Қазақстан Республикасындағы орта және кіші кәсіпорындардың дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ №1
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы орта және кіші кәсіпорындардың дамуы»
Орындаған:Орынгалиева М. М
Оқу тобы: ХН-221
Тексерген: Туруспекова А. С.
Семей 2015
Жоспар:
- Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпорындары.
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық модельінің ерекшелігі.
- Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы.
- Елбасы мемлекеттің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясы және Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу жөнінде аса ауқымды міндеттерге жету жолында шағын және орта бизнестің алатын орны ерекше деген пікірге тоқталып отыр. “Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту туралы” Елбасының Жарлығы бүгiнгi таңдағы нарық кезеңiнде келешек көкжиегiне жетелер үмiт ұшқыны, еліміздің экономикалық дамыған елдермен тереземіз теңесер тұста шағын және орта кәсіпкерлікпен еңбек еткендердің қосар үлесі, алар орны зор болмақ.
Жаңа кәсіпорын құру процесі - бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.
Болашақ кәсіпорынды бағаландыру үшін жұмыс барысында оның тиімділігі тақырыбына қатысты келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлері дайындалды: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді.
Шағын кәсіпорын к әсіпорындар деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізінен салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару - нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай- ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта бизнес -бұл бюджет қоржынын толықтырушы ғана емес, қосымша жұмыс орындарын ашып, ел экономикасы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнесті іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ.
Шағын және орта кәсіпкерлік қызметіндегі басты делінген мәселесі - ол осы саланы қаржыландырудың, оған несие берудің мүмкіндігі. Банктер ақша олардың жекеменшігі болғандықтан шағын өсіммен (процентпен) ұзақ мерзімді несие бермейді. Сондықтан да бүгінгі күні кәсіпкерлер өз күшіне, өз мүмкіндігіне сүйенуге тиіс. Шын мәнінде шағын және орта бизнестің өзі қысқа мезімді жобалар үшін қызмет істеуге және соны жүзеге асыруға маманданатын сала болып табылады. Сондай-ақ кәсіпкерлер өздерінің қаржы - банк жүйесіне қатыспайтын несиелік серіктестіктерін құруға тиіс.
Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдауды өзінің басымды міндеттерінің қатарына кіргізді. Өйткені, оларды қолдау-жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жаппай жұмыссыздықты ауыздықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, монополизмді бейтараптандыру мүмкіндігін береді.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады.
Шағын кәсіпорын кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. Адам өздеріне және 46 млн. Адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасында адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
өндірісте, құрылыста және шаруашылықта - 50 адамға дейін;
саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
көлік және байланыста - 25 адамға дейін;
ғылымда және жаңартпашылдық қызметте - 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта кәсіпорынке жатады.
Шағын кәсіпорынның артықшылықтары айқын. Бұл - шағын кәсіпорынның динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын кәсіпорынның басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер - бұл ереже бойынша бір адам.
Шағын кәсіпорын ірі кәсіпорынке қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті Қазақстан Республикасы Агенттігінің мамандандырылған бюллетенінде жарияланылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, статистика бойынша қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің жеке меншік субъектісіне жалпы жеке меншік, мемлекеттін және муниципалды қоғамдық шағын кәсіпорындар 86 пайызы келеді. Бұл мәліметтер шағын кәсіпкерліктің дамуының тез дамып келе жатқанын көрсетеді.
2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық модельінің ерекшелігі келесілер болып табылады:
1. Кәсіпкерлердің әртүрлі мақсаттарын және мотивацияларын, шарттарын ескере отырып шағын және орта кәсіпкерлікті сегменттеу арқылы мемлекеттік қолдаудың деңгейін бөлу, ол үшін алдымен кәсіпорындарды микро, шағын және орта топтарға заңды түрде бөліп алу.
2. Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына және оның мәртебесінің заңды тұлғаға өтуіне байланысты және еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты тікелей және жанамалай шараларды жүйелері құрылатын болады.
3. Шағын және орта кәсіпкерлікті шаруашылық-кооперациялық жүйеден жоғарғы психологиялық деңгейдегі ірі кәсіпкерліктің лидерлігіне өткізу мақсатында копоративтік басқару қағидаларын тәжірибеде қолдануды кеңейту болып табылады.
4. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыруға бағытталынады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс-әрекеттеріне негізгі көңіл бөлінеді.
5. Шағын және орта кәсіпкерліктің қабылдаған шешімдеріне байланысты барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынуға міндетті болжамдарында экономикалық реттеудің әрекет етеші механизімі өзгертілетін болады. Салалық, аймақтық және халықаралық саясаттарды жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдардың негізгі шарты шағын және орта кәсіпкерліктің нақты қажеттілігін ескеру болып табылады.
6. Экономикалық реттеу аясындағы мемлекеттің шешім қабылдау процессіне кәсіпкерлер және олардың қоғамдық ұйымдарында бірігіп шешім қабылдайтын болады. Ол үшін алдымен Қазақстан Республикасының Президентінің және шағын және орта кәсіпорынның Комиссиясының, Қазақстан Республикасының өкіметінің алдында кәсіпкерлер Одағының рөлін күшейтуіміз қажет. Әр бір мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен байланыстырылған Эксперттік одақтар құрылуы қажет.
Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікке өзінің өнімділігін жасауға және жетілдіруге мүмкіншілігін кеңейтетін құқықтық және экономикалық климат құрылатын болады, ал ұзақ мерзімдік болашақта шағын кәсіпкерлік еліміздің ЖІӨ үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізуді қамтиды.
3. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
2014 жылғы 1 желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы белсенді субьектілердің саны - 27 717 бірлік, (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен 107, 1%), оның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 2210, орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 137, жеке кәсіпкерлер - 23 820, шаруа қожалығы - 1550 бірлікті құрады.
Шағын және орта бизнесте - 5607 кәсіпорын тіркелген, (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2, 9% - ға өскен) . А. ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК -те жұмыспен қамтылғандар саны 83 547 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 %), оның ішінде орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 18 734 адам, шағын кәспкерліктегі заңды тұлғаларда 26 953 адам, жеке кәсіпкерлікте 33 753 адам, шаруа қожалықтарында 4 105 адам қамтылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz