Экологиялық білім берудегі этикалық, эстетикалық проблемалар



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
2.1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2.2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар . қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
2.3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау . биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Тіршілік нысандарына деген жалпы қамқорлық адамдарға қарым-қатынаста жүрегімен елжіреу сияқты сезімдерді дамытады. Табиғатқа қамқорлық адамға деген қамқорлықтың биік мақсаттарына бағынады. Қатыгездік, жануарлар мен өсімдіктерге ақылсыз көзқарас (қырып-жойып), табиғатқа зиян келтіру – адамгершілікке жат. Олай болса бұл этикалық нормалардан ауытқушылық.
Адамдардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда биоэтикалық білім берудің рөлін зерттеу кезінде тіршіліктің тарихи дамуындағы мәдениет, ғылым және дүниетаным негіздеріне байланысты ғылыми әдебиеттер пайдаланылды. Қоғамның рухани мәдениетіндегі ғылымның орны қарастырылып, жаратылыстану-ғылымилық және гуманитарлық мәдениет мәселелері талданады. Онда жалпы мәдениет, ғылымның дамуы, ғылыми этика мен биоэтиканың қалыптасуының қоғамдық-әлеуметтік жағдайлары қарастырылады.
Биологияның адамның қоғамдық өмірінің әртүрлі сферасына бойлай кіруі қоғам тарапынан оның ғылыми жетістіктерін қолдануды бақылаудың жаңа формасын да талап етті. Қоғамда адамның мінез-құлқы мен тәртібін реттеп отырудың әртүрлі құралдары бар. Оның ішінде мемлекет пен мешіттің орны ерекше.
Көпшілік жағдайда өнегеліліктің, адамгершіліктің, имандылықтың, жалпы қабылданған ережелерінің әсері күштірек болады. Өнегеліліктің ережелерін реттеуде аса тиімділіктің құпиясы – салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың және әдеттің күшінде, олардың жан-жақты, барлығын қамтитын сипатында.
1. А.Т. Қуатбаев «Жалпы экология». Оқулық. Алматы, 2012 ж. 170, 171, 314, 315, 316, 317, 317-355 беттер аралығы.
2. Лавриненко В.Н., Ратников В.П. Концепций современного естествознания. М.:ЮНИТИ. 1997. 272с.
3. Карпенков С. Х. Концепции современного естествознания. – М.: Феникс, 2004. 182с.

СӨЖ

Тақырыбы: Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының
бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың
ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті
сатысы.

Тобы: ВМ-401.

Орындаған: Алин.А

Тексерген: Мурзалимова А.К.

Семей, 2015 жыл.
Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

2.1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

2.2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау
шараларының бір түрі.

2.3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми
негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

2.1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Тіршілік нысандарына деген жалпы қамқорлық адамдарға қарым-қатынаста
жүрегімен елжіреу сияқты сезімдерді дамытады. Табиғатқа қамқорлық адамға
деген қамқорлықтың биік мақсаттарына бағынады. Қатыгездік, жануарлар мен
өсімдіктерге ақылсыз көзқарас (қырып-жойып), табиғатқа зиян келтіру –
адамгершілікке жат. Олай болса бұл этикалық нормалардан ауытқушылық.

Адамдардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда биоэтикалық білім
берудің рөлін зерттеу кезінде тіршіліктің тарихи дамуындағы мәдениет, ғылым
және дүниетаным негіздеріне байланысты ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.
Қоғамның рухани мәдениетіндегі ғылымның орны қарастырылып, жаратылыстану-
ғылымилық және гуманитарлық мәдениет мәселелері талданады. Онда жалпы
мәдениет, ғылымның дамуы, ғылыми этика мен биоэтиканың қалыптасуының
қоғамдық-әлеуметтік жағдайлары қарастырылады.

Биологияның адамның қоғамдық өмірінің әртүрлі сферасына бойлай кіруі
қоғам тарапынан оның ғылыми жетістіктерін қолдануды бақылаудың жаңа
формасын да талап етті. Қоғамда адамның мінез-құлқы мен тәртібін реттеп
отырудың әртүрлі құралдары бар. Оның ішінде мемлекет пен мешіттің орны
ерекше.

Көпшілік жағдайда өнегеліліктің, адамгершіліктің, имандылықтың, жалпы
қабылданған ережелерінің әсері күштірек болады. Өнегеліліктің ережелерін
реттеуде аса тиімділіктің құпиясы – салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың және
әдеттің күшінде, олардың жан-жақты, барлығын қамтитын сипатында.
Адамгершілік ережелері көбінесе сыртқы қандай да бір күштің қадағалауын
қажет етпейді, өйткені олар әрбір адамның жан дүниесінде қаланған бір ішкі
бақылауға сүйенеді. Осыдан басқа, адамгершіліктің бір ерекшелігі – оның
ережелері аса өзгермелі (ауытқымалы), өсіңкі, жаңа пайда болған әлеуметтік
проблемаларға тез жауап қайырады. Осы тұрғысында олар құқықтық ережелерден
анағұрлым озық.

Қазіргі таңдағы биология пәні келешектегі ғалым-биологтарды тәрбиелелейтін
оларға болашақ қызметтерінде ғылыми этиканы сақтау арқылы барлық тіршілік
иелерін қорғауға ат салысу керек екенін ұғындыратын пән, олай болса осымен
байланысты мектеп қабырғасында биоэтика мәселесі оқушыларға ұғындырылуы
қажет. Сондықтан кәсіби этиканың тағы бір жаңа саласы – биологиялық этика
қазіргі тіршілікті сақтап қалу принципі тұрғысынан жаңа мазмұнда негізделуі
қажет. Оның пайда болуы адамгершіліктің, экологиялық мәдениеттің
тәрбиеленуімен, эволюциялық дамудың қайтымсыздығы негізінде экологиялық
адамгершілік идеясын әрі дамытуда болуы тиіс.

Мемлекетіміздің қоғамдық өмірі саласында жүріп жатқан демократиялық
өзгерістерге байланысты, белгілі әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке
тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылған талаптар арта
түсуде. Адамзаттың болашағы көптеген жағдайлармен анықталады, бірақ олардың
ішінде негіз болатыны – адамдар биосфераның даму заңдарын білуі,
биосфераның деградацияға ұшырауының қисынды себептерін, адамдарға не рұқсат
етілген және адам одан әрі асып кетпеуі тиіс шек қайда екендігін білуі
қажет. Қазақстанның қазіргі нарықтық экономикалы демократиялық қоғамға өтуі
және өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы даму кезеңінде
құндылықтар мен әлеуметтік жағдайлармен астасқан мәселелердің алмасуымен
байланысты ерекше проблемалар өзекті болып отыр.

Дамушы мемлекет үшін білімді, адамгершілік қасиеті жоғары, тапқыр және өз
еліне, жері мен табиғатына жауапкершілікті сезінетін адам өсіп жетілуі
керек. Осы міндет тұлғаның өмірлік жаңа ұстанымын қалыптастыратын білім
беру жүйесіне жүктеледі. Сол талаптардың бірі-оқушының адамгершілік
тәрбиесін жетілдіру.

Биоэтика философиялық білімнің ең маңызды өсу нүктесін береді.

Биоэтика - этиканың адамның түрлі тіршілік формаларына деген қатынасы
аясын қарастыратын бір бөлімі. Этика деген сөздің өзі адамның қоршаған
орта алдындағы жауапкершілігі болып анықталады. Сонымен, биоэтика адамның
басқа тіршілік иелеріне қатынасы жөніндегі мінез-қылығына байланысты
білімнің бөлімі деп және адамның мінез-қылығының адамгершілік қырларына
қатысты философиялық ұғым болып түсініледі.

Биоэтика деген ұғым соңғы бірнеше онжылдықта шыққан, бірақ, осы уақыт
ішінде биоэтика қарқындап кетті. Бірқатар мемлекеттерде қазірдің өзінде
биоэтика орталықтары бар, мысалы Еуропалық Одақта биоэтика жөніндегі
комитет жұмыс істейді. Осындай атаумен Ресей Ғылым академиясында да
комитет ашылған.

Биоэтика түрлі ғылымдардың түйісуіндегі зерттеушілік сипаттағы бағыт
ретінде жиырмасыншы ғасырдың 60-70-жылдарында қалыптасқан.

Биоэтика деген терминді алғаш рет американдық дәрігер Ван Ренссселер
Поттер ұсынған. Ол өзінің Биоэтика: болашақтың көпірі деген (1971)
кітабында экологиялық этиканың ерекше вариантын белгілеу үшін ұсынған. Онда
ол адамның жануарлар мен өсімдіктерге қатысты қарым-қатынасы проблемасын
көрсету мақсатында пайдаланған. Осы тұрғысынан алатын болсақ қазіргі таңда
да биоэтика мен адамның мінез-қылығы адамзат баласының моральдық және
адамгершілік болмысымен, тәрбиесімен байланысты.

Адамгершілік – ол адамның қадірлілік жағын және құқын сыйлау, тұлғаның
сөзсіз құндылығын сыйлау, сонымен қатар адамдардың игілігі жөнінде қам жеу
сияқты саналы көзқарастар жиынтығы, тұлға ретінде әр адамның мәнінің
тереңдігін көрсетеді. Адамгершілік ұғымы адамға деген құндылық қатынастың
жинақталған барлық түрін береді. Сонымен қатар қазіргі кезде,
адамгершілік жөніндегі дәстүрлі ұғым табиғи құрамдаспен кеңейтілуде.
Сондықтан адамгершілік сөзі тек адам – адам қарым- қатынасында ғана
емес, адам – табиғат қарым-қатынасында да қолданылады.

Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерде адамгершілік көзқарастар дамытуда
өзінің ішкі дүниесін сезіну, сонымен қатар адам құндылығындағы оның
әлеуметтік және биологиялық табиғатының бірлігін сезіну маңызды болып
табылады. Бұл тұлғаның мәдениетіне және руханилылығына тікелей қатысты.
Материалистік тұрғыдан қарағанда руханилық – ерекше, адамдардың материалдық
және қоғамдық -тарихи практикасының жоғарғы жетістігі.

Кез келген баланың тәрбиесінің негізгі қайнар көзі адагершіліктен
басталады. Неғұрлым адамгершілігі жоғары, дүниеге көзқарасы терең адам өз
елінің қамы, болашағы үшін қызмет етеді. Ал экологиялық тәрбиенің
адамгершілік болмыспен, әсемдік (эстетикалық) және этикалық тәрбиемен
байланысты болуы жас жеткіншектің дүниені қалай танитыны, оны қалай
қабылдауынан көрінеді.

Сол себепті біз барлық тәрбиенің негізі, бастауы болып саналатын баланың
өмірге көзқарасының негізін беретін дүниетанымдық тәрбиенің негізінде
экологиялық тәрбиені де маңызды деп есептейміз.

ЮНЕСКО-ның 1991 және 1993 жылдары Жак Делор бастаған ХХI ғасырдағы білім
жөніндегі Халықаралық комиссиясының қорытындысында Білім берудің этикалық
және мәдениет аспектілерін қайта қарап, әркімге әлемді хаостық қозғалысымен
де бір тұтастықта қабылдап, түсінуге мүмкіндік жасау керек. Ол үшін
білімге, толғануға, тәжірибеге және өз ара сынға негізделген ішкі күшін
салып, өзін-өзі түсінуден бастау керек деген. Осы айтылған, комиссия
тұжырымдамаларының негізі адамзаттың қазіргі тіршілікті сақтап қалуы
проблемасынан туындаған. Өйткені рухани және материалды дүние арасындағы
мәңгілік қарама-қайшылық бар. Өмір сүруді үйрену деген ауқымды мәселе
бәрімізден ХХI ғасырда дербестік, жеке бастың жауапкершілігін бағалауға
қабілеттілікті талап етеді

Жақсылық жасау сезімін және әсемдік (эстетика) пен этика сезімдерін
тәрбиелеу тығыз байланыста. Табиғат нысандарымен қарым-қатынас адамда
өнегелілік, құлықтылық және көркемдік сезімін дамытады. Өнегелілік үлгісі
адамдардың бір-біріне адамгершілік қатынасымен анықталады. Табиғатқа
адамшылық қатынас жанашушылық сезімін, оған қамқорлық, көмек қолын созу
ықыласын дамытады.

Биоэтиканың қалыптасуының ең алғашқы маңызды алғы шарты экологиялық
қозғалыс идеологиясы болып табылады. Ғылыми-техникалық прогресс адам мен
адамзат үшін орасан зор игілік әкелгенімен сонымен қатар оның өзінің
тіршілігі мен мекен ортасына қауіп төндіруде. Экологиялық ойлаудың
биомедицинаға әсері әсіресе әдетте қолданатын дәрі-дәрмектердің адам
организміне көптеген жағдайда қолайсыз етеуінен өрши түскен. Содан
биомедициналық ғылымның мақсаты тек қана терапевтік тиімді дәрі-дәрмектер
немесе медициналық жаңа технологияларды жасап шығару ғана емес, олардың
қосымша жағымсыз әсерлерін де болдырмау болып табылды. Осы мақсатқа жетуге
уақыт пен қаражат шығыны артып кетпесе кем түспейді.

Нәтижесінде жаңа терапевтік белсенді препараттарды синтездеу мен оны
клиникалық қолдану арасындағы уақыт ұлғайды. Егер алпысыншы жылдардың
басында ол бірнеше апта болса, сексенінші жылдары он жылға созылды. Дәрілік
препараттардың қауіпсіздік жағы, яғни олардың кері әсерін болдырмау
шаралары медицина ғылымдарының тез қарқын алып дамыған саласына айнала
бастады.

Биоэтиканың негізгі міндеті – биомедициналық ғылым мен практиканың
тоқтаусыз тудырып жатқан туындыларына қатысты күрделі моральдық
проблемалар бойынша әртүрлі ұстанымдардың туындауына ықпал ету. Мысалы:

- адамды клондауға бола ма?

- генетикалық әдіс-тәсілдермен адамдардың (жоғары дене және
интеллектуальдық сапалы) жаңа породаларын жасауға жол беруге бола ма?

- қайтыс болған адамның туысының рұқсатын сұрау қажет пе, егер оның дене
мүшесін басқа адамға ауыстырып салуға

Рухани мәдениеттің феномені ретінде ғылымның негізгі нормалары жалпы ғылыми
әрекеттің адамгершілік қырларын зерттейтін сала – ғылыми этикада беріледі.

Ғылымның негізгі этикалық нормалары:

- риясыз ізденіс және шындықты қорғау;

- ғылымды жаңа нәтижелермен байытуға ұмтылу;

- ұсынылып отырған ғылыми қағидаларды адал ниетпен негіздеу;

- мәселелерді талқылауда, сын айтуда шын көңілмен, ашық кірісу;

- ғылыми шығармашылық еркіндігі;

- ғалымның қоғам алдында, әлеуметтік жауапкершілігі.

Жиырмасыншы ғасырдағы ғылымның үнемі тоқырауға ұшырауы және басқа
себептерден ғалымдар эволюциялық этика идеясына жиі ден қояды. Алғаш рет
оны ағылшын ғалымы Г. Спенсер тұжырымдаған. Ол адамгершілікті эволюциялық
үдерістің даму формасы ретінде қарастырып, онда ол адам қоғамы дамуымен ара
қатыстағы барлық тірі табиғаттың сатысына қатысты қарастырды. Эволюциялық
этиканың идеясы бойынша жақсылық (мейірбандылық) жоғарырақ дамыған деп
анықталып, ал жауыздық (мейірімсіздік, рақымсыздық) аз дамығандық болып
табылады (Дж, Хаксли).

Эволюциялық этика тұрғысынан алғанда адамгершілік парыз деп әлемдік жалпы
эволюцияны жалғастыру миссиясын адамның өз мойнына алуы және космоспен
үндескен бірлікте болатын жаңа қоғам құруды айтамыз. Осы идея қазір
халықаралық конгресстер мен конференцияларда шындап талқылануда, әсіресе ол
әлеуметтік биология мен генетика ғылымдарында кең өріс алуда.

Шын мәнінде ғылыми этиканы сақтау жақсы-жаман принципі бойынша аяушылық
сезіммен бағалау емес, ол Homo sapiensті ғылыми негізделген идеялардың
әсерініен, өзінің ақылының параметрі бойынша Homo moralis (адамгершілікті
адам) болып шығуына жеткізуі керек. Сонымен қоса қазіргі тоқырау жағдайында
тірі қалу болашағы ғылымның этикалық нормалармен сәйкес Homo humanus
(адамгершілікті адам) болуға міндеттейді. Осы сияқты ой-пікірлер
эволюциялық гуманизм (эволюциялық адамгершілік) тұғырнамасында дамытылып
отыр. Осының негізін салушылардың бірі жоғарыда аталған ағылшын ғалымы,
зоолог және философ Д, Хаксли. Оның теориясының негізінде басты төрт ой-
пікір жатыр.

Адам өзінің болашағына, онымен қоса планетаның дамуына жауапкершілікті
екенін өзінің сана-сезімімен түсінуі керек және осы жауапкершілікті ол
Құдайға да, тағдырға да, ешкімге де жүктей алмайды, тек - өзі.

Адам Жерде мекен ететін тіршіліктің тек бір түрі, бір бірлігін ғана
көрсетеді, сондықтан адамзат ұлт тұрғысынан, діни ұстанымы, немесе әртүрлі
идеологиядағы мемлекет блоктары жөнінен бір-бірімен бәсекелесетін, немесе
бір-біріне дұшпандық қалыпта болатын жалған түрлердің жиынтығына
айналмауы тиіс екенін мойындау.

Материалдық тоқшылық идеясының орнына адам үмітін жүзеге асыру идеясын
көздеу (біздің бай қоғам кемістіктер мен тауқымет, бұзықтар толы қоғамға
айналуда).

Жекелеген адам топтары үшін материалдық құндылықтар, ақша, өндіріс
өнімдерін және материалдық игілік санын өсірудің орнына өмір, тіршілік
сапасын және барлық қоршаған орта сапасын көтеруге ұмтылу.

Біздің пікірімізше биоэтикалық жүйе осы идеяларды толғау, амалдау негізінен
құрылуы тиіс және құрыла алады. Осы ой-пікірлердің көмегімен біз
бытыраңқылықты жеңе аламыз, бір тұтастыққа бірігіп және адамзат өмірін
мықты тұғырға тұрғыза аламыз. Дегенмен бұл мәдениеттің барлық рухани құрам
бөліктеріне негізделген жаңа ойлау жүйесін қалыптастыруды ұйғарады. Ғылым
көбінесе тек өзі ғана емес, сол өзі жұмыс істейтін және дамитын институттар
жүйесі кінәлі болатын күнәлары үшін айыпталады. Ғылымның сыншылары мына
жағдайда дұрыс сынайды: ғылымның дамуы теріс әлеуметтік салдарларға әкеліп
соқтыруы мүмкін аса көкейкесті болып бара жатқан оның ашқан жаңалығын
пайдалану мүмкіндігімен байланысты ғалымның әлеуметтік жауапкершілігі
мәселесі. Бұл ғылыми барлық адамзаттың әлеуметтік сала бойынша зерттелетін
еңбектің этикалық ережесі болып саналады.

Биологиялық этика – ол қайырымдылық пен қатыгездіктің, ар-ұят пен
парыздың, намыс пен абыройдың биологиядағы эксперименталдық және теориялық
жұмыстардың аясына және де оның нәтижелерінің практикада қолданылуы
барысында жалпы адамзаттың тіршілік иелеріне деген адамгершілігінің
қарым-қатынасының жиынтығы.

Биоэтиканың этикалық білімнің ерекше саласына бөлінуі, биологияның даму
барысында және оның практикалық қолданылысында арнайы этикалық түйсінуді
қажет ететін бірқатар өткір проблемалардың туындауымен байланысты болды.
Олардың ішінде кезек күттірмейтін болып Жердегі тіршіліктің барлық
формаларының жойылып кету қаупі, бұған тек қана саясаткерлер емес,
ғалымдар, оның ішінде химиктер, физиктер және биологтар жауапкершілікті
болып табылады. Биология ғылымының жетістіктерімен байланысты бірқатар,
айталық, жекелеген проблемалар туындады. Мысалы, өлім халіндегі адамның
өмірін қолдау тиімділігі, оның өлімге деген құқығын пайдалану мүмкіндігін
беру, жануарлар мен адамға ғылыми эксперимент жасау, тіпті генетиканы
жануарлар мен адамды клондауға (көшірме) пайдаланудың мақсатқа
сәйкестілігі. Бұл мәселеге байланысты 1997 жылы Ұлыбританиялық доктор И.
Вильмут басқа да ғалым биологтармен бірге жасанды жолмен Долли атты қозы
алып жұртшылықты дүр сілкіндіргендері бар. Осы кезде Генетикалық
революция кітабының авторы, ғалым П. Диксон әрине бұл технология адамға
да қолданылуы мүмкін деген сұмдықты да айтқаны белгілі.

Осыған ұқсас және басқа да биоэтикалық проблемаларды шешудің барысында
биоэтиканың негізгі принциптері анықталады, олар:

- Өмір мен этиканың бірлігі және олардың терең сәйкестігі мен өзара
байланыстылығы. Егер өмір реттіліктің, ұйымдасқандықтың табиғат әлеміндегі
жоғары көрінісі болса, онда этика – қоғамдағы хаосқа қарсы тұратын
күштердің жоғарғы көрінісі.

- Тіршілікті, өмірді барлық этикалық құндылықтар ішіндегі ең жоғарғы
санаттағысы деп тану, өмірді аялау, қастерлеу,

- адам-биосфера жүйесін үндестіру принципі қазіргі таңдағы ең көкейкесті
міндет етіліп, адам мен табиғат арасында тиімді өзара қатынас тудыруды
жолға қою және ол үшін ғалымдар мен практиктерден әлеуметтік тұрмыстың
биологиялық негіздерін барынша толық есепке алуын талап ететін жүйе құру.

Гераклиттің Көп білгендік ақылға үйретпейді... деген ойы афоризмге
айналған. Бұл данышпандық пікір келелі проблеманы қозғап отыр. Өйткені тек
оқып білім алу - ақылды болудың тәсілі емес. Ең қауіптісі білімділер көп-
ақ, солардың арасында тәрбиелілері шамалы кез келген оқушыны
адамгершілікке барынша тәрбиелемесе қоғамымыз моральдық, адамгершілік,
парасат жағынан толығынан дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Осы мәселелер жөнінде
ғұлама ғалым әл-Фараби еңбектерінде айтылады. Ұлы Абайдың қара сөздерінде
де ғылым игеру, тәрбие (ақыл) төңірегінде өрбиді.

Мектеп оқушыларының қайырымдылық, аяушылық сезімдерін дамыту, әлсіз, әл-
ахуалы төмен адамдарға көмек, қорған болуға даяр тұрарлық сезімдерін
қалыптастыру мұсылман қауымына тән имандылық пен тәрбиеге келіп ұштасады.

Оқыту ғылымды білімге айналдырса, тәрбиелеу дегеніміз - өте қысқа мерзімде
жеке адамға беріліп меңгерілуі тиісті мыңдаған жылдар бойы адамзат жасаған,
тиянақтаған мәдени деңгейдегі жаңа мағына және құндылық тудыру. Мұғалімдер
күнделікті қарым-қатынас арқылы оқушыларға жеке тұлға деген сөздің мағынасы
терең екендігін, ол тек әдемі сөз, дабыра сендіру емес, іс-жүзінде өзіне
жауапкершілік алу, қиындыққа мойымайтын жоғары қабілет екенін көрсетуі
керек. Оның өлшемі - адамның қылығы.

2.2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау
шараларының бір түрі.

Ерекше қорылатын табиғи аумақтар – ерекше қорғау режимі белгіленген
мемлекеттік–табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер,
су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 10 қорық, 11 ұлттықсаябақ, 4
резерват, 3 қаумал (заказник), 5 қорық аймағы, республикалық дәрежедегі 26
, облыстық дәрежедегі 53 табиғат ескерткіші, 5 ботаникалық бақ және 3
зоопарк жұмыс істейді.

Мемлекеттік табиғи қорық – территориясында болып жатқан табиғи
процестер мен құбылыстардың жүруін бақылайтын, өсімдіктер мен жануарлар
әлемін, олардың қауымдастықтары мен жеке түрлерін, экожүйелерді зерттеп
сақтау мақсатында құрылған, табиғат қорғау және ғылыми мекеме ретінде
статусы бар ерекше қорылатын табиғи аумақ.

Сирек кездесетін жануарларды, құстарды және өсімдіктерді сақтау
мақсатында Қазақстан территориясында 10 қорық құрылған.

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ – мемлекеттік табиғи–қорық қоры
ретінде табиғат қорғау, экологиялық–ағартушылық, туристік және рекреациялық
(еңбектен кейін дем алып, күш–қайратын орнына келтіру) мақсатта пайдалану
үшін, экологиялық, ғылыми, тарихи–мәдени және рекреайиялықи ерекше
маңыздылығы бар, биологиялық және ландшафтық алуантүрлілікті сақтау үшін
құрылған табиғат қорғау және ғылыми статусы бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақ.

Қазақстандағы қорықтар тізімі

№ Қорықтар атауы Құрылған Аумағы, га Орналасқан жері
жылы
1 Ақсу–Жабағылы мемлекеттік1926 131 934 Оңтүстік Қазақстан
табиғи қорығы және Жамбыл
облыстары
2 Алматы мемлекеттік табиғи1931 71 700 Алматы облысы
қорығы
3 Наурызым мемлекеттік 1931 191 381 Қостанай облысы
табиғи қорығы
4 Барсакелмес мемлекеттік 1939 160 826 Қызылорда облысы
табиғи қорығы
5 Қорғалжын мемлекеттік 1968 543 171 Ақмола және
табиғи қорығы Қарағанды облыстары
6 Марқакөл мемлекеттік 1976 102 979 Шығыс Қазақстан
табиғи қорығы облысы
7 Үстірт мемлекеттік табиғи1984 223 342 Маңғыстау облысы
қорығы
8 Батыс–Алтай мемлекеттік 1992 86 122 Шығыс Қазақстан
табиғи қорығы облысы
9 Алакөл мемлекеттік 1998 20743 Алматы және Шығыс
табиғи қорығы Қазақстан облыстары
10 Қаратау мемлекеттік 2004 34 300 Оңтүстік Қазақстан
табиғи қорығы облысы

Қазақстанда алғашқы ұлттық саябақ (Баянауыл) 1985 жылы құрылды.
Ұлттық саябақтарды құру мақсаты – адамдардың демалуына мүмкіндік жасау
арқылы табиғаттың бірегей жерлерін сақтау.

Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтар:

1. Алтын–Емен;

2. Баянауыл;

3. Бурабай;

4. Жоңғар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар және ерекше қорылатын табиғи территориялар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы
Экологиялық білім беру жайлы
Экология ғылымы жайлы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Пәндер