Есептеу техника құрал - дарының даму тарихы


Тақырыбы: Есептеу техника құрал-

дарының даму тарихы.

Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

Үлкен ЭЕМ-дер-бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылы-ғының тұтастай салаларында жұмыс істеу үшін қолданы-

лады. Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есптеу орталықтары құрылады.

Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдық-тары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бір-неше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.
Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өл-шемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми меке-мелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет.

Микор-ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қара-ғанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Микро-ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборато-рия да жеткілікті.

Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар "пайдаланушы"деп аталатын бір адамның жұмыс істеіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес. Қазіргі дербес компьютер көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90- жылдардың бірінші жартысының микро-ЭЕМ-деріне қарағанда өнімділіктері жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларын-да қолданылады.

Дербес компьютер жасау ғасырдың ең маңызды өнер-табыстарының біріне жатады. Дебес компьютер-есепте-уіш техниканың адам өміріндегі мәні рөлін айтарлықтай өзгертті.

Есептеуіш машина түрлерінің көптігіне қарамастан, олардың ең маңызды сипаттамалары:

-машинаның уақыт бірлігінде орындайтын опера- цияларының орташа мөлшерімен өлшенетін шапшаңдығы-МІРS ;

-ЭЕМ операция орындайтын сандардың берілу түрі мен разрядтылығы ;

-жадтайтын (есте сақтайтын) құрылғылардың сыйымды-лығы мен шапшаңдықтары.

Параметр

Үлкен

ЭЕМ

Мини

ЭЕМ

Микро

ЭЕМ

ДК
Параметр:

Өнімділігі,

MIPS

ҮлкенЭЕМ:

1000-

1

МиниЭЕМ: 10-1000
МикроЭЕМ: 1-100
ДК:

133-

1000

Параметр:

Ішкі жад сыйымдылығы,

Мбайт

ҮлкенЭЕМ:

2000-

1

МиниЭЕМ:

64-

1

МикроЭЕМ: 4-512
ДК: 4-256
Параметр:

Сыртқы жад сыйымдылығы,

Гбайт

ҮлкенЭЕМ:

500-

5000

МиниЭЕМ: 50-1000
МикроЭЕМ: 2-100
ДК: 1-100
Параметр:

Разрядтылығы,

бит

ҮлкенЭЕМ: 64-128
МиниЭЕМ: 32-64
МикроЭЕМ: 16-64
ДК: 11-64

Осы параметрлер бойынша есептеуіш машиналарды төмендегідей бөлуге болады:

Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режімде жеке жұмыс істеу үшін арналған. Дербес компьютер негі-зінен қарапайым құжаттардан бастап, баспа беттеуіне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, де-ректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т. с. с. жұмыс-тарға арналған.

Дербес компьютерлердің кең таралуы мен қолдануына келесідей сипаттамлары ерекше ықпал етті:

1) адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің қолайлығы ;

2) құнының арзандығы ;

3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайы-на арнайы талап қоймайтындығы (кез келген жерге орнатуға болады) ;

4) құрылымының "ашықтығы"нәтижесінде пайдалану-шылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және компью-тер қуатын жетілдіре отырып, дербес компьютерінің мүм-кіндіктерін кеңіте алады.

5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің программалық және құрылғылық үйлесімділігі ;

6) әр түрлі қолдану салаларына арналған программа- лық құралдарының мол болуы ;

7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі.

Шетелдік дербес компьютер ішінде американдық ІВМ фирмасының : 80283 (16-раз-рядты) ІВМ РС/ХТ, ІВМ РС/АТ, 80386 және 80486 МП-дағы (32-разрядты) ІВМ РС, Pentium және Pentium-Pro МП- дағы (64-разрядты) ІВМ РС компьютерлерін атап өтуге болады.

Қазіргі уақытта алғашқы модельдерді 1981 жылы пайда болған ІВМ класының дербес коомпьютерлері ке-ңінен қолданылады. Таралуы бойынша екінші орын алатын Аррle фирмасының Macintoch дербес компьютер-лері жоғарыдағыға қарағанда, танымдылығы жағынан кейін қалады.

Компьютерледің дүниежүзілік паркі 90- жылдардың басында, шамамен 150 млн дана болса, олардың 90 %-ға жуығы дербес компьютерлер.

Қазіргі кезде шетелдерде ең кең тараған компьютер-лердің модельдері Pentium, Pentium-Pro, Pentium 2, 3, 4 . . .

микропроцессорлары бар ІВМ РС болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелден әкелінетін дайын құрауыштардан жиналатын дербес компьютерлер-дің өндірісі жолға қойылған.

Дербес компьютерінің негізі- микропроцессор(МП) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Компьютерлік проектілеу және өндіріс: ЭЕМ-де сызу
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Құрылысты ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Жол қиылысының бағыттары бойынша қозғалысты басқару
Ежелгі Қытай ғылымы
Фарабидің педагогикалық идеяларының оның математикалық және жаратылыстану ғылыми еңбектерінде қолданылуы және жүзеге асырылуы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
Абай және оның шәкірттері немесе Абайдың рухани ортасы атты тақырыпта альбом жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz