Мөлшерлі саты. Бақыланатын саты



Табиғи радиациялық фон(ТРФ) туралы түсінік 3
Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары (нрб.96) 4
Гигиеналық нормативтер гн 2.6.1.054.96 4
Бақыланатын жағдайларда техногенді сәуленудің негізгі регламенттеуші шамалары 5
Жобаланған жоғарлаған сәулелену 8
Нормалардың орындалуын бақылау жүргізуге қойылатын талаптар 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17
Иондаушы сәулелену(ИС), бұл адам синтездегенкөптеген химиялық заттар сияқты, бұрын табиғатта болмаған, адамға әсер ететін қандай да бір жаңа фактор емес. Адамды қоса есептегенде, әрбір тірі ағза, жеке өмір сүруі кезінде (онтогенез) және бүкіл тірі табиғаттың дамуы барысында (яғни филогенез үрдісі)табиғи радиациялық фон деп аталатын, ИСәр түрлі табиғи көздеріненсәулеленуге ұшырайды.Табиғи радиациялық фон – бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор). Ғалымдардың ТРФ-ға қызығушылығының пайда болуына салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ, негізінен, адам атом энергиясын басқаруды үйренгеннен кейін пайда болды және ол кездейсоқ болған жоқ. Атом энергиясын пайдаланудың ауқымы кеңіген сайын, ИС-тің әр түрлі көздеріненсәулелену әсеріне ұшырайтын адамдар саны көбеюде. Сондықтан, ИС-тің қауіптілігін бағалау және сәулеленудің әсер ету шегін орнату кезінде, сәулеленудің әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленугеұшырау деңгейін және сипатын білу өте маңызды. Бірақ, ТРФ тірі ағзалар тіршілігіндегі ролі әлі соңына дейін анықталған жоқ. Кейбір зерттеушілер,аз дозаларда сәулеленуге ұшыраудың пайдалы рөлі туралы айтады, яғни оның өмір үшін маңызды үрдістердіынталандыратынәсері (гормезис құбылысы) туралы айтады. Эксперименттік бақылауда әлі де жеткілікті дәрежеде дәлелденбеген бұл көзқарас, радиациялық фактордың адам денсаулығына да, басқа да жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына да ешбір қолайлы әсері жоқ деген қазіргі кездегі көзқарасқа сәйкес келмейді. БҰҰ атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитеттің (АРӘҒК) және ХРҚК мәліметтері бойынша,радиациялық фактордың, тіпті фон деңгейінің өзінде, адам денсаулығы үшін азда болса, қауіп-қатері бар екені көрсетілген. В.А. Книжниковтың айтуы бойынша, ТРФ есебінен қатерлі ісіктен өліммен аяқталуқауіп-қатері, шамамен 1% құрайды.
1 «РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК»: Оқу құралы/Жилгильдинов Ж.С., Дьячков В.В., Рахимжанова Л.А., Турысбекова Б.Ш., Рахимбердина А.Т. – Семей, 2012. – 70 б
2 http://freeref.ru/wievjob.php?id=286305
3 Ильин Л.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: учебник для ВУЗов. – М.: ГЭОТАР–Медиа, 2010. – 381с.
4 Архангельский В.И., Кириллов В.Ф., Коренков И.П. Радиационная гигиена: практикум: учебное пособие. – М., 2009. – 432 с.
5 Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. - Алматы, 2002. - 304 с.
6 Қосымша:
7 «Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99» -Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999 - 79 с.
8 «Санитарно-гигиенические требования по обеспечению радиационной безопасности». СанПиН. - Астана, 2003.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Мөлшерлі саты. Бақыланатын саты

Орындаған: Қалиев Е.Е.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д.Н.

Семей2015
Мазмұны

Табиғи радиациялық фон(ТРФ) туралы түсінік 3
Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары (нрб-96) 4
Гигиеналық нормативтер гн 2.6.1.054-96 4
Бақыланатын жағдайларда техногенді сәуленудің негізгі регламенттеуші шамалары 5
Жобаланған жоғарлаған сәулелену 8
Нормалардың орындалуын бақылау жүргізуге қойылатын талаптар 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

Табиғи радиациялық фон(ТРФ) туралы түсінік
Иондаушы сәулелену(ИС), бұл адам синтездегенкөптеген химиялық заттар сияқты, бұрын табиғатта болмаған, адамға әсер ететін қандай да бір жаңа фактор емес. Адамды қоса есептегенде, әрбір тірі ағза, жеке өмір сүруі кезінде (онтогенез) және бүкіл тірі табиғаттың дамуы барысында (яғни филогенез үрдісі)табиғи радиациялық фон деп аталатын, ИСәр түрлі табиғи көздеріненсәулеленуге ұшырайды.Табиғи радиациялық фон - бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор). Ғалымдардың ТРФ-ға қызығушылығының пайда болуына салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ, негізінен, адам атом энергиясын басқаруды үйренгеннен кейін пайда болды және ол кездейсоқ болған жоқ. Атом энергиясын пайдаланудың ауқымы кеңіген сайын, ИС-тің әр түрлі көздеріненсәулелену әсеріне ұшырайтын адамдар саны көбеюде. Сондықтан, ИС-тің қауіптілігін бағалау және сәулеленудің әсер ету шегін орнату кезінде, сәулеленудің әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленугеұшырау деңгейін және сипатын білу өте маңызды. Бірақ, ТРФ тірі ағзалар тіршілігіндегі ролі әлі соңына дейін анықталған жоқ. Кейбір зерттеушілер,аз дозаларда сәулеленуге ұшыраудың пайдалы рөлі туралы айтады, яғни оның өмір үшін маңызды үрдістердіынталандыратынәсері (гормезис құбылысы) туралы айтады. Эксперименттік бақылауда әлі де жеткілікті дәрежеде дәлелденбеген бұл көзқарас, радиациялық фактордың адам денсаулығына да, басқа да жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына да ешбір қолайлы әсері жоқ деген қазіргі кездегі көзқарасқа сәйкес келмейді. БҰҰ атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитеттің (АРӘҒК) және ХРҚК мәліметтері бойынша,радиациялық фактордың, тіпті фон деңгейінің өзінде, адам денсаулығы үшін азда болса, қауіп-қатері бар екені көрсетілген. В.А. Книжниковтың айтуы бойынша, ТРФ есебінен қатерлі ісіктен өліммен аяқталуқауіп-қатері, шамамен 1% құрайды. Сол сияқты,обырдың спонтанды пайда болуы мен тұқым қуалайтын аурулардыңбір бөлігі осы табиғи көздерден сәулеленуге ұшыраумен байланысты болуы мүмкін. Бұлардың барлығы оларды жете зерттеуді қажет ететіндігінің айғағы. ТРФ ерекше айырмашылығы-жер бетіндегі барлық халыққатүгел әсер етуі және ұзақ уақыт бойына оның деңгейінің салыстырмалы түрде тұрақты болуы. Сонымен бірге, табиғи сәулеленудің әсер ету деңгейлерініңәр түрлі аймақтарда және теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте,бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар.

Радиациялық қауіпсіздіктің нормалары (нрб-96)
Гигиеналық нормативтер гн 2.6.1.054-96
Радиациялық қауіпсіздік нормалары НРБ-96 жасанды немесе табиғи текті иондаушы сәулелену әсерінің барлық жағдайларында адам қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін қолданылады.
НРБ-96 құжатымен белгіленген талаптар мен нормативтер іс-әрекеттері нәтижесінде адамдардың сәулеленуі ықтимал бағыныштығы мен меншіктік формасына тәуелсіз барлық заңды тұлғалар үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы субъектілерінің әкімшілігі, биліктің жергілікті органдары мен азаматтары үшін міндетті болып табылады.
Осы Нормалар ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы және Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы талаптарын негізгі дозалық шектердің, иондаушы сәулелену әсерлерінің рұқсат етілген деңгейлерінің және адамның сәуленуін шектейтін басқа талаптардың формасында регламенттейтін негіз салушы құжат болып табылады. Ешқандай жеке нормативті және әдістемелік құжаттар Радиациялық қауіпсіздік Нормаларына (НРБ-96) қарсы келмеу керек.
Радиациялық қауіпсіздік Нормалары (НРБ-96) ИС-дің адамға әсерінің келесі түрлерге таралады:
- техногенді ИСК қалыпты эксплуатациясы жағдайларында персоналдың және халықтың сәуленуі;
- радиациялық апат жағдайларында персоналдың және халықтың сәуленуі;
- табиғи ИСК өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшаларының және халықтың сәуленуі;
- медициналық сәулелену.
Келесі көздер автоматты түрде регламентациядан босатылады:
а)келесі жағдайлардағы сәулелену генераторлары:
1.егер олар Мемсанэпидқадағалаумен радиациялық бақылаусыз қолдануға рұқсат етілген;
2.қалыпты эксплуатация жағдайында аппаратураның кез келген қол жетерлік беткейіннен 0,1 м қашықтықтағы кез келген нүктеде эквиваленттік доза қуаты 1,0 мкЗвсағ-тан аспаса;
б)максимальды энергиясы 5 кэВ-тан жоғары сәулелену генераторлары;
в)меншікті немесе суммациялық белсенділігі арнайы құжаттарда көрсетілген радиобелсенді заттар.

Бақыланатын жағдайларда техногенді сәуленудің негізгі регламенттеуші шамалары

Иондаушы сәулелену көздерін эксплуатациялаудың қалыпты шарттары
Сәуленетін адамдардың келесі категориялары белгіленеді:
- персонал;
- бүкіл халық, соның ішінде олардың өндірістік әрекеттері саласы мен шарттарынан тыс тұлғалар.
Барлық сәуленетін адамдардың категориялары үшін нормативтердің үш класы қабылданады:
- негізгі дозалық шектер;
- жылдық түсудің шектері, рұқсат етілген орташа жылдық көлемді белсенділіктер және меншікті белсенділіктер және т.б. сияқты негізгі дозалық шектерінің туындылары болып табылатын монофакторлы әсердің (бір радионуклид немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) рұқсат етілген деңгейлері;
- бақылаушы деңгейлер (дозалар). Бақылаушы деңгейлер Мемсанэпидқадағалау органдарының келісімі бойынша әкімшілікпен қабылданады. Олардың сандық мәндері мекемеде белгіленген радиациялық қауіпсіздіктің деңгейін ескеру және радиациялық әсер рұқсат етілген деңгейден төмен шарттарды қамтамасызету қажет.

1-кесте. Негізгі дозалық шектер

Нормаланатын шамалар
Дозалық шектер

Персонал адамдары* (А тобы)

Халық
Тиімді доза
Кез келген қатар 5 жылда 20 мЗвжыл, бірақ 50 мЗвжыл жоғары емес
Кез келген қатар 5 жылда 1 мЗвжыл, бірақ 5 мЗвжыл жоғары емес
Жыл ішіндегі эквиваленттік доза:
- көз бұршағында
- теріде**
- алақан мен табанда

150 мЗв
500 мЗв
500 мЗв

15 мЗв
50 мЗв
50 мЗв

Ескерту: Персонал, яғни техногенді көздермен (А тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша олардың әсер ету саласында (Б тобы) жұмыс істейтін адамдар. В тобынынң персоналы үшін сәулену дозалары барлық қалған рұқсат етілген өндірістік деңгейлер сияқты А тобы персоналы үшін мәндерінің (14)-інен апау керек. Кейін құжаттағы барлық нормативті шамалар тек А тобы үшін келтіріледі.
Қалыңдығы 5 мгсм2 жамылғы қабаттың астындағы қалыңдығы 5 мгсм2 қабаттың орташа мәнге қатысты. Алақанда жамылғы қабаттың қалыңдығы 40 мгсм2.
Персоналдағы адамдардың және халықтың сәуленуінің негізгі дозалық шектеріне табиғи, медициналық ИСК дозалары және радиациялық апат салдарынан болатын дозалар кірмейді. Сәуленудің бұл түрлеріне арнайы шектеулер белгіленеді.
Жалпы (ішкі және сыртқы) сәуленудегі организмге радионуклидтердің түсуінен болтын үлесін есесптеген кезде жыл ішінде әрбір радионуклидтің түсуінің дозалық коэффициентіне көбітіндісінің суммасы алынады. Сәуленудің жылдық тиімді дозасы бір күнтізбелік жыл ішінде жиналған сыртқы сәуленудің тиімді дозасының бұл периодта организмге радионуклидтердің түсуімен сипатталатын сыртқы сәуленудің болжамдалатын тиімді дозасының қосындысына тең. Болжамдалатын тиімді дозаның шамасын анықтау үшін уақыт интервалы персонал арасндағы адамдар үшін 50 жыл, халық арасындағы адамдар үшін 70 жыл деп алынады.
Сәуленетін адамдардың әрбір категориясы үшін радионуклидтердің рұқсат етілген жылдық түсуі жылдық доза шегін сәйкес дозалық коэффициентке бөлу арқылы есептеледі.
Ішкі және сыртқы сәулену көздері бір уақытта әсер еткен кезде сыртқы сәулену дозаның доза шегіне қатынасының және нуклидтердің жылдық түсуінің олардың шектеріне қатынасының қосындысы 1-ден аспайтын шарт орындалу керек.
45 жасқа толмаған ИСК-мен жұмыс істейтін әйелдер үшін қосымша шектеулер қолданылады: іштің төменгі бөлігінің беткейіндегі терінің ішіндегі эквиваленттік доза жыл ішінде персонал үшін жылдың түсудің шегінен 120 бөлігінен аспау керек. Бұл кезде ұрықтың сәуленудің эквиваленттік дозасы жүктіліктің анықтамалған 2 айында 1 мЗв-тен аспайды. Аталмыш нормативті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы және ішкі сулену көздері әсер еткен кезде жоғары аталған шарт орындалу қажет.
Жүктілік анықталған кезде әйел әкімшілікті хабардар ету керек және ол жүктіліктің бүкіл мерзімінде және баланы емізудің бүкіл мерзімінде сәулеленумен байланысты емес жұмысқа ауыстырылу тиіс.
21 жасқа толмаған ИСК қолдануды меңгеретін студенттер мен оқушылар үшін дозаның жылдық түсуі халық арасындағы адамдар үшін белгіленген шамалардан аспау керек.

Жобаланған жоғарлаған сәулелену
Апатты жойған кезде бекітілген доща шектерінен жоғары жобаланған жоғарлаған сәулену олардың жоғалауын болдырмайтын мүмкіндік болмаса ғана рұқсат етіледі және адамдар өмірлерін құтқарумен, апаттың болашақ дамуын және көптеген адамдардың сәуленуін алдын алумен түсіндіріледі. Жобаланған жоғарлаған сәулену апатты жою кезінде болатын сәуленудің мүмкін дозалары және денсаулыққа төнетін қаупі туралы хабардар болған соң өз еркімен жазбаша түрде келісім берген тек 30 жастан асқан ер адамдар үшін рұқсат етіледі.
100 мЗвжыл дозадан аспайтын дозада жобаланған жоғарлаған сәулену Мемсанэпидқадағалаудың жергілікті органдарының келісімімен, ал 200 мЗвжыл дозадан аспайтын сәулену ҚР Мемсанэпидқадағалаудың келісімімен рұқсат етіледі.
Жоғарлаған сәулену тыйым салынады:
- апат немесе жобаланаған жоғарлаған сәулену нәтижесінде 200 мЗвжыл дозаны алған жұмысшыларға;
- ҚР ДСМ тізіміне сәйкес медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға.
100 мЗв-тен асатын дозада бір реттік сәуленуге ұшыраған адамдар кейін 20 мЗвжыл жоғары дозада сәуленуге ұшырауы рұқсат етіледі.
200 мЗвжыл жоғары дозада бір реттік сәулену ықтимал қауіпті болып саналады. Бұл сәуленуге ұшыраған адамдар тез арада сәулену аймағынан шығарылып, медициналық тексеруге жіберілуі тиіс. Бұл адамдарға сәулену көздерімен жұмыс жалғастыруға жеке тәртіпте құзырлы медициналық комиссия шешімімен рұқсат етіледі.
Апатты және құтқаруға жіберілетін адамдар персонал ретінде қаралып, оларға бұл тараудыңжағдайлары таралады. Бұл адамдар радиациядық апат аймағында жұмысына оқытылып, медициналық қараудан өту керек.

Өндірістік жағдайларда табиғи көздердің сәуленуінен қорғануға қойылатын талаптар
Персонал категориясына жатпайтын жұмысшылар үшін өндірістік жағдайларда иондаушы сәулеленудің табиғи көздерінің сәуленуімен сипатталатын тиімді доза 5 мЗвжыл аспау керек.
5 мЗвжыл тиімді доза монофакторлы әсер еткенде, жұмыстың 2000 сағжыл ұзақтығы тыныс алудың 1,2 мЗвсағ жылдамдығы және өндірістік шаңдағы уран және торий туыстастықтыры радтинуклидтердің радиобелсенді тепе-теңдігі кезінде радиациялық факторлардың сандық мәні құралады:
- жұмыс орнындағы гамма-сәуленудің орташа жылдық доза қуаты - 3,8 мкЗвсағ;
- тыныс алу аймағының ауасындағы радонның (Rn-222) орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі - 310 Бкм3;
- тыныс алу аймағының ауасындағы торонның (Rn-220) орташа жылдық эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі - 68 Бкм3;
- өзінің туыстастықтың мүшелерімен радибелсенді тепе-теңдікте болатын уранның-238 өндірістік шаңдағы меншікті белсенділігі 28f кБккг, мұндағы f - тыныс алу аймағы ауасындағы орташа жылдық орташа шаңдануы, мгм3;
- өзінің туыстастықтың мүшелерімен радибелсенді тепе-теңдікте болатын теорийдің-232 өндірістік шаңдағы меншікті белсенділігі 28f кБккг.
Ғарыштық сәулелену дозасы дыбысқа дейінгі жылдамдықта ұшуларды жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕХАНИЗМДЕРДІҢ ЕСЕПТЕУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
«Батыс-2» кешеніндегі бу қазандығының автоматтандырылуын жобалау
Ақмола облысында мамандырылған полигонды салу негіздемесі
Қоршаған ортаның негізгі құрама бөліктері мониторингін жүргізу әдістемесі
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік
Астананың туристік имиджін дамыту
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Гемодиализ
Жалпы ғимарат конструкцияларын шекті күйлері бойынша есептеу
Валюталы саясат және валюталы реттеудің түсінігі
Пәндер