Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
1 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану2 Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015ж. ) 3 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Тексерген: Мурзалимова А. К
Орындаған: Құмарбеков Б. М
Топ:Вм-401
Семей, 2015ж
ЖОСПАР
- 1 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
- 2 Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015ж. )
- 3 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bіоs-өмір, kоіnоs-жалпы) -табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан түрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет үсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж. ) .
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты - автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер:
1) энергия ағымына,
2) қоректік тізбектер,
3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым,
4) биогенді элементтер айналымы,
5) эволюция және даму,
6) басқару,
7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе - экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.
Экожүйедегі энергия
Энергияның бір жақты келуі- табиғаттың маңызды құбылысы. Бұл процесті физика заңдарымен түсіндіруге болады. Бұл заң бойынша энергия бір түрден басқа түріне (қоректің химиялық энергиясы) ауыса алады, бірақ энергия ешуақытта қайтадан жасалмайды.
Термодинамиканың 2-ші заңы бойынша энергия бір түрден екінші түрге айналғанда, яғни жұмыс кезінде энергия жылулық түріне өтіп, қоршаған ортаға таралады. Клеткалар мен органдардың күрделі жұмысы организмнен энергияның шығындалуы арқылы орындалады. Зат айналымның әрбір циклі тірі организмдердің белсенділігіне байланысты, жаңа энергияның қатадан түсуін барлық уақытта талап етеді.
Күн сәулесінің энергиясы. Күн жердегі барлық энергияның бірден бір табиғи көзі, бірақ күн сәулесінің жер бетіне түскен энергияның барлығын организмдер толық пайдалана алмайды. Жасыл өсімдіктерге түсетін күн сәулесі ағынының жартысына жуығы фотосинтез кезінде сіңіріледі және сіңірген энергияның аз бөлігі (1/100-1/10 дейінгі) биохимиялық энергия түрінде жинақталады. Күн энергиясының көп бөлігі булануға жұмсалып, жылу түрінде жоғалады. Сонымен, планетадағы тіршілік тұрақты зат айналым мен күн энергиясының ағынына байланысты.
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын - табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары - басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы - заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т. б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары - Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы - Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
2. Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда, Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
3. Климаттық қорлар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т. б. ) өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел қуатына бай.
4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
5. Топырақ-өсімдік қорлары. Республикадағы топырақ, өсімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл қор түрлерінің ерекшелігі - олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
6. Жануарлар дүниесінің қорлары. Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың жаппай қырылуы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), құлан, домбай, сусар, бұлғын, лашын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақшақай, қоқиқаз, жұпар тышқан және т. б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.
Табиғи қорларды тиімді пайдалану.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.
Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.
2. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж. )
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда ұлттың қартаюы мен гендерлік баланс (гендерлік асимметрия) сияқты айтулы демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122, 85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119, 58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда. Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Үндістан елінің халқы 2014 жылғы жүргізілген халық санағының мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жылда 181 млн. адамға жетіп, жалпы саны 1, 21 млрд -тан артқан. Сөйтіп Қытай елінен небары 120 миллион адамға аз болып отыр. Сонымен қатар бұл елде де қыз балалардың дүниеге келуінің соңғы 50 жылда тұрақты төмендеуі байқалады. Үндістан елінің үкіметін де, Қытай еліндегідей бұл демографиялық мәселе қатты алаңдатып отыр. Екі елдегі бұл проблеманың негізі дәстүрлі түрде әрір отбасында ұл баланың болуы себеп болып отырғанын мамандар алға тартады.
Сонымен Қытай мен Үндістан елдері халықатрының санының артып отырғаны белгілі. Үкіметтердің халық санын төмендету бойынша жасап отырған әрекеттері гендерлік тұрақсыздыққа әкеліп тіреп отыр. Бұдан әрі де қыз балалрдың өмірге келуі төмендей берсе, демографиялық дағдарыс өте үлкен даулы мәселеге алып келуі әбден мүмкін.
АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.
Ал, дамыған Германиядағы демографиялық ахуал өзгеше және де көңіл аударарлық. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық саны азаюда, оның себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады.
Германия статистика ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі балалары жоқ. Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен қатар бала туу төмендеп кетті. Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1, 3 құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан асатын болады.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199, 2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48, 5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51, 5% болған.
Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246, 1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т. б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201, 8 мың болса, әйелдер 7751, 8 мыңды құраған.
Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5, 5 адамды құрайды.
Ұлттың қартаюы, халық санының аздығы елдің экономикалық әл-ауқатына қатер төндіреді. Халық санының төмендеуі экономикалық инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің болмауына әкеледі. Тұтынушылық құны жоғары тауарлар өндірісі мен жалпы өндіріс өсімі халықтың тұтынушылық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты қиындыққа тап болады.
Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22, 0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43, 9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6, 1%. Орташа арифметикалық жас - небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстанның демографиялық өсуі жылына 1, 2 пайызды құрап отыр дейді сарапшылар, яғни жан басына шаққанда халықтың өсімі 250 мың адамға шақ келеді
Сонымен қатар Орталық Азияның өзге елдерінде мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан секілді елдерде демографиялық өсу өте қарқынды жүруде. Сонымен демографиялық проблемаларды шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне байланысты болады. Билік көп жағдайда бала тууда материалдық ынталандыруды жөн санайды, алайда нәтижелері әрқалай болып жатады.
Уақыт өте келе жоғарыд аталған мелмекеттерде алғашқы қатарда болып азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін көрінеді. Демограф, ғалым М. Тәтімов қандай қарқынды өсім болса да қазақстандықтар үшін жоғарыдағыдай елдерде туындауы мүмкін мәселелер орын алмайтындығына сенімді екенін айтады.
Америкалық ғалымдар Ластер Браун мен Хал Кэйн «Лық толған үй» деген кітабында халықаралық қатынастардың басымдықтарын қайта қарауды ұсынып, осы күндері азық-түлік мәселесінің маңызы мен өзектілігі жағынан алғашқы орынға шығатынын ескертеді. Азық-түлік мәселесі ушыққан елде саяси-әлеуметтік тұрақтылық орнамайды. Бүкіләлемдік банктің есебінше, тұрақсыздық, инфляцияның шарықтауы, азық-түліктің қымбаттауы секілді қиындықтарға душар болып отырған 33 ел бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz