Ақпарат, оны өрнектеу жолдары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ақпарат және оны өрнектеу жолары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы.
Орындаған: Тлебалды А. Б
Тексерген: Қайсанов С. Б
Семей 2015
Ақпарат және оны өрнектеу жолары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы.
Жоспар:
- Кіріспе
- Ақпарат. Ақпараттың тарихы, анықтамалары.
- Ақпаратты өлшеу
- Информатика
- Ақпараттың технологиясы және техника
- Есептеуіш техниканың даму тарихы. Информатиканың геометриялық түсінігі
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру - стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (8. 05. 2003 ж. ) шыққанын айту жеткілікті шығар. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, медициналық болжам қою және т. б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен анықтауды электронды-есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін электронды-есептеуіш машиналарды тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында электронды-есептеуіш машиналармен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет. Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар саласында көзге түсер прогресс ғылыми басылымдарда «ақпараттық қоғам» терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар «ақпараттық қоғам» терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді. Ақпаратандыру түсінігінің анықтамасы туралы А. П. Ершов өз басылымдарында былай дейді: «Ақпараттандыру - қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. А. П. Ершов сондай-ақ «ақпарат қоғамның сәтті дамуына қабілеттілікті қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті».
2. Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
Ақпараттың тарихы, анықтамалары
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
3. Ақпаратты өлшеу
Күнделікті тұрмыста адам үшін ақпарат дегеніміз - бұл бір нәрселер жөнінде хабарлау және мағлуматтар беру. Ал кез келген хабар, деректер үшін ақпарат бола ма? Мысалдар келтірейік: 1-мысал. Сенің досың: "Күндіз - жарық, ал түнде - қараңғы" десе, бұл хабар сені тек таңғалдырар еді, себебі ол белгілі нәрсе. Демек адам хабардан ақпарат алу үшін ол жаңа, яғни белгісіз болуы керек. 2-мысал. "Каузалды схема - әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым". Бұл "Каузалды схема" ұғымының анықтамасы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл анықтаманы бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпрат емес, өйткені біз әлеуметтік психология ғылымымен таныс емеспіз әрі оның терминдерін түсінбейміз. Демек хабар бізге ақпарат беру үшін, ол түсінікті болуы, яғни біз оны толық қабылдау үшін, алдымен сол салада сәйкес біліміміз болуы керек. Әрбір адам үшін берілген хабардың мәні әр түрлі болуы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы, т. с. с. ) және сонымен байланысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін. Ал техникалық көзқарас бойынша әрбір хабар ақпарат болып табылады. Сонымен ақпарат алу дегеніміз бізге түсінікті жаңа мәлімет беруді, яғни білімді толықтыруды білдіреді. Мысалы, ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер ғана емес, ол біздің көңіл күйімізге әсер ете алады: қуанышқа бөлейді, толғандырады, мұңайтады. Сөйлесу барысында алынған мағлуматтардың жалпы көлемінің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл-қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады. Ең күрделі мәселе ақпаратты саны жағынан бағалау, яғни өлшеу мәселесі. Мысалы, ғылыми жаңалықтардағы, жаңа музыкалық стильдегі, қоғамдық даму теориясындағы ақпараттар көлемін бағалау өте қиын. Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Техникада мамандарға хабар жіберу жүйесі арқылы ақпараттың қанша мөлшері өтетінін, алдыңғы ақпарат жадта қанша орын алып тұрғанын, келесі ақпаратқа қанша орын керек юолатынын анықтап отыру керек. Сондықтан техникада жіберілетін хабардың мағынасына қарамай, адамның ақпаратты бағалауын ескермей, өздерінің ақпаратты сандық бағалауын енгізеді. Технкада сақталатын, өнделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналды. Бұл ретте берілетін ақпараттың көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады. Демек, хбардың ақпаратты көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады. Есептеуіш техникда кез-келген хабардың жазылуы екілік алфавитте жасалатыны бізге мәлім. Ендеше сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік белгілер санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі 1 битке тең. Одан қолайлырақ өлшем бірлігі - сегіз екілік разрядтың жиынтығы - 1 байт, ол символдарды кодтауда жиі қолднылады. Бір байт 8 битке тең. Ыңғайлы болу үшін биттер және байттармен қатар ақпарат көлемін өлшеудің аса үлкен бірліктері енгізілген: 1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт = 1000 байт 1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт = 1 миллион байт 1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт = 1 миллиард байт Мысалы, кітапта 190-ға жуық бет бар, бір бетте шамамен 38 жол, ал бір жолда 68 символ бар делік. Кітапта суреттер жоқ және ол тек мәтінмен толтырылған деп есептесек, онда кітапта 190*38*68 = 490 960 символ болғаны, басқаша айтқанда, оқулықтың ақпараттық көлемі 490 960 байтқа немесе = 500 Кбайтқа тең. Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берітеліндігін, яғни уақыт бірлігінде ақпараттың қандай көлемі берілетіндігін анықтауға болады. Ақпаратты жіберу жылдамдығы бит/с, байт/с, килобайт/с және т. б. бірліктермен өлшенеді. Мысалы, телефон сымы арқылы жіберілетін ақпарт жылдамдығы шамамен 4 Кбайт/с, адамның мәтінді оқу жылдамдығы шамамен 38 байт/с, ал сөйлеу жылдамдығы 16 батй/с жуық болады. Хабарламаның ақпараттық көлемі хабарламадағы символдар санына тең. Символдарды сегіз разрядтық екілік сандармен, яғни байттармен ұсыну қабылданған. Көлемі жүз мегабайт болатын жадқа: - 50 000 беттік мәтінді; -150 түрлі түсті слайдтарды; -1, 5 сағаттық сөздік аудиожазбаны; -10 минуттық стереомузыкалық үзіндіні; -15 секундтық фильмді орналастыруға болады.
Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
4. Информатика ( Computer science , informatics ) - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері. Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде беретің мағұлымат.
5. Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.
Ақпарат технологиясы - ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) - қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны
Ақпараттық технология түсінігі
Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология (грек тілінен аударғанда ) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз - белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды.
Ақпараттық технологиялардың мақсаты
Ақпараттыұ технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.
Ақпараттық технологиялар құралдары
Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.
5 . Есептеу техникасының даму тарихы. Информатиканың геометриялық түсінігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz