NC жұмыс техникасы. Қолданушы менюімен жұмыс


Реферат

«NC жұмыс техникасы. Қолданушы менюімен жұмыс»

NORTON COMMANDER операциялық қабықшасындағы жұмыс ерекшеліктері.

Norton Commander операциялық қабықшасы қазіргі уақытта ең таралған DOS-тың өзгертпесі болып табылады. Ол DOS-тың командамен басқарылатын интерфейсін «мәзір» типті қолданушының интерфейсіне ауыстырылған. Бұл операциялық қабықшаның дербес компьютер қолданушыға ұнағаны соншалық, Windows-пен жұмыс атқарса да, Norton Commander-ді «файл манипуляторы» ретінде қолданады. Себебі, Norton Commander өте қарапайым, онымен жұмыс жасауға ыңғайланып кетуінен, және де ол ДК ресурстарын экономды түрде жұмсайды.

Панельдер. Каталогтарды алмастыру.

MS DOS жүйесінің командаларымен жұмыс істеуді жеңілдетуге арналған түрлі жүйелік программалар бар. Олардың ішінде жиі пайдаланылатыны NC пакеті (NC - сыртқы жетекші программа) . Оның орындайтын іс әрекеттері - файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуді жеңілдету.

Мысалы :

  • Экранға дискідегі каталогтар мазмұны жазылған екі тақта шығару.
  • Бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа, ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту.
  • Com, Exe, Bat - типті файлдарды іске қосу.
  • NC үшін функциональды клавиштердің орындайтын іс - әрекеттерін қалыптастыру.
  • Файл мазмұның экранға шығарып, оныңмазмұнымен танысуға мүмкіндік туғызу.
  • Ыңғайлы тәсіл бойынша файлды көшіру, атын өзгерту, жою не орнын ауыстыру.
  • Жаңа каталог құру, оны жою.
  • Тестік файыл құру, оны редакциялау, т. б. .

NC алғашқы рет іске қосылған кезде экранның оң және сол жақ бөліктеріне тік төртбұрышты бірдей екі панель шығады да, оларда ағымдық винчестерлік дискіде жазулы каталог мазмұны көрінеді. Оның үстіне әр панельдің жоғарғы жағында каталогтың аты да жазулы тұрады. Ал командалық жол панельдердің төменгі бірінші жолға орналастырылады.

Экран бетіне шыққан тақталардың бірінде бір каталог не файл аты сұр түсті тік төртбұрыш ішіне орналастырылып қойылады. Ол NC - тің осы каталогты не файлды ағындық етуге дайындаған белгісі. Әдетте оны NC не панель белілемесі деп атайды. Курсорды басқаруклавиштерін пайдаланып, белгілемені сол панельде жоғары, төмен жылжытуға болды. Ал оны бір панельден екінші панельге өткізу үшін TAB клавишін басса болғаны. NC белгілемесінің қызметі - каталогтарды алмастыруды не com, exe, bat типті файлдарды іске қосыду жеңілдету, т. б. .

Мысалы :

  • Панельде көрінген каталогтың мазмұның экранға шығару үшін белгілемені осы атаудың үстіне әкеліп, КҚ клавишін басу жеткілікті.
  • Ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа шығу үшін белгілемені оның сол жақ жоғарғы бұрышында көрініп тұрған қос нүкте (. . ) белгісінің үстіне жылжытып, КҚ клавишін басса болғаны (. . - белгісі көрінген каталог - ағымдық ішкі каталог) .
  • Атау ішкі каталогта көрінген com, exe не bat типті файлды іске қосу үшін белгілемені осы атаудың үстіне әкеліп, R0 клавишін басу керек.

Белгілемені ішкі каталогта жазулы файл атауының үстіне әкеліп, КҚ клавишін басқан соң оның мазмұның экранға шығарып көруге де болады.

Ескерту .

  • Әдетте MS DOS іске қосылған кезде NC - те іске қосылып қойылады. Керсінше жағдайда, C:\>NC командасы арқылы оны ОЕСҚ- ға ендіріп алу керек.
  • NC жүйесінде экранда каталогтардың атаулары бас әріптермен, файл атаулары кіші әріптерімен жазылып көрсетіледі.
  • Панельдің соңғы жолында белгілеме арқылыбөлінген файлдың не каталогтың сипаттамасы жазулы тұрады (бұл жолды мини статустық жол деп те атайды) .

NC жүйесінде панельдермен жұмыс істеуге арналған және қажетті дискіні, дискіжетекті панельде ағымдық өтетін бірнеше команда бар.

Мысалы : CTRL+F1 - сол жақтағы панелді алып тастау.

CTRL+F2 - оң жақтағы панельді алып тастау.

Олар екінші рет басылса, сәйкес панельдер экранда қайтып көрінеді .

HOME - панель белгісімен ағымдық ішкі каталогтың басына бірден жылжыту

END - панель белгілемесін ағымдық ішкі каталогтың басына бірден жылжыту.

CTRL+F3 - ағымдық ішкі каталогта көрінген файл атауларының бірінші әріптері бойынша реттеу.

ALT+F1 - сол жақ панельде басқа дискіні ағымдық ету үшін берілетін команда. ALT+F1 - басылған кезде винчестерлік диск бөліктерінің бұрыннан белгілеуіне байланыстыэкран бетіне 3 - сурет арқылы бейнеленген терезенің шығуы мүмкін. Мұндағы С: тің үстінде тұрған терезе белгілемесі сол жақ панельде С: дискінің ағымдық екенің көрсету.

D : - ны ағымдық ету тәсілі де осы сияқты. Бұл кезде сәйкес А:\ не D:\ каталогының мазмұны сол жақ панельде көрінеді.

ALT+F2 - қажетті дискіні оң жақтағы панельде ағымдық етуге арналған (ALT+F1 командасына ұқсас) .

  1. NC жәрдемі. Файл мазмұның экранда қарау.

NC жүйесінде F1 - F3 функционалдық клавиштері басылған кезде орындалатын әрекеттер мынандай.

F1 (help) - NC пакетін пайдалану тәсілін түсіндіретін жазба кеңесті экранға шығару. NC - пен жұмыс істеу алдында осы кеңес пен танысып алған жөн.

F2 (menu) - пайдаланушының мәзірін (менюін) экранға шығару.

F3 (view) не ALT+F3 - ағымдық каталогта NC белгілемесін атауының үстіне әкеліп, КҚ клавишін басу арқылы файл мазмұның экранға шығарып, көріп шығу.

Егер файл тексті экранға сыймаса, PgPn клавишін басу арқылы оның келесі бөлімдерін ретімен экранға шығарып көруге болады. Ішкі каталогқа қайта өту ESC клавишін басу арқылы орындалады.

F4 (edit) - (edit - редакциалау) клавишін басқан кезде іске қосылатын текстік редакторды нұсқау.

F5 (copy) - (copy - көшіру) ағымдық каталогта таңдап алынған ішкі каталогтың, файлдың не файлдар тобының мазмұндарын көшіру.

F6 (renmov) - (rename or move - басқа ат беру не жылжыту) таңдап алынған файлдың не каталогтың атын өзгерту не басқа каталогқа орынын ауыстыру.

F7 (mkdir) -

F8 (del) - (delete - жою) ағымдық каталогта белгілеме бойынша таңдап алынған файлды, каталогты не файлдар тобын жою.

F9 (pulldn) - (pull down - төмен түсіру) бес таңдамадан тұратын NC - тің негізгі мәзірін шақыру.

F10 (quit) - (quit - шығу, тастап кету) NC - ден шығу командасы.

Тақырыбы: Norton Commander-дің негізгі мүмкіншіліктері мен қызметі.

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім.

а) Norton Commander операциялық қабыршығы.

ә) Norton Commander мүмкіншіліктері.

3. Қорытынды.

Функционалдық пернелер қызметі.

Norton Commander -қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге аранлған программа, онда командаларды пернетақтада термей-ақ, тек пернелерді енгізу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды "операциялық қабыршық "деп атайды.

Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:

экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;

каталог, файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;

бір каталогтан екіншіге көшуге;

каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшіруге және өшіруге;

каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге, ауыстыруға, атын өзгертуге және өшіруге;

кез-келген файлды көруге және мәтіңдік файлдарды түзетуге;

командалық жолдарды түзетіп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.

Norton Commanderді іске қосу.

NCEXE файлының толық жолынан тұратын келесі команданы теріңіз:

C:/NC/NC

бұндағы C:-NC. EXE файлы жазылған диск аты, ал NC- каталог аты.

NC- Norton Commander деген сөздің басқы әріптерінең құралған қысқартылуы, командадағы бірінші NC каталог атын, екінші NC-программа атын (nc. exe) көрсетеді.

Norton Commander-ден шығу.

Norton Commander жұмысын аяқтау үшін: Ғ 10 пернесін басу қажет. Экранға сұхбаттық терезе шығады :

The Norton Commander

Do you want to quit the Norton Commander ?

Yes No

Онда "Шынымен Norton Commander -де жұмыс бітті ме"

Деген сұрақ бар, егер " Yes" (Yes -иә) немесе "Еnter" (енгізу) пернелерін бассаңыз, экраннан терезелер мен меню жоға-лады.

Ғ10 пернесі кездейсоқ басылса сұқбаттық терезеде курсорды " No " ("жоқ") деген сөзге апарып, " Еnter" (енгізу) пернесін басу қажет.

Norton Commander тақталарының мазмұны.

Norton Commander жедел жадыға оқылған кезде экранда екі терезе пайда болады, оларды "тақта" деп атайды.

Тақталар тақырыбында ағымдық каталог пен диск аты немесе меню жолы көрсетіледі. Тақталардың төмен жағында командалық жолда DOS шақыруының белгісі бар, онда командалар енгізуге болады. Келесі жолда функционалдық пернелер қызметі көрсетілген.

Norton Commander менюі.

Меню жолы бес бөліктен тұрады: Left (сол жақ), Files (файлдар), Commands (командалар), Options (опциялар), Rigt (оң жақ) .

Меню шақыру үшін Ғ9 функционалдық пернесін басу керек, экранға тақтаның бірінші жолында меню жолы пайда болады.

(Функционалдық пернелер пернетақтаның ең бірінші жолында орналасқан) .

Курсорды бағыттауыш пернелер арқылыкерек командаға әкеліп, Ғ1 пернесін бассаңыз, сол команда қызметі туралы анықтама шығады.

Кейбір командаларды орындау үшін пернелер тағайын-далған командаларды бірнеше тәсілмен орындауға болады:

меню арқылы, команданың жанған әріптерін теру арқылы немесе пернелер арқылы.

Әр командада бірнеше әріп басқа түске боялып, басып әріппен жазылған. Сәйкес команданы орындау үшін сол әріпті терсе жеткілікті, мысалы, Drive командасын орындау үшін Ғ9 пернесін және L Д әріптерін немесе Alt+F1 перне-лерін басу керек немесе тышқанмен зкранда сәәйкес командаларды ( 9 PullDn Left Drive) шерту керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕСІ. MS DOS. NC, FAR MANADGER ҚАУАШЫҚ ПРОГРАММАСЫ
Norton Commander бағдарламасы
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Norton Commander операциялық қабыршығы
Norton Сommander программасымен жұмыс істеу
Ақпарат және информатика бойынша материалдар
Ені бойынша мәтін
Сан жүйесінің аты
Утилит дегенiмiз не?
Компьютерлік утилиттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz