Аңдар биологиясы туралы ақпарат


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Такырыбы: Аңдар биологиясы.

Орындаған: Есркенова А. Б

Тобы: Бл-209

Тексерген: Тугамбаева С. М

«Семей-2015»


Жоспар:

1. Қарапайым бұғы тісті. Орташа бұғы тісті.

2. Ішкі секреция бездері. Көбейту мүшелері.

3. Мысықтар жанұясы. Сүтқоректілер классы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) - жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т. б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр - шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.

Бұғы шаруашылығы - бұғы өсірумен айналысатын шаруашылықтың бір саласы. Бұғы (марал, теңбіл бұғы) мүйізінен дәрі жасалады, сондай-ақ еті, терісі пайдаланылады. Солтүстік Бұғы шаруашылығы (солтүстік бұғыларды өсіреді) және панталық Бұғы шаруашылығы (теңбіл бұғылар, марал, изюбрь өсіріледі) болып бөлінеді. Солтүстік Бұғы шаруашылығы Ресейде, Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Канадада, АҚШ-та (Аляска), ал панталық Бұғы шаруашылығы Ресейдің Алтай, Красноярск, Приморье өлкелерінде, Қытайда, Кореяда, Моңғолияда, Қазақстанда дамыған. Қазақстанда бұғылар 19 ғасырдың басынан қолда өсіріледі. Қатонқарағай ауданында 8 бұғы өсіретін шаруашылық ұйымдастырылған. Онда 11300 марал өсіріледі (1999) . Мұндағы бұғылар жазда арнайы темір сыммен қоршалған кең алқаптарға жайылады, қыста қыстауларда бағылады. Жас төлге арналып жеке қора салынады. Қыс кезінде бұғылар әр түрлі жемшөп (сүрлем, концентраттармен) қоректендіріледі. Мүйізі жылына 1 рет кесіледі. Әр бұғыдан 6 - 7 кг-ға дейін мүйіз алынады. Ол арнайы әдіспен қайнатылып кептіріледі. 14 - 16 жастан аспаған маралдың мүйізі өте жоғары бағаланады. Бұғының әлі сүйектенбеген, ішіндегі қаны жас мүйіздерінен өте құнды пантокрин дәрісі алынады. Қазақстанда «Ақсу» акцион. қоғамы, «Ақсу-ДЭЕН» бірлескен кәсіпорны пантокрин дәрісін жасап, экспортқа шығарады.

Бұғы мүйізі (панты) - өсіп келе жатқан бұғы мүйізіне адамзаттың аса қызығуы әлде қашаннан басталған, оның құрамында ерте кезеннен бастап адамдар тарапынан бағаланған және дәрігерлік тәжірибеде нәтижелі дәрі, оның ішінде өте жақсы белгілі пантокринді пайдаланған. Бұл зат жүрек-тамырлар жүйесіне және ішек - асқазан жұмыстарына жақсы әсерін тигізеді, шаршаудың дәрежесін төмендетеді, ағзаның жалпы жайын жоғарылатады, әр түрлі дене және асқазан жараларының жазылуын тездетеді. Жыныстық қабілетті жоғарылатады. Бұғылар мүйізінің негізінен емдік қасиеті - оның құрамында еркек жыныс гормондарының бар екендігі. Экспортқа шығарылатын өнім.

2. Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз - қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Гормондар - ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді.

Эндокринді бездер (эндокринные железы) ; (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.

Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0, 5-0, 7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды) . Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Қалқанша без - мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3) . Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

Қалқанша маңы бездері - қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.

Басты ішкі секреция бездері (сол жақта - еркек, оң жақта - әйел) : 1. Эпифиз 2. Гипофиз 3. Қалқанша без 4. Тимус 5. Бүйрек үсті безі 6. Ұйқы безі 7. Аналық без 8. Аталық без.

Ішкі секреция бездері (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар
Бөлетін бездер
Ағзаға әсері
Гормондар: Тироксин
Бөлетін бездер: Қалқанша безі
Ағзаға әсері: Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады
Гормондар: Паратгормон
Бөлетін бездер: Қалқаншамаңы безі
Ағзаға әсері: Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Гормондар: Инсулин
Бөлетін бездер: Ұйқыбездің аралды бөлігі
Ағзаға әсері: Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Гормондар: Глюкагон
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді
Гормондар: Адреналин
Бөлетін бездер: Бүйрекүсті бездің без заты
Ағзаға әсері: Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Гормондар: Норадреналин
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Қантамырларын тарылтады
Гормондар: Өсу гормоны [соматропты гормон)
Бөлетін бездер: Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Ағзаға әсері: Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гормондар: Гиреотропты гормон
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Гормондар: Адренокортикотропты гормон [АКТГ)
Бөлетін бездер: -"-
Ағзаға әсері: Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Гормондар: Экцитоцин
Бөлетін бездер: Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)
Ағзаға әсері: Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Гормондар: Вазопрессин
Бөлетін бездер: Example
Ағзаға әсері: Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Гормондар: Тестостерон (андрогендер)
Бөлетін бездер: Аталық бездер
Ағзаға әсері: Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Гормондар: Эстрадиол (экстрогендер)
Бөлетін бездер: Аналық бездер
Ағзаға әсері: Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

3. Мысық тұқымдастар етқоректі жыртқыштар тобына жатады. Бұл топқа үй мысықтары, жабайы мысықтар, арыстан, жолбарыс, сілеусін, қабылан, теңбілше, ілбісін және тағы басқалар жатады. Олар жемтігіне білдірмей жақындап, бас салады. Мысық тұқымдастар сопақша келген ұзарған денесімен және өткір де қатты тырнақтарымен ерекшеленеді.

Мысықтар тұқымдасының барлығы суда тамаша жүзеді, бірақ суға түспейді. Қабыландар ағашқа жақсы өрмелейді. Мысықтардың терісінің әдемілігі адамдардың қызығушылығын тудыруда. Олардың ноқаттары немесе жолақтары болады. Терісі үшін заңсыз аулау мысықтардың сиреуіне әкелді. Олар мұз басқан таулардан ылғал тропиктік джунглилерге, қапырық шөлдерге дейінгі аралықтағы түрлі орталарда мекендей алады. Үй мысықтары бүкіл дүниежүзінде бар. Ал жабайы мысықтар тек таңдаулы жерлерде ғана өмір сүреді. Мына қызықты дерекке қараңыздар, мысықтың құлақтары бір-біріне тәуелсіз: біреуі алға қарай, ал екіншісі артқа қарай қозғала береді. Мысықтар ультрадыбыстарды да ести алады.

Мысық немесе үй мысығы (лат. Félis silvéstris cátus) - Мысықтәрізділердің биологиялық түрі, типен бірдей кең таралған үй жануары.

Биологиялық сипаттамасы :Асыранды мысықтың арғы тегі ливиялық мысық болып саналады, оны Африка тұрғындары бұдан 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Қолға үйретілген басқа жануарларға қарағанда мысық арғы тегінен онша өзгере қоймаған, сондықтан мысықтың қолтұқымдары көп емес. Мысықтың денесінен бас, мойын, тұлға, құйрық, алдыңғы және артқы аяқтарды ажыратуға болады. Аяқтары тұлғасынан екі жаққа тарбимай, тұлғаны тік көтеріп тұрады. Дене ұзындығы 46-191 см, құйрығы 15-91 см. Қуйымшағы шоқтығынан жоғары. Тырнақтары тартылған (суматр мысығынан басқаларында) . Еркектері мауығу кезінде қатты таласып, ұрысып, шулайды. Кейбір түрлері жылына 2 рет тұқым береді. Күшіктері (3-4 ұялас балалары болады) дәрменсіз, соқыр туады. Жыртқыштар ұсақ омыртқалылармен, балықпен қоректенеді. Мысықтың басында екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл - оған тән ерекшелік. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері көзге түседі. Мысық - өте саққұлақ жыртқыш. Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді және аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүлдірген нематодасы
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы”
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
Гепардтардың биологиялық ерекшелігі
Маралдың биологиясы мен экологиясын зерттеу тәсілдері
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Қызанақ көшеттерін өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz