Өрт қауіпсіздік негіздері туралы



1.Өрт қауіпсіздігі негіздері.
2. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары
3. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
4. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.
Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).
Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.
Өрт–бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.
Жану бұл – жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында болатын процесс.Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром,және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.
Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа – біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

Жанудың екі түрі бар:
а)дифуздық – тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;
б) кинетикалық – тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы жану жылдамдығы.
Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік
(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) боады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:
а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1м/с;
б) детонациялық – 1-10 м/с-тан астам;
в) жарылып жанатын – 10 м/с.
1.Ш.Т.Бейсебаев «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Оқу-әдістемелік құралы,Семей-2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СРО

Тақырыбы:1.Өрт қауіпсіздігі негіздері. 2. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары 3. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу 4. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу.

Орындаған: Зарыпханова М.
СТ-309
Тексерген:Бейсебаев Ш.Т

Семей 2015
Мазмұны

1.Өрт қауіпсіздігі негіздері.
2. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары
3. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
4. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Өрт қауіпсіздігі негіздері
Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.
Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).
Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.
Өрт - бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.
Жану бұл - жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында болатын процесс.Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром,және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.
Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа - біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

Жанудың екі түрі бар:
а)дифуздық - тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;
б) кинетикалық - тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы жану жылдамдығы.
Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік
(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) боады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:
а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1мс;
б) детонациялық - 1-10 мс-тан астам;
в) жарылып жанатын - 10 мс.
Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда, жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.
Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 3 түрге бөлінеді:
а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар:
1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау; 2) ғимарат подъездерінің жобалануы; 3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4)ғимаратты найзағайдан қорғау.
б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.
в)Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел туруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.
Өндіріс категориясы: А - жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.
Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық - 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.
Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.
Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.
Максималды - 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат - жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);б) қиын жанатын - жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).
Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:
а) жұмысшыларға нұсқау беру;
б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.

Өртті болдырмау шаралары

Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:
- жаңғыш;
- тотықтырғыш;
- тұтану көзі.
Жаңғыш зат - оттегімен қосылатн заттарды айтады, кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында.
Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану және жарылу.
От алау деп - жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз. От алау тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қәуіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.
1. тез тұтанғыш сұйық
2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы
- жану дегеніміз - тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.
- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.
- өздігінен жану деп - жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда болған жану процессін айтады.
- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.
Жарылу - жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.
- төменгі температураның тұтану шегі деп - сұйық заттың қаныққан буынның қоспасы болып табылады.

Өрттің шығу себептері

Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:
1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;
2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;
3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.
4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;
7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;
8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;
9. құрал-жабдықтардың қатты қызуы.
Өртті қарсы шаралар

1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату;
2. Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану
4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;
5. Жаңғыш затты жану зонасына оқшаулау.

Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары

- ашық от және ұшқындар;
- ауа мен заттардың жоғарғы температурасы;
- жанудың улы заттары;
- түтін оттегінің төмен концентрациясы;
- үйдің құлауы және жарылыстары.

Өрт болдырмау жүйесі деп - өрт шығару мүмкіншілігін болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдардың комплексін айтады.
Өрттен қорғау жүйесі деп - өрт қәуіпті факторларының әсерін адамға тигізбеуге және материалдық шығын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық құралдар комплексі деп айтылады.

Өрттен қорғану шаралары

Өндірістік бөлмелердегі материалдар жанатын, жанбайтын және қиын жанатын болып 3 топқа бөлінеді.
Жанатын материалдар деп - ыстыққа немесе отқа төзімсіз тез жанатын матриалдарды атайиыз.
Жанбайтын материалдар деп - қызу температурасы қаншаға көтерілсе де қалпын сақтайтын, тек қана түсін жойатын материалдарды айтамыз.
Қиын жанатын материалдарға - отқа төзімді, тек көп уақыт бойы жоғары температурасын жоғалтпай бықсып, түтіндеп тұратын материалдарды жатқызамыз.
Өндірістік бөлмелер А,Б,В,Г,Д, Е категорияларымен жіктеледі.

Өртке қарсы кедергілер

Өрт кезінде от жалынның үй көлеміндей жайылып өрістеуін шектеу үшін әр-түрлі кедергілер орнатылады. Олар өртке қарсы жабық қабырға, қалқа, қақпа, люк, тамбурлар, шлеуіздер. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалады.
Өртке қарсы қабырға дегеніміз - отқа төзімділік шегі екі жарым сағатқа жанбайтын және сынбайтын бітеу қабырғалар. Өртке қарсы қабырғаларға - есіктер мен қақпалар жатады. Олардың орта төзімділігі екі сағаттан кем болмауы керек. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерге арналған. Бұл жабындар жанбайтын немесе құрамы тұтас темір бетон ретінде болады.Түтін өртенген үйдің ішінен адамды шығаруға және от сөндіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Мұнай химиясы өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Орман өрттерінің түрлері
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдык қауіпсіздік
Ойын оқыту әдісінің түрі
Өрт сөндіру көлігі
Мұнай және газ өнеркәсібіндегі компрессорлар
Оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары
Пәндер