Кәсіпорынның экономикасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ... ...4.5
Кәсіпорының қызметін жоспарлау және болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
Кәсіпорынның негізгі өндірістік пайдалануды жақсарту жолдары ... ... ... ...6.8
Шетелдегі кәсіпорынның ұйымдастырушылық құқықтық формалары ... ..8.10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.
Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады.өндіріс мазмұны үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы
- Адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы
- Еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды. Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
• шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
• өндірістің ауқымы;
• кооперациялау деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
1. ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:
2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 59-71 б
3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.
4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2000 г., 75-111 б
5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2001 г., 11-35,42-72 бб.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және Құрылыс кафедрасы
5В072900 Құрылыс мамандығы

Құрылыстағы экономика және менеджмент пәні
СРО
Тақырыбы:
Кәсіпорын экономикасы

Орындаған: Тынысбеков
СТ - 217
Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Семей 2015

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ... ...4-5
Кәсіпорының қызметін жоспарлау және болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5-6
Кәсіпорынның негізгі өндірістік пайдалануды жақсарту жолдары ... ... ... ...6-8
Шетелдегі кәсіпорынның ұйымдастырушылық құқықтық формалары ... ..8-10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

Кіріспе
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.
Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады.өндіріс мазмұны үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы
- Адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы
- Еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды. Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
* шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
* өндірістің ауқымы;
* кооперациялау деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көтереді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процесстердің ерекшелігі, мамандандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процессін орындайды. Цех - бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттаржәне қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы - бұл құрамы және ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады. Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының үш түрі бар.Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әуқайсысы өнімнің бір түрін, бөлігін немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттарының двигатель, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде - аяқ-киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады.
Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы: оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезіндеөндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады.
Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы:машина жасау кәсіпорындардағы жалпы өндірістің дайындау цехтары, технологиялық қағидамен, механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады.
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудыңбірлік, сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді.
Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндірісте тек өнімнің жеке түрі ғана өндіріледі.Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшілігіне қарай ұйымдастырылады.
Жаппай өндірісте өнім көптеп өндіріліп, онда өндірістік жағдай, қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып келеді.
Сериялық өндірісте өндірелетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады.Сериялық өндіріс серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.

Кәсіпорының қызметін жоспарлау және болжау
Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.
Бұл бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.
Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі кызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
:: оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
:: тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
:: стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.
Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:
:: кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
:: тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және кызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;
:: шаруашылық қызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
:: қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.
Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:
Оперативті жоспар - ұйымның оз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.
Оперативті - күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру мақсаты мен тактикалық жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі.
Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдық құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалық жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.
Стратегиялық жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек қажет болған жағдайда ғана қарастырылады.
Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.
Жоспарлау дегеніміздің өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
Кәсіпорын қаржысының мәні
Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысаны - сыртқы сауда қызметі
Негізгі өндірістік процесті ұйымдастыру
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері
Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс
Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары
Қазіргі жағдайда толық есепке ала отырып, банкрот проблемасын толық түсіндіру
Пәндер