Кері байланыс және олардың реттегіштерге әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Кері байланыс және олардың реттегіштерге әсері
МазмұныОрындаған: Оразғалиев Н. А.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д. Н.
Семей 2015
Кіріспе3
1 Кері байланыс туралы қысқаша түсінік4
2 Автоматикалық реттеу және басқару жүйелеріндегі кері байланыс және олардың түрлері5
3 Күшейткіштердегі кері байланыстар7
Қорытынды8
Пайдаланылған әдебиеттер9
Мен осы өздік жұмысымда кері байланыстар туралы жазамын. Кері байланыстардың қандай салаларда қолданылатындығы туралы қысқаша мәліметтер беремін. Сонымен қатар, кері байланыстардың автоматикалық реттеу және басқару жүйелеріндегі маңызы мен олардың жіктелуі туралы да тоқталып өтемін.
Және, осындай жүйелердегі олардың жіктелу критерийлері мен типтері туралы айтамын
1 Кері байланыс туралы қысқаша түсінікКері байланыс деп - процесс нәтижелерінің оның жүріне немесе басқарылатын процесстің басқару органына кері әсерін айтамыз. Кері байланыстар табиғаттағы, қоғамдағы және техникадағы реттеу және басқару жүйелерін сипаттайды. Кері байланыс екіге бөлінеді: оң және теріс. Егер процесс нәтижелері оны күшейтсе ол оң болады. Ал егер процесс нәтижелері керісінше оны әлсіретсе, онда теріс кері байланыс орын алады. Теріс кері байланыс процесстердің жүрісін тұрақтандырады. Оң кері байланыс, керісінше, процесстің жылдам жүруіне және тербелмелі процесстерге әкеліп соғады. Күрделі жүйелерде (мысалы, қоғамдық, биологиялық және т. б. ) кері байланыстардың типтерін ажырату қиын, тіпті мүмкін емес. Сонымен қатар, кері байланыстарды олар жүріп жатқан орта мен денелер табиғатына байланысты классификациялауға болады: механикалық (мысалы, бу машинасындағы Уаттың ортадан тепкіш реттегішімен жүзеге асырылатын теріс кері байланыс), оптикалық (мысалы, лазердегі оптикалық резонатормен жүзеге асырылатын оң кері байланыс), электрлік және т. б. Кейде, күрделі жүйелердегі кері байланысты процесс жүрісі жайлы ақпаратты беру деп есептейді және осы ақпараттар негізінде белгілі бір басқару командасы таңдалады. Осы жағдайда кері байланысты ақпараттық деп атайды.
2 Автоматикалық реттеу және басқару жүйелеріндегі кері байланыс және олардың түрлеріАвтоматикалық реттеу және басқару жүйелеріндегі кері байланыс деп - әсер еткіш тізбегінің қарастырылып отырған учаскенің шығысынан кірісіне бағытталған байланысты айтамыз (ақпарат берілуі) . Осы учаске ретінде басқарылатын обьект те, автоматикалық жүйенің кез-келген буыны да болуы мүмкін. Негізгі әсер ету тізбегі деп - автоматикалық жүйенің кірісінен шығысына сигналдардың шартты түрде бөлініп алынатын өту тізбегін айтамыз. Кері байланыс негізгі әсер ету тізбегіне немесе оның кез-келген учаскесіне қоса әсерді беру жолын құрастырады.
Кері байланыс арқасында автоматикалық жүйенің нәтижелері осы жүйенің кірісіне не оның бөлігіне әсер етеді, олардың функционалдануына және қозғалысты математикалық сипаттау сипатына ықпалын тигізеді. Осындай тұйықталған әсер ету тізбегі бар жүйелер басқарылатын обьекттен басқаратын қондырғыға баратын сыртқы және бақылау әсерлері болып табылатын кіріс сигналдармен сипатталады.
Кері байланыс тізбегі берілген алгоритм бойынша негізгі әсер ету тізбегінің шығыс сигналдарын түрлендіретін бір немесе одан да көп буындардан тұрады. Кері байланыс тізбегінің мысалы ретінде кіріс шамасы ретінде басқарылатын обьекттің шығыс әсерін қабылдайтын және оны ескі шамамен салыстыратын басқаратын қондырғы (мысалы, автоматикалық регулятор) айтуымызға болады. Осындай сигналдарды салыстыру нәтижесінде басқаратын қондырғының басқарылатын обьектіге әсері қалыптасады.
Теріс кері байланыс тұйықталған автоматикалық жүйелерде тұрақтылықты жоғарылату, өтпелі процесстерді жақсарту, сезімталдықты төмендету және т. б. үшін кең қолданылады. Оң кері байланыс буынның (немесе жүйенің) шығыс әсерін күшейтеді, сезімталдықтың жоғарылауына, тұрақтылықтың төменденуіне, өтпелі процесстердің және динамикалық қасиеттердің нашарлануына әкеліп соғады.
Тізбектегі әсерді түрлендіру түріне байланысты кері байланысты қатты (статикалық), дифференциялдайтын (иілшіг, серпінді) және интегралдайтын деп бөлуге болады. Қатты кері байланыс тек пропорционалды буындарға ие және оның шығыс әсері кіріске пропорционал. Дифференциаланатын байланыстар дифференцияланатын буындараға ие және астатикалық (уақыт өте жоғалатын) не статизммен болуы мүмкін. Статизмі жоқ байланыстар тек динамикада ғана байқалады, өйткені олардың математикалық моделінде кіріс әсер қатыспайды, тек өтпелі процесстер біткен кезде нөлге ұмтылатын туындыларды ғана қатысады. Интегралдайтын кері байланыс құрамына уақыт өте келе түсетін әсерлерді жинайтын интегралдайтын буыннан тұрады.
Кері байланысы бар жүйелер үшін келесі заңдылықтар дұрыс. Пропорционалды буын кері байланысты қабыстыру (охват) кезінде жаңа беру коэффицентімен, оң кері байланыс кезінде үлкейген және теріс кезінде кішірейген проопрционалды болып қала береді. Бірінші ретті статикалық буын қатты теріс кері байланысты қабыстыру кезінде бірінші реттік статикалық болып қала береді, тек уақыт тұрақтысы мен беру коэффиценті ғана өзгереді. Интергалдайтын буын қатты теріс кері байланысты қабыстыру кезінде статикалыққа айналып кетеді, ал изодромды кері байланысты қабыстыру кезінде кіріс әсердің уақыт бойынша туындысына да жауап береді (реагирует) .
3 Күшейткіштердегі кері байланыстарКері байланыс деп күшейткіштің шығыс тізбегінен күшейгіш сигналдың энергия бөлігін кірісіне беруді айтады.
Кері байланысты күшейткіштің құрылымдық сұлбасы:
Кері байланыс тізбегі шығыс сигналының қай бөлігі күшейткіш кірісіне берілетінін көрсететін беру коэффициентімен немесе кері байланыс коэффициентімен b сипатталады:
Әдетте
Кері байланыстың түрлері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz