Биологиялық препараттар жайлы мәлімет


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Биологиялық препараттар.

Орындаған: Қыдыралинова. М. Н.

Тексерген: Зайнеттинова. Д. Б.

Топ: ВС-403

СЕМЕЙ, 2015ж


Жоспар

  • Биологиялық препараттар, түрлері, жіктелуі.
  • Пробиотиктер, пребиотиктер және синбиотиктер.

Қолданылған әдебиеттер

Биологиялық препараттар, биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.
Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор.
Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді.
Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
Вакцина ( лат. vacca - сиыр, vaccіnus сиырдікі) микроорганизмдерден ( бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.
Тірі вакцина - микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге ( 1881 ) және құтыру ауруына ( 1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез ( БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.
Өлтірілген Вакцина - микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен ( фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

Химиялық вакцина - микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.
Анатоксиндер - улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет ( 1923 - 1926 ) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия ( күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады.

Ассоциацияланған Вакцина - 2 - 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан ( эмкар ) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды.
Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 - 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.
Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакциялардьі жеделдетеді.
Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді: оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, лиазалар, изомеразалар, лигазалар.
Ферменттердің қолдану аясы: Антибиотиктер ( гр. autі - қарсы және гр.
bіos - тіршілік) - микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.
Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі- оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Синтетикалық және жартылай синтетикалық антибиотиктер- фторхинолондар - офлосацин, эноксацин, пефлоксацин және т. б., прокариоттардың ДНҚ-ның суперспирализация сына жауап беретін ДНҚ-гираза ферментінің активтігін ингибирлейді. Өсімдік антибиотиктер- фитонцидтерді 1928ж. Б. Токин сипаттаған болатын; химиялық таза күйінде тұрақты емес, бунин, жалбыздан, шалғамнан, рафанин және т. б.
Жануартекті антибиотик заттар: осетрбалықтардан экмолин, эритроцттерден эритрин, лизоцим және интерферонның микробоцидтік әрекеті басым. Бактериялардан алынатын антибиотиктерге- грамицидин, пиоцианин, субтилин, батцитрацин, полимиксин жатады.
Ал құрамында фосфор бактериялары бар - фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды.
Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы - ферменттер.
Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады.
Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.
Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі - мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, микрооргнанизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады.
Препараттардың түрлері өте көп және олар әр түрлі әсер етеді. Мысалы: микроорганизмдерден алынатын препараттар - Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. - Триходермин препараты өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. - биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т. б. малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т. б. ) сапасын жақсартады. - энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин, боверин сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан алынады.
Биологиялық препараттардың құндылығы - олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсiпорындарда жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау мен босату кезiнде олардың қауiпсiздiгi мен қасиеттерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн үй-жайлар мен жабдықтар болуы тиiс.
Олар мыналар:

1) дәрiлiк заттарды сақтаудың температуралық режимдерiнiң сақталмауы;

2) өнiмнiң түрiнiң бұзылуы;

3) тасымалдау кезiнде өнiмнiң зақымдануы;

4) препараттарды қолдануда дайындау, тағайындау ережелерiнiң бұзылуы;

5) дәрiлiк заттарды жою кезiндегi қауiпсiздiкке қойылатын талаптардың бұзылуы дәрiлiк заттарды қолданған жануарлар, адамдар және қоршаған орта үшiн қауiптiң туындау мүмкiндiгiн анықтайтын негiзгi факторлар болуы мүмкiн.
Биопрепараттарды концентрлеу және кептіру - сұйық дақылда, микроағзаларда, ферментация процесінің соңында олардың тіршілік әрекетіне қажетті қоректерді қоректік орта қалдықтарын, көбік басу, еритін және ерімейтін заттар түзеді.
Биосинтезді белгілі бір мақсатқа арналған өнімі ретінде сұйық дақылда еріген немесе микроағзалардың жасушасының ішінен табылған тікелей микроағзалардың өзі немесе олардың метоболиттері болуы мүмкін. Белгілі бір мақсатқа арналған өнімді алу үшін барлық жағдайда микроағзалардың өлшенген фазасын сұйық дақылдармен бөліп алу қажет.
Мақсатқа арналған өнімнің түзілуі мен концентрлеу әдістері - Бастапқы фаза (лат фаза н/е индукциондық кезең) бұл бойдың тежелу фазасы болып табылады. Ол микробтық жасушалардың көбеюі болмаған кезде болады. Бұл фаза жасушалардың өсуінің болмағандығымен сипатталады.
Осы кезде егістік дақылдары өзгерген сыртқы орта жағдайларына бейімделеді және өсу үшін қажетті ферменттерді құнарлы ортада түзеді.

Биопрепараттарды кептіру әдістері:

-Биоперпараттарды терморадияциялық және аралас кептіру әдісі;
-Биопрепараттарды жоғарғы жиіліктегі токтармен кептіру әдісі;
-Биопрепараттарды кептірудің конвективті және контактілі әдісі;
-Биопрепараттарды лиофильді кептіру .

Пробиотиктер, пребиотиктер және синбиотиктер.

Пробиотиктер - бұл адамның тірі симбионтты-микроорганизмдерден құралған биопрепараттар, организмнің бұзылған микроэкологиясын қалпына келтіру қабілеттілігі бар. Ішке қабылдағанда олар ішек бөліктерінің кілегей қабатын колонизациялайды, биологиялық активті заттарды (БАЗ) өндіреді - органикалық қышқылдар, бактериоциндер мен басқа метаболиттер, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер өсіп-көбейюін тежейді. Пробиотиктер тағы ішектің физиологиялық жағдайына жағымды әсер береді, детоксикациялық және иммунды модуляциялайтын әсері бар.

Дені сау адамдардың ішек, гениталий биотоптары немесе ауыз қуысының кілегей қабатын мекендейтін микрофлора (осы биотоптарда түрлі микроорганизмдер көп болады және бұл ішек, респираторлы және несеп шығару- жыныстық инфекция «қақпасы» болады) көбіне симбионтты микроорганизмдермен көрсетіледі - бұл эубиоз жағдайы.

Әртүрлі ауруларда (инфекциялық, соматикалық және әсіресе симбионтты микрофлора мекендейтін ағзалар патологиясында) жоғарыда көрсетілген биотоптардың микроэкологиясы бұзылады, кездейсоқ немесе транзиторлы, соның ішінде шартты-патогенді микроорганизмдер қөбейіе басталады (протей, кандида, гемолитикалық стрептококк, алтын түсті стафилококк, лактоза негативті энтеробактериялар), ал симбионттар саны төмендейді - бұл дисбактериоз жағдайы. Дисбактериоз өздігімен ауруды ауырлатады немесе басқа аурулардың себепшісі болуы мүмкін.

Эубиозды, бұзылған микроэкологияны қалпына келтіру үшін ең алдымен симбионтты микрофлораның популяциялық деңгейін және олар мекендейтін кілегей қабаттың морфофункциональды жағдайын қалпына келтіру тиісті. Пробиотиктерді ең алдымен микроэкологияға коррекция жасауына өнделіп қолданысқа ие болды.

Пробиотик препараттары ретінде қолданатын симбионтты микроорганизмдерге бифидобактериялар, лактобациллалар, стрептококктар, қалыпты микрофлораның басқа да өкілдері жатады. Бұл В ifidobacterium bifidum, B. longum, B. breve, B. adolescentis, Lactobacillus acidophilus, Lb. lactis, Lb. plantarum, Lb. fermentum, Lb. casei, Lb. ramnosus, Streptococcus lactis, Str. cremoris, Bacillus subtilis және т. б. Олар қышқыл ортаға, өт тұздарына төзімді, организмнің ішегін және басқа биотоптарының кілегей қабатын колонизациялайды. Ветеринарлы практикада пробиотиктер өндеуіне жоғары аталған микроорганизмдерге қоса Saccharomycеs cerevisiae, Candida pintolonesi, Aspergillus niger, Asp. oryzae қолданады. Пробиотиктерқұрамына жиібифидобактериялар мен лактобациллалар кіреді.

Бифидобактериялар облигатты анаэробтар, тоқ ішектің және басқа биотоптардың кілегей қабатының беткейін колонизациялайды. Олар ішекте органикалық қышқылдар түзу және рН төмендету арқылы патогенді, шірткі және газ бөлетін микрофлора көбейюіне кедергі жасайды, метаболизм процестеріне қатысады

Пробиотиктерді қолдану мақсаты:

- ішек және басқа да ашық қуыстардың кілегей қабаттарының дисбактериозына коррекция жасау;

- ішек микрофлорасының метаболизм активтілігін күшейту арқылы организмнің алмасу процестерін реттеу;

- иммунитетті модуляциялау әсері, жергілікті және жүйелі иммунитетке жағымды әсер көрсету, инфекцияға қарсы қорғанысты жоғарлату.

Пробиотиктер келесі биологиялық пайдалы қасиеттермен сипатталады :

- шартты-патогенді микроорганизмдерге антагонизм қалыптастыруы бактериоциндер, сутегінің асыған тотығы өнімдеріне, органикалық қышқылдар пайда болуынан орта рН төмендеуіне, қоректік субстратқа конкуренция жасауына байланысты;

- биотоптың кілегей қабатында мекендеген симбионтты микрофлора өсуін белсендіру арқылы колонизациялық резистентілікті немесе бөгде, соның ішінде шартты-патогенді микроорганизмдердің көбейюіне биотоптың төзімділігін күшейту;

- жергілікті иммунитетті белсендіру, секреторлы иммуноглобулиндер секілді өнімдер бөлінуін күшейту;

- ішекте ас қорытылу процесіне қатысу, улы метаболиттерді бейтараптау, сіңіру қабілеттілігі, холестеринді утилизация жасау, протео- және липолитикалық активтілігіне ие;

- витаминдер, амин қышқылдар, органикалық қышқылдар түзу, минеральды тұздар мен микроэлементтердің қосымша көздері болу;

- әр түрлі пробиотікті бактериялар түрлі цитокиндер бөліп шығаруын белсендіретіні дәлелденді. Мысалы, S. thеrmophilus және Leuconostoc spp . штамдары организмде Th1, IL-12, IFN типті цитокиндер бөлінуін белсендіреді;

- ішектің кілегей қабатына жоғары адгезивтілігі аса маңызды.

Пребиотиктер- бифидофлораның өсуіне жәрдемдесетін заттар немесе бифидогенді факторлар(бифидус-факторлар) . Оларға құрылысы мен қасиеті және құрылымы әртүрлі бірқатар заттар жатады. Соның ішінде лактулоза, лактосахароза, галакто-, фрукто-, изомальтоза-, мальтоза-қышқылолигосахаридтер, лизоцим, ашытқы экстрактары, төменгі сахаридті жүгері таяқшалары, казеиннің гидролизаты және сары сулы нәруыздар, муцин, пантетин, лактоферин және т. б жатады. Соңғы кезде бұл сутектерін белгілеу үшін «пребиотик» деген термин сөз енгізілген. Аталған пребиотиктің саны әртүлі текті бірнеше жүз. Дүниежүзі мойындаған пребиотик-лактулоза. Адам асқазанында(әсіресе тоқ ішекте) 400-ге жуық микроорганизмдер түрлері бар. Дені сау адамда оның тек 15% ғана патогенді немесе шартты патогенді болып келеді. Асқазанда микроорганизмдер популяциясының Lactobacillus және Bifidobacteria туыстары доменантты болып табылады.
Bifidobacteria-патогенді емес, спора түзбейтін, грамм оң, анаэробты микроорганизм. Адам ішегіндегі бифидобактерия түрлеріне: Bifidobacterium bifidum, B. Longum, B. Infantis жатады. Бифидобактериялар құрамында аминқышқылдары, нәруыз, В тобының витаминдері, викасол, никотин және фоль қышқылы, антитоксидантты активті заттар болады.
Lactobacillus-патогенді емес, споратүзбейтін, грамм оң, облигатты немесе факультативті анаэробты және жоғары ферментті активті. Адам ішегінде болатын лактобацилустың түрлері:Lactobacillus acidophilus, L. plantarum, L. salivarus, L. Rhamnosus, L. Reuteri.
Пребиотиктер сүт тағамында, нанда, пиязда, сарымсақта, бұрышта, аспарагуста, бананда және басқа да тағамдар құрамында болады. Бірнеше адамға жүргізген зерттеулер бойынша құрамында фруктозасы бар олигосахаридтердің тоқ ішектегі бифидо- және лактобактериялардың көбеюіне ықпалын тигізген.
Организмнің қалыптан жоғары экзогендік (климотографиялық, экологиялық жағдайы, тамақтың сапасы және т. б) , эндогендік (инфекционды) және түрлі аулулар, тамақтанудың бұзылуы, медикоментозды әсіресе антибактериялды, туа және жүре пайда болған иммундық тапшылық микробиоценозды факторлардан биологиялық тепе-теңдік шығады. Соның нәтижесінде біріншіден, бифидифлораның мөлшері төмендеп, патогенді микробтың мөлшері қалыптан тыс артып, генетикалық алмасу бұзылып, өзгерегн клондардың мөлшері артып, дәрілік плазмидалар тосушылардың белсенділігі төмендейді. Организмнің иммундық қорғау мөлшері төмендеп, дисбиотикалық әсерден зат алмасу бұзылып, аллергиялық, ас қорыту жолының және түрлі аурулардың туындауына әкеледі. Олай болса, адам денсаулығын сақтауда маңызды және негіз болып табылатын микрофлорасын сақтау және қалпына келтіру маңызды болып табылады. Соңғы жылдары осы мәселені шешудің үш негізгі бағыты анықталды:
1 . Пробиотиктерді қолдану - яғни тірі микроорганизмдерді немесе олар көп кездесетін сүт қышқылды өнімдерді және бакпрепараттарды қолдану
2. Пребиотиктерді қолдану - микроорганизмі жоқ заттарды қолдану. Пребиотиктерге бифидус факторлар, қоректік қоспалар, жатады. Олар бифидобактерия түзушілер.
3. Синбиотиктерді қолдану- яғни комплексті препараттар, пре- және пробиотиктері бар заттар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі химиялық топтар
Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағындағы алма бақтарына зиянкестердің әсері
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
МИКРОКАПСУЛАЛЫ ВАКЦИНАЛАРДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Пестицидтер және химиялық құрамы
Субөнімдердің тағамдық құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz