Әлеуметтану ғылымының тарихы
I. Әлеуметтану ғылымының тарихы
II. Әлеуметтану әлеуметтік.гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
III. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
IV. ХХ ғасыр әлеуметтануы
V. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
VI. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер

Идея: Әлеуметтану ғылымының тарихы.
Факт: Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.
Аргумент: Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдыған жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз.
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Бұл ғылымның «Социология» деген атауы латын және грек сөздерінен құралған: «societas» -латын тілінде қоғам, “logos” грек тілінде ілім, білім дегенді білдіреді. Демек, социология қоғам туралы ғылым деген сөз. Қоғамды зерттейтін ғылымдар көп, бірақ олардың әрқайсысы өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Мысалы, экономика ғылымының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну, сұраныс мәселелелері болса, саясаттану саяси билік, саяси қатынастар, мемлекеттік құрылым мәселелерін қарастырады. Қоғамның рухани өмірін рухани байлықты өндіру, тарату ісімен адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі –тұтас қоғам емес, белгілі бір саласы ғана екенін көреміз. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Былайша айтқанда әлеуметтану адамдарды ғылыми зерттеудің бір тәсілі.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультеті
СӨЖ
Пән: Әлеуметтану
Тақырыбы: 1. Әлеуметтану ғылымының тарихы. 2.Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.3.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. 4.ХХ ғасыр әлеуметтануы. 5.Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.6.Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер.
Топ: ФИ-503
Орындаған: Сайлауова Н.А
Тексерген:Мамырбеков А.М
Семей 2015 жыл
Жоспары:
I. Әлеуметтану ғылымының тарихы
II. Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
III. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
IV. ХХ ғасыр әлеуметтануы
V. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
VI. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Әлеуметтану ғылымының тарихы
Идея: Әлеуметтану ғылымының тарихы.
Факт: Әлеуметтану -- қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.
Аргумент: Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдыған жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз.
Әлеуметтану -- қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Бұл ғылымның Социология деген атауы латын және грек сөздерінен құралған: societas -латын тілінде қоғам, "logos" грек тілінде ілім, білім дегенді білдіреді. Демек, социология қоғам туралы ғылым деген сөз. Қоғамды зерттейтін ғылымдар көп, бірақ олардың әрқайсысы өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Мысалы, экономика ғылымының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну, сұраныс мәселелелері болса, саясаттану саяси билік, саяси қатынастар, мемлекеттік құрылым мәселелерін қарастырады. Қоғамның рухани өмірін рухани байлықты өндіру, тарату ісімен адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі - тұтас қоғам емес, белгілі бір саласы ғана екенін көреміз. Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Былайша айтқанда әлеуметтану адамдарды ғылыми зерттеудің бір тәсілі. Әлеуметтанушылар адамдар не үшін белгілі бір кейіпте өздерін ұстайды, не үшін топ құрады, соғысқа барады, бір нәрселерге сенеді, табынады, не үшін үйленеді, дауыс беруге қатысады, т.с.с. адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде болатын барлық құбылыстарды анықтауға тырысады. Яғни әлеуметтану қоғамды және әлеуметтік қатынастарды ғылыми тұрғыдан зерттейді. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен әлеуметтану пәніне келесідей анықтама беруге болады: Әлеуметтану қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен әлеуметтік топтардың және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, нысандары мен әдістері жайлы ғылым. (Әлеуметтану қоғамды, ондағы қалыптасқан жүйелерді, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Әр ғылым саласының қоғамда алатын орыны айрықша. Әр саланың қарастыратын өзіндік жүйелері мен әдіс-тәсілдері бар. Басқа ғылым салаларына қарағанда әлеуметтану ғылымы, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін бірден-бір сала. Сонымен, әлеуметтану қоғамды зерттейтін сала болса, қоғам ондағы адамдардың тікелей қатысымен жасалып, құрылатындықтан, әлеуметтану - адамдарды зерттеудің ең негізгі тәсілі). Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым. (Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудегі талпыныстар Платон мен Аристотель еңбектерінде байқалады. Демек, әлеуметану ғылымының шығу тарихы көнеде жатыр. Орта ғасырларда әлеуметтану ғылымының зерттелу жайы жүйесіз, үзік-үзік қалыпта болды. Бұл кезеңдерде әлеуметтану ғылымы әр қилы сипатта болды. Мысалы: экономикалық сипатта, заңгерлік сипатта, шіркеулік сипатта, саяси сипатта. Ешкім әлеуметтануды толық ғылым ретінде қарастыруға тырысқан жоқ. Тек ағымдағы ғасырларда ғана әлеуметтанудың толық зерттелуі басталды десе де болады). Платонның Мемлекет туралы еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. Қоғам басшысынан бастап бұзылады деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел. Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді. (Ежелгі грек философы Платон өз еңбектерінде қоғамға, жалпы әлеуметтануға қатысты біраз әлеуметтік мәселелерді сөз етеді. Платон мемлекет пен қоғамның еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет ету керектігін құптады. Оның нағыз әлеуметтік қоғамға, адамгершілігі мол, әділетті басшы болу керек деп ойлағанын аңғарамыз. Қоғам - мемлекеттің ажырамас бір бөлігі. Мемлекет жақсы өмір сүру үшін Платонның ойынша, қоғамның үш құрамдас бөлігінің үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді. Платонның қоғамның үш құрамдас бөлігі дегені: билеушілер, әскерлер, өндірушілер. Мысалы: 1. Билеушілердің қоғамға зор ықпал ететіндігі белгілі. Мысалыға, қоғамда қандайда бір мәселе туындайтын болса, оны ең бірінші шешуге тырысатын билеушілер болмақ. Егерде қоғамда билеушілер жақсы әлеуметтік саясат жүргізетін болса, қоғамда жақсы жағдай орнайды. 2. Әскерлер - мемлекет пен қоғамның қарулы күші және бөлігі болып табылады. Мысалы: қоғам ішінде немесе мемлекетаралық кикілжіңдер орын алатын болса, қағамда әскерлер үлкен рөл ойнайды. Менің атам, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлікпен шайқасты, мемлекетті сақтап қалу жолында күресті. Егерде ата-ағаларымыз сол шайқаста ерлікпен күреспегенде, бүгінгідей әлеуметтік қоғамға жете алмауымыз да мүмкін еді. Сол себепті де, қоғамның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі әскерлердің орыны айрықша. 3. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Менің ойымша, мысалыға, қоғамдағы әр саланың өндірушілері бар және олардың барлығының атқарар қызметі зор. Мысалы, егерде жеңіл өнеркәсіп өз жұмысын тоқтататын болса, онда қоғамда азық-түлік, киім-кешек мәселелері пайда болуы мүмкін. Егер мұнай өнеркәсібі қиындаса, қоғамда жол қатынастары және т.б. үлкен салалар қиындық әкеледі. Сол себепті өндіріс пен өндірушілер қоғам үшін маңызды. Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті:
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады. (Практикалық жүйеде емес, баяндау сипатында)
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды ғылымға айналды. (Әлеуметтану баяндау сипатынан эксперименталды, яғни тәжірибелік түрге ауысты.).
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтану өткендегі өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады. (Алдыңғы кезеңдерде айтылған әлеуметтік теориялар іс жүзінде айқын орындала бастады. Мысалы: Бұл кезеңде әлеуметтанушылар қоғам мүшелерінің әр қилы көзқарастарын сұрап, түрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізуді бастаған. Солардың бірі: Парламенттік және Президенттік сайлау т.б.). Өз тәжірбием: Мен мектептегі президенттік сайлауға түскенде, мектеп оқушыларынан олардың неге қызығатындары мен сабақтан тыс қандай шаралардың өткендігін қалайтындықтары туралы сауалнама жүргіздім. Олардың қалаулары мен қызығушылықтарының ішінен тиімділерін сұрыптап, өткізу туралы жоспарымды құрдым.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды. (Бүгінгі кездегі әлеуметтану қарқынды түрде дамуда).
2. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық Позитивтік философия курсы атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин Әлеуметтану болатын. О.Конт жүйесі бойынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді. Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол абсолюттік білімге ұмтылады. Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып дамып отырады деп түсіндіреді. ( Теологиялық теория бойынша, өмірде, жалпы қоғамда болып жатқан қандайда бір өзгерістер, әр килы жағдайлар тек қана Алланың қалауымен орын алады деп есептеледі. Мысалы: 1.Егерде біреу 9 қабаттан абайсызда құлап кетіп, жазым болатын болса, бұл теологиялық көзқарас бойынша, тағдыр, яғни Алланың қалауы бойынша. 2. Жолда келе жатқан жеңіл машинаға қарсы беттен келе жатқан жүк көлігі соғылып, оның нәтижесінде үлкен қақтығыс орын алса, бұл да теологиялық көзқарас бойынша, тағдыр, яғни солай болуы тиіс. 3. Егерде өрт орын алып, құжаттар мен дүние-мүлік жойылып кетсе, бұл да тағдыр. 4. Қандайда бір емделуші ота кезінде дүниеден өтетін болса, бұл да Алланың қалауымен, жазмыш қой, маңдайына жазылғаны осы дейміз
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады. (Метафизика - болмыстық сезімнен тыс тұрған принциптері туралы ғылым.) Мысалы: Жол бетінде келе жатқан жүк көлігі қарсы беттегі жеңіл көлікті байқап, жылдамдықты азайтқан болса, қақтығыс орын алмаушы еді. Жоғарғы қабаттағы адам балконда тұрғанда құлап кетпеу үшін сақтанатын болса, ол құламаушы еді деп метафизикалық теория бойынша осылай ойлаймыз. Өрт болған жағдайда, оның дереу алдын алатын болсақ, онда ешқандай шығын болмаушы еді деп ойлаймыз. Метафизикалық теория бойынша, дәрігер отаны жақсы жасағанда емделушінің жағдайы жақсы болар еді деп ойлаймыз.
Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға жүгінеді. (Мысалы: Позитивистік теория бойынша, Егерде жүк көлігінің жүргізушісі, алдын ала жол тәртібін сақтап, ешқандай қақтығысқа жол бермеуді ойлағанда, бәрі жақсы болушы еді. Алдын ала балконда сақтық шаралары ескерілетін болса, ешкім құламаушы еді. Үйде немеме басқа да орындарда техникалық қауіпсіздік алдын ала тексерістерден өтіп, сақтандырылатын болса, ешқандай төтенше жағдай орын алмас еді. Науқас аурудың алдын алып, емделген болғанда бәрі дұрыс болар еді деп позитивистік теория бойынша ойлаймыз.) О.Конттың пікірі бойынша қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл - ойының дамуы жатыр. Ал ғылым позитивтік сипатта болуы керек. Ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену керек. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің объектісі - тыныштық қалпындағы қоғам болса, екіншісінің объектісі - қозғалыс қалпындағы қоғам болып табылады. Әлеуметтік статиcтика әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді. О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой - пікірлер Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізі еді:
1. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2. Әлеуметтік эволюция идеясы.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар:
1. Қолдаушы.
2. Материалдық игілікті өндіру көзіне негізделу.
3. Қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау
Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Идея: Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесімен байланысы.
Факт: Әлеуметтану - қоғам туралы ғылым. Және ол өзі дара жеке дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.
Аргумент: 1. Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе - ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдауында. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. 2. Әлеуметтану адамның іс-әрекетін, қызсетін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырады. Бұл жүйе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда кеңінен қолданылады.

Әлеуметтану өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен үздiксiз тығыз байланыста дамып отырады. Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негiзгi нәрсе-сол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбiр нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенедi. (Басқа ғылым салаларыныңда зерттеу нысандары мен салалары қоғаммен тығыз байланысты. Әлеуметтану ғылымының да негізгі зерттеу мәселесі әлеуметтік қоғамға қатысты болғандықтанда, басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылым салаларымен байланысты.)
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланыстарының екiншi түрi, ол адам туралы, оның iс-әрекетiн, қызметiн оқып үйренудiң, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудiң әдiстерi мен техникасын тұжырымдап қалыптастырады. Олар нақтылы қоғамдық және гуманистiк ғылымдарда кеңiнен қолданылады. (Мысалы, психология мен философияның зерттеу нысаны негізінен адам болатын болса, әлеуметтану ғылымы мен басқа ғылым салаларын байланыстыратын да, осы жағдай).
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшiншi негiзгi түрi- ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып экономикалық құбылыс пен процестердi әлеуметтiк тұрғыдан зерттейтiн экономикалық әлеуметтану бар. Құқық ғылымымен бiрiгiп зерттеу жүргiзудiң нәтижесiнде құқық әлеуметтануы; саяси теориямен бiрiге отырып саяси әлеуметтану; тәрбие әлеуметтануы; т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды. Бұлар әлеуметтiк теориялар немесе орта деңгейдегi теориялар деп аталады. Яғни әлеуметтану қоғамдық ғылым болғандықтан қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамып бiр- бiрiн толықтырады. Екiншiден, әртүрлi құбылыстарды зерттеуде ортақ әдiс-тәсiлдердi қолданады және бiр-бiрiнен алған фактiлерге сүйенедi. Үшiншiден, қоғамның әртүрлi салаларын зертегенде сол сала теорияларымен тығыз байланысқа түседi. (Әлеуметтану ғылымының өз ішінде басқа қоғамдық ғылым салаларына байланысты зерттеу нысандары бар. Әлеуметтанудың басқа ғылым салалары мен байланысының бір себебі де осы.)
Әлеуметтану термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді. Түптеп келгенде , қазіргі әлеуметтану - тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым.
(Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.)
Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. Әлеу социум, қоғам деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз - адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз - қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
Идея: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары

Аргумент: Философиялық, экономикалық, тарихи, Саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбiр элементтерi және оның даму заңдылықтары туралы пiкiрлер бой көрсете бастады. Әлеуметтiк теорияның бiршама айқын элементтерi ежелгi Грецияда қалыптаса бастады.
Әлеуметтану (ХIХғ-дың 30-40 жылдарында қалыптасқан) бiршама жас ғылым болып табылады. Өйткенi оның ғылым ретiнде қалыптасуының өзiне қоғамдық дамудың белгiлi кезеңiнде ғана қажеттiлiк туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуынан, оған дейiн қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пiкiр тумауы керек. Керiсiнше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберiнде көрiне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, Саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбiр элементтерi және оның даму заңдылықтары туралы пiкiрлер бой көрсете бастады. Осы орайда, ежелгi шығыстың қоғам туралы пiкiрлерi мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледi. Олардың қарастырған негiзгi мәселесi адамдар арасындағы қатынас пен тәрбие болды. Конфуций этикасы "қайрымдылық", "кiшiпейiлдiк","адамды сүю", "тура жолмен жүру" сияқты прициптерге сүйенедi. Әлеуметтiк теорияның бiршама айқын элементтерi ежелгi Грецияда қалыптаса бастады. Ежелгi Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңiл бөлгендер софистер болды. Оларға дейiнгiлер көбiнесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударды. Софистер iлiмiнде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келiсiм теорияларының жатқандығын көруге болады. Яғни алғашқы адамдар табиғатынан абсолюттiк түрде еркiн болған, кейiн сол абсолюттiк еркiндiк адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып, күрестерге алып келген, осыдан адамның өмiрiнiң қауiпсiздiгiне сенiмi жоғала бастаған. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды және оның мүшелерi ортақ нормаға бағынатын болды деп көрсетедi. Аристотель ежелгi Грецияның тәжірибесiн қорытындылай келе, адам әлеуметтiк жаратылыс деген қорытындыға келдi. Мемлекет адамдардың туа бiткен "бiрiгiп өмiр сүруге деген ұмтылғыштық" қасиетiнен пайда болды деп көрсетедi. Оның пiкiрiнше, қоғам үлкен екi әлеуметтiк топқа бөлiнедi: құл иеленушiлер және құлдар. Аристотель мемлекеттiң мақсаты - адамдардың бақытты өмiрiн қамтамасыз ету деп есептедi. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызымет етуi керек деп көрсеттi. (Әлеуметтану ғылымының айқын теориялары, ең алғаш ежелгі Грецияда қалыптаса бастаған. Аристотельежелгі Грециядағы әлеуметтанудың тәжірибелерін қорытындылап, адам - әлеуметтік жаратылыс деген ойға келген).
Сонымен, бұдан кейiнгi дәуiрлерде: "орта ғасыр", "қайта өрлеу", "жаңа дәуiр" кезеңдерiнде де адамдардың қоғамдық өмiрi жайлы пiкiрлер болды. Бiрақ оларды толық социологиялық iлiм деп айтуға болмайтын едi. Өйткенi олар тек әлеуметтiк ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады. Социологияның дербес ғылым ретiнде негiзiн салушы француз философы О. Конт болды. О. Конт 1798-1857 ж.ж.өмiр сүрген. Ол ең алдымен Батыстағы позитивтік философияның негiзiн салушы болып есептеледi. Оның 1830-жылдары "Позитивтi философияның курсы" деп аталатын еңбегi жарық көрдi. Осы еңбегiнiң 3- томында алғаш рет О. Конт "Социология" деген ұғымды енгiздi және қоғады ғылыми зертеу мақсатын қойды. О. Конт социологияның қажеттiгiн философия саласындағы өзiнiң адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейдi. Олар: Теологиялық, метафизикалық, позитивистiк (ғылыми) сатылар. О. Конт алғашқы кезде адамның ойлануының теологиялық болғандығын, яғни қандайда бiр құбылысты, процестi, жалпы кез-келген нәрсенi дiни тұрғыдан түсiндiруге тырсты деп көрсеттi. Ойлаудың метафизикалық кезеңiнде кез-келген құбылысты, олардың мәнi мен себебiн философиялық абстракциялы ұғымдардың негiзiнде , яғни жалпылама түсiндiрдi. Ал ойлаудың позитивтiк кезеңiнде кез-келген нәрсенi ғылыми тұрғыдан түсiндiредi. Қандайда болмасын құбылыстар мен процестердi түсiндiруде бақылау, салыстыру, т.б. ғылыми әдiстер арқылы алынған эмпирикалық факторларға сүйенедi деп көрсеттi. Конттың пiкiрiнше позитивистiк ойлау алғашында математикада, физикада, астраномияда қолданылды. Кейiн биологияда пайда болды. Ал Социологияны Конт позитивтiк бiлiмнiң шыңы деп есептедi. Конттың ғылымды жiктеу тәсiлi бойынша социология биологиядан кейiн пайда болды. Егер биология қозғала алатын не әрекет жасай алатын барлық тiрi жануарлар дүниесiн зерттейтiн болса, социология әлеуметтiк құбылыс ретiндегi адамның әрекеттерiн қарастырады деп көретедi. О. Конттың социологиялық концепциясында басты екi идея жатыр. Бiрiншiсi, қоғамтануда ғылыми тәсiлдi қолдану болса, екiншiсi, әлеуметтiк реформаларды жасауда iс жүзiнде ғылымға сүйену идеясы.(Әлеуметтану ғылымының негізін салушы француз ойшылы О.Конт. Ол әлеуметтанудың қажеттігін үш көзқараста дәлелдейді. Олар: теологиялық (Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып дамып отырады деп түсіндіреді), метафизикалық (Метафизика - болмыстық сезімнен тыс тұрған принциптері туралы ғылым), позитивтік(мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға жүгінеді).)
Спенсер социологиясы. Х1Х-ғасырдың ғылыми - философы Г. Спенсер социолгияның қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Жас кезiнен ғылым жолына түскен (темiр жол инженерi) Г. Спенсер Дарвиннiң эволюциялық теориясын дүниенiң барлық салаларын түсiндiру үшiн қолдануға болады деген қорытындыға келдi. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының жеке тарихына да қолдануға болады деп мойындайды. Қоғамның жеке бөлiктерiн (жанұя, мемлекет, т.б.) организм бөлiктерiмен (жүрек, нерв жүйесi, т.б.) салыстырып, осылардың әрбiрi бүтiннiң қызметiне әсер ететiндiгiн айтты. Спенсердiң пiкiрiнше биологиялық организм сияқты қоғамда қарапайым формадан күрделiге қарай дамиды. "Табиғи iрiктелу" адамзат қоғамында да жүредi, яғни тек қабiлеттiлер ғана тiрi қалады. Спенсер пiкiрiнше адамзат үшiн өмiр сүруге қабiлетсiз индивидтерден табиғи iрiктелудiң көмегiмен құтылу қажет. Мұндай филоиофия "әлеуметтiк дарвинизм" (Социальный дарвинизм) деген атқа ие болды. Спенсер мұндай философияны комерциялық мекемелерге және экономикалық институттарға қолдануға болады деп санады. Спенсер аналогиялық тәсiлдi қолдану нәтижесiнде ғылымға "құрылым", "функция" деген ұғымдар енгiзiлдi. (Қорыта келгенде Г. Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуiр үлес қосты. Ол қоғамды ерекше (дискреттi) жеке бөлiктерден құралған организм ретiнде қарастырды.)
Макс Вебер батыстың iрi әлеуметтанушысы, 1864-1920 ж.ж. өмiр сүрген. Вебер пiкiрiнше әлеуметтану қоғамның әлеуметтiк-тарихи құбылыстарының субъектиâтiк (яғни адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ адамның iс-әрекетiнде, қызыметiнде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz