ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері



I. Кіріспе:
1.1 ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері;
II. Негізгі бөлім:
2.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі ;
2.2 Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру — әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.
2. Сабден О. Экономика производства и рынок. – Алматы: ИД «Эксклюзив», 2009. – 312с.
3. Сабден О. Кәсіпкерлік. – Алматы: ИД «Эксклюзив», 2009. – 320с.
4. Кайкен Ж.Б., Сұлтанов Ө.С., Қалдыбаев М.М. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. – Семей: ПК «Семей-печать», 2010. – 302б.
5. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 1998.
6. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы.-Алматы: Ғылым, 1999.
7. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы: Ақтөбе, 2002.
8. Кошанов А.К. Национальные экономические интересы и отношения собственности. – Алматы, 2009. – 356с.
9. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. – 296б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Орындаған: Иманхан С.Е
Топ:ОЗ-407
Тексерген: Қуантқан Б.

Семей 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе:
1.1 ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері;
II. Негізгі бөлім:
2.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі ;
2.2 Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Меншік - қоғамдық құрылыстың негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал - жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. Меншік және иемдену деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену - шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Меншік ол зат емес, меншік - заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену - затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру - меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру -- әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру - еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Жеке меншік туралы мәселе - қоғамдағы өндірістік қатнастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік туралы талас бірнеше жылдан бері созылып келеді. Әсіресе, адамзат қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады. Меншік түсінігінің экономикалық және заңдық мәнін ажырату қажет.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің алуан түрлері мен формаларын қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады. Меншік туралы Заңның 1-бабында, мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру арқылы қайта құру. Ал жекешелендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және басқа да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру (сату) дегенді білдіреді. Әрине, мұнда мемлекеттің иелігінен (сату) алу мен жекешелендірудің ара - жігін ажырата білген жөн. Айталық, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекеттік мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді. Ал, жекешелендіруге келетін болсақ, мұнда меншік объектісі мемлекеттен біржола бөлінеді. Яғни меншік басқару құқығына да иелік өзгереді. Бұл субъектілер енді мемлекеттік тұтқаның иелері емес. Меншік мемлекет иелігінен алу - күрделі, қарама - қайшы және әлеуметтік дау - жанжалды тудыратын процесс. Ол біздің бұрынғы Одаққа кірген республикалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін жаңа процесс, бірақ ХХ ғасырдағы дүниежүзілік тәжірибесімен салыстырғанда, бұл бәлендей жаңа құбылыс емес, соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі шаруашылық орнына келтіру кезеңдерінде көп тараған мемлекеттік меншіктің тиімділігі жоғары еместігін түсінген елдерде меншікті мемлекет иелігінен алу басталды. Бұл бағытта Ұлыбритания айтарлықтай табысқа жетті. Осындай процесс аз да болса, 70 - 80 жылдары басқа да елдерде жүргізілді.
Жекешелендірудің жолдары мен түрлері
Кәсіпорын - халық шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым - қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болуы керек. Бұл орайда кәсіпорын іс - әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
ҚР жекешелендіру кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, оны жүргізу әдістері мен кезеңдері
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Пәндер