Қазақстандағы көлік жүйесі



1. Қазақстандағы көлік жүйесі
2. Көлік саласының дамуы және әлемдік көлік жүйесіне кірігу
3. Елдегі телекоммуникация саласының қазiргi кездегi жай.күйi және оны дамыту жолдары
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен “тоғысатын” өзіндік ерек-шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.
Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.
Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді.
1-дәліз: Қорғас – Алматы – Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.
2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Орал – Ақтөбе — Қызылорда – Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.
3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Петропавловск – Астана – Алматы – Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.
4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) – Павлодар – Семей – Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Қазақстандағы көлік жүйесі
2. Көлік саласының дамуы және әлемдік көлік жүйесіне кірігу
3. Елдегі телекоммуникация саласының қазiргi кездегi жай-күйi және оны дамыту жолдары
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстандағы көлік жүйесі
Су көлігі - көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен "тоғысатын" өзіндік ерек-шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.
Темір жол көлігі - республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалданатын негізгі өнімдер - көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.
Автомобиль көлігі - жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді.
1-дәліз: Қорғас - Алматы - Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.
2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы - Орал - Ақтөбе -- Қызылорда - Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.
3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы - Петропавловск - Астана - Алматы - Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.
4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) - Павлодар - Семей - Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.
5-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Челябі) - Петропавл - Ресей Федерациясы шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 км болатын маршрут - Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі.
6-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Қорған) - Петропавл - Есіл - Арқалық - Жезқазған - Қызылорда - Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол.
7-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахан) - Атырау - Бейнеу - Түрікменбашы.
Әуе көлігі - әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы - жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды.
Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк - Новосергеевка бағытында).
1923 ж. "Добролет" қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.
1924 ж. "Ю-13" ұшағымен Ташкент - Алматы, Алматы - Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.
1925 ж. Бішкек - Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.
1929 ж. Қызылорда - Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары ("Эйр Қазақстан", "Эйр Астана") құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.
Құбыр желісі - көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау. Мұнда жылжымалы құрам - құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Әрбір 100 - 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сероп стансалары орнатылады. Құбыр желісі (мұнай құбырлары мен газ құбырлары) Қазақстанда тұңғыш рет 1970 ж. іске қосылды.
Өркениетті елдердегі тәрізді Қазақстан да көлік жүйелері мен желілерін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Оған 1998 -- 2005 жылдар аралығында көлік инфрақұрылымы мен көлік түрлерін жетілдіруге бағыттайтын үкімет жобасы дәлел болады. Бұл жоба халықаралық көлік жүйесіне кіру мақсатын көздейді. Жылма-жыл бұл салаға 320 млн АҚШ доллары есебінде инвестиция тартылады. Қазақстандағы жолаушы және жүк тасымалының үлесі аса қарқынды өсіп отырған саласы -- теміржол көлігі болып табылады.
Көлік инфрақұрылымының дамуы бүгінгі күні облыс орталықтары мен аудандардың сапалы көлік байланысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел аймақтары ішінде көлік инфрақұрылымының тиісті күйіне бағытталды. Қазақстанға, екі континент Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан ел ретінде, өзінің транзитті әлеуетін әрі қарай дамыта беру керек. Қазақстан арқылы транзитті тасымалды арттыру үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама мен Ғаламдық инфрақұрылымды интеграция бағдарламалары әзірленетін болады. Көлік саласындағы басым жобалардың бірімен батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзитті коридорының құрылысын аяқтау белгіленген. Қазақстанның аумағы бойынша коридордың ұзындығы 2787 км құрайды, олардың ішінен реконструкциялауға 2452 км жатады, жобаның жалпы құны 825 млрд. теңгені құрайды.

2. Көлік саласының дамуы және әлемдік көлік жүйесіне кірігу
Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы коммуникациялық ағынның ортасында орналасқан және ұлттық транзит ресурсын іске асыра алатын орасан зор көлік әлеуетіне ие. Осы бірегей геосаяси жағдайды пайдалану қажет. Іс жүзінде, құрлықішілік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттары бойынша маршруттардың көбі арқылы өңірді айналып өту мүмкін емес, бұл орталық-азия көлік дәліздерінің күшті жағын көрсетеді.
Соңғы жылдары Еуразиялық континентте халықаралық экономикалық байланыстардың ғаламдану процесінің тереңдетілуіне және Шығыс Азия мен Еуропаның арасындағы жүк ағынының өсуіне байланысты ұлы "Жібек жолын" қайта жандандыру - еуразиялық трансконтинентальдық кешенді көпір құру өзекті бола түсуде.
Оңтүстік - Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің ТМД мен Еуропа елдерімен сауда-экономикалық қатынасын жандандыру Қазақстанның экспорттық-импорттық және транзиттік мүмкіндіктерін дамытудың маңызды факторы болуда. Сонымен бірге, Орталық Азияда өңірді Қытаймен жалғастыратын және Таяу Шығыс пен Еуропа бағытында экспортталатын қытайлық жүктердің бөлігін орталық-азия магистралына қайта бағыттау мүмкіндігін беретін жаңа көлік бағыттарын құруға үлкен сенім жүктелуде.
Басты серіктесі Еуропа Одағы болып табылатын, ішкі сауда айналымының шектен тыс жоғары қарқынын көрсететін Қытай экономикасының серпінді дамуы (2006 жылдың қорытындылары бойынша шамамен 1,7 трлн. АҚШ доллары) маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бұдан басқа, Қытай Жапониядан, Кореядан және Оңтүстік Азия елдерінен Еуропаға тауар тасымалдауды жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп отыр, мұнда бағдарғының үштен бір бөлігі біздің елдің аумағына келеді, бұл бізге транзиттен үлкен кіріс алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Еуропа мен Азияның арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар бойынша 2015 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларына жетеді, Қазақстанның транзиттен түсетін кірісі 2015 жылға қарай 1,1 млрд. АҚШ доллары шамасында болады деп болжануда (2007 жылы 500 млн. АҚШ доллары). Жалпы алғанда Оңтүстік - Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттарындағы транзит ағыны шамамен 330 - 400 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр, бұл ретте осы ағындардың 20 % -ға дейінгісі Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін.
Иран Парсы шығанағы мен Үнді мұхитының порттары жолындағы, сондай-ақ Түркия мен ЕО нарығына шығатын маңызды дәліз болып табылады, және шетелдік жүк жөнелтушілердің иран аумағын транзиттік операцияларда одан да кең пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық нысандардың дамуы үшін елеулі күш салуда.
Өнеркәсіп өндірісінің тез қарқынына және өндірістік саладағы шетелдік инвестициялардың өсуіне байланысты Үндістан Оңтүстік Азиядағы аса тұрақты рынок және негізгі жүк қабылдаушыжүк жөнелтуші болып табылады. Үнді экономикасының жыл сайынғы өсуі шамамен 9-10 % құрайды, АҚШ-қа үнді тауарларының экспорты бүгінде қытайлықпен салыстырғанда пайыздық қатынаспен алғанда анағұрлым тез өсуде, дегенмен көлемі аз, ал үнді экономикасындағы шетелдік инвестициялардың 23 астамы өндіріс саласына бағытталған.
2006 жылы Қазақстан елдің жалпы Азия континентінің аумақтық дамуымен және қисынды байланыстырған ұзақ мерзімді Көлік стратегиясын қабылдады. Стратегия Солтүстік - Оңтүстік және Батыс - Шығыс бағыттарында континентальдық және трансконтинентальдық транзитті жүзеге асыруға мүмкіндігін беретін қазіргі заманғы магистральдар құруды болжайды.
Темір жол саласындағы құрылыс және электрлендірудің барлық жобалары бірінші кезекте жаңа транзиттік дәліздерді құруға, тиімді желілерді дамытуға, жеткізіп берудің уақыты мен арақашықтығын қысқартуға бағытталған (Достық станциясын кеңейту, Шар - Өскемен, Ералы - Құрық, Маңғышлақ - Баутино, Қорғас - Жетіген, Бейнеу - Жезқазған, Өзен - Түркіменстанмен мемшекара жаңа темір жол желілерін салу, Мақат - Қандыағаш, Достық - Ақтоғай, Алматы - Ақтоғай, Ақтоғай - Мойынты темір жол учаскелерін электрлендіру және тағы басқалары).
Трансконтинентальдық тасымалдарды жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту көбіне республика аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін және олардың тармақтарын дамытумен байланысты:
1. ТРАСЕКА дәліздері: Достық - Ақтау, Ақтау - Достық (ұзақтығы - 3836 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 19 тәулік; 2006 жылғы 12 айда транзитпен 37,5 тонна тасымалданды, 2007 жылы - 29,9 тонна, 2008 жылы - 36,6 тонна).
2. Оазис: Ақсарай, Ақсарай - Оазис (ұзақтығы - 832 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 4 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 824430 тонна тасымалданды; 2008 жылы 906873 тонна тасымалдау жоспарлануда).
3. Ортаазиялық дәліз: Сарыағаш - Озинки, Озинки - Сарыағаш (ұзақтығы - 2147 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 11 тәулік; 2006 жылғы 12 айда транзитпен 669,0 тонна тасымалданды, 2007 жылы - 1137,1 тонна, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік кешені
Логистикалық орталықтар
Транспорттық саяхаттар мен транспорттық құралдарды классификациялау
Көлік логистикасы
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының көліктік жүйесінің жағдайы мен транспорттық тасымалдау қызметін зерттеу
Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері мен келешегі
Автомобиль көлігі
Дистрибуциядағы қорларды басқару
Халықаралық туризмдегі әуе көлігі
Пәндер