Қазақ өлең құрылысы
1. Өлең құрылысы;
2. А.Байтұрсынов енгізген қазақ өлеңінің құрылысы;
3. З.Ахметов және қазіргі өлеңтанудың өзекті мәселелері
4. Әдебиеттер тізімі;

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.
Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7 – 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.
Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады.

1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.: Ғылым, 1973. – 310 б.
2. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Аст.: Фолиант, 2002 – 408 б.
3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – А.: Атамұра, 2003. – 208 б.
4. Александр Блок и современность. – М.: Современник, 1981 – 365с.
5. Ахметов З. Казахское стихосложение. – А.: Наука, 1964. – 409 б.
6. Кенжебаев Б. Түркі қағанатынан бүгінге дейін. – А.: Ана тілі,
7. ЖШС, 2004. – 344 б.
8. Абдрахманов С. Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы. Филол.
9. ғыл. докт. ...дисс. – А., 2007. – 290 б.
10. Жұмабаев М. Шығармалары. – А.: Жазушы, 1989. – 448 б.
11. Әшімбаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Әдеби сын. – Аст.: Елорда, 2006. Т. 1. – 392 б.
12. Ахметов З. Современное развитие и традиции казахской литературы. – А.: Наука, 1978. – 215 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Өздік жұмысы
Тақырыбы: Қазақ өлең құрылысы
Орындаған: Шарыпова М. Қ - 213
Тексерген: Ақтанова А.С.
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар:
1. Өлең құрылысы;
2. А.Байтұрсынов енгізген қазақ өлеңінің құрылысы;
3. З.Ахметов және қазіргі өлеңтанудың өзекті мәселелері
4. Әдебиеттер тізімі;
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы
қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер
тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада,
сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы
атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән
өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық,
төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы
сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері),
қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің
болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау,
астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең
тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және
философия түрлерге жіктеледі.
Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс
үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен
заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты
айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең
тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан.
Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның
кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында
кең орын алған ямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар
кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба
әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға
негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып
келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес
ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға
мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға
негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі
тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты
сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең
құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі,
алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға
бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.
Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын
өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне
грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі
арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын
тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің
тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең
өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын
саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді.
Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда
орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән
ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру
негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі
қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7
– 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі
сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің
мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.
Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі
тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін
айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін
арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан
сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың
кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар:
егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас
немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал
қазақ поэзиясында көп кездесетіні – қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ
ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ
поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір
ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен
ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас
ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты
тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг).
Мысалдар:
• ""Егіз ұйқас""
Сені ойлаумен барлық күнім, барлық түнім өтеді (а) (өтеді)
Өте қатты жақсы көрем шын сүйемін мен сені (а) (мен сені)
Сендей қызды ешқашан да өмірімде көрмедім (в) (көрмедім)
Бұл өмірде сендей сұлу бар екенің білмедім (в) (білмедім) (Сағындық
Қуандық)
• ""Шалыс ұйқас""
Шаң шығармас жол дағы, (а) ( жол дағы)
Сілкіне алмас жапырақ. (в) (жапырақ)
Тыншығарсың сен дағы, (а) (сен дағы)
Сабыр қылсаң азырақ. (в) (азырақ) (Абай)
• ""Ақсақ ұйқас""
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, (а) (әсемдетіп)
Қоздырып делебені дәсерлетіп. (а) (дәсерлетіп)
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, (в) (шалықтатып)
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп. (а) ( нөсерлетіп) (Әсет)
Өлең ырғағы – өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті
қолданудан туатын өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни
мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі
әдетте тұрақты. Мысалы, қазақ поэзиясында тармақ көбіне 6, 7 – 8, 11 буынды
болып келеді. Әр тармақтың ішкі құрылысы, өрнегі. Айталық, 7 буынды өлең 2
бунақтан (4 буын + 3 буын), ал 11 буынды өлең 3 бунақтан тұрады (3 + 4 + 3
немесе 4 + 3 + 4 буындар). Тармақтар көбіне белгілі мөлшерде топтасып,
тұрақты шумақ өрнегін жасайды. 4 тармақты шумақ қай елдің поэзиясында
болсын ең жиі қолданылатын үлгі, сондай-ақ 2, 6 тармақты, т.б. шумақтар да
кездеседі. Шумақ көлемінде тармақтар әр түрлі тәртіппен өзара ұйқасады,
ұйқас бірнеше тармақтың соңындағы сәйкес буындардың дыбыс үйлестігінен
туады. Өлең ырғағы өлшемділіктен туса да, жеке сөйлемдердің интонациялық-
синтаксистік құрылысының сан алуан болуына орай, өлең сөздің нақтылы
айтылуындағы ырғақ-үні үнемі құбылып, өзгеріп отырады. Өлең ырғағын байыту
үшін сөзде бай мазмұн-мағына болуы керек, сонда интонация, дауыс толқыны
түрленіп, жанданады, сөздің ырғақтылық-әуезділігі арта түседі.
Сөз өнері дамыған сайын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып,
кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының
ырғақтық-интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып,
дамытуға зор үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас
түрлерін орнықтыруда асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан көп тараған
белгілі өлшем-өрнектерді керек жерінде өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан
да соншалықты зор өнегелі іс атқарды. Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан
қосқан өлең өрнектерінің ішінде “Сегіз аяқ” пен “Сен мені не етесің?” атты
өлеңдері бар. Қазақ ақындары өлеңнің ырғақтық-интонациялық мүмкіншіліктерін
толығымен ашу, өлең сөзді сөйлеу интонациясына тән ерекшеліктермен байыта
түсу ісіне ат салысып келеді. Әсіресе, соңғы кезде поэзияда ерікті өлең
түрі қолданыс тапқан, мұндай өлеңдерде белгілі бір өлшем берік
сақталмағанмен, қалыпты ырғақтық өрнектер еркін қолданылады. Қазақ өлеңінің
құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайылов,
С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақ өлеңдерінің құрылысы – қазақ әдебиеті теориясының
категориясы, қазақ өлең сөзінің жасалу жүйесінің негізгі шарттары мен
заңдылықтары. Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы
ретінде алғаш зерттеген – А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары,
шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары,
тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Буын ырғағы
мен өлең ырғағын ажырату үшін, буын ырғағын жорғақ деп атауды ұсына отырып,
оның тіл табиғатына қарай үш түрлі жолмен жасалатындығын айтады. Олар:
• дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер;
• екпін буыны бірыңғай келетін тілдер;
• екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.
Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:
• өлең кестесі – айшық, оның төрт түрін анықтайды;
• өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы – бунақ;
• бунақ ішінде – буын;
• бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері – кезең;
• өлең кестесінің реті – тармақ және шумақ.
Ғалым әлем әдебиетінде қалыптасқан өлең жүйелерінің ішінде
(метрик., силлабо-тоник., тоник.) қазақ өлеңіне силлабикалық өлең жүйесі
тән екендігін, сондай-ақ, қазақ поэзиясының ырғақтық-екпіндік байлығын
молынан пайдалана біліп, өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосқан
Абай екендігін алғаш рет дәлелдеді. Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін
орнықтыруда асқан шеберлік көрсетіп, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем –
өрнектерді, айшықтарды керек жерінде жаңаша түрлендірді. Абайдан кейін бұл
дәстүрді дамытқан Сәкен Сейфуллин, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, І.Жансүгіров.
Кеңестік кезеңде Қазақ өлеңдерінің құрылысын теориялық тұрғыдан
зерттеулерде идеологиялық себептерге байланысты Байтұрсыновтың есімі
аталмағанымен, ол жасаған атаулар пайдаланылып, әрі қарай дамытылды.
Академик З.Ахметовтің пікірінше қазақ өлең, жырларында
жеті буынды тармақ (4 буын – 3 буын) пен сегіз буынды тармақ (3 буын – 2
буын – 3 буын) ежелден еркін араласып келе береді. Халықтық поэзиядағы ең
көне өрнектердің бірі – жыр өлшемінде осындай жеті сегіз буынды тармақтар
қолданылады. Әдетте эпостық дастандар (жырлар) мен толғау, терме секілді
ықшам, желдірмелі әуенмен айтылатын, тармақтары жеті-сегіз буынды болып,
түйдектеліп келетін шығармалар жыр деп аталып жүрді. Сондай-ақ, жыр дегенді
эпостық поэзияға тән өлең түрі деген мағынада да айта береді. Жырмен қатар
халық поэзиясында аса кең тараған өлшем – он бір буынды өлең (4 буын – 3
буын – 4 буын, немесе 3 буын – 4 буын – 4 буын). Бұл өлшем халықтық ән-
өлеңдерде, айтыстарда, дастандарда, лирик. өлеңдердің көпшілігінде
қолданылған. Қазақ поэзиясында ең көп пайдаланылатын өлең өлшемдері – жеті
буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды болады. Алты буынды өлең, онан да
қысқарақ төрт буынды өлең сиректеу кездеседі. Он бірден буын саны көбірек,
мысалы, он төрт, он бес буынды өлеңдердің тармағы құрама болып келеді, яғни
жеті буынды екі тармақтан, сегіз буынды екі тармақтан құралады. Түркі
тілдес халықтардың өлең өлшемдерінің ішінде ежелгі заманнан қолданылып келе
жатқаны – жеті буынды өлең.
З.Ахметов және қазіргі өлеңтанудың өзекті мәселелері
Қазақ өлең құрылысы бойынша іргелі еңбек – З.Ахметовтің Өлең
сөздің теориясы мен Казахское стихосложение атты зерттеулері екендігінде
дау жоқ. Бұл еңбектер ұлт өлеңінің құрылымдық жүйесі жан-жақты зерттелген
теориялық тұжырымы нық, айқын монографиялар. Қазақ өлең құрылысы ғылымының
негізін салушы академик З.Ахметов өзіне дейінгі қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі
бойынша жазылған азды-көпті ғылыми жұмыстарды зерделеп, солардың негізінде
қазақ өлеңінің тарихы мен қазіргі үдерісін тереңінен, жан-жақты тексерген
ғалымның концептуалды еңбектері әдебиеттанудың маңызды, іргелі бағдары
ретінде ғасырдан-ғасырға көше берері хақ.
Өлең құрылысы дамымай, бірқалыпта өзгермей қалатын сала емес.
Жаратылыс пен қоғам сияқты поэзия да даму эволюциясынан өтетіндіктен оның
мазмұны мен түрі де дәуір тынысына сай түрленеді. Қазақ поэзиясының
бастауында тұрған халық өлеңдері әуендік сипатына сай екі түрлі өлшемге
жеті-сегіз буынды жыр үлгісі мен он бір буынды қара өлеңмен шектелсе, дана
Абай реформасының арқасында өлең жүйесі сан түрлі интонациялық мәнер тауып,
ауызекі, шешендік және аралық сияқты мәнер үлгісінің дамуына жол ашты.
Уақыт өте келе өлшемдердің жаңа түрлері қолданысқа еніп, поэзияда тамыр
жайып, әбден бекінгені белгілі. Олар бес, алты, жеті буынды өлшемнің 3+4
кестесі, сегіз буынды өлшемнің 3+3+2 және 4+4 өрнектері, тоғыз буынды және
он, он екіден басталып, жиырма бес буынға жетіп жығылатын өлшемдер еніп,
қазақ өлеңінің тақырыптық-мағыналық жүгін лайықты көтеріп жүр. Еркін
өлеңдердегі өлшемдердің сан алуан сабақтастығы әр ақынның шығармашылығында
жеке сипат алып келеді. Бұл дәстүрлі ырғақтық-интонациялық құрылымдардан
өзге талантты ақындардың жеке ізденісі ретінде танылып, жалпылық сипат ала
алмай келе жатқан жаңа жүйелер: ақ өлең, прозалық өлеңдер, верлибрлер өлең
жүйесінің ерекше мүмкіндіктерін танытып келеді. Өлең құрылысының теориялық
тұжырымдарының өз еңбектерімен бітпейтіндігін, қазақ поэзиясы қаншалықты
жасаса, соншалық жалғасатынын академик зерттеу еңбектерінде аңғартып кеткен-
ді. Қазақ өлеңтануы оның поэзиясымен бірге даму, түрлену жолынан өтеді.
Сондықтан өлеңтанушылар өлең өрісіндегі жаңа құбылыстарды дер кезінде
байқап, теориялық байыптаулары ұсынылып отыруы тиіс.
Өлең теориясы – әдебиет салаларының ішінде ең дамыған түрі.
Әдебиеттану ғылымында да оның зерттелуі оның өзге салаларынан озық тұрды.
Бір кемшілігі қазақ поэзиясы тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік
тұрғыдан аса мұқият зерттелгенмен, құрылымдық жағын зерттеуде мазмұнның
пішіні ретіндегі оның орнын анықтауда жеткіліксіз сараланғаны жасырын емес.
Сондықтан қазақтың ақындары өлеңнің техникасына екі түрлі көзқараста.
Бірқатары мазмұн мен көркемдігі күшті өлеңге техниканың қажеті шамалы деп,
өлең архитектоникасының мәнін бағаламағанмен, бірқатары өлеңінің өзгеше
өрісін өрнектерді түрлендіру арқылы тауып жүрді. Өлеңінің ырғақтық-
интонациялық жүйесін мазмұнға сай түрлендіру Абай шығармашылығында ерекше
мәнге ие болып, мақсатты түрде жасалған үрдіс еді.
Қазір өлеңнің құрылымдық жүйесі өз деңгейінде бағаланып, ақындардың
шығармашылығын зерттеуде көңіл бөлініп, ден қойылып жүр. Өлеңнің құрылымдық
саласындағы жемісті ізденістері ақындардың қалтқысыз шеберлігі ретінде
танылып, шығармаларының ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді.
Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық
диссертациялар жазылды, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында
талданды.
С.Елікбаев 60-80 жылдардағы өлең құрылысы атты кандидаттық
диссертациясында осы кезеңдердегі ақындардың шығармаларына тән
ерекшеліктерді іздейді. Зерттеушінің өлең құрылымын талдаудағы ізденістерін
айта отырып, өлең теориясының ұғымдарына қатысты мәселерді айқындап алған
дұрыс. Ізденуші өз жұмысында өлеңдегі ұғымдарды атауда еркіндікке жол
берген. Зерттеу жұмысында құлдима тармақты шумақ бағанды тармақ, 60-80
жылдар арасындағы ақындарда бағанды тармақ қана емес, сырғалы тармақтар да
жасалды, Мағына үшін бөлген сынған тармақтар пайда болды, үстеме жамылған
сырғалы тармақтар, сүйретпе тармақтар, сөйлем немесе сөз тіркестері
қосылған, аралары нүктемен бөлінген құрама тармақтар, қайталанып келіп
отыратын балдақты тармақтар шықты. Шумақ басында басқамен ұйқаспайтын буыны
бөлек ерке тармақтар, ортасынан ажыратылған топтама тармақтар дүниеге
келді. Тек бас әріптерден тұратын ерекше тармақтар, ортасынан бөлінген
буындалған тармақтар жасалады. деген ұғымдар қазақ өлең теориясында
бұрын кездеспеген. Қазақ өлеңі бойынша келелі ойлар айтқан зерттеушілер
С.Мұқанов, Е.Ысмаилов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, С.Негимовтардың еңбектерінде
жоғарыдағы ұғымдар ұшыраспайды. Олар зерттеуші сияқты тармақтарды түрлерге
де жіктемейді. Себебі қазақ өлеңінде әр ақында түрліше көрінетін
тармақтардың түрінің барлығына ат беру мүмкін де емес, және ол
өлеңтанушылардың өзін де жаңылыстырары сөзсіз. Бұл тармақтардың сыртқы
кескіндері оның ырғақтық жүйесіне ықпал етпейтіндіктен оларды жіктеп,
термин жасау артықтық етеді. Бұрынғы салттық ұйқастар сақталып қалды
Қазақ өлеңінің құрылысы бойынша жазылған жұмыстарда салттық сөзінің орнына
ұғым ретінде қалыптасқан дәстүрлі ұйқастар деген нақты атау бола тұра,
зерттеушінің осындай сөз қолданысын түсіну қиын.
Біз де өз тарапымыздан тіліміздің мағыналық реңктерді жіктеп,
бейнелеуге икемділігін пайдаланып, толымсыз ұйқастың жоғарыда сөз болған
соңғы түрін бұрынғы толымсыз ұйқас түрінен айырмалауды, сөйтіп Т.Шапаевтың
бейнелі түрде айтқан сөзін нақтылы терминдік атауға айналдырып, шартты
түрде кетік ұйқас деп атауды ұсынамыз. Өйткені, соңғы ұйқас үлгілері – тек
қана Темірхан Медетбековтің жеке ұйқас ерекшелігі емес, қазақ поэзиясына
1960-70 жылдары келген Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов сияқты
ақындардың шығармашылықтарында жеке элемент – нышандардың бой көрсетуімен
басталып, қазіргі поэзиямызда орнығып келе жатқан тұтас бір тенденция деуге
тұрарлық белгі. Қабош Батырболаттың қазіргі қазақ өлеңінің бейнелілік және
түрлік мәселелерін зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясында ұсынылып
отырған кетік ұйқас ұғымына қатысты пікіріміз де жоғарыда айтқан ұғымдарды
ұсынуда сөз талғамына ерекше қарау қажеттігі байқалады. Кетік, ақсақ,
балдақты деген ұғымдарға телінген поэзияда сымбат бола ма?
Екі зерттеушінің жаңа ұғымдары өлең құрылысының жаңа ізденіс
нәтижелерінен туындап отырғаны анық. Қазіргі қазақ өлеңінде ақын
дәуірлеріндегі құрылымдық жаңа үрдістердің пайда болуымен жаңа ұғымдар еніп
жатады. Мұндай мәселелерді зерттеушілер өздігінше шешуге тырысатындықтан
ондағы тұрақты ұғымдарға әртүрлі атау беріліп, кей жұмыстарда еркіндікке
жол беріліп жатады. С.Елікбаев атаған тармақтар олардың ырғақтық-
интонациялық жүйесіне қатысты емес, сыртқы графикалық суретіне қатысты
болғандықтан, зерттеуші еркіндігін түсінуге болады дегенмен қазақ өлең
құрылысының соңғы, яғни, 70-жылдардан кейінгі қазақ өлең құрылысының
теориясында шешілмеген мәселелердің барлығы анықталады.
Оның алғашқысы қазақ өлең құрылысын зерттеуге қатысты. Орыс өлең
құрылысын зерттеуде екі түрлі бағыт бар: оның бірі – статистикалық, яғни
есептік, екіншісі – ырғақтық-интонациялық. Қазақ өлең құрылысының негізін
салушы академик З. Ахметов өз еңбектерінде екі зерттеу түрін қоса алып
жүрді. Қазақ өлең өлшемдерінің буындық, бунақтық және ырғақтық сипатын,
сабақтасу мүмкіндіктерін айта келіп, оның интонациялық ерекшелігіне, өлең
мазмұнын ашудағы айтылу мәнеріне зор көңіл бөлді. Қазақ өлеңін интонациялық
тұрғыдан әуендік, ауыз екі сөйлеу және декламативті деп бөлді. Өлең
теориясы саласында қордаланған тәжірибелер бір аса маңызды қорытындыға алып
келеді. Өлең құрылысын зерттеуде статистикалық, ырғақтық өрнектерді
схемалау, суреттеу мәселесі игеріліп болуы тиіс. Біржақты құрылымды
өрнектермен шектелу өлең өрнектерінің терең зерттеу ырғақтардың алуан түрлі
комбинацияларын санамалап берумен шектеледі. Бұл бағыт аса өнімді емес,
сондай-ақ өлеңнің құрылымдық негіздерінің өзара сабақтастығының күрделі
қырлары, өлеңнің ырғақ өрнектерінің көркемдік бай мүмкіндіктері толық
ашылмайды. Ғалымның бұл пікірі орыс өлеңтанушысы Б. Гончаровтың К
проблеме интонации в стиховедении деген еңбегінде де көрініс табады.
Әдебиеттану ғылымының алдында көркем интонацияны көркем тілде туындайтын
ерекше құбылыс ретінде зерттеу міндеті тұр. Интонациялық категорияларға
жүгінбей, көркем тілді, оның ішінде өлеңді зерттеу мүмкін емес деген пікір
статистикалық зерттеулердің өлеңнің құрылымынан толық сипаттап бергенмен,
шығарманың ішкі логикалық жүйесімен байланыспай, өлең құрылымының көркемдік
мәні ашылмай қалатынын алға тартады.
Статистикалық есептеулер өлең шынайы дыбысталуын қалыптандырып,
қарабайырландырып жіберетіні сонша, негізінен тілдің өлең жасаушылық
ерекшелігін ғана сипаттайды. Осындай үрдіс кей зерттеушілердің ғылыми
жұмыстарында бой көрсетіп қалатыны жасырын емес. Қазіргі қазақ поэзиясы
өлеңнің ырғақтық-интонациялық құрылымын жай өлең өрнегі деп қана қарамай,
көркемдік ерекшелігі ретінде бағалайтындай деңгейге өскендігі байқалады.
Қазіргі қазақ поэзиясының интонациясы құнарланып кеткендігі сондай ырғақтық
өлшемдер ғана емес, тыныс белгілері, тасымал, синтаксистік ерекше құрылым
сияқты алуан түрлі көркемдегіш құралдар белсенді түрде өлең әлеміне енді.
Олар ақындарда әртүрлі дәрежеде қолданылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz