ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.ХХ ғасыр басындағы тарихи.әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері.
2.Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
3.Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.
Қорытынды
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы–қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы–әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы –табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу–XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық. Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.
1. XX ғасыр басындағы әдебиет. І Кенжебаев.
2. Қазақ әдебиет тарихы.
3. XX ғасыр қазақ ақындарының щығармашылығы.
4. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиет тарихы
5. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. —Алматы:Атамұра,2010

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:

Орындаған: Риза Қ.Е
Тексерген: Еспенбетов А.С

Семей 2015жыл.

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері.
2.Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
3.Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.
Қорытынды

20 ғасыр басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері.
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы - табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу - XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық. Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.
Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.
ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдай, және отарлық езгіге қарсы әдебиет ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық - саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық - ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер - білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт - азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде ақтандақтарының бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді. Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ,- деп жазған болатын. Сонымен қатар, аталмыш еңбекте былай деп жазылған: қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттық амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды.ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз. Өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. Біз,- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев,-өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан ұрпақпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не таниды?... 2.Алаш арыстары мұрасының жарық көруі Баба қазақ Жақсы сөз жан семіртеді деп тектен тек айтпаған. Ал Алаш арыстары бір бірінен жан семіртетін сөздерді аямаған. Сондай-ақ болар елдің балалары бірін-бірі батырым деп, қолпаштап жатса, қанекей. Әйтсе де әрдайым болар елдің балаларының іс-әрекетін жасай бермейміз. Осыдан екі жыл бұрын интернет-форумда әлдекім Бөкейханов өзіне ерген қазақтың қолынан іс келетін оқыған жігіттерін большевиктерге қарсы қойып, барлығын соққыға жықтырды, оған ерген жігіттердің барлығы республика құрылған кезде басқару ісіне араласа алмай, далақтап қалды. Өз қателіктерін түсінген соң, олар жабыла естелік жазып, Бөкейхановты қарғап-сілей бастаған деп жазды. Бір қызығы, Ә.Бөкейханды қарғап-сілеген бірде-бір алаштықты кездестірмейсіз. Керісінше кейбір алаштықтар оның алдында өзін кінәлі сезінетінін жазған. Оған Әлімхан Ермековтың: Қадірлі Әлеке! Менің бұрынғы қызметімнің бір үлкен артықшылығы - достарыммен кездесіп тұруға аса қолайлы еді: қазір мен олардан көз жазып қалдым, тіпті хат-хабар алысатындарым да азайып кетті. Әлеке, әсіресе сіздің алдыңызда өзімді өте кінәлі санаймын. Сізді көптен бері сағынып жүрмін, бірақ та Сізбен жүздесуге еш мүмкіндігім болмады, ал хаттың сөзі мені қанағаттандырмайды, сондықтан да жазудан бойымды аулақ ұстаймын, - деген сөзі дәлел.Жалпы ұлт көсемі жайлы жазылған мұндай естеліктер жетерлік. Біз солардың бірнешеуіне назар аударып көрсек. Мәселен, Қошке Кемеңгерұлы: Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған - Әлихан. Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды десе, ал Әлкей Марғұлан: Адайлар Бөкейхановтың халқының алдындағы орны толмас қызметін тани біледі екен. Сондықтан оны аса жоғары дәрежеде құрметтеді. Өздеріңіз білетін шығарсыз, қазақ тек ең құрметті қонағына тай әлде құлын сойып қарсы алады. Әрине, бұл өмірде өте сирек болатын жағдай. Себебі, жылқы баласының сүйкімділігі соншалық, оны союға ешкімнің көзі қимайды және батылы бармайды. Ал құлынның терісінен жарғақ жасайды. Сондықтан жарғақ киген қазақ ілуде біреу ғана болар. Жарғақ - қазақ киімінің төресі, - дейді. Сонымен қатар Ә.Бөкейханға жыр жазып, жүрекжарды лебізін өлеңмен жеткізген ақындар болды. Олардың ішінде К.Жанатайұлы Қарағым, жалғызымсың қазақтағы, Ұл тумақ сендей болып аз-ақ тағы деп жырласа, өзінің үзеңгілесі А.Байтұрсынұлы Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай, Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай! деп Әлекеңді тұлпарға теңеген.Осы ретте Ә.Бөкейханның өзге алаштықтарға айтқан жылы пікірлерін тілге тиек етсек. Ол А.Байтұрсынұлына жазған хатында Алтынсарының баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң, жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, соның ісін жасарың хақ, - дейді. Осы сөзді жазу арқылы ол А.Байтұрсынұлын Ы.Алтынсаринмен қатар қойып отыр. Яғни, бұл Өсер елдің балалары бірін-бірі батыр дейді дегенге келеді. Сондай-ақ Әлихан Елдесім (Омаров - Ж.С.) жолдастың физикасына сын жазайын десем, газетке - үлкен, журналым жоқ болып, делдал болып тұрмын. Елдесім жақсы жігіт. Бұрын да жақсы еді. Енді онан да сүйікті болып кетті дей келе, Бір күні Шәңгерей маған: Мен сені жақсы көрем! Білесің бе?, - деді. Мен: Жоқ, - дедім. Шәңгерей: Сен шын қазақсың ба? Сені қазақ деп жақсы көремін, - деді. Физиканы оқып қарасам, Елдесім де қазақ екен, - дейді.Айтпақшы А.Байтұрсынұлы туралы М.Әуезовтің айтқанына назар аудармау мүмкін емес. Заңғар жазушымыз Қазақ газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр деп Ахаңа жоғары баға береді.Жалпы Алаш арыстарының бір-біріне айтқан сөздерінен олардың араз болмағанын аңғарамыз. Тіпті араз болған күннің өзінде кейін келе түсінісіп отырған. Мәселен Сәкен Сейфуллиннің досы Абдолла Асылбеков өзінің 1937 жылы 31 шілде күні тергеушіге берген жауабында: Сейфуллинмен 1934 жылы кездескенімде ол: Кеңес өкіметіне қарсы күресті дәл қазірден бастау қажет. Тек көнтақы шенеунік қана безеріп отыра алады, ал әрбір саналы адам бұған көніп, қол қусырып отыра алмайды. Бұрын қандай топтың мүшесі болғанына қарамастан, кім өзін қазақ халқының нағыз ұлымын деп санайды, солардың барлығы да кеңес өкіметіне қарсы күресте бірігуі тиіс. Сен екеуміз, Асылбеков жолдас, алашордашылардың кез келгені екеуімізге: халық үшін деп кеңірдектесіп едіңдер, сол халқың қырылып жатыр ғой десе, не дейміз? деп маған сұрақ қойды, - дейді.Жасыратын несі бар, С.Сейфуллин өзінің Тар жол, тайғақ кешу тарихи-мемуар-лық романында алаш арыс-тарына сын айтып, пікір білдір-ген. Ал оның А.Асылбековке: Алаш азаматтарына не бетімізді айтамыз?, - деген мағынадағы жоғарыдағы сөзі алаш арыстарын түсінгендігін аңғартады. Ол Бұрын қандай топтың мүшесі болғанына қарамастан кеңес өкіметіне қарсы күресте бірігуі тиіс деді. Бірақ тым кеш еді. Әйтсе де С.Сейфуллин өмірінің соңында алашордашылардың жолының дұрыс екенін ұқты. Осыдан кейін қалайша Алаш арыстары араз болған деп айтамыз 3.хх ғасыр басындағы әдеби жанрлардың дамуына алаш арыстарыныңүлесі XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С.Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған Қалың мал романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров Айқап журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде Қамар сұлу романын жаза бастады.Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары Топжарған, Гүлкашима поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің Шахнамасынан Рұстем-Зұхраб поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол Айқап журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы -- Қырық мысал болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады.
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты -- халқына қызмет ету мақсатын Алаш жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: ...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана.
XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық Қазақ, Қазақстан газеттерінің, Айқап, Сарыарқа, Абай журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, Оқу құралы (1912), Тіл құралы (1914), Жаңа әліпби (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. Қазақ беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз наразылытын білдіріп отырды. Патша шенеуніктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелен қажеттері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі бұратаналарды орта және жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Жоғарыда атап өтілгеніндей, қазақ жастары Қазан, Томск, С.-Петербург, Мәскеу, т.б. университеттерінде, техникалық және медициналық жоғары оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рөл атқарған қазақ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы XX ғасырдың басына қарай нақ сол буыннан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. XX ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Пәндер