Адам ауруын қоздырушы дрожжилар



1. Ауру тудыратын бактериялар жайлы қысқаша мағлұмат.
2. Аурулардың алдын алу жолдары.
3. Ауру түрлеріне қысқаша шолу.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т.б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректеніп, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.
Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеде неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.
1)“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
2)"Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Адам ауруын қоздырушы дрожжилар

Тексерген: Байтакова А.Қ.
Орындаған:Ахмадиев К.Д.

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар:
1. Ауру тудыратын бактериялар жайлы қысқаша мағлұмат.
2. Аурулардың алдын алу жолдары.
3. Ауру түрлеріне қысқаша шолу.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т.б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректеніп, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.
Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеде неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.

Сальмонеллез -- жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы -- сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан. Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжық, сары майда 4 айға, сүтте 20 күнге, ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта 18 айға дейін сақталады. Сальмонеллар -- негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек жолының қалыпты микрофлорасы. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр өтеді. Ауруды лаб-да арнайы бактериол. (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады) және серол. әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды. Емі: асқазанды жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин, циклофлоксацин, т.б.) қабылдау. Сальмонеллез бен күресу және оның алдын алу үшін сан.-гигиен., ветеринар. және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі.
Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиология өнеркәсібінде микробтармен күресу шаралары табылды. Ауру туғызатын бактерияларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға қарсы қолданылатын дәрілер алынды. Ауырған кезде адам түрлі дәріні пайдаланады. Дәрі адам денесіндегі бактерияларды өлтіреді, сөйтіп адамның ағзасын жұқпалы микробтардан тазартады. Қазіргі кезде жұқпалы ауруларға арналған дәрілердің жаңа түрлері өндірілуде.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны шынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т.б. (Ауасы тазартылған бөлмеде бактериялар саны 13 есе азаяды.)
Бактерияның басқа түрлері сары ауру, қызамық, құздама (ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.
Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 ж Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл ауруды қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сaльмoнeллa ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.
Қантышқақ (дизентерия) ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғарғы температурада қайнатқаннан кейін де сақталады. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да, улы заттар бөледі. Мұндай тағам адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адамның қазаға ұшырауы мүмкін.
Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пенициллин, ампициллин, бисептол сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол ауруды антибиотиктердің көмегімен 2 - 24 сағат арасында жазып жіберуге болады.

Ертеде (VІ ғасырда) Қытайдан басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен қалаларда) он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.
Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдап, зор нұқсан келтіреді.
Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары - тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.
Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады.

Патогендік микроорганизмдер
Жұқпалы аурулардың қоздырғышы -- патоген микробтар. Әрине жұқпалы ауру адамға иемесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтардың сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын касиеті бар. Осындай микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады. Ал осы микробты лаборатория жағдайында бірнеше уақыт бір қоректік ортада сақтағаннан кейін қоянға жұқтырса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені қолайсыз жағдайда топалаң микробы өзгеріп, әлсізденіп қалады. Жұқпалы аурулардың таралуы адам мен жануарлар организмінің беріктігіне, яғни сол ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен, тауық топалаңмен мүлде ауырмайды, тіпті оларға топалаң микробын қолдан жұқтырсаңыз да ауырмайды. Егерде Л. Пастер жасағандай етіп, тауық аяғын салқын суда ұзақ ұстап, содан кейін топалаң микробын жұқтырсаңыз, ол тез арада ауыра бастайды. Мұнда тауықтың топалаң микробына төзімділігі нашарлайды. Мәселен, адам өкпесіне туберкулез микробы енді делік, бірақ денсаулық күшті болса бұл адам ол аурумен мүлде ауырмайды. Егерде, басқа бір аурумен ауырып, адам денесі нашарласа, онда туберкулез микробына организмиің қарсы тұрарлық қасиеті әлсірейді де, адам туберкулезбен ауырады. Жұқпалы ауру қоздырғыштары біздің организмге түрліше зиянды әсер етеді. Зиянды микробтардың көпшілігі организмді улайтын, нерв жүйесін, жүрек қызметін, қан тамырларын және ішкі органдардың барлығын зақымдайтын түрлі улар бөліп шығарады. Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар арқылы таралады. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жұғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал. Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады. Кейде адамдарға белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысыктан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз. Сібір жарасы -- біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамды қырғынға ұшыратқан қасиетті от, яғни Сибирь жарасы туралы өз еңбектерінде жазған болатын. Бұл ауру әуелі Италияда етек алып, содан кейін Еуропаға ауысты. Шығыс елдерінде оны Парсы оты деп те атаған. Ресейде 1865 жылы болған осы аурудан он мыңдаған адамдар кырғынға ұшыраған. Санитариялық және ветеринариялық шаралардың мешеулігіен патшалы Ресейде бұл ауру малдардан адамдарға жұға бастады. Сібір жарасы жұққан мал бір-екі күн ғана ауырып өледі. 1896 жылдан бастап жиырма жыл ішінде Ресейде бұл ауру жарты миллиондай бұғыны қырып салды.
Сібір жарасын қоздырғыш бациллус антрахис, ірітаяқшалар, қозғалмайды, ауалы жерде спора түзеді. Сондықтан оларды бацилдарға жатқызады. Клеткаларын қоршап тұратын капсулалары бар. Грам әдісімен оялады. Бацилдар бір немесе қос-қостан, көбіне қысқа шынжырша тәрізденіп орналасады.Спора тек оттегі бар жерде ғана түзіле бастайды. Егерде +12°-тан төмен, Сибирь жарасы микробтары+ 42°-тан жоғары болса да спора түзілмейді. Споралары сопақша, клетканың орта шеніне орналасады. Өніп-өсуі үшін ең қолайлы температура +30°, +37°. Жалпы физикалық және химиялық факторларға олардың вегетативтік клеткалары төзімсіз +50 +55°-та олар бір сағатта-ақ қырылады, ал споралары +110°-та 10 минуттай қыздырса да тіршілігін жоймайды. 140° құрғақ ыстықта споралар үш сағаттан соң өліп кетеді. Топырақта Сібір жарасы микробының споралары бірнеше жылдар бойына сакталады. Күн сәулесі де клеткалар мен спораларға жойқын әсер етеді, олар бір процентті формалинде және 10 % -ті күйдіргіш натрийде екі сағат-тан, 5%-ті фенолда бір тәуліктен кейін қырылады. В. В. Архипованың мәліметіне қарағанда жоңышқа, сиыржоңышқа, бидай, қара бидай, сарымсақ және рауғаштардың тамырынан бөлінетін заттар бұл микробтарға зиянды әсер етеді екен. Ауыл шаруашылық малдарында Сібір жарасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар. Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар
Адам ауруын қоздырушы және өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар
Листериозды балау, дауалау шаралары
Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары
Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары
Микробиология. Қолданбалы курс сабағының жылдық тақырыптары
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Ботулизм жайлы
Патогенді микроорганизмдердің таралуы
Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Пәндер