Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндірісінің өркендеуі


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының

мұнай-газ өндірісінің өркендеуі

Біздің ел мұнайды өңдеу көлемі жағынан дүниежүзінде АҚШ-тан кейін 2-ші орында. Осы жақын кезеңге дейін елде мұнай өңдеу көлемі оның өмдірілуіне байланысты есін келді. МӨЗ соғысқа дейін іске қосылғандары және 1940-1950 жылдары жұмыс істегендерінде мұнайды едәуір терең өңдеуге бағытталғап еді. 1960-1970 жылдары Поволжье, Маңғыстау-өзен және Батыс Сібірден арзан мұнай өндіру көбейген соң, жаңадай МӨЗ негізінен мұнайды терең емес жүйемеп өңдеуге бағыт алды. Әсіресе Еуропалық бөлігіндегілері. Мұнай өңдеу өсуі тек сан жағынан ғана емес, яғни мұнай өңдеудің жаңа қуатын қосумен ғана емес, сонымен қатар жоғары өнімді поцестерді біріктіру, істеп тұрған қондырғылардың жұмысын жаңарту арқылы, сапа жағынан да өзгерді. Осылай саланың өркендеуі мұнай сапасының төмендеуі (1980 ж. күкіртті және жоғары күкіртті мұнай үлесі 83, 7% жетті) және мұнай өнімдеріне сапа жөнінен қойылатын талаптың өсуі жағдайында іске асуда. Қазір елде ең көп пайдаланатын мұнай өнімдерінің қатарында қазан отыны (42%) тұр. Екінші болып мұнай өнімдерінің ішінен өндіру көлемі жағынан дизель отыны (23%), себебі өте ауыр затар таситын автокөлік, тракторлар және комбайындар карбюратор қозғалтқыштарына карағанда, экономикалық жағынан тиімді дизель козғалқыштарымен жабдықталған. Елде ұшақ және автобензиндер өндіру көлемі (16%), дизель отыны өндіруге қарағанда, төмен (бензин/ дизель отыны қатынасы 1/1, 4) . Келешекте бұл қатынас дизель отыны есебінен, автокөліктердің дизель қоз-ғалтқыштарын пайдалану есебінен ары қарай өсуі күтілуде (2000 ж. бұл қатынасы 2-3 жетеді) .

Соңғы он жылдықта, мұнай өңдеу тереңдігінің өзгеруі мынадай: 1975 ж. - 57, 9; 1980 ж. - 56, 2 және 1985-58, 2%. Осы көрсеткішке қарап, тағы да бензин мен козғалтқыш отынының қосынды шығымына қарап, біздің елдің мұнай өндеу деңгейі, сонымен қатар, дүние жүзілік орта көрсет-кіштерден төмен екендігі байқалады. Бұл жағдай мұнай өнімдерінің қалыптасқан пайдалану құрылымынан және екінші кезектегі іске асатын процестердің, бірінші кезектегі процестерге қарағанда, іске қосылуы кенже қалуының әсерінен. Екінші кезектегі іске асатын процестер үлесі, КСРО МӨЗ 1985 ж. (% бірінші өңдеуден) мынадай:

Термиялық: Термиялық
-6, 1: -6, 1
гиаротазалау және: гиаротазалау және
гидро: гидро
Термиялық: каталитикалық
-6, 1:
гиаротазалау және: күкіртсіздендіру
гидро: -24, 6
Термиялық: крекинг
-6, 1: -4, 0
гиаротазалау және:
гидро:
Термиялық: гидрокрекинг
-6, 1: -0, 1
гиаротазалау және: ал килдеу
гидро: -0, 1
Термиялық: каталитикалық
-6, 1:
гиаротазалау және: изомерлеу
гидро: -0, 1
Термиялық: риформинг
-6, 1: -8, 7
гиаротазалау және:
гидро:
Термиялық: Қосындысы
-6, 1: 43, 7
гиаротазалау және:
гидро:

Мұнай өндеу саласы өндірілген мұнай өнімдерінің сапасын әрдайым көтеруде. Жоғары октанды бензин өндіру (А-80. АИ-93, АИ-98 және басқа) оның жалпы өнімінің 80% жетті. 1970 ж. бастап А-66, А-72 бензинің өңдіру тогі атылды. Аз күкіріті дизель отынының үлесі оның жалпы өндірілуінің 95% құрайды. Бірақ, мұнай өнімдерінің сапасының артуына қарамай, қазір біздің кейбір мұнай және мұнай химия өнімдері дүние жүзілік сапа жөніндегі стандарттан, сонымен қатар өте маңызды мынадай техника-экономикалық көрсетерден де - металл жұмсау, энергия шығыны, зауыттардың өндіріске пайдалану жері жөнінен көрсеткіштері жоғары, өндірісті автоматтандыру деңгейі төмен, жұмыс істейтін адам саны көп және басқа көрсеткіштерден төмен. Мұндай көшелдеу процестердің моральді және физикалық ескеруінен ғана емес. Тіптен, соңғы жылдары жасалып іске қосылған, жоғары қуатты процестер және каталитикалық жүйелер бұл көрсеткіштер бойынша шет елдегі өзіне ұқсас процестерден көрсеткіштері едәуір төмен. МӨЗ-да мөлдір мұнай өнімдерін, оның мұнайдағы бар мөлшері деңгейінде белін алу да, қанағаттанарлықтай емес, бұл атмосфералық колонналарда дизель фракциясының толық бөлуіне кедергі жасайды. Біздің катализаторлар активтігі, тұрақтығы, талғамдығы және басқа көрсеткіштері жағынан шетелден алынған катализаторлардан төмен.

Соңғы жылдары бұрынғы КСРО-да да, шет елдерде де газ конденсатын көп мөдшерде өңдей бастады. Оның негізгі қоры Батыс Сібір, Еуропалық Солтүстікте және Каспий ойпатындағы аудандарда орналасқан. Өндіру аудандарында шыққан газ конденсатын әуелі тұрақтандырады, осының нәтижесінде одан С1-С4 және аздап С5 фракциясы бөлінеді. Алынған тұрақты кұрамды газ конденсаты негізінен бензин мен дизель фракцияларынан тұрады (360 0 С-қа дейіи 85%) . Газ конденсатын өңдірудің өзіндік құны мұнай өндіру өзіндік құнынан 2- 4 есе төмен, ал оны дұрыстап өңдегенде өндірілген өнім мұнай өнімдерінен 1, 5 есе тиімді. Газ конденсаттың әдепкі мұнайлармен салыстырғанда құндылығы, оларды өңдегенде көп капиталды қаржы жұмсамай-ақ мұнай өндеу тереңдігі сияқты көрсеткішті және қозғалтқыш отынының шығымын, бастапқы шикізатқа есептегенде, шұғыл жақсартуға болады. Отынның бұл жерде негізге алу әдісі газ конденсатын тік айдау арқылы бензин және дизель фракцияларына айыру.

Көп жағдайда бензин фракциясы төменгі октан санды болып шығады, сондықтан оны қосымша әрі қарай өңдеумен сапасын көтереді. Батыс Сібір газ конденсатының керосин және дизель фракциялары негізінен тауар өнімдеріне қойылатын сала стандартының сұранымына (ССС) сәйкес келеді, ал егер отынның қысқы немесе арктикалық түрін алу керек болса, онда оларды парафиндерден айыру процесіне жібереді.

Кейбір кездерде Сібір және Қиыр Шығыс газ конденсаттарынан, қарапайым технологияны пайдаланып, кеніштің өзінде дизель отынын алады, бұл әдіс жеткізуі қиын алыс ауданды дизель отынымен қамтамасыз етуде маңызы зор. Батыс Сібір және Еуропалық Солтүстік аудандарында өндірілетін газ конденсатын өңдеудегі негізгі қиындық оларды МӨЗ-на тұрақты жеткізіп тұру, көлік магистральдарынан алыс орналасқандықтан, қиынға түседі.

Каспий теңізі ойпатындағы газ конденсатын және жеңіл мұнайды (Орынбор, Орал, Атырау және Астрахан облыстарында) өңдеуде күрделі проблемалар пайда болуда. Олардың ерекшелігі, құрамында аса көп мөлшерде меркаптанды күкірт кездеседі. Жалпы күкірттің мөлшері 1, 5% болғанда, меркаптан күкірттің мөлшері 0, 1-0. 7% масс. аралығында болады. Бұл көрсеткіш күкіртті газ конденсаттарын және оған ілеспе жеңіл мұнайларды ерекше меркаптаны бар мұнай шикізаты тобына жатқызып, оларды кәдімгі мұнайлармен араластырып өңдеуге болмайды. МӨЗ осындан шикізаттардың 2000 ж. дейін көлемі (Қарашығанақтың және Орынбордың газ конденсаторы, Жаңажолдың және Теңсіздің жеңіл мұнайлары), шамамен 25 млн. т/ж деп күтілуде. Құрамында меркаптаны бар мұнай шикізатты, оларды тұздай айыру және күкіртсіздендіру қондырғыларында жақсылап дайындауды талап етеді және технологинлық қондырғылардың құрал жабдықтарын коррозиядан сақтандырудың арнайы жолдарын қарастыруды қажет етеді. Бензин, керосин және дизель фракцияларында меркаптанды күкіртпен қатар, жалпы күкірттің мөлшерінің көптігінен олар гидротазалаудан өтуі қажет немесе «Мерокс» әдісімен құрамында меркаптаны бар шикізатты сілтімен экстракттау меркаптанды сілті ерітіндісін қайта тазалау арқылы, айыру керек.

Соңғы онжылдықта дүнежүзілік мұнай өндіру кемуі және оның бұрынғы КСРО-да тұрақтану кезеңінде мұнайды терең өңдеп одан мүмкіндігінше қозғалтқыш отынын және мұнай химиясының шикізатын көп өндіру, өте актуальді мәселе болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Ауаны зиянды заттармен ластануы
Биоотын
Индустриялық-инновациялық дамуда «Ұлттық инновациялық жүйенің» маңыздылығы
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Қонаев және оның кезеңі
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Атырау облысы экономикасы
Қазіргі кәсіпорындардың қызметтерін дамытуды талдау.ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz