Қоян етінің биологиялық және тағамдық құндылығы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
1. Қоян етінің құрамы
2. Қоян етінің категориялары
3. Қоян етінен жасалатын тағамдар
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Еліміздің ауылшаруашылығының құрамды бөлігі ретінде тек қана азық-түлік көзі болып қоймай, оған қоса өнеркәсіп үшін шикізат, әсіресе, мамық және жүннің негізгі қаматамасыз етушісі – қоян шаруашылығы. Биологиялық көрсеткіштері бойынша үй қояндары басқа жануарлардан өндіргіштігі мен өнімділігі бойынша ажыратылады. Себебі, үй қояндары көжектерінің дене массасы 4 ай ішінде 50 есе өсе алады. Үй қояндарының еті диеталық қасиетке ие, сол себепті, оны бауыр, асқазан, жүрек аурулары кезінде азық рационына пайдалануды ұсынады. Адам ағзасы қоян етінің ақуызын 90%-ын, ал майын толығымен сіңіреді. Қоян еті химиялық құрамы, әсіресе, диеталық қасиеті бойынша басқа түрлі еттен кем емес, тіпті кейбір көрсеткіштері бойынша асып та түседі.
1. Разведение кроликов., А.Ф.Зипер. – М: АСТ; Донецк: 2007., - 16 с.
2. Кролики. Выращивание. Переработка. – М: Панорама, 1992. -5 с.
3. Что нужно кролику. Пособие по акселерационному кролиководству., И.Н Михайлов., Санкт-Петебург, 2006.
4. Verstegen M.W., Williams B.A. (2002). Alternatives to the use of antibiotics as growth promoters for monogastric animals. Anim. Biotechnol., 13: 2. Annals of Animal Science. The Journal of National Research Institute of Animal Production. Impact factor 2013: 0.419.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қоян етінің биологиялық және тағамдық құндылығы

Орындаған:Даутбаева Д.С.
Тобы:ВС-203
Тексерген: Сулейменов Ш.Қ.

Семей 2015 ж

Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
1. Қоян етінің құрамы
2. Қоян етінің категориялары
3. Қоян етінен жасалатын тағамдар
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Еліміздің ауыл шаруашылығының құрамды бөлігі ретінде тек қана азық-түлік көзі болып қоймай, оған қоса өнеркәсіп үшін шикізат, әсіресе, мамық және жүннің негізгі қаматамасыз етушісі - қоян шаруашылығы. Биологиялық көрсеткіштері бойынша үй қояндары басқа жануарлардан өндіргіштігі мен өнімділігі бойынша ажыратылады. Себебі, үй қояндары көжектерінің дене массасы 4 ай ішінде 50 есе өсе алады. Үй қояндарының еті диеталық қасиетке ие, сол себепті, оны бауыр, асқазан, жүрек аурулары кезінде азық рационына пайдалануды ұсынады. Адам ағзасы қоян етінің ақуызын 90%-ын, ал майын толығымен сіңіреді. Қоян еті химиялық құрамы, әсіресе, диеталық қасиеті бойынша басқа түрлі еттен кем емес, тіпті кейбір көрсеткіштері бойынша асып та түседі.

Қоян еті - барлық диеталық еттің ішінде маңызды орын алады. Ол сөлді, нәзік, дәмі жағынан тауық етінен қуаттылығы өте жоғары, тез қорытылады. Құрамында ақуыз бен майдың мөлшеріне қарай қоян еті тауықтың етінен әлдеқайда асып түседі. Қоян етінің құрамында жоғары дәрежеде құнды ақуыздар, аз мөлшерде майдың экстрактивті заттары және холестерин болады.. Мысалы, адам организмінде қоян етіндегі ақуыздың 90 проценті қорытылып сіңсе, сиыр етінің тек 62 проценті ғана сіңеді. Қоян етінің 1 килограмында 1384 - тен 1820 - ға дейін калория болады. Қоянның майы тез ерігіш, сондықтан да тек қана сиырдың, қойдың майынан емес, шошқаның да майынан асып түседі. Қоян етін егде тартқан адамдарға, әсіресе, балаларға, сол сияқты гипертониялық ауруға, бауыр және қарын, өт жолдары ауру адамдарға диеталық (ет) тамақ ретінде ұсынылады. Осыған байланысты қоянның етінде аздаған мөлшерде пурин (100 г етте 38 мг) және хлорлы натрий (100 г етте 84 мг) кездеседі. Сонымен бірге қоян еті витаминге де (никотин қышқылы), калийдің, кальцийдің, магнийдің және фосфордың тұздарына да бай. Қоянның майы ақ, жұмсақ, 22-25°С температурада ериді. Үй қояндары жасының өсуіне қарай олардың бұлшық еттері, майлары толығады, нәтижесінде олардың салмағы артады. Сонымен бірге олардың жасына қарай, етінің құрамындағы ақуыздар мен майлардың мөлшері көбейеді, калориялығы жоғарылайды.
Кейбір ішкі ағзаларының тағамдық құндылығы
Ішкі ағзалары
Құрамындағы май (%)
Құрамындағы ақуыз (%)
1. Бауыр
2,2
22
2. Өкпе
2,6
15,8
3. Бүйрек
2,7
14,0

Кез келген еттің азықтық құндылығы алдымен, құнды және толық құнды емес ақуыздарымен анықталады. Қоян етінде көбіне толық құнды ақуыздар және аз шамада толыққанды емес құнды ақуыздар, пуринді негіздер болады. Қоян етінің ақуызында 19 түрлі аминқышқыл (алмастырылмайтын аминқышқылдарды қоса есептегенде) анықталған. Құнды болып саналатын жағдай - жылумен өндеу барысында ет құрамындағы аминқышқылдар сапасы өзгермейді, ол тек санына ғана әсер етеді. Қоян етінде көбінесе
* лизин - 10,43%;
* метионин 2,37%;
* триптофан 1,55% болады.
Жануардың жасы аминқышқылдар құрамына әсері шамалы. Бұлшық ет ұлпасындағы минералдық заттар үлесі 1-1,5%. Минерал және дәрумендер құрамы бойынша қоян еті басқа түрлерден асып түседі. Оның құрамында:
* темір (шошқа етінен екі есе көп);
* фосфор (100 граммда 220мг);
* магний (100 граммда 25 мг);
* кобальт;
* қажетті мөлшерде мыс;
* калий;
* марганец;
* фтор;
* цинк болады.
Қоян еті басқа түрлі жануарлар етінен ерекше. РР - никотинамид, С - аскорбин қышқылы, В6 - пиродоксин, В12 - кобаламин дәрумендеріне бай, осыдан қоян еті диеталық рацион үшін алмастырылмайды. Басқа жануарлар майымен салыстырғанда, қоян майы биологиялық құнды, себебі, қаныққан май қышқылдары, әсіресе, дефицитті арахидонға бай. Ол ағзамен жақсы сіңіріледі және сапасы бойынша қой, сиыр, шошқа етінен жақсы. Қояндар өнімділігі және өнім сапасы да өте жоғары көрсеткіштер береді.
Қолмен ұстап көргенде жақсы жетілген еті бар, қоңдылығы көңілдегідей қояндарды бірінші категорияға жатқызады. Қояндардың арқа омыртқасының жіктері қолмен ұстағанда білінбейді, бөксесі, жамбас сүйегінің маңы оқтаудай жұмыр болады; бауырында, қолтығының астыңғы жағындағы тері қыртыстарын қолмен ұстап, айқын байкауға болады. Қолмен ұстап байкағанда орташа жетілген етті қояндарды екінші қоңдылықты категорияға жатқызады. Арқа омыртқасының жігі қолмен ұстағанда білініп, аздап шығып тұрады, жамбас сүйегі жалпақтау, көтеріңкі келеді, арт жағы қоңсыз май ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еттің тағамдық және биологиялық құндылығы, қоян етінің адам денсаулығына тигізетін пайдалы әсерлері, және халықтың күнделікті тағамдық тұтынысына қоян етін енгізуге ұсыныс
Малды естен тандыру
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Май ұлпасы
Дәстүрлі еттен ұлттық тағамдарға шолу
Еттің биологиялық−тағамдық құндылығы
Ет сапасын бақылау
Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау
Ауру және ауруға күдікті мал
Қой етінің қоңдылығы
Пәндер