Ақпарат және ақпараттық жүйелер: түрлері, қасиеттері және қойылатын талаптар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ақпарат, ақпарат түрлері,

қойылатын талаптар.

Орындаған: Утегалиева А. Р.,

ДЯ-305

Тексерген: Кушуков Г. С.

Семей, 2015

Жоспар:

  1. Ақпарат деген не?
  2. Ақпараттық жүйе, түрлері
  3. Ақпаратқа қойылатын талаптар

Ақпарат - латынның"informatio"деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.

Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік.

Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды - түсінікті - бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Ақпарат өнімі - бұл әдеттегідей жолмен немесе электронды техника көмегімен алынған өндірістік шаруашылық әрекеттер, өнер туындысы және көңіл көтеру мен ақпараттың басқа да түрлері туралы әр түрлі мәлімдемелер, мәліметтер, білім жайлары.

Ақпараттық өнімдердің қазіргі кезде қажеттілігі өте маңызды. Өнімдердің,

әсіресе, ақпараттық жүйеге қатысы бар адамдарға тікелей байланысты. Ол өнімдерді өткізу кезінде оған белгілі бір талаптар қойылады. Оның лицензиясы, оны растайтын құжаттар, сертификаттар, сапа құжаты болуы керек. Өнімдерді өткізу барысында бұл құжаттар белгілі орын алады.

Басқару процесі тұрғысынан қарастырғанда мәліметте еңбек құралы, басқарылатын, басқаратын жүйелер және сыртқы орта туралы деректер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл ұғымда ақпарат басқару процесінің негізі, шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру ретінде орын алады. Басқару процесі шешімін біршама дәйектілігі түрінде жүзеге асады, ал оның тиімділігін аралық және ақырғы нәтижелер туралы мәлімет негізінде анықтауға болады.

Ақпараттық жүйе, түрлері

Ақпараттық жүйе - компаниялардың тиімді және эффективті жұмыс жасауына қажетті ақпаратты табумен қамтамасыз ету жүйесі.

Ақпарат жүйесінің менеджменті (басқаруы) үш ресурсты қажет етеді: адам, технология, және шешім қабылдауға қажетті ақпарат.

Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:

• Қарапайым - бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

• Биологиялық - өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.

• Әлеуметтік - қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.

Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:

• визуальды - көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;

• аудиальды - дыбыс арқылы таратылады;

• тактильді - сезім арқылы;

• органо-лептикалық - иіс және дәм арқылы;

• машиналық - есептеу техникасының көмегімен таратылады.

Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.

1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар. )

2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире) .

Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:

• оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;

• құрылымдылығы - түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді.

• пайдалығы ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.

•құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен, пайдалылығымен анықталады.

Қойылатын талаптар:

  • басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
  • практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
  • тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
  • басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
  • ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау - бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:

  • ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
  • ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
  • деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
  • деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
  • ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
  • тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ахметов Қ. Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
  2. Мескон М. Х., Альберт М., Хедоури Ф., Основы менеджмента-М. :"Дело", 1992, 694 б.
  3. Қ. С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
  4. Н. Б. Бралиева, Л. А. Байбөлекова, Қ. Т. Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат ұғымы, түрлері және ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
Ақпарат: анықтамасы, түрлері және қойылатын талаптар
Информатикадағы ақпарат: тұжырымдамалары, қасиеттері, өлшемдері және ақпараттық жүйелер
Ақпараттың анықтамасы, түрлері және ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
Ақпарат пен ақпараттық жүйелер: теориясы, қасиеттері және мемлекеттік реттеу
Ақпараттық қорғау жүйелеріне қойылатын талаптар
Экономикадағы ақпарат пен ақпараттық жүйелер: түрлері, сипаттамалары және басқарудағы қызметтері
Ақпарат және ақпараттық технологиялар: ұғымы, қасиеттері, түрлері және өңдеу әдістері
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру факторлары және дамытуға қойылатын талаптар
Ақпарат және ақпараттық жүйелер: анықтамасы, деңгейлері және қамтамасыз ету компоненттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz