Тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштарының қасиеттерін қарастыру



I Кіріспе
1. Тағамдық токсикоинфекция
II.Негізі бөлім
2.2 Эпидемиологиясы
2.3 Клиникалық белгісі
III.Пайдаланылған әдебиеттер
Тағамдық токсикоинфекция (астағы бактерия уыттарымен - токсиндерімен улану) – тағамда экзотоксин түзетін, негізінен шартты патогенді микроорганизмдермен қоздырылатын, нәжіс – ауыз механизмімен берілетін, жалпы уыттанумен, диспепсиялық белгілермен күрт басталатын ішек инфекциялары тобына жататын кесел. Астан жедел уланудағы негізгі патологиялық фактор тағамға түскен бактериялардың көбеюі барысында бөлінген экзотоксинге байланысты. Аурудың «инфекциялығы» ауру туғызушы удың микроорганизмдердің тіршілігі барысында бөлінген «өнім» екендінде. Аурудың себебі организмнен тыс ортада көбейіп, көбеюі барысында экзотоксин бөлетін миктроорганизмдер. Олар ботулизм бациллалары, алтын түстес стафилококк және шартты патогенді микроорганизмдердің көптеген тұқымдастықтары (протей, клебсиелла, цитробактер, серрация, энтеротоксинді стрептококтар т.б.) Аталған микроорганизмдердің бәрі абиотикалық ортадағы көбею барысында энтро- және цитоксин синтездейді. Энтротоксин мен цитотоксин асқазан-ішек жолдарының эпителий торшаларын зақымдап, диспепсия, жалпы уланудың себебі болады.
Тағамдық токсикоинфекция туғызушы микроорганизмдер белгілі бір тағам түрлерінде, яғни олар үшін қолайлы қоректік орта болып табылатын тағам түрлерінде, сақталу температурасы 20-40°С деңгейінде бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі мерзімде экзотоксин түзіп жинақталады. Көп жағдайда тағамның түсі мен иісінің өзгермеуі де мүмкін. Жұқпа көзі дені сау тасымалдаушы, ауру адам немесе жануарлар. Шиқан, күбірткелі шыққан адам тағамды дайындау, өңдеу барысында асты залалдайды, жануарлардан қоздырғыштар сүт безі қабынғанда, іріңді қабыну ауруы бар жануарлар еті жеткілікті термиялық өңделмегенде түседі.

Негізгі берілу механизмі нәжістік-ауыздық. Бұл механизмнің жүзеге асу жолы - тағам жолы. Улану көп жағдайда сүт пен сүт тағамдарын, ет және ет тағамдарын, салаттарда, балық консервілерін, крем қосылған тағамдарды қолдануға байланысты болады. Стафилакокк экзотоксиндері бар тағамның сыртқы түрі, түсі өзгеріп, иістенбейді, сондықтан күдік туғызбайды. Басқа да көптеген қоздырғыштар тағамды көрінетіндей өзгеріске ұшыратпайды. Сөйтіп бұл тағамдарды қолданушылар улануға ұшырайды.
Улану жылдың барлық мезгілінде кездеседі, бірақ өте жиі жаз-күз мезгілдерінде тіркеледі. Тағамдық токсикоинфекция індетінің басты эпидемиологиялық ерекшелігі- кенеттен көп адамның ауруға шалдығуы және барлық ауырғандардың ауруға шалдығуының бір тағам түрімен немесе бір ошақпен байланысты болуы, клиникалық сипатының ұқсас болуы. Токсиндердің организмге ену қақпасы асқазан-ішек жолдарының кілегей қабаты. Энтеротоксиндер мен цитотоксиндер асқазан мен ішектің кілегей қабатының эпителиалды жасушаларының мембранасын зақымдап, онда белок синтездеу процесін бұзады, қабыну туғызады, су мен электролиттердің ішек қуысына қарай өтуін, ішектің жиырылуын арттырады, сөйтіп іш өткізеді, құстырады. Сонымен қатар, ішектен қанға өткен токсиндер ауруды жалпы уыттануға (интоксикация) ұластырады. Әр түрлі микроорганизмдердің токсиндерінің әсер ету механизмі ұқсас болғандықтан да, аурудың басты клиникалық белгілері микроб түріне қарамастан ұқсас.
Ауру қайта қайта құсу, лоқсу, іш өту, іштің бүріп ауруы, жалпы әлсіздік, бас ауру, дене қызуының көтерілуі белгілерімен көрінеді. Стафилококкта улану, перфрингенс клостридиялармен улануда басылмайтын лоқсу мен құсу, қысқа уақытқа ғана дене қызуы көтерілуі, қанды іш өту сияқты ерекшеліктері болуы мүмкін. Тәжірибелі клиницистер клиникалық ерекшеліктеріне қарай этиоагент түрін болжай алады.
Емдеу принциптері. Асқазан-ішек жолдарын токсиндерден тазарту (асқазанды шаю, сифонды клизма, абсорбенттер ішкізу), су тұз алмасу бұзылысын қалыптастыру.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштарының қасиеттерін
қарастыру

Орындаған: Сарқытов А.А

Тобы:ВС-303

Тексерген:Омарбеков Е.О

Семей,2015 жыл

ЖОСПАР
I Кіріспе
1. Тағамдық токсикоинфекция
II.Негізі бөлім
2.2 Эпидемиологиясы
2.3 Клиникалық белгісі
III.Пайдаланылған әдебиеттер

Тағамдық токсикоинфекция (астағы бактерия уыттарымен - токсиндерімен улану)
– тағамда экзотоксин түзетін, негізінен шартты патогенді
микроорганизмдермен қоздырылатын, нәжіс – ауыз механизмімен берілетін,
жалпы уыттанумен, диспепсиялық белгілермен күрт басталатын ішек
инфекциялары тобына жататын кесел. Астан жедел уланудағы негізгі
патологиялық фактор тағамға түскен бактериялардың көбеюі барысында бөлінген
экзотоксинге байланысты. Аурудың инфекциялығы ауру туғызушы удың
микроорганизмдердің тіршілігі барысында бөлінген өнім екендінде. Аурудың
себебі организмнен тыс ортада көбейіп, көбеюі барысында экзотоксин бөлетін
миктроорганизмдер. Олар ботулизм бациллалары, алтын түстес стафилококк және
шартты патогенді микроорганизмдердің көптеген тұқымдастықтары (протей,
клебсиелла, цитробактер, серрация, энтеротоксинді стрептококтар т.б.)
Аталған микроорганизмдердің бәрі абиотикалық ортадағы көбею барысында энтро-
және цитоксин синтездейді. Энтротоксин мен цитотоксин асқазан-ішек
жолдарының эпителий торшаларын зақымдап, диспепсия, жалпы уланудың себебі
болады.
Тағамдық токсикоинфекция туғызушы микроорганизмдер белгілі бір тағам
түрлерінде, яғни олар үшін қолайлы қоректік орта болып табылатын тағам
түрлерінде, сақталу температурасы 20-40°С деңгейінде бірнеше сағаттан
бірнеше күнге дейінгі мерзімде экзотоксин түзіп жинақталады. Көп жағдайда
тағамның түсі мен иісінің өзгермеуі де мүмкін. Жұқпа көзі дені сау
тасымалдаушы, ауру адам немесе жануарлар. Шиқан, күбірткелі шыққан адам
тағамды дайындау, өңдеу барысында асты залалдайды, жануарлардан
қоздырғыштар сүт безі қабынғанда, іріңді қабыну ауруы бар жануарлар еті
жеткілікті термиялық өңделмегенде түседі.
 
Негізгі берілу механизмі нәжістік-ауыздық. Бұл механизмнің жүзеге асу жолы
- тағам жолы. Улану көп жағдайда сүт пен сүт тағамдарын, ет және ет
тағамдарын, салаттарда, балық консервілерін, крем қосылған тағамдарды
қолдануға байланысты болады. Стафилакокк экзотоксиндері бар тағамның сыртқы
түрі, түсі өзгеріп, иістенбейді, сондықтан күдік туғызбайды. Басқа да
көптеген қоздырғыштар тағамды көрінетіндей өзгеріске ұшыратпайды. Сөйтіп
бұл тағамдарды қолданушылар улануға ұшырайды.
Улану жылдың барлық мезгілінде кездеседі, бірақ өте жиі жаз-күз
мезгілдерінде тіркеледі. Тағамдық токсикоинфекция індетінің басты
эпидемиологиялық ерекшелігі- кенеттен көп адамның ауруға шалдығуы және
барлық ауырғандардың ауруға шалдығуының бір тағам түрімен немесе бір
ошақпен байланысты болуы, клиникалық сипатының ұқсас болуы. Токсиндердің
организмге ену қақпасы асқазан-ішек жолдарының кілегей қабаты.
Энтеротоксиндер мен цитотоксиндер асқазан мен ішектің кілегей қабатының
эпителиалды жасушаларының мембранасын зақымдап, онда белок синтездеу
процесін бұзады, қабыну туғызады, су мен электролиттердің ішек қуысына
қарай өтуін, ішектің жиырылуын арттырады, сөйтіп іш өткізеді, құстырады.
Сонымен қатар, ішектен қанға өткен токсиндер ауруды жалпы уыттануға
(интоксикация) ұластырады. Әр түрлі микроорганизмдердің токсиндерінің әсер
ету механизмі ұқсас болғандықтан да, аурудың басты клиникалық белгілері
микроб түріне қарамастан ұқсас.
Ауру қайта қайта құсу, лоқсу, іш өту, іштің бүріп ауруы, жалпы әлсіздік,
бас ауру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар туралы мәлімет
Тағамдық уланулар. Ботулизм
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы туралы мәлімет
Еттің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Тамақтан улану
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы туралы ақпарат
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы
Микроклимат. Ластану
Пәндер