Жануарлар дүниесін қорғау



Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың міндеттері мен функциялары.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушыларды болдырмау және жолын кесу.

Жануарлар дүниесін молайту және пайдалану саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактілері жөніндегі ақпаратты, талап.арыздарды және материалдарды уәкілетті қорғау және сот орындарына жіберу.
1. Аңшылық шаруашылық ұйымдарының қорықшылық қызметі (аңшылық бірлестіктерін қосқанда) (бұдан әрі - Қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында (учаскелерінде) (бұдан әрі - бекітіліп берілген аумақтар) жүзеге асырылады.
Қорықшылық қызмет аңшылық шаруашылық ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылауды жүзеге асырады.
2. Ұйымдық құрылым
2. Қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылық ұйымдары өз қаражаты есебінен аңшылық шаруашылығын жүргізу және шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру шартында көзделген штат санында құрады.
3. Қорықшылық қызметке аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестіктерін қоса алғанда): басшылары және олардың орынбасарлары, саятшылар, аға қорықшылар, қорықшылар жатады.
4. Қорықшылық қызметке он сегіз жасқа толған, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар адамдар қабылданады.
3. Негізгі міндеттері мен функциялары
5. Қорықшылық қызметтің негізгі міндеттері бекітіліп берілген аумақтарда жануарлар дүниесі объектілерін, соның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау болып табылады.
6. Қорықшылық қызмет жануарлар дүниесін қорғау функциясын:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесі объектілерінің мекендейтін ортасын, көбею жағдайларын, өріс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерін сақтау;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырыбы: Природоохранная деятельность в охотничьем хозяйстве

Тексерген: Жилкыбаева С.Д
Орындаған: Байболат А.Б

Семей 2015ж

Жоспар:

Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың міндеттері мен функциялары.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушыларды болдырмау және жолын кесу.

Жануарлар дүниесін молайту және пайдалану саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактілері жөніндегі ақпаратты, талап-арыздарды және материалдарды уәкілетті қорғау және сот орындарына жіберу.

Аңшылық шаруашылық ұйымдарының
қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Аңшылық шаруашылық ұйымдарының қорықшылық қызметі (аңшылық бірлестіктерін қосқанда) (бұдан әрі - Қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында (учаскелерінде) (бұдан әрі - бекітіліп берілген аумақтар) жүзеге асырылады.
Қорықшылық қызмет аңшылық шаруашылық ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылауды жүзеге асырады.
2. Ұйымдық құрылым
2. Қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылық ұйымдары өз қаражаты есебінен аңшылық шаруашылығын жүргізу және шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру шартында көзделген штат санында құрады.
3. Қорықшылық қызметке аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестіктерін қоса алғанда): басшылары және олардың орынбасарлары, саятшылар, аға қорықшылар, қорықшылар жатады.
4. Қорықшылық қызметке он сегіз жасқа толған, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар адамдар қабылданады.
3. Негізгі міндеттері мен функциялары
5. Қорықшылық қызметтің негізгі міндеттері бекітіліп берілген аумақтарда жануарлар дүниесі объектілерін, соның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау болып табылады.
6. Қорықшылық қызмет жануарлар дүниесін қорғау функциясын:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесі объектілерінің мекендейтін ортасын, көбею жағдайларын, өріс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерін сақтау;
3) жануарлар дүниесі санының есебін және олардың жай-күйінің өндірістік мониторингін жүргізу;
4) жануарлар дүниесінің өсімін молайту;
5) жануарлар дүниесіне ұқыпты және ізгілікті қатынас идеясын насихаттау;
6) техногендік апаттарды жоюға, ормандағы және даладағы өртті сөндіруге қатыса отырып, апатты жағдайға тап болған жануарларды құтқару шараларын қолдану;
7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына тыйым сала отырып, бекітіліп берілген аумақтарды мекендейтін жануарларды қорғау жөнінде шаралар қолдану;
8) қорықшының күнделігінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) және санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалау органдарына баяндау жазбаларында, рапорттарында көрсете отырып, фенологиялық байқау жүргізу;
9) ақпараттық аншлагтардың, жем беру алаңқайларының және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына қадағалау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
7. Қорықшылық қызмет қызметкерлері өздерінің функцияларын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды қызметкерлерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
8. Қорықшылық қызмет қызметкерлері бекітіліп берілген аумақта Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жеке және заңды тұлғалардың аң аулау құқығына арналған құжаттарын тексеру;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, жануарлар дүниесін пайдалану нормаларының, ережелерінің, шектеулер мен тыйымдардың, ішкі тәртіптің бұзылуына тыйым салу;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын және құралды, заңсыз ауланған өнімді, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін оларды кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға не аумақтық органға міндетті түрде беру үшін алу;
4) оларды кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға не аумақтық органға міндетті түрде беру үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
5) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олардың мекендейтін ортасының бұзылуына әкеп соғатын іс-қимылды тоқтатуды талап ету жөнінде шаралар қолданады.
4. Құжаттама
9. Қорықшылық қызметі үшін қажетті құжаттар:
1) басшы мен оның орынбасарлары үшін:
облыстық атқарушы органның аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешімі;
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт;
шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастырудың жобасы;
жануарлар дүниесін пайдалануға арналған ағымдағы өтінім және бөлінген квотаны растайтын құжат;
аңшылық шаруашылығы қызметінің бухгалтерлік және статистикалық есеп құжаттары;
аңшылық шаруашылығын тексеру актілері.
2) аға саятшы, саятшы үшін:
аңшылық шаруашылығы ұйымы, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестігін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік;
аңшылық шаруашылығының паспорты;
аңшылық шаруашылығының карта схемасы;
бекітіліп берілген аумақты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
биотехникалық іс-шаралар жоспары;
жануарларды есепке алу материалдары;
жемшөпті есептен шығару актілері;
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзуды тіркеудің жиынтық журналы;
жануарлар дүниесін пайдалануға бөлінген квотаны іске асыру туралы есеп беру;
атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсат.
3) аға қорықшы, қорықшы үшін:
аңшылық шаруашылығы ұйымы, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестігін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік;
қорықшыға қорық учаскесін (айналымды) және оның карта-схемасын бекітіп беру туралы аңшылық шаруашылығы ұйымының бұйрығы;
қорықшының күнделігі;
фенологиялық байқау журналы;
бекітіп берілген учаскеде болу (аралау) журналы;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды (жасалған хаттамаларды, алынған атыс қаруы мен құралын және заңсыз ауланған өнімді) тіркеу журналы;
жануарларды қоректендіру үшін жиналған жемшөпті есепке алу ведомосты;
атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсат беру.
5. Жарақтандыру
10. Қорықшылық қызмет қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде аңшылық шаруашылық ұйымдарының, олардың бірлестіктерінің (аңшылар бірлестіктерін қоса алғанда) қаражаттары есебінен:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес қызметтік қарумен;
2) байланыс құралдарымен;
3) айырым белгісі, омырауға тағатын белгісі бар арнаулы киіммен, жеке куәлікпен жарақтандырылады.
11. Қорықшылық қызметтің арнаулы киім үлгілерін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен келісе отырып аңшылық шаруашылық ұйымдары белгілейді.

Жануарлар дүниесін мемлекеттiк қорғау туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 48) тармақшасынасәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың мiндеттерi мен
функциялары
2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың негiзгi мiндеттерi:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды уәкiлеттi, құқық қорғау және сот органдарына жiберу болып табылады.
3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың
ұйымдық құрылымы
3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады.
4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды тұлғалары: директор, жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспекторлар болып табылады.
Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;
2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;
5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың бұдан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы берiледi.
5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
Жануарлар дүниесiн қорғау
Жануарлар дүниесiн қорғау:
1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;
3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;
4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;
5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекiтiп беру;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
8) жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру;
9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;
13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту
мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен
тыйым салулар белгiлеу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:
1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiн шектеу;
2) аулау әдiстерiне, тәсiлдерiне және құрал түрлерiне тыйым салу;
3) жануарлар дүниесі объектілерін алу нормаларын өзгерту;
4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу;
5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу белгіленеді.
2. Шектеулер мен тыйым салулар белгiлеуге:
1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;
2) жануарлар санының азаюы;
3) мекендеу ортасының нашарлауы;
4) жануарлардың өрiс аударуы мен көбеюi кезеңiнде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттiгi негiз болып табылады.
3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында:
1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;
2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жердi периметрі бойынша олардың iндерi орналасқан жерге жиырма метр жақын немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;
3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқаларын жинауға;
4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы көрсетiлген және балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерін iске қосып жүзуге;
5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километр төмен биiктiкте ұшып өтуiне;
6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк өсiмдiктер егiстiктерiн, қорғау екпелерiн, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сiлтеме белгiлердi, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылыстарды бүлдiруге;
7) сирек кездесетiн және құрып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн және олардың дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнсiз алуға;
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсатта көрсетiлген мерзiмнен тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға;
9) жануарлар дүниесi объектiлерiн аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдiстерінің және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып аулауға;
10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн қыру кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында уәкiлеттi органның келiсiмiмен үш жұмыс күні ішінде жүргізілетін улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;
11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге;
12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгілерiн және аншлагтарды жоюға немесе бүлдiруге тыйым салынады.
4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету
қаупi төнген түрлерiн қорғау
1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.
2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, оның ішінде олардың дериваттарын алуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:
1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу;
2) аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту;
3) ғылыми зерттеулер;
4) селекциялау үшін жол беріледі.
4. Мыналарға:
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің қырылуына;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.
5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру
47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды
қаржыландыру
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды
және орнықты пайдалануды экономикалық
ынталандыру
Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттiк қолдау) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
49-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және
қадағалау
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi органжәне оның аумақтық бөлімшелері:
1) тексерулердiң жылдық жоспары бойынша жылына бiр реттен көп емес;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша, олардың түсуiне қарай;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы келеңсiз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесiнiң мониторингi нәтижелерi бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды ескере отырып;
4) жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және
қадағалау объектiлерi
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау объектiлерi:
1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;
2) жануарлар түрлерін ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстаудың шарттары;
3) жануарлар дүниесiн аулау құралдары;
4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аң аулауға және (немесе) балық аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт және рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журналы);
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;
7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды
және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды
адамдар
1. Ведомство басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
5. Ведомстволардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
6. Ведомстволардың аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың
құқықтары мен мiндеттерi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) объектілерге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзуге;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
7-1) су жинау құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тұрғысынан қарап тексеруді жүзеге асыруға;
7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;
9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарындабелгiленген тәртiппен алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт талаптарының орындалуына;
4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;
9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және
оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының
актiлерi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
1-1) тексеру актiсi;
2) мынадай:
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы;
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салу немесе көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, оны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте шаруашылық қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;
3) мынадай:
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған аулау құралдарын және заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерi мен олардың өнiмдерiн сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алу туралы қаулы шығарады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.
Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау
Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту
Жануарлар құқығы
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау
Пәндер