Алабұға тұқымдасының кәсіптік түрлері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Алабұға тұқымдасының кәсіптік түрлері

Орындаған: Ахметжанова А. С

ОЗ-407 топ

Тексерген: Айткалиев Б. М

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

1. Алабұға тәрізділердің жалпы сипаттамасы

Негізгі бөлім

2. Кәдімгі алабұға

3. Балқаш алабұғасы

4. Көксерке және кәдімгі көксерке

5. Беріш

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1. Алабұға тәрізділердің жалпы сипаттамасы

Алабұға тәрізділер (Percіformes) - сүйекті балықтардың бір отряды. Алабұға тәрізділердің қазба қалдықтары жоғары бор кезеңінен сақталған, көптеген түрі эоцен дәуірінде тіршілік еткен. Алабұға тәрізділер бүкіл дүние жүзі суларында таралған. Олар өзендерде, теңіздерде тіршілік етеді, сондай-ақ өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші түрлері кездеседі. Алабұға тәрізділердің ғылымда 149 тұқымдасы, шамамен 1200-дей туысы және 6500-дей түрі белгілі. Денелерінің ұзындығы бірнеше см-ден 4-5 м-ге дейін жетеді де, ал салмағы 10-12 кг-нан асады. Арқа қанаты үшкір тікен тәрізді және жұмсақ екі бөліктен тұрады. Бұл мүшелері кейбір түрлерінде қосылып кетеді, ал кейбіреулерінде жеке болады. Торсылдағы ішегімен жалғаспайды. Қазақстанда кәсіптік маңызы бар көксерке, берш, кәдімгі алабұға, балқаш алабұғасы сияқты түрлері тараған.

Алабұға туысы - Perca. Денесі биік. Арқа қанаттары бір - бірімен бірігіп жалғаспаған. Құрсақ қанаттары жақын орналасқан. Басында шырыш бӛлетін шұңқырлары аз болады. Бұл туыстыққа 3 түр жатады: кәдімгі алабұға, сары алабұға және балқаш алабұғасы. Таралуы: Еуропа мен Солтүстік Американың тұщы сулары.

С а р ы а л а б ұ ғ а - P. flavesciens. Mitch. Солтүстік Америка кӛлдерінде мекендейді.

C:\Users\1\Desktop\21 век\их.jpg

2. Кәдімгі алабұға

К ә д і м г і а л а б ұғ а - P. Fluviatilis L. Орта Азия мен Еуропияның оттегіне өте қанық, тұщы суларда мекендейтін балық түрі. Денесі сыртынан майда ктеноидты қабыршақтармен жабылған. Алдыңғы арқа жүзбе қанаты артқысынан биік болады. Алдыңғы жүзбе қанатының арт жағында қара теңбілі болады. Денесі 5-9 көлденең қошқыл жолақтары болатын жасыл- сары түсті болады. Құрсақ және анальді қанаттары ашық қызыл түсті. Денесінің ұзындығы шамамен 50 см, салмағы 1, 5 кг болатын балық. Бұл түрге жататын балықтар екі топқа бӛлінеді: бірі - су жағалауында ӛсетін майда балықтар, екіншісі - судың терең қабатын мекендейтін ірі балықтар. Су жағалауында мекендейтінері үйірімен топтасып жүретін балықтар. Олар баяу ӛседі. Негізгі қоректері зоопланктондар мен насекомдардың дернәсілдері. Судың терең жерінде мекендейтіндері ірі болады және тобыр (үйір) құрмайды. Негізгі қоректері балықтар. Ірілк пен ұсақтық қасиеттері тұқым қуаламайды. Олардың не ірі не майда болуы ӛсу жағдайына байланысты. Аталықтары 2-3, ал ұрғашылары 3-4 жасында денелерінің ұзындығы 10-16 см жеткенде есейеді. Олардың арасында 1 жасында есейетін ергежей дарақтары да кездеседі. Алабұғалар судың қызуы 8-15 0 С болғанда ұрықтарын шаша бастайды. Ұрықтарын су ӛсімдіктерінің арасына шашады. Ірі дарақтарының анылықтары уылдырықтарын ұзындығы шамамен 1 м болатын, ал майда дарақтары 20-40 см болатын таспаға ұқсас іркілдек шілтер тәрізді етіп шашады. Ӛсімталдығы 10 - 900 мың дана уылдырық. Алабұғалар жас кезінде жылдам ӛсіп есейе келе ӛсу қарқыны тӛмендейді. Кәсіптік маңызы жоғары.

3. Балқаш алабұғасы

Б а л қ а ш а л а б ұғ а с ы - P. schrenki Kessler. Балқаш алабұғасының кәдімгі алабұғаға қарағанда тӛменгі жақсүйегі сәлғана 223 алға қарай шығып тұрады және арқа қанатының арт жағыныда қара теңбілі болмайды, сонымен қатар ересек дарақтарының денесінде қара жолақтары да жоқ. Балқаш, Алакӛл кӛлдерінде және Іле ӛзенінде кездеседі. Ұзындығы 50 см-ге дейін жететін, салмағы 1, 5 кг болатын тұщы су балығы. Ұрықтарын сәуір-мамыр айларының аралығында шашады. Ӛсімталдығы 10-200 мың дана уылдырық. Жыртқыштар қатарына жатады. Кейде ӛзінің ұрпақтарын да жеп қояды. Жергілікті кәсіптік маңызы бар.

4. Көксерке және кәдімгі көксерке

Көксерке - судак - Lpuciorca, немесе Stizostedion . Денесі аласалау, арқа жүзбе канаттары 2 және олар жеке дара орналасқан, басында шырыш бӛлетін шұңқырлары аз, денесінде сарғыш түсті кӛлденең жолақтары болады. Солтүстік Америка, Балтық, Солтүстік, Каспий және Арал теңіздерінің тұщы су алаптарында мекендейтін ӛрістегіш (қоныстарын аударатын, ӛткінші) балықтар. Әлемде 5 түрі кездеседі, оның 3 түрі ТМД елдерінің суларын мекендейді, олар: кӛксерке, беріш, теңіз кӛксеркесі.

К ә д і м г і к өк с е р к е - L. lucioperca L. Морфологиялық ерекшеліктері: арқа жүзбе қанаттары 2, екіншісі ұзындау, екінші арқа жүзбе қанатының 19-24 тармақатлынған сәулелері болады, жақтарында сойдақ тістері бар. Үстіңгі жақ сүйегі ұзын және кӛзінің арт жағына дейін жетеді, арқа және құйрық қанатырында бірнеше катар болып ораласқан қара теңбілдері болады. Кӛксеркелердің ұзындығы 130 см-ге, ал салмағы 15 кг-ға дейін жететін дарақтары кездеседі. Таралуы: Эльба ӛзенінен Амудария ӛзеніне дейінгі сулар, Балтық, Қара, Каспий, Азов, Арал теңіздерінің су алаптары Балқаш, Ыстық және Ханка кӛлдеріне жерсіндірілген. Қазіргі кезде Ақмола облысы су қоймаларында жерсіндірілген. Кӛксеркелер тіршілік ету жағдайына байланысты екі формасы кездеседі: тұрғылықты және жартылай ӛрістегіш (жартылай ӛткінші) . Тұрғылықты немесе, жергілікті формалары суы оттегіне қанық ӛзендер, кӛлдер мен су қоймаларында тіршілік етеді. Жартылай ӛрістегіштері ТМД елдерінің кермектілеу (ащылау) суларында ӛмір сүреді, ал ұрықтарын шашуға ӛзендерге ӛтеді. Жартылай ӛрістегіш (ӛткінші) формасына жататындары жергіліктілерге қарағанда ерте жетіліп, тез ӛседі және кәсіптік маңызы ӛте жоғары болады. Жыныстық қабілетке 3-7 жасында, денесінің ұзындығы 40-60 см жеткенде келеді. Ұрықтарын оңтүстік аудандарда сәуір-мамыр, ал солтүстікте маусым-шілде айларында, судың қызуы 19-200 С кӛтерілгенде шаша бастайды. Уылдырықтарын судың ағыны шайып жалаңаштанған су ӛсімдіктерінің тамырларына шашады. Аталықтары ұрықтанған уылдырықтарды қорып тұрады. Олар дамылсыз жүзбе қанаттарымен суды толқындатып уылдырықтарды шайып оттегі жағдайын жақсартып тұрады. Уылдырықты қорып тұрған аталық бӛтен балықтарды қасына жақындатпай қорып тұрады. Кейде қарсыластарын ӛткір тістерімен тістеп ауыр жарақаттайды. Ұрық шашақан жердің суы 224 тартылып, оттектік жағдайы тӛмендеген кезде де олар ұясын тастамайды. Ал қызыл қанат, торта, табан секілді балықтар кӛксеркенің қаhарынан қорыпайды, қайта сол жергше ӛздерінің уылдырықтарын шашып болашақ ұрпақтарын кӛксеркені арқасында корғап кориды - бұндай жағдайды «ұялық паразитизм-тоғышарлық» дейді. Өсімталдығы 200 мыңнан 2, 7 млн. - ға дейін дана уылдырық. Уылдырықтарының диаметрі 1, 25-1, 4 мм болатын, ірі май тамшысы бар, сары түсті және жабысқақ болып келеді. Судың температурасына байланысты инкубациялық кезеңі әр түрлі болады. Мысалы, судың температурасы 9-110 С болғанда инкубациялық кезең 10 тәуілікке дейін созылады, ал 18-220 С жағдайда 3-4 күн - ғана болады. Қоректері: жас шабақтары планктонды организмдермен қоректенсе, ересек дарақтары - жыртқыш болып саналады, негізгі қоректері торта, бұзаубас, тюлька, таутан секілді майда балықтар. кәсіптік маңызы ӛте жоғары.

5. Беріш

Беріш - берш- Lucioperca volgensis (Gmelin) . Екінші арқа жүзбе қанаттары ұзын және кемінде 17 сәулесі болады. Жақсүйектерінде сойдақ тістері болмайды. Үстіңгі жақсүйегі қысы. Беттері қабыршақты. Таралу аймағы: Каспий, Азов, және Қата теңздерінің су алабтары. Еділ мен Жайық ӛзендерінде мекендейтіндері жартылай ӛрістеушілер формасына жатады. Денесінң ұзындығы 45 см, массасы 1, 2-1, 4 кг жетеді. Ұрықтарын алғашқы рет 3-4 жасында, дене ұзындығы 20 см жеткенде шашады. Ұрықтарын сәуір- мамыр айларында шашады. Ұрық шашу кезінде олар азықтанбайды соның нәтижесінде кӛп бӛлігі ұрық шашып болысымен әбден арықтап, әлсізденіп шығынға ұшырайды. Эмбриональдық дамуы судың температурасына байланысты 3-4 күннен 10-11 тәуілік аралығында ӛтеді. Дернәсілдері ӛте ірі болады (4, 6-5, 7 мм) . Дернәсілдері оң фототаксисті болып шығады. Шығысымен су бетіне қарай кӛтеріліп қайтадан судың табанына түседі. Олар жиі-жиі су қабатына кӛтеріліп бір жерден екінші жерге қонысын аударып тұрады. 5-7 тәуіліктен соң торсылдақатарына ауа толтырады. Сол үшін олар су бетіне кӛтеріліп ауаны жұтады. Ал торсылдағы ауаға толмағандары баяу ӛсіп біраздан соң ӛлімге ұшырайды. Жас шабақтары шаянтәрізділермен, ал ересектері майда балықтармен азықтанады. Кәсіптік маңызы тӛмендеу. Теңіз кӛксеркесі - морской судак -L. marina Cuvier. Екінші жүзбе қанаттары сәулелерінің саны 15-18 сәулелері бар қысқа болады. Жақсүйектерінде ұзын сойдақ тістері бар. Жақтары сыртынан қабыршақпен жабылмаған. Денесіндегі қара жолақтары бір - бірімен қосылып кеткендіктен денесінің сырты карақошқыл түсті болып келген. Таралу аймағы: Қара, Жерорта, Каспий теңіздерінің солтүстік- батыс бӛліктері. Денесінің ұзындығы 60 см, массасы 2 кг шамасында болады. Жыныстық қабілетке 2-4 жасында жетеді. Ұрықтарын сәуір- мамыр айларында судың температурасы 15-160 С жеткенде судың 225 табанындағы тастарға шашады. Ӛсімталдығы 13-126 мың дана уылдырық. Жылдам ӛсетін балық түрі. Бір жасқа жетер кезде денесінің ұзындығы 10 см, салмағы 20 г -ға дейін жетеді. Жыртқыш. Негізгі қоректері килька, бұзаубас, атерина, майшабақ секілді балықтар. Кәсіптік маңызы тӛмен. Торталар туысы - род ерши - Acerina . Еурпа және Сібірдің (Амур ӛзенінен басқа) тұщы сулардында кең тараған балық түрі. Сонымен қатар Арал теңізінің кермектілеу суларында және Сырдария мен Амудария ӛзендерінде де жиі кездеседі. Биологиялық ерекшелігі. Арқа жүзбе қанаттары бірігіп кеткен, ал құрсақ қанаты жеке дара орналасқан. Басында шырыш бӛлетін безді шұңқырлары кӛп болады. Түсі майда қара теңбілді сұр-жасыл болып келеді. Жақсүйектеріндегі тістері қылтантәрізді. Кәдімгі торта - A. cerina (L. ) . Солтүстік және Орталық Еуропияда, Солтүстік Азя суларында кеңін тараған балық. ТМД елдерінде Амур ӛзенімен Кавказ суларынан басқа барлық суларда кездеседі. Ұзындағы 30 см және салмағы 300 г болатын балық. Тұщы сулардың табанында үйр құрып тіршілік етеді. Тіршілік үшін ағысы баяу суларды таңдайды. 2-3 жасында жыныстық қаблетке жетеді. Кӛбею кезеңі сәуір-маусым айларында, судың температурасы 5- 18 0 С жеткенде басталады. Сол кезде судың жағалауына жақын шығып ұрықтарын шашды. Уылдырықтарын бӛліп - бӛліп шашады. Ӛсімталдығы 4-200 мың уылдырық шамасында. Негізгі қорегі хирономидтер, майда былқылдақ денелілер, шаянтәрізділер, бӛтен балықтардың уылдырықтары және балықтардың дернәсілдері. Торталардың кәсіптік маңызы жоқ, баяу ӛсетін балық. Табан, сазан секілді кәсіптік маңызы жоғары балықтармен қоректік бәсекеге түседі, алайда алабұғы, кӛксеркелерге азық болып табылады. Арқа жүзбе қанаттары қосылып кеткен. D X1 - XV1 10 - 15; A 11 5-6 . Тұмсығы қысқа және доғал болып келген. Ауызы жартылай тӛмен және қозғалмалы. Басының екі жағында шырыш бӛлетін қуыстары бар. Басы қабыршықсыз жалаңаш. Желбезек қақпағында кішкентайған тікенекті ӛсіндісі бар. Қабыршағы ктеноидты. Бүйір сызығында 35-40 қабыршақ болады. желбезек сағағының саны 8-13. Денесінің түсі қоңыр теңбілдері бар сұр-жасыл болады. Арқа және құйрық қанаттарында қара түсті теңбілдері болады, ал басқаларында болмайды. Денесінің ұзындығы 15-20 см, салмағы 200 г шамасында болатын майда балықтар. Негізінен ӛзендер мен кӛлдерді және ағысы бар тоғандарды мекендейді. Ұрықтарын сәуір-маусым айларында судың температурасы 4, 5-180 С болғанда, саяз, табаны тасты - құмды болып келген тұсына, кейде жайылма алқапқа шашады. Жыныстық қабілетке ерте жетеді. Екі жас шамасында пісіп жетіледі. Уылдырықтарын бӛліп шашады. Ӛсімталдығы 4мыңнан - 100 мың уылдырыққа дейін. Уылдырығын судың табанына шашады. Уылдырықтарының диаметрі 1 мм, май тамшысы ірі болады және ӛзі 226 жабысқақ. Ұрықтанған уылдырық 5 тәуілікте дернәсілге айналады. Дернәсілдері зоопланктондармен қоректенеді. Ересектері тойымсыз ашқарақ болады. Негізгі қоректері бентосты ағзалар, сонымен қатар басқа балықтардың уылдырықтары мен дернәсілдерін жеп балық шаруашылығына кӛп зиян келтіреді. Кәсіптік маңызы тӛмен. Сонымен қатар алабұғатұқымдасына Азов, Қара теңіздерінде кездесетін перикарина (Pericarina), Дунай, Днестр ӛзендерінде кездесетін ӛзенде тіршілік ететін чоп (Aspro) секілді туыстар жатады. Бұл балықтардың кәсіптік маңызы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның көлдері мен өзендерінде кездесетін балықтар
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Каспий теңізінің пайда болуы. Каспий теңізінің ихтиофаунасы
Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтардың шаруашылықтағы маңызы. Миграциясы
Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы
Қазақстанның Қызыл Кітабына енген балықтар
Үлкен Мариновское көлі
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Алакөл көлдер жүйесіндегі жыртқыш балықтардың қоректенуі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz