Әлемнің ең бай спортшылары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Әлемнің ең бай спортшылары
2) Табыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Басылымның тізген тізімі бойынша, бүгінгі таңда әлемнің ең бай спортшысы Флойд Мейуэзер екен. Ол бір жылда 105 миллион доллар табыс табады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Негізгі табыс көзі: Кіші Флойд Мейуэзердің негізгі табыс көзі шаршы алаңда. Ол былтыр Сауль Альвареспен жұдырықтасқаны үшін бокс тарихындағы ең қымбат – 150 миллион доллар болатын телетрансляцияға ие болды. Оның 3/1-і Флойдтың жеке-есеп шотына аударылған. Ал 2014 жылдың қыркүйек айында Майдананы жеңгені үшін Флойд 32 миллион доллар көлемінде сыйақы алған. Бір айта кетерлігі, Флойд жеке қазынасын бір жылда 100 миллион доллардан асырып отырған екінші спортшы. Бұған дейін мұндай көрсеткішті Тайгер Вудс көрсеткен. Негізгі табыс көзі: «Форбс» журналының есебі бойынша Криштиану Роналдудың «Корольдік клубпен» жасаған жаңа 5 жылдық келісім шарты футболшыға 203 миллион табыс алып келеді екен. Одан бөлек әлемдегі ең танымал футболшы жарнамалық роликтерден де қыруар пайда табады. Мысалы, Tag Heuer, Nike, Herbalife секілді әлемдік брендтермен жасалған келісімінің арқасында ол есеп-шотына жылына шамамен 30 миллион доллар салып отырады.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы : Әлемнің ең бай спортшылары
Орындаған :Өтепбергенова Ұ.Ғ.
Тобы : БЖ-415
Қабылдаған: Есенбекова З.Ж.

Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Әлемнің ең бай спортшылары
2) Табыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әлемнің ең бай спортшылары

Флойд МЕЙВЕЗЕР (C)profc.com.ua
Басылымның тізген тізімі бойынша, бүгінгі таңда әлемнің ең бай спортшысы Флойд Мейуэзер екен. Ол бір жылда 105 миллион доллар табыс табады, деп жазады Алаш айнасы газеті.

1-орын. Флойд МЕЙВЕЗЕР (бокс)

Жалпы табысы: 105 миллион доллар

Жалақысы + сыйақысы: 0

Негізгі табыс көзі: Кіші Флойд Мейуэзердің негізгі табыс көзі шаршы алаңда. Ол былтыр Сауль Альвареспен жұдырықтасқаны үшін бокс тарихындағы ең қымбат - 150 миллион доллар болатын телетрансляцияға ие болды. Оның 31-і Флойдтың жеке-есеп шотына аударылған. Ал 2014 жылдың қыркүйек айында Майдананы жеңгені үшін Флойд 32 миллион доллар көлемінде сыйақы алған. Бір айта кетерлігі, Флойд жеке қазынасын бір жылда 100 миллион доллардан асырып отырған екінші спортшы. Бұған дейін мұндай көрсеткішті Тайгер Вудс көрсеткен.

2-орын. Криштиану РОНАЛДУ (футбол)

Жалпы табысы: 80 миллион доллар

Жалақысы + сыйақысы: 52 миллион доллар

Жарнамалық және өзге табыстары: 28 миллион доллар

Негізгі табыс көзі: Форбс журналының есебі бойынша Криштиану Роналдудың Корольдік клубпен жасаған жаңа 5 жылдық келісім шарты футболшыға 203 миллион табыс алып келеді екен. Одан бөлек әлемдегі ең танымал футболшы жарнамалық роликтерден де қыруар пайда табады. Мысалы, Tag Heuer, Nike, Herbalife секілді әлемдік брендтермен жасалған келісімінің арқасында ол есеп-шотына жылына шамамен 30 миллион доллар салып отырады.

3-орын. Леброн ДЖЕЙМС (баскетбол)

Жалпы табысы: 72,3 миллион доллар

Жалақысы + сыйақысы: 19,3 миллион доллар

Жарнамалық және өзге табыстары: 53 миллион доллар

Негізгі табыс көзі: Ұлттық баскетбол ассоциясының ең танымал ойыншысы Леброн Джеймс өз табысының басым бөлігін жарнамалық және маркетингтік қызметтер арқылы табады. Ол бүгінде Nike, McDonald's, Samsung, Coca-Cola, Upper Deck брендтерімен келісім шартқа отырған. Лебронның брендімен сатылатын аяқ киімдер бір жылдың ішінде тек АҚШ-тың өзінде ғана 300 миллион доллар пайда берген. Баскетболшы ол пайданың 10-15 пайызына ие. Сондай-ақ Лебронның брендімен аудио-видео өнімдері де шығып тұрады. Beats Electronics компаниясының бұл кәсібінен де баскетболшының қалтасына қыруар пайда түседі.

4-орын. Лионель МЕССИ (футбол)

Жалпы табысы: 64,7 миллион доллар

Жалақсыы + сыйақысы: 41,7 миллион доллар

Жарнамалық және өзге табыстары: 23 миллион доллар

Негізгі табыс көзі: Барселонамен жасалған соңғы келісім шарт бойынша Алтын допты төрт мәрте жеңіп алған аргентиналық шабуылшы клубтан жылына 20 миллион доллар алып тұрады. Одан бөлек клуб футболшыға қосымша 15-20 миллион доллар көлемінде сыйақы да қарастырып қойған. Сондай-ақ қарға бойлы шабуылшы Adidas және Turkish Airlines сынды компаниялармен ұзақ уақытқа келісім шарты бар. Ол шартнама бойынша Месси жарнамалық немесе өзінің бренді арқылы бұл компаниялардан жылына 20-25 миллион доллар алып тұрады.

5-орын. Коби БРАЙАНТ (баскетбол)

Жалпы табысы: 61,5 миллион доллар

Жалақсы + сыйақы: 30,5 миллион доллар

Жарнамалық және өзге табыстары: 31 миллион доллар

Негізгі табыс көзі: Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҰБА-да өнер көрсететін Лейкерс клубының қорғаушысы 30,5 миллион табыс тапқан екен. Бұл тек клубтан алатын жалақсы. Форбс журналының есебі бойынша, Брайанттың клубпен жасаған жаңа келісімі бойынша бұл сомаға тағы 5 миллион доллар қосылады екен. Өзге танымал спортшылар секілді Коби да табысының басым бөлігін жарнамалық роликтерден табады. Баскетболшының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
Қоғамның мәдени дамуындағы жаңа бетбұрыстар
Тау Шаңғы Спорты - шаңғы спортының бір түрі
Еліміздің спорттағы жетістіктерінің тарихы
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Ұлттық спорт түрлері. Ойын ережесі
Олимпиада ойындарының пайда болу және даму тарихы
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
Сегіз салмақ дәрежесі
Дене шынықтыру және спорт
Пәндер