Өлең мен оның құрылысы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: №12- Өлең мен оның құрылысы (таныстырылым)

№13 -Лирикадағы сюжет мәселесі (конспект)

№14 - Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар (конспект)

№15 - Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. (кесте)

Орындаған: Жәлелова М. С.

Тобы: ФИ-403

Тексерген: Жүндібаева А. Қ.

Семей қаласы 2015ж.

Өлең мен оның құрылысы

Өлең - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т. б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т. б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.

Өлең құрылысы - өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т. б.

2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A. Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.

4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады.

Өлең өлшемі - біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын) . Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7 - 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.

Лирикадағы сюжет мәселесі

Жалпы сюжет ұлттық әдебиеттану ғылымында XX ғасырдың басынан бастап зерттеле бастады. Зерттеу барысында түрлі пікірлер негізінен ой тұжырымдар бірін-бірі толықтырып тұр десек артық айтқандық емес. Атап айтқанда, әдебиеттанушы ғалым Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде осы мәселені қарастырған. «Әдебиет теориясы» еңбегінде А. М. Горькийдің «сюжет дегеніміз - жалпы алғанда адамдардың ӛзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы кӛру, әр алуан әдеби мінездің өсуі, жасалу тарихы» деген әрі қысқа, әрі дәл, ғылыми дұрыс, тұжырымды түрде сюжетке берген осы анықтамасын, барлық әдеби теоретиктері қолданып жүрген классикалық үлгі деуге болады деп айта келесюжетке мынадай анықтама береді. «Сюжет дегеніміз -шығармадағы адамның бір-бірімен байланысып, қарым-қатынасы, күрес-тартысы шығармадағы оқиғаның дамуы». Шынымен де, шығарманың бар байлығы -сюжет. Айтылатын ой, заман немесе дәуір тұлғасы, автордың идеясы, талас пен тартыс, онда көрінетін қайшылық осы сюжетте бейнеленеді. Алайда сюжетте тек жазушының пікірімен қатар, оқырман пікірі қатар тұрады. Сюжет өрбіген сайын оқырманның да өз ойы мен көзқарасы туады. Автор оқырман баурап алу үшін аса өткір тартыстарды бейнелейді. Оқырман зейінін әуелі кейіпкерлердің тосын әрекеттеріне аударып алып, сол әрекеттердің себептері жайында ойландыра отырып, кейіпкер әрекеттерінің негізгі себептерін ой елегінен өткізіп, қорытынды жасайды. Зерттеуші сюжетте кездесетін композицияның элементінің бірі дәлелдеуге тоқталған. Оқиғаның неге олай болуы, кейіпкерлердің іс-әрекет, амал, айла, күрес, тартыстары, күйініш-сүйініштері, қайғылы хәлдерге ұшырауы - бәрі де көркем шығармада дәлелденіп отырады. Себебі көркем шығармада дәлелденбейтін іс-әрекет, амал, сөз де болмайды. Барлығын автордың солай сөйлеуге, не іс-әрекет етуге дәлел мол. Сюжет құрылысында қаламгердің көркемдік шеберлігі айрықша маңызды. Сюжет өз міндетіне толық жету үшін іштей тиянақты, яғни суреттелген тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары толық ашылып, оқырманды өзіне баурап алып, әрбір детальдің, әрбір эпизодтардың мәнін терең түсіндіруі керек. Әдебиеттанушылар З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, М. Атымов лирикада сюжет емес, ой ғана бар десе, К. Ахметов лириканы сюжетсіз деуге болмайды, мұнда адамның ішкі жан-дүниесіндегі ой-сезім арпалысы, кӛңіл күй өзгерісі түрлі сипатта кӛрсетіледі деген тұжырым жасайды. Әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектерін зерделей отырып, қазіргі XXI ғасыр басындағы прозалық шығармаларды қарастырып отырсақ, бұрынғы шығармаларда сюжет ашық көрінбейді. Сондықтан академик Рымғали Нұрғалидың сюжет туралы айтқан тұжырымдамаларының негізі бар деуімізге болады. Қорыта айтқанда, егер әр зерттеушінің сюжетке байланысты тұжырымдарын салыстырып қарасақ, бір-бірімен тоғысып жатыр. Тек әр әдебиеттанушы ғалым өз ойларын түрліше дәлелдеген. Сюжет туралы біз айтқан жоғарыда айтылған әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлері алғашқы байламдар. Оны әрі қарай дамытып, салыстыра зерттеп, тұжырымды пікір айту келешектің ісі болмақ.

Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар

Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos - зерттеу жолы) - суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы. Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы маңызды ұғымдардың бірі. Ол көптеген қаламгерлер шығармашылығында қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелеудің ортақ ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір немесе бірнеше елде әдеби ағым туындатады. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т. с. с. Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, қаламгердің өмірді бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде пайда болады. Әдебиеттану қырынан алғанда, стиль - жазу машығы, жазушының, жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы. Әр жазушының стиль ерекшелігін оның шығармасындағы көркем компоненттерін тану арқылы айқындаймыз. Әр жазушының өзіне ғана тән суреттеу стилі, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының барлық шығармаларында көрініс беріп отырады. Әдеби бағыт , әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды, кейінірек «дәуір стилі» деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым түсініктері қатар қолданылды. Ең кең тараған көзқарас бойынша, бағыт - бір шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық құрылым. Модернизм кеңес әдебиеттануында ауызға алынбай келді, тек теріс бағыт ретінде аталды. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды негіздері бар. Сонымен қатар ол бірден үзілмейтін дәстүр. Мысалы, романтизм бірден үзілмей жалғасып жатты. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қалыптасты. Реалистік бейнелеу тәсілдері жыраулар поэзиясында да орын алғанын ескерсек, қазақ сөз өнерінің о бастан реалистік бағытқа жақын екені белгілі. Жыраулардың толғауларындағы нақтылық пен өмірдің шынайылығын баяндау қазақ әдебиетінің басты көркемдік бағыты болып табылады. Әдеби ағым - әр бағыттың ішінде орын алатын әдеби құбылыс. Басты ерекшеліктері эстетикалық, идеологиялық негіздерде болуы ықтимал. Мысалы, романтизм революциялық және консервативтік ағым түрлерінде қарастырылып келді. 19 ғасырдағы Ресей әдебиетінде реализмнің психологиялық және социологиялық түрлері шықты. Соцреализмнің әдеби ізденістерге бейім және таза идеялық бірнеше ағымдары болды. Реализм мен модернизмнің көптеген ағымдары мен мектептері өмірге келді. Модернизм ағымдары: барокко, натурализм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экзистенциализм, футуризм. Батыс әдебиеттануы бағыт пен ағымдардын бар екенін ескермейді. Әдебиет теоретиктері бұл тұсініктердің нақты емес, бір жерден шықпайтынын алға тартады. Бірақ бірдей әдеби бағдарламалардың бар екенін ескере отырып, бұның орнына олар ұлттық әдебиеттердегі кезенді - дәуір тусінігін қолдануды нұсқайды.

Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлеңнің өзіне ғана тән өлшемді ырғақ
Қазақ өлеңінің құрылысы
Қазақ өлең құрылысы
Қазақ өлеңдерінің құрылымы
Әдеби көркемдеу құралдары және әдеби көркем тіл
Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Өлең сөздің теориясы
Үмбетей жырау поэзиясын оқыту
Өлең мен оның құрылысы (таныстырылым).Лирикадағы сюжет мәселесі (конспект).Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар (конспект). Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. (кесте)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz