Гүлді өсімдіктердің аурулары жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Гүлді өсімдіктердің аурулары

Орындаған: Досмағанбетова А. О

Тексерген: Есенгулова Н. Ж

Топ: АГ-213

Семей қаласы 2015жыл

Жоспар

  1. Өсімдік ауруларының себептері
  2. Гүлді өсімдіктердің негізгі аурулары мен олармен күресу шаралары
  3. Ауруларға қолданылатын препараттар тізімі
  4. Пайдаланылған әдебиеттер
  5. Қосымшалар

1. Өсімдік ауруларының себептері.

Т. Д. Страховтың анықтамасы бойынша: ауру -өсімдіктерде потогенді организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан пайда болып, өзгеріп отыратын, олардың қалыпты физиологиясы мен құрылысына, түсіміне ерекше әсер ететін құбылыс.

Өсімдіктердегі қалыпты физиологиялық процестерді әр түрлі физиологилық процестердің әр түрлі аурудың әсерінен бұзылу ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады.

Фотосинтездің төмендеуі ауру қоздырғыштарының әсерінен хлорофиль зақымдалып фотосинтездің екпінділігі төмендейді. Хлорофиль дәндерінің зақымдалуынан жапырақтар мен сабақтарда алуан түрлі дақтар пайда болып олардың фотосинтезге қатысатын түрлері азаяды. Осы себептен клеткаларда жүретін синтез процесінің жылдамдығы азаяды өсімдіктердің өсуі баяулап түсімділігі азаяды.

Өсімдіктің тыныс алуының өзгеруі ауруға шалдыққан өсімдіктердің тыныс алу екпінділігі артып, қорға жиналатын органикалық заттар ысырапқа өшырайды. Кейде аурудың әсерінен зәрлі заттар бөліп шығып клеткалар өсімдік органдары клеткалар уланады. тыныс алу кезінде бөлініп шығатын энергия өсімдік органдарымен ткандерін қыздырады. Өсімдіктің тыныс лу жылдамдығы төмендеген жағдайда қорға жиналатын заттардың синтезделу күрт азайып өнімнің түсімділігі кемиді, сапасы нашарлайды.

Өсімдік органдарының су және қоректік заттармен қамтамыз етілуінің бұзылуы. Фотосинтездердің нәтижесінде жапырақта түзілетін органикалық заттар төменгі ағыс жолыме н тамыр, жеміс пен түйнекке, масаққа т. б жинақталады. Тамыр жүйесі ауруға шалдыққанда жоғары ағыс жолымен немесе ксилемамен су жүрмейтіндіктен өсімдіктер солып біртіндеп қурайды. Флоэма жолдары ауруға шалдыққанда фотосинтез нәтижесінде түзілетін органикалық заттардың мөлшері жапырақта көбейіп, қор жинақталатын органдарға ақпайды. Осының салдарынан өсімдіктің түсімділігімен қатар өнімнің сапасыда нашарлайды. Бұл жағдай көбінесе өсімдіктер вирус ауруына шалдыққанда байқалады. Солу органдарын бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздырып су жүретін түтікшеледі бітеп тастайдықтан оларды трахеобактериоз жән трахеомитоз деп атайды.

Клетка мембранасының еріп кетуі. Ауру қоздыратын әсіресе микроорганизмдердің бактериялардың әсерінен өсімдік клеткаларының мембранасы еріп кетеді. Осының салдарынан қоректік заттармен суға бай органдар тез шіріп бұзылады. Бұл ауру картоп, сәбіз, қызылша сияқтыларда жиі байқалады.

Өсу заттарының синтезделуінің бұзылуы. Өсу заттары аз синтезделсе әрі жеткіліксіз болса өсімдіктердің өсуі нашарлайды. Олар шектен тыс түзілсе өсімдіктердің кейбір органдары қаулап өседі немесе клеткалар мөлшерден артық бөлініп әр түрлі ісіктер немесе буылтықтарм паайда болады.

2 Гүлді өсімдіктердің аурулары

Өсімдік ауруларының қоздырғыштары саңырауқұлақ және бактерия сияқты паразиттер болып табылады. Аурулармен күрес өсімдіктерді фунгицидтермен бүрку және тозаңдандыру, тұқымды себу алдында дәрілеу, топырақты термиялық және хмииялық дезинфекция арқылы жүргізіледі.

Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел - өсімдіктердің тат аурулары. Тат , оныңішіндегүліне, жемісінетүседі. Ауру белгілеріжапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарын да ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақнемесеқоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әртүрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көпкездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т. б. шалдығады.
Фузариоз - Fusarіum туысына жататын саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауруға мәдени және жабайы өсімдіктер мен дақылдардың әр түрлі мүшелері шалдығады. Фузариоз қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді. Ол өсімдік тамырында саңырауқұлақ жіпшелері, хламидоспорасы түрінде сақталып, жапырақ пен сабаққа су және қоректік заттар тасымалданатын өткізгіш түтікшелерді бітейді, сол себепті өсімдік солып, қурап қалады. Фузариозды солуға мақтаның жіңішке талшықты сорттары, орамжапырақ, картоп, дәнді бұршақ және асқабақ, т. б. шалдығады. Фузариоз шірімесі дәнді астық дақылдарын, қауын, қарбыз, қияр, қызанақты зақымдайды. Фузариоз топырағы тығыз, ылғалы мол егістіктерде көп кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен тамырсабағын шірітеді. Фузариозға шалдыққан өсімдіктің масағы солып, тамыры шіриді, дәні босап, егістік көктемей қалады. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдалану, тұқымды гранозан немесе меркуранмен, фунгицидпен дәрілеу, егістікті өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту, тазарған және залалсызданған тұқым себу, фосфор-калий тыңайтқыштарын шашу керек.

http://www.gladiolusovedenie.narod.ru/profilaktika/mozaika.jpg

Ақ шірік - күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр және тағы басқа өсімдіктерде, сонымен қатар қоймадағы көкөністерде саңырауқұлақ салдарынан болатын өте хауіпті ауру. Ақ шірік өсімдікті істен шығарады. Күресу жолы: ақ шірік жұққан тұтас өсімдікті немесе оның бөлімін отап құрту, тұқымын тазалау, екінші дақыл егу, овощтар сақталатын қойманың температурасын 1-3 градуста ұстау және оны желдетіп тұру.

Ақұнтақ - өсімдік клеткаларында паразиттік өмір сүретін, саңырауқұл ақтан тарайтын ауру. Өсімдіктердің жасыл бөліктерінде (жапырақтарда, жас өркендерде, шанақтарда) біртіндеп қоңыр түске енетін ақұнтақ пайда болады. Онымен залалданған жапырақтар бүрісіп, тез солады, өсімдік бойлай өспейді, өркендері мен шанақтары жетілмейді. Инфекция көпке созылады да, ауа ағыны, кесінділер мен топырақ арқылы ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге тарайды. Ақұнтақ ауруы райхан гүлдерін, гортензия, бегония, примула, хризантемалар т. б. үй өсімдіктерін қатты залалдайды.

F:\index.jpg

Күресу шаралары: өсімдіктің зақымданған жерін кесіп алып тастау керек. Ақұнтақ пайда болғаны белгілі болса бұлтсыз ашық күні 20°С температурада таза су бүркіп, күкірт ұнтағын себеді. Ақұнтаққа қарсы мыс пен сабын қоспасы ерітіндісін қолдануға болады. 1 л ерітінді дайындау үшін 22 г мыс купоросын шағын ғана жылы суда еріту керек, ал иіс немесе кір сабынды (1 л суға 10 г иіс немесе 40 г кір сабынын) жеке езіп алады. Сабын толық еріп болған соң мыс купоросын сабын ерітіндісіне қосып, жақсылап шайқап араластырады. Дайындалған ерітіндіні сақтап қоюға болмайды.

Боз шірік

Жетілмеген саңырауқұлақтан тарайды. Өсімдіктің боз шірікке шалдыққан жері қоңырқай тартады, жұмсай, ақырында шіриді. Аурудың тарауына ауаның ылғалдығы көп әсер етеді. Сенполияны, примуланы, цикламенді, бегонияны залалдайды. Өсімдік тамырлары, баданалар мен сабақ өзегінің шіруі әр түрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар арқылы болады. Гүлдері бүрісіп, өсімдік солады, ақырында сарғайып қурайды. Өсімдік сабағының өзегі қара қоңыр тартып босайды. Тамырлар мен бадана қоңырқайланып, шіриді. Соның салдарынан сенполия, азалия, антуриума, кактустер, цикламен т. б. кей өсімдіктер өспей, солады. Шіри бастаған өсімдіктерге мыс купоросы мен әктің ерітіндісін бүркеді немесе жарады. У қолданғанда өте сақ болу керек. Өсімдікгі балаларға дәрілетуге болмайды. Қыста өсімдікті дәрілегенде желдеткішті ашып қояды, ал жазда бұл жұмысты дал ада жүргізу керек. Дәрілеп болғаннан кейін қолды сабындан, мұқият жуу керек.

3. Ауруларға қолданылатын препараттар тізімі

Бенлат (фундазол) 50% с. ұ. -а з беномил. Алма мен алмұрттың таз қотыр, ақ ұнтағына(1га 1-2 кг) жүзімнің оидиумы мен жемістерінің сұр шіруіне (1, 5 кг\га) қиярдың ақ ұнтақ, аскохитоз, қоңыр теңбілі мен антракнозына ( 0, 6-0, 8 кгга) қарсы препараттың 0, 1% суспензиясы бүркіледі. Препаратпен соңғы баптаудан кейінгі күту мерзімі қияр мен жүзім үшін -7-10 күн қалған дақылдарда 20күн.

Бордо сұйығы а. з. - мыс купоросы. Ерте көктемде алма мен алмұрт, ағаштары, қарақат, құлпынай, қараған плантациялары мыс купоросы. Ерте көктемде алма мен алмұрт ағаштары қарақат құлпынай қараған плантациялары 3-4% ерітіндімен бүркіледі. Бір гектарға 30-60кг препарат жұмсалады. Бұл баптау «көкшіл бүрку» деп аталады. Ол жеміс ағаштары мен бұталары жаңадан бүрленіп келе жатқанда жүргізіледі де көп уақытқа дейін оларды таз қотыр жапырақ теңбілдену т. б. аурулардан қорғайды, цитоспороз рак монилиоз ауру қоздырғыштарын жояды.

Бордо сұйығы а. з. - мыс купоросы. Вегетация кезінде алма мен алмұртты таз қотыр, ақ ұнтақ, жүзімді, мильдью, оидиум, антракноз, (10-15 кг/га) қарақат пен қарағанды антракноз септориоз, кг/га қияр, қарбыз бен қауынды антракноз, переноспороз, аскохитоз, бактериоз кг/га қызылшаны переноспороз, церкоспороз кг/га пиязды переноспорозбен шіру ауруынан қорғау үшін пайдаланады.

ДНОК, 40% еритін ұнтақ а. з. - динитроортокрезол . Ерте көктемде алма мен алмұт бақтары және жүзім плантацияларында қыстан шыққан таз қотыр, рак цитоспороз, монилиоз, антракноз, мильдью дақты некроз ауруларының инфекциясын жою үшін қолданылады. 1 гектарға 30-40кг препарат жұмсалады.

Капатан 50% с. ұ. Алма мен алмұрттың (7, 5-10кг/га) таз қотыр басқа да теңбілденуіне қарақат, қарлыған, құлпынайдың антракноз, септориоз тат ақ теңбілденуіне (2, 5-3, 5 кг\га) жүзімнің мильдью антракнозына (5, 0 - 7, 5 кг) помидор мен картоптың фитофтороз, альтернариоз макроспориозына 3-4и кг/га қарсы препараттың 0, 5% ерітіндісі бүркіледі. Күту мерзімі - 30 күн.

Коллоиды күкірт 80% с. ұ. а. з. күкірт . Алма мен алмұрт тың (8-16кг/га) жүзімнің (9-12 кг/га) қарақат пен қарлығаның (3-4 кг/га) қияр қауын қарбыздың (4-6 кг/га) қант қызылшасының сәндік үшін өсірілетін өсімдіктердің (3-4 кг/га) ақ ұнтақ ауруларына және жүзімнің оидиумынакгга қарсы қолданылады алма алмұрт жүзім қалған дақылдар суспензиямен бүркіледі. Күту мерзімі-30күн.

Күкірт ұнтақталған . Барлық дақылдардың ақ ұнтақ ауруына қарсы гектарына 15-30 кг есебінен қолданылады. Күту мерзімі 5 күн.

Каратан 25% с. ұ. а. з. - динокон . Алма мен алмұрттың (6-8 кг/га) қарлыған, қарақат, қарбыз, қауын қиярдың (3-4кг/га) раушан гүлі мен хризантеманың ақ ұнтақ ауруларына қарсы 0, 1 процентті концентрацияда қолданылады. Жеміс көкөніс дақылдары бапталғанда. Күту мерзімі 20 күн.

Купрозан (хомецин) с. ұ. а. з. - мыстың хлор + цинк . Алма мен алмұрттың таз қотыр, филлиостикоз, монилиоз (6-8 кг/га) қарлыған, таңқурайдың, антракноз, септориоз және басқа теңбілдену (3-4 кг/га) жүзімнің, мильдью, қант қызылшасының переноспороз, церкоспороз және картоптың фитофтороз, макроспориоз ауруларына қарсы (2, 8-3, 2 кг/га) қолданыладыюКүту мерзімі 20 күню

Мыс купоросы а. з. мыс тотығы . Бордо сұйығын қара

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру малға тәжірибе қою
Қазтамақ тұқымдасы
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Гүлді өсімдіктердің аурулары туралы
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары
Балдың пайдасы
Балдың емдік қасиеті.
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Сұлы зиянкестері және дәнді дақылдар зиянкестерімен күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz