Биологиялық препараттар жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

CӨЖ

Тақырыбы: Биологиялық препараттар.

Орындаған:Балтабек Е. K

Тобы: ВС-403

Тексерген:Нуркенова М. К

Жоспар:

1. Биологиялық препараттар туралы жалпы сипаттама.

2. Биопрепараттарды айырып алу, шоғырлау және тазалау .

3. Биологиялық препараттардың жіктелуі.

4. Биологиялық белсенді қоспалар.

Биологиялық препараттар.

Биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.

Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.

Ал құрамында фосфор бактериялары бар - фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы - ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.

Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі - мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады.

Ал триходермин биологиялық препараттарын Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т. б. ) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т. б. ) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар(энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин, боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы - олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.

Биопрепараттарды айырып алу, шоғырлау және тазалау.

Ферментация үдірісі аяқталғанда дақылды суйықтықтың құрамында микроағзалар, қоректік ортаның қалдықтары, еритін және ерімейтін заттар болады. Микроағзалардың өнімдері, немесе дақылды суйықтықта ерітілген, немесе микроағзалардың жасұшаларының ішінде орналасқан олардың метаболиттері биосинтездің ақырғы өнімі болу мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінде ақырғы өнім алу үшін микроағзалардың жиынын дақылды суйықтықтан бөліп алу керек. Дақылды суйықтықтар - ұқсас физико-химиялық қасиеттері бар күрделі қоспалар. Ерітілген минералды тұздар, көмірсулар, ақуыздар және басқа органикалық заттардан басқа осы дақылды суйықтықтардың құрамында полидисперстік коллоидтық бөлшектер бар. Осы суспензиялардың дисперстік фазасы микроағзалардың мицелияларынан және жасұшаларынан, қатты бөлшектерден тұрады. Микроағзалардың мөлшері дақылды суйықтықтарда төмен болады. Бір литрде 5-10 гр кебу биожиын болады.

Микроағзалардың жасұшалы биожиынын дақылды суйықтықтан келесі әдістермен бөлуге болады:

1) механикалық (тұндыру, сүзу, центрифугадан өткізу) ;

2) теплотехникалық (кептіру) .

Ақырғы өнімді бір әдістің көмегімен алу киынға түседі. Сондықтан бір неше әдістің құрастыруымен қолданады.

Сублимациялық кептіру -вакуумда мұздан су шығарып қатқан материалдарды кептіру. Сублимациялық кептіру жылулық кептірумен салыстырғанда кептірілетін заттарға қолайлы жағдайлар тұдырады: қышқылдану болмайды, алғашқы құрылым бүлінбейді, биосинтез өнімдерінің қасиеттері, құрамы, зат алмасу процесстері сақталады.

Кептіру процессі бір неше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең - қысым төмендегенде мұз жаратылып, температура төмендеп өзінен өзі кету. Екінші кезеңде мұздың сублимациясы арқылы бос су кетіп, кептіру бір келкі жылдамдықпен өтеді. Үшінші кезең - байланысқан суды кептіру (қалған 10-15 пайыз ылғал), осы кезде кептіру жылдамдық төмендеп, температураны ақырындап қоршаған ортаның температурасына дейін көтереді. Өнімнің ылғалы минимумға дейін төмендегенде (2-4 пайыз), температураны 30-40 градуска дейін көтереді. Осындай жағдайлар кептіретін бөлмеде өттек аз болғандықтан өнімнің қышқылдануын төмендетеді.

Мембранамен қолдану әдістер. Мембрана - жоғарыпоралық, порасыз тегіз немесе түтікті қоршау, полимералық және бейорганикалық заттардан жасалып қоспада немесе ерітіндіде болған әр түрлі бөлшектерді (иондар, молекулалар, макромолекулалар, коллоидтық бөлшектер) жақсы бөледі.

Биологиялық препараттардың жіктелуі.

Биологиялық препараттар кәзіргі кезде организмнің қалыпты микрофлора тепе-теңдігін жоғарғы деңгейде ұстап тұратын көп таралған дәрі-дәрмектерге жатады. R. Simmering және M. Blaut (2001) келісімдері бойынша биопрепараттар белгілі бір талаптарға жауап беріп, қойылған шарттарға сай болуы қажет:

- асқазан сөлі мен өт қышқылдарында қорытылмауы қажет;

- берілген биотопқа қажетті адгезиялық қасиеті болу;

- берілген биотопта максималды ұзақ уақыт болу;

- антибиотиктік заттар өндіру;

- иммундық реакцияларды модулдеу;

- организмдегі метаболизм процесіне оң әсер ету (холестерин алмасуын реттеу, витамин түзілуін күшейту) .

Энтералды жолмен қабылданып, микробиоценозды қалпына келтіретін биопрепараттарды Россияның Гарбичевский атындағы Орталық микробиология және эпидемиология ҒЗИ-ының оқымыстылары құрамындағы компоненттерінің табиғатына байланысты бірнеше топқа бөлуді ұсынды:

1) вакциналар;

2) биологиялық белсенді қоспалар;

3) эубиотиктер;

4) пробиотиктер;

5) пребиотиктер;

6) бактериофагтар;

Вакциналар дегеніміз-микроорганизмдерден немесе олардың антигендерінен тұратын белгілі бір микроорганизмдерге немесе оның бөліп шығаратын токсиніне қарсы жасанды түрде активті иммунитет жасау үшін қолданылатын препараттар. Стоматологияда соңғы кезде пародонта мен ауыз қуысының кілегей қабығының ауруларын емдеуде вакцина ретінде имудон (Solvay Farma, Француз өнімі) препараты кеңінен қолданылып жүр. Имудон поливалентті антиген кешенінен тұратын, ауыз қуысының патологиясын тудыратын ең жиі кездесетін 13 түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар штамдарының антигендерінен жасалынған . Антиген түрінде препаратқа ауыз қуысының жергілікті иммунитетін «жаттықтыруға» мүмкіндік береді. Имудон иммундық жасушалардың жадын қоздырып, ауру тудыратын микробпен кездесуге дайындайды. Дәріні ауыз қуысының қабыну ауруларының алдын алу үшін қолдану тиімді.

Solvay Farma фирмасымен құрамында 19 штамның детерминантты антигені бар тағы бір препарат - ИРС-19 ассоцияланған вакцинасы шығарылған. Препарат жедел түрде кілегей қабықта қорғаныс механизмін күшейтіп, антиденелердің өнімін көп мөлшерде шығарып, ауыз қуысындағы макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін, интерферон және лизоцим өнімдерін арттырады . Препарат ауыз қуысының және жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларында, пародонта ауруларын емдеуде қолданылады .

Биологиялық белсенді қоспалар.

Биологиялық белсенді қоспалар - олар асқазан-ішек қызметін жақсартып, ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін қолдануға арналған бифидо қоспалары бар емдік-диеталық қоректік тағамдар. Бұларға эколакт жатады ол жеміс-жидек шырынынан жасалынған құрамына ашытқан лактобактериялары бар антиоксидантты белсенділігі және антимутагенді әсері бар сусындар мен құрамына түрлі сүт қышқылы бактериялары кіретін «бифилайф», «био-кефир», «кефир BFB», ацедофилді паста, йогурт тәрізді ашыған сүт өнімдері жатады

Эубиотиктер -бұл әсер ету бастамасы қалыпты микофлора өкілдерінен құралған тірі лиофилді кептірілген микроорганизмдер дақылынан жасалынатын бактериалық препараттар. Эубиотиктерді қолдану кәдімгі емдеу тәсілінің орнын басу мысалы. Мыналар эубиотиктерге жатады :

- бифидумбактерин - Bifidobacterium bifidum бактериясының микробтық массасы

- ацилакт - Lactobacillus acidophilus 3 штамының өкілдерінен тұратын биомасса

- лактобактерин - Lactobacillus plantarum және L. fermentum бактерияларының микробтық массасы.

- колибактерин - E. coli миробтық масса.

- бифилиз - бифидобактериялар мен лизоцимдер қосылған лиофильді кептірілген биомасса.

- линекс - Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium infantis, Streptococcus faeciuv тірі бактерияларының лиофилденген препараты.

Флорадофилюс 3000 (Amrion компаниясының өнімі) және вита-баланс (New Spirit Naturals компаниясының өнімі) капсуладағы АҚШ өндіретін эубиотиктер.

Зерттеу нәтижесінде эубиотиктер әсерінен бифидо-лактобактериялардан моноцитарлы-макрофаг қатарының белсенділігі артып, сарысулық иммундыглобулин және интерферон өнімдері көбейіп, Т-жасушалық иммунитет реакциясын қоздыратындығы мәлім болды.

Lactobacillus acidophilus және L. casei сүт қышқылы бактериялары бірден фагоцитоз, табиғи киллерлер белсенділігін және антидене түзетін жасушалардың өнімдерін арттыратын иммундық реакциялар түзеді. Көптеген грамм оң бактерияларының сонымен қатар лакто-және бифидобактерияларының торша қабығы құрамында мурамилпептидтер (МДП) бар, олардың бөлініп шығуы Т-және В-лимфоциттер мен макрофагтардың белсенділігін, иммундыглобулин өнімдерін арттыратандығы мәлім. Бактериалық препараттардың емдеу-алдын алу механизмінің алуан түрлі екендігін ескере отырып, олардың қай-қайсысының басты немесе екіншілік екендігін айқындауға болмайды. Түрлі созылмалы және жедел ауруларда терапиялық әсері бір жағдайда бациланың антагонистік қасиетінен болса, басқа біреулерінде өнімдері мен ферменттер әсерінен, ал үшінші біреулерінде қорғану реакцияларының белсенділігінің артуынан болады. Бірақ, әдетте процесске бір мезетте бірнеше фермент қатысады.

Пробиотиктер - негізінде табиғаты микробтан тұратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар және ас қорыту процесіне қатысатын, әсер ету бастамасы ферменттік жүйе болатын препараттар. Пробиотиктер қалыпты микрофлораның өсуін

белсендірушілер болып табылады. Оларға энтерол (Sanofi-Chinoin компаниясының өнімі), блактисубтил (Marion Merrel Dow, АҚШ), флонивит БС (JCN . Galenic, Югославия), биоспорин жатады (Россия, Әскери-техникалық проблемалар орталығы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Bacillus туысының бактeрияларының мeтаболизм экзоөнімдeрі бар инактивтeлгeн дақылдық сұйықтығының биологиялық бeлсeнділігін зeрттeу
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Дәрілік заттарды жіктеу
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктердің, вакциналардың, моноклинальды антиденелердің және т.б. биотехнологиясы
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер туралы
Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағындағы алма бақтарына зиянкестердің әсері
Пробиотиктер, пребиотиктер және симбиотиктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz