 10-1250
- Суппорттың беріліс саны - 40
- Суппорттың бойлық беріліс шамасының шектері - 0, 1-3, 2
- Суппорттың көлденең беріліс шамасының шектері - 0, 04-1, 18
- Суппортты тез жылжыту жылдамдығы -3, 6
- Бас электр қозғалтқыштың қуаты - 14кВт
Станоктың негізгі түйіндері мен құрал-жабдықтар.
А-ауыстырмалы дөңгелектер гитарасы; Б- жылдамдықтар қорабы бар алдыңғы топай; В- төртжұдырықшалы патрон; Г- жылжымалы люнет; Д- төртпозициялы кескіш ұстағыш; Е- суппорт; Ж- жылжымайтын люнет; З- артқы топай; И-электр жабдықтары бар шкаф; К- станина; Л- суппортты тез жылжыту жетегі; М- фартук; Н- майлау суыту сұйықтарын және жаңқаларды жинайтын ыдыс; О- берілістер қорабы.
Станина - бұл барлық негізгі түйіндер орнатылатын, шойыннан жасалған станоктың негізі. Станинаның бағыттағышы бойынша суппорт және артқы топайы бойлық осі бойымен жылжи алады.
Алдыңғы топай - бұл таңдап алу механизмі, ревесті механизм және станоктың негізгі білігі шпиндель орнатылған шойын қорап.
Жылдамдықтар қорабы -станоктың алдыңғы топайында орналасқан және шпиндельдің айналыс жиілігін өзгертіп отыру үшін қызмет ететін түйін.
Ауыстырмалы дөңгелектер гитарасы - шпиндельдің бір айналасына сәйкес суппорттың қажетті орын ауыстыруын қамтамасыз ететін, белгілі беріліс қатынастары бар тісті дөңгелектерді реттеп орнату үшін керек. гитараның ауыстырмалы дөңгелектері әсіресе станока әр түрлі бұранда оймаларын, кесу кезінде ауыстырылып реттеледі.
Беріліс қорабы - токарлық өңдеу және бұранда оймаларын кесу кезінде суппортқа орнатылан кескіштің, айналмалы дайындамамен салыстырғанда, автоматты түрде орын ауыстыруын қамтамасыз етеді.
Фартук - жүріс білігі мен винтінің айналмалы қозғалыстарын суппорттың ілгермелі қозғалысына өзгертетін түйін.
Суппорт - ұстағышқа орнатылған кескіштерді бойлық және көлденең бағыттарда жылжытатын түйін.
Артқы топай - ұзын дайындамалардың оң жақ ұшын бекітуге, бұрғы, ұңғы таңбалағыштарды орнатуға және конус беттерді өңдеу кезінде қолданылады.
Басқару органдары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz