М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы



Кіріспе
1.1 Мақыш Қалтайұлы . діни .ағартушылық бағыттағы ақын
Негізгі бөлім
1.2 Мақыш Қалтайұылының шығармашылық өмірбаяны
1.3Мақыштану мәселелері
Қорытынды бөлім
1.4 Ағартушы.демократтық бағыттағы ақын.жазушылар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мақыш Қалтайұлының өмірбаянын жазуда негізгі сүйенген дүниелеріміз,
ең алдымен ақынның өз өлеңдері, содан кейін өміріне қатысты әр кездерде
айтылып, жазылып жүрген мәліметтер. Осы қолда бар дүниелерді саралай
сүзіп, зерлей қарау, және ақын өзі ғұмыр кешкен заман тынысымен, тарихи
ахуалмен байланыстыра зерттеу – ақын ғұмырнамасын жазуға жол ашары
сөзсіз. Мұны «Ақындардың өмір тарихын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманының тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз» [42,8 ],  деген пікір де қуаттай түседі.
Мақыш Қалтайұлының өмірі туралы деректер оның өз туындыларында
кездеседі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» (1909) жинағындағы «Атым-Мақыш…»
деп басталатын өлеңінде:
Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын,
Бабам аты Едіге, қазақ – затым.
Ақмола дүр дуаным, қыпшақ – руым
Әр жерде сияхлықпен болды жүруім.
Туған жер Есіл, Нұра болса дағы,
Қушоқы деген жерде бүгін тұруым [25,2 ],  деп өзінің ата-бабасы, туған жері, руы жайында айтып өтеді. Бұл деректерді
«Насихат қазақия» (1911) жинағындағы «Руым – қыпшақ…» деп басталатын
өлеңінде нақтылай түседі.
Руым – қыпшақ халқы, асылым – қазақ,
Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ.
Дуаным Ақмолаский, Қараөткел дүр,
Болысым Жайықбаев ғизатлу зат.
Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын,
Бабам – Едіге, жас келді қырыққа жақын [23,46 ].
Яғни, ақынның өзі «Мың сегіз жүз алпыс тоғыз уәлидәнім» (туған
жылым) деп айтып өткендей, сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын Ақмола облысы, Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелді жайлаған қыпшақ руының ішінде 1869 Ақынның дүниеге келген кезі – бұрынғы хандық билеу заманы жойылып, ел арасынан сайланған аға сұлтандық билік те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ болыстықтарға бөлшектеніп, биліктің барлығы патша шенеуніктерінің қолына көшкен дүрбелеңді ХІХ ғасырдың екінші Ресей империясы қазақ даласын отарлауды үдете түсу үшін 1868 жылы «Қазақ даласын билеу ережелері туралы» заң шығарып, әкімшілік билеу тәртібін өзгертті. Бұл реформаның басты мақсаты ережеде анық та ашық айтылды. Ол: «… объединение подвластные России народностей под одно управление, устранение от власти местной аристократии, ослабление родовых начал, чтобы добиться постепенного слияния киргизских степей с прочими частями России» [44,385 ].
1. Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы: «Діни ағартушы ақын»
2. Торайғыров С. Үш томдық шығ. жин. – Алматы:
3. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім,
4. Нұрғали Р. Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген
5. Ісімақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын,
6. Ахметов З. Жаңа идеялар жаршысы / Дулатұлы М.
7. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. А, 1997
8. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А, 1985

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1.М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.

Орындаған: Риза Қ.Е
Тексерген: Еспенбетов А.С
Тобы: КЯ - 313

Семей 2015ж

Жоспар:

Кіріспе
1.1 Мақыш Қалтайұлы - діни -ағартушылық бағыттағы ақын
Негізгі бөлім
1.2 Мақыш Қалтайұылының шығармашылық өмірбаяны
1.3Мақыштану мәселелері
Қорытынды бөлім
1.4 Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Мақыш Қалтайұлының өмірбаянын жазуда негізгі сүйенген дүниелеріміз,
ең алдымен ақынның өз өлеңдері, содан кейін өміріне қатысты әр кездерде
айтылып, жазылып жүрген мәліметтер. Осы қолда бар дүниелерді саралай
сүзіп, зерлей қарау, және ақын өзі ғұмыр кешкен заман тынысымен, тарихи
ахуалмен байланыстыра зерттеу - ақын ғұмырнамасын жазуға жол ашары
сөзсіз. Мұны Ақындардың өмір тарихын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманының тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз [42,8 ], деген пікір де қуаттай түседі.
Мақыш Қалтайұлының өмірі туралы деректер оның өз туындыларында
кездеседі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы (1909) жинағындағы Атым-Мақыш...
деп басталатын өлеңінде:
Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын,
Бабам аты Едіге, қазақ - затым.
Ақмола дүр дуаным, қыпшақ - руым
Әр жерде сияхлықпен болды жүруім.
Туған жер Есіл, Нұра болса дағы,
Қушоқы деген жерде бүгін тұруым [25,2 ], деп өзінің ата-бабасы, туған жері, руы жайында айтып өтеді. Бұл деректерді
Насихат қазақия (1911) жинағындағы Руым - қыпшақ... деп басталатын
өлеңінде нақтылай түседі.
Руым - қыпшақ халқы, асылым - қазақ,
Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ.
Дуаным Ақмолаский, Қараөткел дүр,
Болысым Жайықбаев ғизатлу зат.
Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын,
Бабам - Едіге, жас келді қырыққа жақын [23,46 ].
Яғни, ақынның өзі Мың сегіз жүз алпыс тоғыз уәлидәнім (туған
жылым) деп айтып өткендей, сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын Ақмола облысы, Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелді жайлаған қыпшақ руының ішінде 1869 Ақынның дүниеге келген кезі - бұрынғы хандық билеу заманы жойылып, ел арасынан сайланған аға сұлтандық билік те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ болыстықтарға бөлшектеніп, биліктің барлығы патша шенеуніктерінің қолына көшкен дүрбелеңді ХІХ ғасырдың екінші Ресей империясы қазақ даласын отарлауды үдете түсу үшін 1868 жылы Қазақ даласын билеу ережелері туралы заң шығарып, әкімшілік билеу тәртібін өзгертті. Бұл реформаның басты мақсаты ережеде анық та ашық айтылды. Ол: ... объединение подвластные России народностей под одно управление, устранение от власти местной аристократии, ослабление родовых начал, чтобы добиться постепенного слияния киргизских степей с прочими частями России [44,385 ].
Мақыш Қалтайұлының өлеңдері мен аудармаларында ескіден
келе жатқан ақыл-нақыл, мақал-мәтелдер баршылық. Кейде суретпен бейнелеп сөйлесе, көбінесе баяндау түріндегі оқиғалар тізбегі болып келеді. Алайда, қазір ұмытқан жер-су аттары, тарихи атаулар шығармашылығында кездесіп те қалады, бізге кешегімізді жақсы білу үшін ақынның шығармашылығы әлі де зерттеле түсу керек деп білеміз [13,248], деген байламы Мақыш мұрасын түбегейлі тың зерттеуді қажет ететін зәрулігін аңғартады.
Осы жерде айта кететін бір жағдай - У.Қалижанұлы татар ақыны Зариф
Каримидің Ауырулықта деген өлеңін Мақыш Қалтайұлының туындысы
ретінде талдау жасайды [13,23]. Кезінде профессор Б.Кенжебаев та осы өлеңді Мақыштікі деп қарастырған еді [14, 263]. Негізінен З.Каримидің бұл өлеңі М.Қалтайұлы тәржімалауымен 1913 жылы Қазан қаласындағы Домбровский мәтбуғасынан шыққан Айна кітабында жарияланған болатын. Мұнда өлеңді жазған Мақыш Қалтайұлы дейтін ешқандай дәлелді сөз жоқ. Сондықтан да өлең иесі - Зариф Карими, ал Мақыш Қалтайұлы өлеңді аударушы деп қарастырған жөн.
Расында, татар тілінен аударған кітаптардың ішінде М.Қалтайұлының төл
туындылары да бар, олардың соңында ақын Мақыш Қалтаев Қараөткел
немесе жай Мақыш Қалтаев деп аты-жөнін көрсетіп, шығарма өзінікі екенін аңдатып отырады. Мақыштың сондай туындыларының бірі Ғ.Рашидиден аударған Сақ уа Сұқ халдері (1913) аударма кітабындағы Оқу парыз балаларға деп басталатын өлеңін У.Қалижанұлы Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, ағартушылық мақсат-мұраттарының ортақтығына назар аудартып түйінді пікір айтады: Ы.Алтынсарин де, М.Қалтайұлы да өз өлеңдерін Алланы айтып бастап, болашақ ұрпақты адал болуға, білім-ғылымға құштар болуға, ерінбей еңбек етуге, ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға шақырады.
Екеуінде де педагогиканы терең білетін ұстаз екендіктерін, көп оқыған
парасатты жандар екенін көрсете білді, ұрпаққа үлгі-өнеге шаша білді.
[13, 243].
Мақыштың жәдидшілдік, милләтшілдік өлеңдерін саралай отырып,
оның мұсылман ағартушылығындағы, жалпы қазақ ағартушылығындағы орнын ашып көрсетеді. Заманында мұсылманша жетік оқып, Батыс пен Шығыстың бар құндылығын халқына жеткізуге тырысып көп кітап жариялаған, жаңалық атаулыны елім білсе, меңгерсе деп армандаған М.Қалтайұлының әдеби- эстетикалық көзқарасы ислам зиялысына ортақ мәдениетті тану арнасынан табылады, дей келе ақынның сөздік қорындағы араб-парсы сөздерінің ағартушылық мәндік түп-төркініне үңіліп, олардың стильдік-көркемдік қолданыстағы ерекшеліктеріне тоқталады,- М.Қалтайұлының сөздік қорындағы сағи - талпыну, ұмтылу мағынасын берсе, сұңғаттың мәні - ілгерлеуге қатысты амал-тәсіл. Біздіңше, ақынның өлеңмен өрілген жалпы өнерге байланысты тұжырымдамасының шығармашылыққа, әдеби процеске қатысы бар [15,197].
М.Қалтайұлының әдеби мұрасын зерттеу ісі тілші ғалымдар тарапынан да
назардан тыс қалмады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап ақын өлеңдері лингвистикалық тұрғыдан зерттеле бастады. Соның ең алғашқысы сүбелісі белгілі тілші
ғалым Ә.Құрышжановтың Кітаби тіл материалдарынан деп аталатын еңбегі. Бұл зерттеуге қатысты Қ.Сыдиықов та жоғарыдағы еңбегінде біраз өз
ойларын айтқан болатын [12, 121].
Атынан көрініп тұрғандай, Ә.Құрышжанов ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ тілінде кітап бастыру ісімен қолданысқа енген жазба тілді яғни кітаби тіл жайында сөз қозғайды.
Ә.Құрышжановтың пікірінше: ХХ ғасырдың басында қолданылған
жазба тілді біздің қоспа тіл болмаса кітаби тіл деп атағымыз келеді.
Өйткені мұнда кітаби тілдің өзінен гөрі оның кейбір (лексикалық болсын,
грамматикалық болсын) жұрнақтары мен сарқыншақтары ғана бар да, олар
халық тілінің материалдарымен аралас-құралас қолданылып, қосылып кеткен.
Қоспа тіл, әрине, өз алдына бір тарихи тіл ретінде емес, кітаби тілдің жеке бір көрінісі, жалғасы, тармағы болып танылуға тиісті [16,74], деп қоспа тілді кітаби тілдің жаңа бір көрінісі ретінде қарастыра келіп: Кітаби қоспа тілде жазған ақындардың бірі - Мақыш Қалтаев.
М.Қалтаев өз жанынан тіл жасап, сөз шығармаған ақын. Сонымен бірге
ол тіл ұстартып, өнер де шашпаған. Бұл айтылған шығармалар өз заманының жазба тілін, оның жайы мен күйін көрсетеді, сол туралы ғана мәлімет береді.
Сондықтан М.Қалтаев шығармаларының саяси-идеялық мазмұнынан гөрі бізге тілдік материалы қымбат [16,74], деп ақын шығармаларының фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктеріне тоқталып, тілдік талдаулар жасайды. Ә.Құрышжанов, әсіресе, Мақыш шығармаларының сөздік қорына ерекше көңіл бөліп зерттейді. М.Қалтаев шығармаларының сөздік қоры, күмән жоқ қазақ тіліне тән болып есептеледі [16,88], деп Мақыш өлеңдеріндегі сөздік қолданысты былайша жіктеп көрсетеді:
1) діни ұғымға, рухани өмірге байланысты сөздер: медресе, мешіт, мұсылман, хұдай, хайыр, пайғамбар, хадис,
құран, тәфсир, нәфсі, ахырет т.б.;
2) әдеби тілден бөлек, жергілікті говорлармен байланысты сөздер: бәрісі (бәрі), хайла (айла), бек (аса, тым, өте), нән (үлкен),
уату (жұбату), түзін (түзу), шаршы (орамал) т.б.;
3) орыс тілі арқылы енген сөздер: болосной (волостый), нашанлік (начальник), шорт (черт), рус (орыс),
народный содия (народная судья) мирауай содия (мировая судья) т.б.;
4) қазақ тілінде сирек қолданылатын, тарихи жағдайлар мен көркем әдебиеттің стильдік ерекшеліктеріне байланысты ғана айтылатын сөздер: низам (тәртіп), милет (ұлт), лазым (қажет).
Сондай-ақ, Ә. Құрышжанов М.Қалтайұлы өлеңдерінен қазақ тілінде мүлдем қолданылмайтын (бостандық), хабаза(қалжыңдау), саһуат (қателік) сияқты тағы да басқа бірсыпыра сөздерді атап көрсетеді.
Мақыш Қалтайұлы шығармашылығына қатысты тілдік зерттеуден туған
ойларын жинақтай келіп, Ә.Құрышжанов: Кітаби тілде жазылған шығармалар, соның ішінде М.Қалтаев туындылары, сол кездегі түркі тілдерінде қолданылып жүрген араб-парсы, орыс сөздерін (оның ішінде қазақ тілінде баламасы жоғы қанша) пайдалану арқылы қазақ тілінің байи түсуіне, қорлана беруіне ат салысты. Ондай сөздер сол кездегі қазақ тілінде жазылған кітаптардан кең орын алып, біртіндеп шығармадан шығармаға ауыса-түйісе жүріп, келе-келе қазақ әдеби тілінің негізі жасалғанда халық тілінің сөздік қорына енді де әдеби тілге аяулы қызмет етті. Осы тұрғыдан алып қарағанда азды-көпті әдеби мұра қалдырған әрбір ақын-жазушының еңбектерін көп зерттеп, кең талқыға салып отыру қажет. Оның әдеби тіліміздің дамутарихын зерттеу жұмысына қосылған зор үлес болып табылатындығында ешқандай күмән жоқ [16,90],- деп қорытынды тұжырым жасайды.
Кейінгі жылдардағы лингвист ғалымдардың тіл проблемасы, соның
ішінде әдеби тілге қатысты еңбектерінде де М.Қалтаевтың әдеби мұрасын
зерттеу нысанасынан тыс қалмады. Арнайы жеке-дара қарастырылмаса да
шығармаларының мазмұн-идеясы жағынан ұқсас Ақмолла, Әбубәкір, Мәшһүр Жүсіп, Шәді және т.б. бірге М.Қалтаев мұрасы да қазақ әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихы аясында зерттеліп, өлеңдерінен мысалдар алынып, тілдік талдаулар жасалды [17,91-96 ].
Тұтастай алғанда, М.Қалтайұлының көркем туындылары өз кезеңінің
шындығын суреттеумен қатар, жаңа қалыптасып келе жатқан әдеби тілдің
дамуына да өз үлесін қосты.
Ағартушы - демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын - жазушылар 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ әдебиетін шын мәніндегі өнерін жазба әдебиет деңгейіне көтеріп,өмір, дәуір сырын шынайы сипаттап, терең ашуға ұмтылды. Бұл бағыттағы ақын - жазушылардың деңгейлері түрліше сипатта болып келеді. Көбі сауатын қазақша - жаңаша оқумен ашып, кейін орыс мектептерінде оқып, дүниелік ғылым - білімнен молынан хабардар болып өсті. Олар негізінен орыс- батыс әдебиетіне еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға талпынды. Жазушылықпен бірге қоғам қайраткері ретінде де танылып, ұлтының ертеңі көбірек толғандырды. Қоғамдағы саяи өзгерістерді де жіті танып, соның нәтижесінде қазақ қоғамына қажетті жағдайларды дұрыс бағдарлай алды. Бұл бағыттағы ақын - жазушылар өз шығармаларында ағартушылыққа үндей отырып, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді көре білді. Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын- жазушылардың XX ғ.б. қазақ әдебиетіне ұланғайыр үлес қосуы. Шын мәніндегі кәсіби (профессионалдық) жазба әдебиет деңгейіне көтеріліп, өмір, қоғам, дәуір сырын кең көлемде сипаттап, терең ашуға ұмтылуы. Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығының басты тірегі ұлттық мүлде болуы. Негізінде отаршылдыққа қарсы күрес идеясын европалық саяси күрес тәсілімен ұштастырған бұлардың өз шығармашылығында осы ой-идеяның уағыздауы. Ағартушылық, өнер-білім барлығы ең алдымен ұлт азаттығы үшін қызмет етуі керек деген байламды негізге алуы.
Ағым-бағыттардың қазақ әдебиетінің өркендеуіне қосқан үлесі және олардың
кейбір кемшін тұстары. Діни-ағартушылар, ағартушы-демократтық ұлт-
азатшыл бағыт өкілдерінің ұстанмдар олардың шығармашылығынан қай
жанрда болмасын айқын көрініс табатындығы. Бұл бағыттардың көш
басшылары М.-Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, С. Торайғыров,
А. Байтұрсынов, М. Дулатовтар болғаны. Олардың кейінгі жас толқынға үлгі
болар өзіндік мектеп қалыптастырғаны.
XX ғасырдың басында қазақ халқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Мақыш қалтайұлы жайлы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
Пәндер