Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет



1.Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
2.Экономикалық ғылым саласындағы Нобель сыйлығыныңИегерлері
3.ҚР жекешелендіру процесстері немесе ерекшеліктері
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI— XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.
1. Экономикалық теория. А.Н.Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. Алматы 2014ж.
2. Д.Жеңісхан «Экономикалық теория негіздері»Астана 2008ж.
3. Жолдасова Г «Экономика негіздері»Астана 2011ж.
4.Шәденов Ө. Қ , Сағындықов Е. Н «Жалпы экономикалық теория» 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:1.Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
2.Экономикалық ғылым саласындағы Нобель сыйлығының
Иегерлері
3.ҚР жекешелендіру процесстері немесе ерекшеліктері



Орындаған: Сайдолданова Ш.Ә.
Тобы: ЮР-407
Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Семей 2015
1.Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт -- аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды -- заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI -- XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.
Экономикалық теорияның негізгі мектептері:
Меркантилизм (франц. mercantіlіsme, итал. mercante - деген сөзден шыққан - саудагер‚ көпес) - капиталдың бастапқы қорлану дәуірінде дүниеге келген сауда-өнеркәсіп буржуазиясының экономикалық теориясы мен саясаты.
16 ғасырда пайда болып, 18 ғасырдың аяғына дейін дамыды. Меркантилизмді А.Смит (1723 - 90) өзінің "Халықтар байлығының табиғаты мен себептері" (1776) атты басты еңбегінде негіздеді. Меркантилизм Батыс Еуропа елдері - Англия, Франция, Италияда дамыды.
Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:
* Англияда - У.Стаффорд, Т.Мен, Дж. Стюарт;
* Италияда - А.Серра;
* Францияда - А. де Монкретьен, Ж.Б. Кольер
Меркантилизм теориясының кейбір нышандарын орыс экономисі, І Петрдің замандасы И.Т. Посошковтың "Сараңдық пен байлық туралы" деген еңбегінен де кездестіруге болады.
Меркантилизм ілімін жақтаушылар - меркантилистер - қоғам байлығы мен әл-ауқатының көзі материалдық игіліктер өндірісі емес‚ тауар және ақша айналысы саласы деп есептеді. Олардың пікірінше қоғамның әл-ауқатына сыртқы сауданы реттеу‚ тауарлар әкелімінен әкетілімінің басым болуы және елде ақшалай капиталдың қорлануы жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан келіп "меркантилдік" деген термин сауда‚ коммерц. деген мағынада қолданыла бастады. Сонымен бірге ол материалдық пайдакүнемдікпен‚ бас пайдасын күйттеушілікпен байланысты ұсақ есепшіл‚ саудагерлік дегенді де білдіреді.
Физиократтар - XVIII ғасырдың саяси-экономикалық ағым. Бұл мектептің негізін салушылар болып француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго(1727-1781) болды. Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндірісте. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер табиғаттың берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді. Бұл жерде ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда, т.б.) өнімсіз деп саналды. Физиократтардың жеткен жетістігі болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде (әсіресе, Кенэнің Францияның ұлттық шаруашылығын зерттеуі) ұдайы өндіріс үдерістерін зерттеуі табылады. Сонымен, физиократизм - бұл пайда табудың жолы ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатынын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
Марксизм -- 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі -- классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]
Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары -- қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.
Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.
Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.
Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:
1. В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.
2. Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.
Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.
Маржинализм -- экономикалық теория. М. шекті өнімділік, шекті шығын, шекті пайдалылық табыстылықтың кему заңдарын, сұраныс пен ұсыныс заңдарын басшылыққа алады.
1870 -- 80 ж. тарихи экон. ілімде "маржиналистік төңкеріс" дәуірі деп аталады. Шекті, маржиналдық тәсілді Австрия мектебінің негізін қалаушылар: К.Менгер (1840 -- 1921), Ф.Визер (1851 -- 1926), О.Бәм-Баверк (1851 -- 1919) игіліктердің пайдалылығын зерттеуде тұңғыш рет қолданды. Жаңа класс. теорияны жасаушылар шекті талдауды тауар, көрсетілетін қызмет бағасының құралуын, бәсекелі рыноктегі өндіріс факторларын зерделеу үшін пайдаланды. Мұндағы өзекті мәселе -- кемел бәсеке экономикасының тепе-теңдігін сақтау идеясы. Экономиканы сипаттауға микроэкон. көзқарас осы теорияның айрықша белгісі болып табылады. М. теориясында құндылықтың субъективтік сияқты ұғымдарғa негізделеді, шекті пайдалылықтың, өнімділіктің теориясы, шекті пайдалылық теориясы, жарасымды экономикалық теория, т.б. тұжырымдалады.

2.Экономикалық ғылым саласындағы Нобель сыйлығының иегері:

Джеймс Александр Миррлис , сэр ( Eng сэр Джеймс Миррлис ; б 5 шілде , 1936 , Minnigeff , Шотландия . . ) - Шотланд экономисті. Ақпараттық асимметрия саласындағы өз зерттеулері үшін . 1996 жылы Нобель сыйлығының иегері. Ол ( мұнда докторы дәрежесін алды ) Эдинбург және Кембридж университетінде оқыған. Ол Кембридж және Оксфорд университеттерінде сабақ берді. Эконометрикалық қоғамының президенті ( 1982) . Халықаралық атлантикалық экономикалық қоғамының президенті (1988-1989) .


Нобель Сыйлығының Лауреаты Джеймс Александр Миррлистің Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға келуі

2013-жылдың 20-мамырында экономика саласы бойынша Нобель Сыйлығының Лауреаты Джеймс Александр Миррлис Қазақстан Республикасына сапарында Қазақ Ұлттық Техникалық университетінде болды. Джеймс Александр Миррлис ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Әділовпен кездесіп, оқу орнында Нобель дәрісін оқыды.
Джеймс Александр Миррлис экономика саласындағы Нобель Сыйлығын Ақпаратты асимметрия зерттеу аумағы бойынша 1996-жылы иемденген болатын. Дәріс алдында ҚазҰТУ ректоры Ж.Әділов жиналғандарды Нобель Лауреатымен қысқаша таныстырып өтті.
Сэр Джеймс Александр Миррлис ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың зерттеу әдістері
Зерттеудің деңгейі
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Экономикалық теория жайлы мәлімет
Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы
Психологиялық экспериментті ұйымдастыру
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Экономика ғылымы ұланғайыр
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ
Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы
Пәндер