Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
2.1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері.
2.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың негізгі формалары.
2.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға экономика теориясы тәжірибесінде "кедейлік индексі" жиі пайдаланылады, ол макроэкономикалық тұрақсыздықтың екі негізгі көрсеткіштері ретінде жұмыссыздық пен инфляция деңгейі көлемін көрсетеді.
Жұмыссыздықтың негізгі нысандары фрикциондық, кұрылымдық және циклдік техникалық, конъюнктуралық, ерікті болып табылады. Олар үш түрде болады:
• тұйық;
• қазіргі;
• жасырын.
Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс іздеу және күтумен байланысты. Ол біліктілігіне байланысты жұмыс күтумен айқындалады және белгілі уақытты қажет етеді. Ол мамандықтың түрғылықты мекен-жайдың өзгеруімен байланысты т.с.с. Сондықтан фрикциондық жұмыссыздық ерікті және қысқа мерзімді болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ҒТП салдарынан "ескірген" мамандықтарға сұраныстың өзгеруінен, өндірістегі техникалық ығысулармен байланысты. Мұндай жұмыссыздық көбіне мәжбүрлеу және ұзақ мерзімді сипатта болады.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды.
Циклдік жұмыссыздық дегеніміз - жұмыссыздық деңгейінің табиғи ауытқуы. Циклдік құлдырау кезеңінде фрикционалдық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады,ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі өткен жылға қатысты өзгермесе, онда нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны жылына 3% құрайды. Бұл қарқын халық өсімімен, қаржының қорлануымен және ҒТП-мен қамтамасыз етіледі. Жұмыссыздық деңгейінің әрбір 1%-ға ұлғаюында (өткен жыл көрсеткішіне қатысты) нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны 2,5% төмендейді.
Жұмыссыздық, осылайша, қоғамның бүкіл экономикалық өміріне қолайсыз әсер етеді. Ол ең алдымен экономикалық шығындарға әкеледі, ұлттық өнімнің нақты деңгейін төмендетеді.
Жұмыссыздық адамдардың табыстан толық немесе жарым-жартылай айырылуына, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ол қылмыстың өсуін, психикалық аурулар санының көбеюін туғызады. Бұл әлеуметтік проблеманы жеңілдету үшін мемлекет ішінара жұмыспен қамтуға немесе толық емес жұмыс аптасына қаражат береді. "Артық" халықты қысқарту ретінде әдетте "жұмыс орындарын бөлу" әдісін пайдаланады, бір жұмыс орнын екі жұмысшыға жалақысын төмендетіп ұсынады. Осының нәтижесінде компанияларға салық жеңілдіктері туады.
1. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004 ж. 89-100 беттер аралығы.
2. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова «Макроэкономика». III – тарау А, 2003 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары.

Тобы: ВМ-401.
Орындаған: Мұрат Р.
Тексерген: Қуантқан Б.

Семей, 2015 жыл.
Жоспар

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
2.1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері.
2.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың негізгі формалары.
2.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға экономика теориясы тәжірибесінде "кедейлік индексі" жиі пайдаланылады, ол макроэкономикалық тұрақсыздықтың екі негізгі көрсеткіштері ретінде жұмыссыздық пен инфляция деңгейі көлемін көрсетеді.
Жұмыссыздықтың негізгі нысандары фрикциондық, кұрылымдық және циклдік техникалық, конъюнктуралық, ерікті болып табылады. Олар үш түрде болады:
:: тұйық;
:: қазіргі;
:: жасырын.
Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс іздеу және күтумен байланысты. Ол біліктілігіне байланысты жұмыс күтумен айқындалады және белгілі уақытты қажет етеді. Ол мамандықтың түрғылықты мекен-жайдың өзгеруімен байланысты т.с.с. Сондықтан фрикциондық жұмыссыздық ерікті және қысқа мерзімді болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ҒТП салдарынан "ескірген" мамандықтарға сұраныстың өзгеруінен, өндірістегі техникалық ығысулармен байланысты. Мұндай жұмыссыздық көбіне мәжбүрлеу және ұзақ мерзімді сипатта болады.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды.
Циклдік жұмыссыздық дегеніміз - жұмыссыздық деңгейінің табиғи ауытқуы. Циклдік құлдырау кезеңінде фрикционалдық және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады,ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі өткен жылға қатысты өзгермесе, онда нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны жылына 3% құрайды. Бұл қарқын халық өсімімен, қаржының қорлануымен және ҒТП-мен қамтамасыз етіледі. Жұмыссыздық деңгейінің әрбір 1%-ға ұлғаюында (өткен жыл көрсеткішіне қатысты) нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны 2,5% төмендейді.
Жұмыссыздық, осылайша, қоғамның бүкіл экономикалық өміріне қолайсыз әсер етеді. Ол ең алдымен экономикалық шығындарға әкеледі, ұлттық өнімнің нақты деңгейін төмендетеді.
Жұмыссыздық адамдардың табыстан толық немесе жарым-жартылай айырылуына, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ол қылмыстың өсуін, психикалық аурулар санының көбеюін туғызады. Бұл әлеуметтік проблеманы жеңілдету үшін мемлекет ішінара жұмыспен қамтуға немесе толық емес жұмыс аптасына қаражат береді. "Артық" халықты қысқарту ретінде әдетте "жұмыс орындарын бөлу" әдісін пайдаланады, бір жұмыс орнын екі жұмысшыға жалақысын төмендетіп ұсынады. Осының нәтижесінде компанияларға салық жеңілдіктері туады.
Жұмыссыздықты азайту үшін жұмыс орындарын қайта құру кезінде "мерзімнен бұрын" зейнеткерлікке шығу және тұтынушыларға ұсынылатын қызметті әмбебаптандыру (универсализация) есебінен жұмыспен қамтуды кеңейту тәжірибесі қолданылады. Мұндай әдіс, сөзсіз түрде сағаттық еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуіне әкеледі, бұл жұмысшы табысымен салыстырғанда қосылған құнның өсім қарқынының неғұрлым жоғары екендігін көрсетеді.
Халықтың артық қоныстануын жоюдың маңызды әдісі, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіптік даярлық деңгейлерін арттыру болып табылады. Мәселен, Англияда мынадай бағдарламалар жұмыс істейді:
:: ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендерге байланысты:
:: жұмыс күшіндегі жастар үлесінің ұлғаюы;
:: жұмыс күшіндегі әйелдер үлесінің ұлғаюы;
:: экономикадағы кұрылымдық ығыстырулардың тым жиілігі.

2.1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері.
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық - құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады - нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Ағылшын экономисті А. Пигу "Жұмыссыздық теориясында" мынадай тезис дәлелдеді, -- "еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ". Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
"Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай деп қарастырған: "Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы", "толуы" дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан "кездейсоқ" ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д.Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д.Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы "жұмыспен толық" қамтамасыз етуге болады.
Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік "сұранымның молшылығы" жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.
Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып көрсетті.
Қазіргі кезде де даусыз болып қала береді. Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктік бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады:
Фрикциондық жұмыссыздық -- адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Құрылымдық жұмыссыздық -- өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық -- өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның "табиғи" деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты "табиғи" деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі "Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі" деп айтылады. Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық - фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып келеді.
Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа.
Жасырын жұмыссыздық -- өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т.б.
Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Жұмыссыздық - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.
Жалпы жұмыссыздық - үш критерийге қатар жауап беретін адам жұмыссыз болып есептелетін кездегі жұмыссыздық, олар:
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық - маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) - жұмыс істеглері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылыңқы жұмыссыздық - 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше "себептері" бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - "жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен"туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына - "жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін" жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздқ деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖБ=ЖСЖК*100
Мұндағы - ЖБ - жұмыссыздық деңгейі;
ЖС - жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі - олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.
Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.
Жұмыссыздық себептері, 2007 жыл
Дерек көзі: Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногы: 2006 жыл. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі, 2007ж.
Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық формасының ерекшелігі мыналардан тұрады:
Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу обьектісі болып шықпайды;
Жалдау формасындағы сату;
Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т.б.);
Тұтас еңбектік бөлігі (элеуметтік формада) тұрақты өтімді таппайды; Қорытындысында тұрақты құбылыс - жұмыссыздық туады.
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық - құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады - нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Жұмыссыздық негізгі себептері:
Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.
Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.
Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар. Адамдар бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді, жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар дейді. Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті қажеттілікпен қозғалысына байланысты.
2. Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылысына жұмыс орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.
Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрылымы бұрыннан келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың белгілі бір бөлігі өндірістен ығыстырылып, құрылымдық жұмыссыздарды құрайды.
Жұмыссыздықтың жоғарыда келтірілген екі түріде шарасыз, сондықтан егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық және құрылымдық түрлері болса, онда жұмыссыздық жоқ деп есептелінеді.
3. Технологиялық жұмыссыздық - ғылыми - техникалық прогресспен байланыты (ҒТП). ҒТП - жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс орындары босайды, оның саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП - тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек сыйымдылығы жоғары процестеріне қызмет жасау үшін жұмыс жасау күшін тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды қарастыру қажет.
4. Циклдық жұмыссыздық - экономикалық дағдарыста өндірістің төмен құлдыраған (спад) кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі жалпы тұтынушы және инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен сипатталады. Тауар мен қызметтерге жалпы сұраным қысқарып, жұмыссыздық өседі. Сондықтан жоғарыдағы себепке байланысты, оны сұраным ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит) байланысты жұмыссыздық деп те атайды.
5. Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық - белгілі бір уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристтерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау.
6. Аймақтық жұмыссыздық - жеке аймақтарда тарихи, демографиялық, әлеуметтік - психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады. Мысалы, көмір өндіретін өндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік тәжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік мақсатты бағдарламалар негізінде шешеді.
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді:
* Ғылыми - техникалық прогресс;
* Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
* Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі.
Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті:
Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында).
Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте үлкен бейімділік танытуға.
Еңбекақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны нақтылы жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге адамның жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтік мүмкінділігін және біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек).
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына - жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді.
Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда "жұмыссыздықтың табиғи деңгейі" деп атайды.
Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді.
Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.
Экономикалық теорияда "жұмыссыздықтың табиғи деңгейі" - деген ұғымды пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әр түрлі 2 пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Жұмыссыздықтың экономикалық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық, оның себептері мен формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
ҚР-дағы жұмыссыздық себептері және формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке
Пәндер